Аудит– ұйымның, жүйенің есептік көрсеткіштерді мен қызметін тəуелсіз тексеру мен бағалау процедаурасы.
Аудит-триангулация- ұйымның жалпы қызметіне тəуелсіз бақылаудың берген бағасы.
Басқарупарадигмасы (парадигма латынша paradeigma – үлгі)– ғылыми концепцияға негізделген негізгі идея, ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған болжамдардың мəнін түсіндіру жəне ғылыми тану үрдісінде пайда болатын мəселелерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт (қалып) ретінде пайдаланылатын теориялық жəне əдіснамалық ережелердің жиынтығы.
Басқару ұстанымдары-басқаруда басшылыққа алатын жетекші идея, қағида.
Басқарудың ақпараттық жүйесі- басшылыққа шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйым.
Басқарустилі - басшының бағыныштыларға тəн мінез-құлқы жəне ұйымның мақсатына жету бағытында оларға əсер етуі.
Басшыимиджі-басшының сырт келбетін, өзі басқаратын топтың өкiлдiк функциясын орындау деңгейін, сөз мəдениеті, мəнерін бейнелейді.
Бихевиоризм - адамның сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап ретіндегі əрекет-қылығын қарастыратын психологиялық теория.