Ш. Жумадилла Түркістан 2022


Ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы



бет2/5
Дата10.12.2023
өлшемі163,37 Kb.
#196198
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ш. Жумадилла Түркістан 2022-emirsaba.org
Фарм эталон 2022, Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,буындардың шығуы, Философия үнді философиясы2, VKFXGCUUFJDI05122023190128
Ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда «Әділет», «Азамат», «Жерұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» қаралды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.
Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдән толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандыұтармен тығыз байланыс ұйымдастару, ислам дінінің қайта өркендеу жолында күрес жүргізу көрсетілген.
Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық «Азат» партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыру, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда ұлттық- демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы, «Алаш» ұлтбостандық партиялары ұлттық және ұлттық- демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс- әрекеттеріне қамықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.
Қазақстанның социал- демократиялық партиясы.1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдердегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастқ, әділеттілік идеяларын ту ететді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экомомикалық, әлеуметтік рефрмаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет