Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы


- сурет. Кәдімгі қызыл бояу өсімдігі жапырағынын анатомиялық құрылысы



бет10/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,11 Mb.
#13090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

19 - сурет. Кәдімгі қызыл бояу өсімдігі жапырағынын анатомиялық құрылысы: 1- эиидерма, 2-мезофилл, 3-орталық өткізгіш шоқ.

72

3- тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағынын анатомиялық құрылысы.

Жұмыстың орындалу барысы: Жаздық бидай жапырағынан көлденең кесінділер дайындап, уақытша препарат жасаңыз. Микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Жаздық бидай жапырағының анатомиялық құрылысының көлденен кесіндісі: жабындық, негізгі және өткізгіш ұлпалар жүйесінен тұрады.

Ортаңғы бөлігінде паренхима клеткалары бір-бірімен тығыз байланыс-паған, арасында клетка аралықтары болады. Жапырақ тақтасының барлық клеткаларында хлоропластар кездеседі.



Өткізгіш шоқтар - коллатеральды, ксилема жапырақ тақтасының жоғарғы, флоэма - төменгі беткейіне қарай орналасқан. Өткізгіш шоқ клеткалардың екі қатарымен қоршалған. Арқаулык ұлпа - склеренхима өткізгіш шоқтың жоғары және төменгі жағында орналасқан (сурет 19).

20- сурет. Жаздық бидай жапырағының анатомиялық құрылысы;

1 - эпидермис; 2 - склеренхима; 3 - өткізгіш шоқ; 4 - мезофилл; 5 -паренхима.

73

4-тапсырма. Қылқанжапырақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысын қарау.



Кәдімгі қарағай (Ріпиs silvеstrіs) жапырағының көлденеңі кесіндісінің дайын препаратын микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Анатомиялық құрылысында негізгі мынадай бөлімдер - эпидерма, гиподерма, мезофилл, шайыр жолы, устьице, түтікті талшық оқтары анық байқалады (сурет 20).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет