Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы


АШЫҚТҰҚЫМДЫЛАРДЫҢ ТҰҚЫМ АРҚЫЛЫ КӨБЕЮІ



бет12/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,11 Mb.
#13090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

АШЫҚТҰҚЫМДЫЛАРДЫҢ ТҰҚЫМ АРҚЫЛЫ КӨБЕЮІ

Жұмыс мақсаты: Ашықтұқымдылардың даму циклімен танысу.

Тапсырма.

1. Аталық және аналық бүрлердің құрылысын қарау.

2. Ашықтұқымдылардың даму циклімен танысып, схемасын құру.

Қажетті материалдар мен құралдар: Кәдімгі қарағайдың (Ріпиs sіlvеstгіs) даму циклі көрсетілген кесте, кәдімгі қарағайдың аталық және аналық бүрлері, лупа.

Тапсырмаға түсініктеме: Ашықтұқымдылардың жер бетінде кең таралуы тұқым арқылы көбеюіне байланысты.

Тұқым - жаңа организмнің бастамасы ретінде комплексті, көп клеткалы мүше, ол ұрықтан, қор жинаушы ұлпа-эндоспермнен және тұқым қабығынан тұрады. Көптеген түрлерінде тұқым тыныштық кезеңнен өтеді. Споралы өсімдіктерге қарағанда жас өсімдік өздігінен өмір сүруге бейімделген.

Ашықтұқымдылардың даму циклін кәдімгі қарағайдың дамуынан қарастырамыз. Мамыр- маусым айларында қарағайдың жас өркендерінің ұшынан сарғыш бүрлерді көруге болады. Әрбір бүрде қабыршақ тәріздес түрі өзгерген жапырақтар- микроспорофилдер болады. Әрбір микроспорофилдің астыңғы жағында екі тозаңы бар микроспорангий (тозаң қапшығы) орналасқан. Пісіп-жетілген тозаң екі қабықшамен қапталған: сыртқы-экзина, ішкі-интина. Экзина интинаның екі жерінен алшақтап, ауа қапшықтарын тузеді. Тозаңның қабықшасы астында цитоплазма және онда вегетативті және генеративті клеткалар орналасады. Осындай күйде тозаң тозаң қапшыгынан шығып, жел арқылы таралады (сурет 23 А).

Екінші бір өркенде, көбінесе жоғары жағында қызыл түсті ұсақ бүрлер дамиды. Ол осьтен және қабыршақтан тұрады. Сыртқы -қабыршақ және ішкі тұқымды қабыршақ болады (сурет 23 Б). Тұқымды қабыршақта екі тұқым бүрі орналасады. Алғашқы кезде кабыршақтың негізінде дишюидты шағын түйір пайда болады. Бұл болашақ тұқым бүрдің ішкі құрамы - нуцеллус. Нуцеллусті жан-жағынан тұқым бүрдің жабыны- интегумент қоршайды. Нуцеллустің жоғарғы жағында тозаң саңылауы немесе микропиле болады (сурет 23 В).

Нуцеллусте микропилеге жақын археспориалды клеткалар ерекшеленеді, редукциялық белінуі нәтижесінде мегаспора пайда болады. Сонымен, нуцеллус көп қабатты кабырғасы бар



83

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет