Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет302/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge
sciPaper160544
жандануына жеткізді.

 

Бірақ бұл байланыстар Ресей мен Орта Азия хандықтары 



арасында калыптас-

 

қан қайшылықты шешіп бере алмады.



XIX ғасырдың 40-жылдарының аяғында Ресей өзінің 

Сырдария өзеніндегі

 

пәрменін нығайтып алды. Соның нәтижесінде ол 



Хиуамен, оның шығыс шет

 

аймақтарымен тығыз қатынасқа түсті. Қазақстанды, Коқан 



жөне Бұхара хан-

 

дықтарын жаулап алуына байланысты Ресей Түркістан 



генерал-губернатор-

 

лығын құруға мүмкіндік алды.  1869 жылы ол Красноводск 



шығанағын иеленіп

 

алды, сол арқылы Хиуа үш жағынан:  батысынан орыс 



өскерлерінің 

Кавказ 


отрядымен, солтүстігінен — Орынбор және шығысынан — 

Түркістан 

отрядта- 

рымен қоршауға алынды. Хиуа ханы Ресейге көзқарасы 

жөніндегі дұшпандык

 

саясатын жалғастырып, қалыптасқан жағдайдан тиісті 



қорытынды жасамады.

 

Бұл  туралы  Гиршфельд пен  Галкин  былай  деп  жазды:  «... 



бірақ 

Хиуа 


сірә

365



мұиы анык ұғынбай, бұрынғысынша өзінің дұшпандықәрекетгерін тоқтатпа- 

са керек.  Рас, Хиуадаханға Ресейдің күш-куатымен санасуды айтқан адамдар 

бодды,  бірак  оларға  кұлақ  асқысы  келмеді.  Солардың  ішінен  тіпті  казіргі 

Хожейлі  бегі  Мұртаза  би  Қожа  Ресейге тым  берілгендігі  үшін  айыпталып, 

түрмеге қамалды».30

Ресей  хиуа  билеушісінен  Хиуада  орыс  адамдарын  сатуды  тоқтатуды, 

түтқындарды босатуды және Ресей иеліктері шегіне шапқыншылықты тоқта- 

туды қатаң талап етті.

Әзірленген жоспарға сәйкес  1873 жылдың көктемінде Хиуаға үш жақтан: 

Кавказ, Орынбор және Түркістан округтері жағынан әскер жіберілмекші бо- 

лып шешілді.

Өз кезегінде Хиуа ханы өздерінің мемлекеттік ш екараларын нығайту 

үшін біркатар әскери іс-ш аралар жүргізді.  1858жылы Н .П .Игнатьев құпия 

ш иф рмен  былай  деп  хабарлаған:  «Ж алпы  алғанда  хиуалықтардың  әре- 

кеттері досты к сипатта емес.  Теңізге шығатын Әмудария өзеніндегі Д әу- 

қараға ж ақы н жерде көп кеш ікпей бекініс салына бастап, оған  100 өзбек 

отбасын көш іреді.  Оған әскери басты қ етіп, тік мінезді, қатыгез ж әне ба- 

тыл  Я куб-би  М ехрем тағайы ндалады ».31  Ш ыны нда да, бір жылдан  кейін 

«Хиуа ханы ны ң бұйрығы  бойы нш а  биылғы  жазда Д әуқарада  К орғанш а 

бекінісі  салы нып, онда казіргі  уақытта 500 адамы бар Я куб-би бек болып 

тағайы ндалды ...»32 Сол сияқты  Қ уандарияны ң құрғап қалған арнасының 

сол  ж ағасы нда  өзенді  бакы лап  отыратын  С іренкала  бекінісі  салынды. 

Солтүстік  ш екарасында хиуалықтар бірнеш е бекініс:  А ққала,  Қылышқа- 

ла,  М ы ңбұлақ, Үрге бекіністері мен басқа да көптеген бекіністертұрғы з- 

ды.  Ол  бекін істердің   бөрі  оры старды ң  С ырдария  әскери   ш ебіне  қарсы 

бағытталды.  Тегінде,  хиуалы қтар  орыс  әскерлер^ шабуыл  жасайды  деп 

күтіп, хандықтың ш екарасын нығайтуға тырысса Керек.

1873 жылдың акпанында генерал  К .П .К ауфманны ңж алпы  командалық 

етуімен орыс әскерлері Хиуаға шабуыл бастады. Ж орыққа қатысушылардың 

бірі мүны өз хабарында былай деп егжей-тегжейлі суреггейді: «Біздің әскеріміз 

10 мыңадам құрамында өртүрлі төрт пункттен Красноводскіден, Маңғыстау- 

дан,  Орынбордан  ж әне Түркістаннан  бірнеше отрядтарға бөлініп  (Каспий 

теңізінен) Хиуаға бет алды. Бұл отрядтардың бәрі Хиуа түбінде оған бірлесіп 

шабуыл жасау үшін бірігуге ж әне Түркістан отрядымен бірге жорыққа шық- 

қан  Түркістанны ң  генерал-губернаторы  фон  Кауфманның  командалық 

етуімен ұрысқа кірісуге тиіс болды».33

Орыс  әскерлерінің  ілгерілеуін  мұқият қадағалай  отырып, хиуа  ханы  өз 

мемлекетін қорғауға барлық күштері мен құралдарын жүмылдырды. Ол қару- 

лы күштерін күтіліп отырған қауіптердіңбасты бағыттары бойыншатоптас- 

тырды, сондай-ақ казіргі тілмен айтқанда, әскер мен хал ық арасында идеоло- 

гиялықжұмыс жүргізді.  Көз көргендердің бірі Сырдария шебінің бастықта- 

рына  1873 жылғы 24 наурызда былай деп хабарлаған: «Хиуаның молдалары, 

ишандары орыстар мен алда болатын соғыс себепті Палуан-Ата әулиенің қабірі 

басында жаудан шегінбеуге ж әне касық қаны калғанға дейін шайқасуға ант 

берді.  Хиуа ханы сол кезде-акөз әскерлерін орыстарға карсы үш колонна етіп 

аттандырды, олардың Якуб-би  баскаратын  7  мың адамдық бір  колоннасы; 

Диуанбек  М әтмұрат  баскаратын  4  мың адамдық  екінші  әскер  Дәукараға; 

Диуанбектің досы Мәтнияз баскаратын 7 мың адамдык үшінші колонна Мың- 

бұлак алқабына жіберілді...  Ханның жансыздары Түркістан  әскери  округі

366



әскерлерінің жүріп  келе  жатқан  жолы  туралы  дүрыс  мөліметтер  жсткізіи

отырды.»34

Түркістан отряды жорықка екі колонна — Ж ы зак ж әнс Казалы колонна- 

лары болып аттанды. Екі колонна  13 наурызда біріншісі Ж ызақтан, екіншісі 

Қазалыдан жолға шыкты.

М аңғыстау  отряды  да  Хиуаға  бара  ж атқан  ж олы нда  хиуалы ктармен 

кактығысты. Игді құдығы маңындағы шайкаска 277 қарулы түрікмен катыс- 

ты.  Ш айкас  барысында  оларды ң  арасы нан  22  адам  қаза  болы п,  21  адам 

ж араланды .35  «Сонымен  бірге  казактар ж аудан  1000 түйе,  6 мы ңға дейін 

кой  ж әне  әр  түрлі  көптеген  қару  тартып  алды.  Б іздің  ж ағы м ы здан  бір 

адам, тек прапорщ ик Кубатиев қана кылышпен жараланды».36 П олковник 

Л омакин  баскараты н  бұл  отряд  Хиуа  каласы ны ң  ж аны нда  елеулі  ұрыс 

ж үргізді.37

О ры нбор  отряды на  ген ерал-лейтенант  В еревкин  ком ан далы қ  етті. 

Оның отряды  Ж ем,  Ү ргі,  Қ оңы рат,  Х ожейлі  арқылы  жүріп  өтті.  Ж олда 

келе жаткан кезінде Веревкиннің отряды хиуалыктармен талай рет какты- 

ғысты.  Ш абуылдарға тойтары с  бере  оты рып,  оры стар  Хиуаға  біртіндеп 

жакындай түсті.

Орыс әскерлерінің барлық үш отряды Хиуа аумағына бір мезгілде дерл ік 

кіріп, белсенді шабуылға шыкты. Хиуа түбінде ғана емес, хиуа хандығының 

баска да негізгі мекендерінде елеулі шайқастар болды.

1873 жылдың мамырында орыс әскерлері хиуа хандарының астанасын ба- 

сып алды. Бүл жорыкта орыстар 33 солдаты мен офицерінен айырылды ж әне 

124  адам жараланды.38

1873  жылғы  12  тамызда  хиуа  ханы  Сейіт  М ұхаммед-Рахим  мен  орыс 

әскерлерініңкомандашысы К .П .Кауфман арасында шартжасалды. Ол бой- 

ынша хиуа ханы өзін Ресей вассалы деп мойындап, орыс мемлекетіне көп кон­

трибуция төлеуге тиіс болды.39

Ж оры к нөтижесінде мындаған тұтқындар босатылды, олардың арасында 

орыстар  көп  болды.40  Бұл  туралы  мәліметтер  мұрағат  құжаттарында  жиі 

кездеседі.41 Хиуа хандығындағы тұтқындар саны 40 мың адамға дейін жеткен.

Хиуа хандығын басып алған соң патша үкіметі жаңадан жаулап алынған 

аумақта отарш ылдыксаясатжүргізді,  соның салдарынан карапайым өзбек, 

каракалпак, түрікмен және казак халқы өз феодалдары мен патша шенеуніктері 

тарапынан екі жақты езгіге ұшырады.

Отаршылдык «бөліп ал да, билей бер» деген белгілі саясат негізінде орыс 

үкіметі Хиуа хандығының аумағын бөліп жіберді: Әмударияның оң ж ақ бөлігі 

Ресейге карады, ал хандыктың өзі өзеннің сол жағасында қалды. Ресейге кара- 

ған аумақ  130 мың халқы бар  1920 шаршы  шакырым,  ал Хиуа жағы  366 615 

халқы бар 66225,8 шаршы шакырым болды.42

Әкімшілік жағынан Хиуа хандығы 20 бектікке ж әне екі иелікке бөлінді.43 

Әмударияның оң жағасында күрылған сол аттас округ  1874 жылы Әмудария 

бөлімі  деп  аталды.  1887  жылы  «Түркістан  өлкесін  басқару  туралы  ереже» 

енгізілгеннен кейін зор өкілеттік берілген бастық басқаратын бөлім Сырда- 

рия облысының кұрамына енгізілді. Ол өз бөліміндеғана емес, сонымен катар 

Хиуа хандығында да оның ішкі  саясатына араласып,  тікелей  отаршылдык 

саясат жүргізді. ТекТүркістан генерал-губернаторынабағынды. Сонымен бірге 

соңғысына ескертпей Хиуа ханы баска мемлекеттермен дербес сыртқы саясат 

жүзеге асыра алмады.

367





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет