Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет48/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

математика пəнінен оқушылардың білім жетістіктері төмен болу проблемасы; 2)бастауыш сыныптағы білім көрсеткіштерінің орта буында төмендеу проблемасы; 3)ата-аналардың белсенділігін көтеру проблемасы; 4)педагогтардың инновациялық жаңалықтарды меңгеру деңгейі проблемасы, т.б.. Осындай проблемаларды шешу үшін ұйымдастырылатын мақсатты - бағдарлы жобалардың басты қызметі – қалыптасқан жағдайды өзгерту, сол арқылы нəтижені көтеру.
Нақты өзгерістерді қамтамасыз ететін мақсаттық-бағдарлы жобаларды таңдай білудің, оның қажеттігін негіздей білу, орындау жəне бар мүмкіндіктерді бағалай білудің маңызы зор.
Даму бағдарламасына сай ұйымдастырылатын мақсатты жобалардың идеядан – жүзеге асыру жолдарына дейін – одан алынған нəтижелердің мақсатқа сай болуын қамтамасыз ету 1- суреттегі құрылымдық модельге сəйкес болады. Жүзеге асыру бағыттары бойынша атқарылатын қызметтер кесте негізінде құрастырылады, ол еркін түрде құрылады,қатаңқұрылымы болуы мүмкін емес. Əр ұйым өзінің басым бағыттарына сəйкес құрылымын жасай алады. Дегенмен, логикасы бойынша даму міндеттеріне сəйкес орындалатын жобалар бағыттары болуы; іс-əрекеттер мазмұны, орындауға жауапты адамдар анықталуы, бағдарламаны орындау мерзімі болуы қажет.


Сызба1. Даму бағдарламасына сай жобалаудың құрылымдық моделі




Берілген құрылымға сай білім беру ұйымдарында нақты проблеманы шешуге бағытталған жаңа идеялар таңдалып, түпкі ниет - мақсат-міндеттер, күтілетін нəтижелері айқындалды. Одан кейін жобаны жүзеге асыру бағыттары, жолдары, құралдары белгіленеді, жоба аяқталғаннан кейінгі нəтижелердің күтілетін нəтижелерге сəйкестігі алдын - ала бағаланады.
Даму бағдарламасына сай өзгерістерді жобалау қажеттілікті анықтаудан- жүзеге асыруға дейінгі нақты кезеңдерден өтеді. (сызба -7):
Ол үшін:
- біріншіден, «нені жасау керек?» деген сұраққа сай, мақсатты – бағдарлы жоба нəтижесінде көрінетін күтілетін нəтижелері құрастырылады. Олар ішкі жəне сыртқы өзгерістерге, ұйымның мүмкіндіктері мен ресурстарына сай жасалады;

  • екіншіден, «неге олай жасау керек?» сұраққа сай атқарылатын əрекеттердің мақсаты мен міндеттерін анықталады. Ол педагогтардың мақсаттар жүйесіндегі өз міндеттерін ұғынуға мүмкіндік береді;

  • үшіншіден, «қалай жасау керек?» деген сұраққа сай, яғни, мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға кімдер тартылады, қандай əдіс - тəсілдер мен құралдар пайдаланатыны белгіленеді.






Нені өзгерту керек? Неліктен өзгерту керек? Ол үшін не істеледі?
Ол қалай істеледі? Іс-əрекет жоспары Не күтіледі?
Берілген құрылымға сай
Жүйелік теориясына сəйкес ұйымның түпкі мақсатына байланысты оның жалпы жəне құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы жоспарланады. Бұл күтілетін нəтижені нақтылау, оның мазмұнын, құралдарын, əдіс - тəсілдерін қамтитын жоба түрінде болады.
Мақсатты бағдарлы жобалау негізінде бірнеше шарттары сақталуы
тиіс:

  • біріншісі, білім беру ұйымын дамытуға қажетті өзгерістерді

қамтамасыз ететін нақты жобаларды анықтау;

  • екіншісі, жобалау қызметін тиімді ұйымдастыру үшін жоба жетекшілерін белгілеу, оларды даярлау. Бұл арнайы ұйымдастырылған жəне тұрақты семинарлар, оқу-тəжірибелік алаңдар мен зертханаларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады;

- үшіншісі, жаңа идеялар тудыратын жəне ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын «белсенді топтар» құру жəне оларды уақытша жұмыс топтары ретінде ұйымдастырып, жоба аяқталғанда таратып отыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет