Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


  «ІПАҢДЫ ЖОРЫҚ» -  ЕКІЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫСГЫҢ АҚЫРЫ



Pdf көрінісі
бет214/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

4.  «ІПАҢДЫ ЖОРЫҚ» -  ЕКІЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫСГЫҢ АҚЫРЫ

Ү закка созылған ж оң ғар-казак соғысының ең соңғы кезеңі  казак хал- 

кы ны ң  жадында  «Ш анды  жорық»  деген  атпен  сакталы п  қалған.  Ш ын 

мәнінде бұл, бейнелеп айтқанда,  кө к к е дейін бұркы раты п ш аң көтерген 

ж оры к емес, кайта  калм ақтармен соғыс тарихындағы ең соңғы  ж ән е  ірі, 

аяусыздығы жағынан ең ауыр, кан судай ағып, сансы з ж ан кұрбан болған 

күрес кезеңі  еді.

XVII ғасырдың орта шенінде Еділде пайда болған Калмақхандығы бір жа- 

рым ғасыр бойы айналасындағы түрік халыктарына, тіпті Шығыс Еуропаның 

бүкіл  мұсылман  қауымдастығына жаулық саясат жүргізді.  Ол  ноғайларды 

толық куып шықты, башқұрттарды туған жерлерінен ығыстырып шығарды, 

Дағыстан мен Қабардаға шапқыншылықтар жасады, Қырым хандығы мен Ос­

ман империясына қарсы соғыска қатысты, барлықуақы тта біржола экспан­

сия жолына түскен Ресейдің отряды болды. Шығыстағы көршісі — Қ азақхан- 

дығымен өзара қатынасты да үнемі бұзу шегінде болды.  Алайда  1635 жылы 

Оралда Салқам Жәңгірден күйрей жеңілгеннен кейін қалмақтар шапқыншы- 

лықтарын тоқтатты, сөйтсе де өзінің күшеюіне қарай, алыстағы Ж оңғария- 

мен байланыс орнатылған кезде, олар кайтадан жаугерлік рухын корсете бас- 

тады.

XVIII  ғасырдың  орта  шенінде  Ж оңғарияны   Цин  империясы  біржола 



талкандады, еділ қалмақтары да басылып қалды.

Патша үкіметі саясатыны ң мәнін ашып беретін бағдарламалы қ құж ат- 

тардың бірінде мынадай көзқарас білдірілген:  «Егер қалм ақтар бізге қан- 

дай да бір қарсы лы к көрсетсе, оларға қазақтарды  айдап салу керек ж ән е 

керісінш е,  қазақтар  теріс  көзкарас  көрсетсе,  оған  қалм ақтар  мен  баш - 

құрттарды аттандыру керек, егер олар бір-бірін осылайш а таптайтын бол- 

са, біз оларды орыс әскерін  қолдан бай-ақбағы н ды ры п  аламыз.  Қ алм ақ- 

тарды,  баш құрттар  мен  казақтарды   тек  осы лай,  өзара  араз  етіп  ұстау 

қажет».

Бұл Ресейдің Еуразиядағы сырткы саясатының бір көрінісі ғана. Осы тұрғы- 

дан алғанда ол өз боданы калмақхалқын барынша пайдаланды. Ал мұны ңор- 

нына оған ешнәрсе берген жоқ.

Қ алмақхалқы ны ң шығындары мен  қайғы-касіреті  күн өткен сайын өсе 

берді,  оның  мындаған  жас  жігіттері  ұзақ  уақыт  бойы  Отанынан  алыста, 

жорыктарда жүрді, Ресейдің барлық соғыстарына катысты.

Н ак сол  кезенде халы қты ң санасы на ш ы ғы сқа, туған Ж оң ғари ясы н а 

қайтып оралу туралы аңсаған арман ұялады; ойраттар қы ры п-ж ойы лған- 

нан кейін ата-бабалары ны ң жері  қаңы рап, иесіз қалды деген лақап тара- 

ды.  Халықтың көш басш ы лары  Убачи ж ән е Церен тайш ы лар тайпаласта- 

рын еділ қалмақтарын Ж оңғарияға қайтару үшін ұлы көш  жасауға үгіттей 

бастады.

Күнделікті адам төзгісіз өмірден түңіліп, жақсы келешектен үміттенген 

қалмақхалкы  1770 жылдың күзінде ұлы кош ке бел байлайды.

263



Көш у  1771 жылдың қаңтарында басталды.

Қалмактардың негізгі бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, 

яғни оның шығыс жағын; дүрбіттер мен хошауыттар оң жағасын алып жатқан 

еді. Көшу туралы құпия әңгімелер басталған кезде қалмақтар әртүрлі сылта- 

улармен өзеннің сол жағасына өте бастады, ал калғандары жасырын белгіні 

күггі.  Алайда 5  каңтарда,  іс  басталатын  болып  белгіленген  күні,  катты  аяз 

болып, Еділдің мүзы шытынады да, жарықтардан су көтерілді, соныңсалда- 

рынан  11  198 отбасы өзеннен өтіп, ұлы көш ке қосыла алмай, Ресей шегінде 

қалуға мәжбүр болды.

Ал  өзеннен  дер  кезінде  өтіп  алған  шаңырақтар  саны  жалпы  жинақтап 

алғанда 30 909 болатын. Бұл —шамамен  170—180мыңадам. Кдрулы күштерде 

өте көп — 40 мың жауынгер еді. Калмақтардың көші к азак жері арқылы өтуге 

тиіс болды, баска жол болмады.

Еділ калмактарының көшіп кеткені туралы хабар алған орыс үкіметі оларды 

оқ пен семсердің күшімен кері кайтаруға ниетгенді.Орыстың өкімет орындары 

куғыншылар ұйымдастырғанша, жолындағы жекелеген әскери отрядтарды 

кырып-жойып, тез ілгерілеген калмақтар қазактардың иеліктеріне терендеп 

еніп  үлгірді.  Ж ай ы к  казактары   кауіпті  ж оры ктан  бас  тартты,  генерал 

Траубенбергтің әскері жарты жолдан кайтты және мұның бәрі әдейі жасалғ- 

ан әрекеттер еді.

Орасан зор топ болып ілгерілеген калмактар жолында кездескен бірнеше 

казак ауылдарын  таптап  өтіп,  Ж ем  өзенінің жағасында  аз  уакыт аялдады. 

Олардың ниеті Ырғыз аркылы өтіп ж әне Сарыарканы бойлай жүре отырып, 

Жетісу аркылы Ж оңғарияның шекарасына шығу екені мәлім болды.

Қалмақтардың жакындап келгенін білген Кіші жүз ханы Нұралы тез арада 

әскер жинап, оларға карсы аттанды.

Алғашкы  шайкас  Ж ем  өзеннің жағасында бодды.  Убачи жеңіліс тапты 

және шегініп бара жатып, Нұралыға уакытша бітім туралы хат жолдады, онда 

өзін ің   орыстардан  ата-бабалары ны ң  ж еріне  кашуға  мәжбүр  болғанын, 

сондыктан кантөгіс жасамауды сұрайтынын жазды. Жауап хатында Нүралы 

казак жерінен тайып тұруды, кері кайтуды талап етті.

Алайда  калмактардың кері  кайтуы киын  еді, сондыктан  Убачи  Нұралы 

ханныңхатына жауап кайтармады. Қалмақ көштері Мұғалжарды айналып өтіп 

ж әне мүмкіндігінше,  казактар көп  мекендеген  аймактарды орағыта жүріп, 

бастапқы жоспар бойынша одан әрі ілгері жылжи берді.

Көктемгі су тасуы кезінде камыстан сал жасап, кашқан қалмактарТорғайдан 

киындыкпен  өтті,  олардың аттары,  малы  катты арыды,  адамдары да едәуір 

ш арш ап -ш ал ды кты .  О ларды ң  к азақтар ға  ж асаған   зауалы   «А қтабан 

шұбырынды»  өз  басына  түсті.  Көш тің  артында  калған  өлген  адамдардың 

мәйіттері, әл-дәрмені ж ок адамдар күн өткен сайын көбейе берді.

Калмактар неғұрлым ілгерілеген сайын, қантөгісті кактығыстар соғұрлым 

жиілей  түсті.  Қ азактар  көш тің  жүрісін  кырағы  кадағалап  отырды,  кейде 

канатынан тиісіп, мындап кырып, тұтас ауылдарды айдап әкетті, мол олжаға 

кенелді.


Әрине калмак көштерін әлдебір қорғансыз,  дөрменсіз тобыр деп түсінуге 

болмайды. Ертедегі түріктер мен монғолдар заманынан бері көшпелі халықтар 

жол үстінде өмір сүріп келді. Еділ калмақтарының карулы күштері, жоғарыда 

айты лғандай,  ж еткілікті  дәреж еде  куатты  болаты н;  олар  Қырым  мен 

Кавказдағы ұрыстарда шынықкан, жаксы қаруланған еді, үрыс қимылдарын

264



жүргізуден бай төжірибесі болды; көшіп бара жатқан қалмақ ұлыстары үшіп 

ең 


басты киындық осы орасан ұзақ жолдан тыныш өтуге мүмкіндіктің ж ок 

болуы  еді,  оның  үстіне  түпкі  мақсатының  бағыты  қарсыластарына  мөлім 

болатын.

Наурыз айынан  бастап, жаздың ортасына дейін, төрт айдай уақыт бойы 

қ а л м ақ та р   а я л д а м аста н   іл ге р іл е п ,  к а з а қ   ж а с а к т а р ы н ы ң   т о л а с с ы з 

шабуылдарын киындыкпен тойтарып отырды. Маусымның аяғына карай олар 

Сарыарқаны толығымен қиялай кесіп өтіп, Балкашқа жақындады, сол жерде 

Мойынты өзенінің жағасында аялдады.

Сол кезде Абылай хан бастаған казақтардың көп әскері жауды қоршауға 

алды. Қ азақжауынгерлерініңжалпы саны елу мың болды, жекелеген жасак- 

тарды Нұралы хан, Әділ сұлтан, Орыс сұлтан басқарды.

Егер осыған дейін қазақтар жау көшіне қарсы ұрыстар барысында ж әне 

бір қанатынан  соққы  беріп  келсе,  енді  олар оны  осы арада біржола жойып 

жіберуді жоспарлады.

Қалыптасқан жағдайдыңөлім қатерін сезген қалмақбилеушілері елшілер 

жіберді, олардың ішінде ең беделді жеті адам болды.

Қалмақ елшілері ежелгі дәстүр бойынша хан ордасынан бел гіленген кашык- 

тықта аттан түсіп,  Абылайға ж аяу келді.  «Алдияр!  — деді  олар ханға.  — Біз 

Сізге  Убачи  мен  Ц ереннің сәлем ін  ж еткізіп  тұрмы з.  Қ азақ тар мен  қал- 

мақтар — ежелден туыстас халықтар, біздің бұдан әрі соғысуымыздың мағы- 

насы жоқ. Бітімге келуді ұсынамыз. Сізге арнап ақ үй тігеміз, лайыкты тарту 

өкелеміз  ж әне  Сіздің  бодандығыңызды  қабылдаймыз.  Біздің  баска  барар 

жеріміз  жок,  бізге  көшіп  жүретін  жер  беріңіз,  сөйтіп  бүкіл  калмақ халкы 

Сіздің билігіңіздегі Сіздердің ұлыстарыңыздың бірі болады.  Ежелгі туыстык 

өдет-ғұрыпты калпына келтіруді ұсынамыз».

Калмак елшілерінің ұсыныстарын талкылау үшін Абылай хан әскери кеңес 

шакырды. Бізге жеткен үздік-создыкмөліметтерге карағанда, жиналғандардың 

пікірі  екіге  бөлінген.  Абылай  елшіліктің  ұсыныстарын  толы к  кабылдауға 

бейім болды. Ал колбасшылардың үлкен тобы шарттыңтүк керегі жок, болып 

отырған мүмкіндікті пайдалану керек және калмактар уыста тұрғанда, оларды 

біржола жойып жіберу керек деп мәлімдеді. Жоңғарлар мен кытайларға карсы 

күрестің  бір  батыры  өзінің  сөзінде:  «Убачи  мен  Церен  орыстарды  да, 

кытайларды да жерсоктырып кетті, сені де алдап кетеді, меніңханым», — деді.

Х алы кты к  а ң ы з-әң гім ел ер д е  ж ә н е   кей ін гі  зер ттеул ерд е  А бы лай 

калмактардың бай тартуына кызығып, алданып калды делінеді. Ал шынына 

келгенде Абылай ханның саясаты әлдеқайда терең болатын.

Тәжірибелі, сырткы жауларға карсы күресте шыныккан колбасшы, Қ азақ 

хандығын калпына келтірген данышпан саясатшы Абылай хан Дүрбіт-Ойрат 

талкандалып,  1755  жылдың  көктемінде  Ж оңғарияға  маньчжур-цин  басып 

кіргеннен  кейін  ежелгі  жауын  нығайтуга  енді  оның өзі  мүдделі  болды.  Ол 

ойрат халқын түп-тұкиянымен  жойып  жіберуге  кедергі  жасауға тырысты, 

Қазақ хандығы  мен  кұдіретті  Қытай  империясы арасында тәуелсіз, дербес 

Жоңғар мемлекетін сақтап калу керек, ол болашакта шығыстағы табиғи калкан 

болады деп санады. Егер ол бұрын Жоңғарияны талкандауға бар күшін салса, 

жаңа жағдайларда оған барынша көмек көрсетті. Бірактоғыз ұрпак бойы осы 

жаумен соғысып келген халык өкілдері ханның пікірімен  келіспеді.  Кеңес 

созылып кетгі. Үш күндік тыныс жарияланды, оның соңғы күнінде тұткындар 

алмасып, мәселе түпкілікті шешілетін болып белгіленді.

265



Убачи, сірә, өуел бастан-ақкулы кж асаған немесетыныс алғаннан кейім 

бәрібір бітім болмайтынын түсінген болса керек, оқиғаныңалдын орап кетгі. 

Үшінші тәулікте, түн ортасында бірі қалмай бәрі шабуылға шықты.  Қараңғы 

түнді жамылып, аса күшті соккы жасаудың нәтижесінде олар қоршау шеңберін 

бүзып өтті. Бірак Убачи мен Церенніңтөтенше шешімі калмақхалкын дұрыс 

жолға  шығарды  деуге  болмайды.  Содан  бастап  келісімге,  бітім  жасасуға 

жеткізетін жолдың бәрі таре жабылды.

Мойынтыдағы шайқастан кейін  1771 жылдың шілдесінде «Шаңды жорық» 

оқиғаларының тізбегіндегі ең соңғы, ақтык кезең басталды.

Түнгі тұтқиыл шабуылдан есін жиып, таң алдында қазақтар жауынгерлік 

қатарын қайтадан тәртіпке келтірді. Енді олар мен қалмақтар арасындағы со­

тые созылмалы, жоры к сипатын алды.  Қазақ жасактары жауды күндіз-түні 

өкшелей қуып, оны титықтатып, әскери күштерін біртіндеп жоя берді.

Қалмақтар Балқашты түщы сулы батыс жағынан айналып өтуді ж әне Іле 

өзенінің бойымен жоғары барып, Жоңғарияға өтіп кетуді жоспарлады. Алайда 

қазақтар оларды  суға  өткізбеді.  Ш өлден  қаталап,  сансыз  көп  шайкастарда 

алынған  жарақаттан  қалмақтар  азапты  ажал  тауып  кырылды,  күн  сайын 

ж үздеп,  мындап  тұтқы нға  түсті;  тек  ең  табанды,  жақсы  қаруланған  ат 

төбеліндей адамдар ғана артына будақтаған шаңтұманын қалдырып, Қастек, 

Қаскелең, Кеген ж әне Нарынкол аркылы өтіп, зор қиындыкпен Жоңғарияға 

жетті.

Мойынтыдағы түнгі қарбаласта қалмақтардан үлкен бір топ бөлініп шы- 



ғып, казақтар оларды байқамай калған еді. Танжу тайшы басқарған бүл топ 

Балқаш тың солтүстік  жағалауын  жағалай  жүрді,  біраз  уақытқа дейін  оған 

ешкім тиіспей, бұл көш тің мүшелері өз жағдайын біршама жаксартып алды. 

Алайда қазақтар көп үзамай бүл топка да жетті, бұл кезде олар Аягөз, Лепсі, 

Каратал өзендерінен өтіп, Ілеге жеткен еді. Аяусыз іСескілесудің салдарынан 

қалмақтардыңоннан бірі ғана құтылып шықты. Олар Іленіңжоғарғы жағына 

қарай быт-шыт болып қашып, Қытай шептеріне зорығып өрең жетті.

Бірақ осындай алапат қантөгісті жолдан, кейде адам айтқысыз азаптардан 

өтіп, тірі калған калмақтар туған Жоңғариясында ұзақ күткен құшакка түспей, 

қайта  кұлдықтың  қамытын  киді.  Цин  әкімшілігі  оларды  жекелеген  ұсақ 

ауылдарға бөліп жіберіп, өзінің боданы деп жариялады.

«Шанды жорық» халықтар арасындағы араздықоларға ешкашанда жақсы- 

лық әкелмейтінін тағы бір рет көрсетті. Ж айықтан Жоңғарияға дейінгі ұзын- 

дығы бірнеше мың шақырымға жететін жолда аж ы  ай бойы үздіксіз жүргізілген 

соғыстың нәтижесінде ойрат-қалмақхалқының соңғы ошағы жойылды. Соны- 

мен коса, Абылай басшылық еткен Казак хандығының ауыр соккыларынан, 

ішкі қайшылыктардан, тақ үшін күрестен әбден әлсіреген Дүрбіт-Ойрат құла- 

ды; оның кайта жандануға жасаған әрекетін маньчжур-циндердің басып кіруі 

біржола жойып тынды. Сөйтіп адам саны бір миллионнан асатын жаугер шығыс 

қалмактары  күрып кету шегіне жетті.  1771  жылдың катты  кысында  170-180 

мындай калмак, ятни 31 мың шаңырақта кырып тасталды, олар да Еділ бойынан 

көтеріліп, Ж оңғарияға бетгеген болатын.  Бірак оған небәрі  15—20 мың адам 

жетгі, олардың өзі де дербес, тәуелсіз өмір сүре алмайтын еді. Жағдайдың жа- 

зуымен ғана көшудің алғашкы күнінде Еділден өте ал май калған 50-60 мың адам 

ғана тірі калды. Ресей кұрамындаты 140 мың адамнан түратын халкы бар казіргі 

автономиялык республиканы құрап отырған нак солар — бір кездегі қуатты, 

қаһарлы ойрат халкының ең соңғы тұяктары.

266



Ойрат-калмактармен сегіз-тоғыз ұрпақ бойы жүргізілген өткендегі со- 

ғыстар ғана  емес,  сонымен  қатар  «шанды  жоры қ»  бары сы ндағы   ж еңісті 

шайкастардың өзі де казак халкына сансыз көп қасірет әкеліп,  шығында- 

рга үшыратты.  Мындаған жауынгерлер ерлікпен қазатап ты , олардың ара- 

сынан орны толмас екі құрбанды ерекш е атап өткен жөн.  М әселен, «шан­

ды», дөлірек айтқанда, канға бөктірген жорыктағы ш айқастарды ң бірінде 

XVIII ғасырдағы аса көрнекті  қ а заққ олб асш ы лары н ы ң  бірі, ка зак -ж о ң - 

ғар  соғы сы нда  көптеген  ж еңістердің   ұйы м дасты руш ы сы ,  м ан ьчж ур- 

қытайларға да қарсы ж анкиярлы кпен күрескен Ж аңатай батыр қаза тап- 

ты.  Ж аңатай батырдың қаза тапқаны н Абылай ханға естірткенде, ол:  «О, 

кайрауды керек етпейтін кайран кара қанжарым!» — деп, еңкілдеп жылап- 

ты деседі. Ж оңғарлардың қалдықтарын казақ ж ерінің шегінен асыра қуып 

тастап, тағы бір даңқты батыр — Баян ж еңіспен кайтып келе жатты, бірақ 

тура жол  үстінде ол кенеттен  келген  аурудан  қайты с  болды.  О ны ң есімі 

халыкка ІІГоқан У әлихановты ңтуы нды лары  мен М ағж ан Ж үм абаевты ң 

дастанынан белгілі.

Қасиетті есімдері Абылай д әуірін ің  нақты  тарихи  құж аттары нда ата- 

латын, халықтың ауы зш а ш ы ғармалары ны ң ескерткіш терінде кездесетін 

батырлар  халы қ есінде  мәңгі  сақталы п  қалды.  Бұлар  — X V III  ғасы рды ң 

үшінші ширегінде Дүрбіт-Ойратты талқандаған, М аньчж ур-Ц ин импери- 

ясына қарсы қаһарманды қпен ш айқаскан, торғауы ттарды ңтас-талканы н 

шығарған, үздіксіз жүргізілген жиырма жылдық соғыста Алаш рухын қайта 

тірілтіп, үш жүзді басқару тізгінін Абылай ханны ң қолы на үстатқан, аты 

аңы зға  айналған  ең  үздік  қолбасш ы лар,  олар:  К арак ер ей   Қ аб ан б ай , 

Мүйізді  Өтеген,  Н ұралы   хан,  Ә білпейіз  сұлтан,  Қ анж ы ғалы   Бөгенбай, 

Ералы  сұлтан,  Әділ  сұлтан,  Орыс  султан,  Ж аңатай ,  Б аян ,  М алайсары , 

Олжабай, Керей Ж әнібек, Ш апырашты Н аурызбай, Ақтамберді, Ж әп ек, 

Бердіқожа, Тілеуке, Сағымбай, К ұлеке, Ж ауғаш , Д ат, К өкж арлы  Барақ, 

К ұлаш бек,  Тұрсы нбай,  Н арбота,  Қ ож аберген...  О лардан  баска  Ж абай, 

Сырымбет, Байғозы, Елш ібек, Сары, С әң кібай ,  М амыт,  М олдыбай, Т аң- 

сы к,  О разы м бет,  Д е р іп с ә л і,  Р ай ы м бек,  Ш ы н ғож а,  А й б ас,  Ж а н а за р  

есімдерін ж әне баска да көптеген есімдерді атауға болады.

Осы ұлы адамдардың даналығы, жанкиярлығы, төккен каны казақтари- 

хын  бұрынғы  арнасына  салуға,  ұлттың  беделін  көтеруге,оның  болашағын 

аныктауға жәрдемдесті. Ғасырдың бас кезінде өмір сүруінің өзі екіталай бол- 

ған Казак мемлекеті XVIII ғасырдың орта шенінде Абылай ханның арқасында 

қайта түлеу жолымен жүріп, екі жүз жылдык соғысты жеңіспен аяқтады, ал 

одан кейін детағы бір, неғұрлым елеулі сынакка ойдағыдай төтеп берді. Абылай 

бұл дүниеден өткен кезде, оныңордасы болашақтағы тарихи буырканыстарға 

қарсы тұрып, келер ұрпақтарға лайыкты эстафета бере алатындай рухани күш- 

құдіретке жеткен еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет