казак) шыкты, омы
М .Г.Черняевтің өзі баскарды.
19
қыркүйекте екі отряд Ш ымкентке жақын жерде бірікгі
жене жергілікті
жерді аз уақыт барлап алғаннан кейін, 20 кыркүйекке
караған түні калага
белгіленіп отырған шабуыл үшін батареялартүрғызуға кірісті.
Бүрынгы кокан
боданы казак Калыбай Мәмбетовтің естеліктеріне карағанда
орыс өске-
рилердің дайындык шараларына жауап ретінде Шымкент гарнизонының
әскері
«зеңбіректерден гүрсілдетіп ок ата бастады, бірак бәрін шаң коміп
кетті.
Дінсіздер (орыстар. -
Ред.)
оларға жауап ретінде каланы мортирден аткылай
бастады».87
М .Г.Черняевтің күткеніндей, Ш ы м кент дуалы ж аны нда орыс отряды
кокан батареялары ның қатты ок жауды руы на ұшырады. Қ окан артилле-
риясына бұл кезде Пенджабтан ш ы қкан Британ им периясы ны ң колш ок-
пары Джамадар Кабули басш ылы қ еткен еді.88
Екі тәулік уакытка созылған жаумен кескілескен атыс ағылшын үлгісіндегі
кокан артиллериясы снарядтарының ұшу кашыктығы жөнінен орыс артилле-
риясынан кем түспегені былай тұрсын, одан едәуір басым екеніне ж әне бүл
артыкшылыкты өз әскерінің «жакын кашыктыктан ату жылдамдығы мен
мергендігі» есебінен ғана жоя алатынына генералдың біржола көзін жеткізді.
Ойдағыдай нәтижеге жету үшін Черняев 6 зеңбірек пен 4 мортирден тұратын
батарея ны бұрынғысынан жакындатып, 300 сажын жерге қойып, каланың ду-
алдарын жақыннан аткылауға бұйрык берді.
Б ір ак топ ы ракты ң қатты болуы ж ә н е ж ауды ң жиі ш абуы л ж асауы
салдары нан ж ұм ы с баяу ж үріп, 21 кы ркүй ек те таң ертең мүлде тоқтап
қалды. «Ал коқандықтарды біздіңж үмы старымы здыңбаяулауы жігерлен-
діріп, — деп хабарлады басты ктарына Черняев, — бізге карсы транш еялар
арқы лы , батареялары н бірте-бірте ж акы н ы рақ көш іріп ш абуыл қимы л-
дарын бастады ж ән е алды ңғы ш епке тіпті атқы ш тар ж ібере де б аста
ды».89 Соңғы жағдайды подполковник Лерхе дер кезінде пайдалана білді.
Ол өз әс к ер л ер ін ің едәуір бөлігін ж а ң с ак ты к ж асап , ілгерілеп кеткен
К окан ж аяу өскеріне жауып жіберді. Оған шабуыл жасап, жауды «өкше-
лей отырып» бекін іс кақп асы н а тез ж еткен олар, «өздеріне н ай зан ы ң
күш ім ен жол салы п, коқан ды қтарды ң өліктерін б аса-көк теп калаға ба-
сып кірді». Қол ж еткен табысты нығайту үшін Ч ерняев Л ерхеге 2 рота
солдат ж әне ат жегілген артиллерия взводы кұрамында қосымш а күш ж і-
берді, іле-ш ала өзі де 2 рота ж аяу әскерім ен ж ән е 2 батарея зеңбірегімен
Ш ымкентке карай жылжыды.
Кокандықтардың абыржып калғанын пайдаланып, Черняев өз отрядымен
ордан өтіп қаланың қамалына басып кірді, су кұбырының өте биік тіреуге
орнатылған ағаш науасымен жүре отырып, науаға жағалай тез орналасып алды.
Сонымен шабуыл басталғаннан кейін шамамен бір сағаттан соң қамалымен
коса кала алынды. Орыс әскерлерінен 6 адамы каза тауып, 41 адам жаралан-
ды.90
Ресейдің жалпы Оңтүстік К азакстанға әскери экспансиясы , әсіресе
Акмешітті, Түркістанды, Әулиеатаны, Ш ымкентті ж әне баска да Кокан
бекіністерін корғаушыларды талқандауы ерекше катыгездікпен ж әне әскери
тұрғыдан актауға болмайтын әрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап өту
қажет. Балшықтан соғылған дуалы бар бұл бекіністердің тиісті фортифика-
циялық кұрылыстары болмады, ал олардың негізінен алғанда бейбіт тұрғын-
379
дардан тұратын корғаушылары нашар қаруланған еді. Американ саясатшысы
Юджин Скайлердіңайтуына карағанда, Акмешітті орыс артиллериясы 25 күн
бойы аткылаған, соны ң салдарынан қатты бүліншілікке ұшыраған олар
жеңімпаздың ракымшылығына бағынуға әзір болған, бүл туралы оның корғ-
ауш ылары генерал П еровскийге тиісті хат жіберген. П еровский бұған
қарамастан «азын-аулақ болса да кайткенмен даңкқа бөленгісі келіп, хатты
отқа тастаған да, елшіге: «Біз бекіністі шабуыл жасап аламыз», — деп жауап
қайтарды. Ол келесі күні таңертең солай істеді».91
Түркістанға шабуыл кезінде оны да қатты киратып күшті өрт шығарған
орыс әскерлері жергілікті түрғындарды үрейлендіру үшін ғана Мекеден кейінгі
мұсылмандардың екінші қасиетті орны — Қожа Ахмет Йасауи кесенесін де
артиллериядан атқылаған. Кесенеге 12 снаряд атылып, олардың 11-і оның қа-
бырғасын тесіп өткен. М.А.Терентьевтің көрсеткеніндей, олар «әулиенің дәр-
менсіз сәтін көрсетіп, содан тұрғындар қобалжи бастаған».92
Ш ымкент халкы одан да мейірімсіз, ал ең бастысы әскери тұрғыдан ақтауға
болмайтын зорлы қ-зомбы лық пен талап-тонауға ұшыратылды. Полковник
Л ерхенің ж ә н е Ш ы м кент үшін ш айкастарға қаты скан баска да орыс
офицерлерінің еске алғанындай, оған шабуыл жасаудың нәтижелерінде сұмдық
көрінісболған: «Биік бекініс қақпаларыныңтеңжарымынадейін жаралылар
үйіліп жатты. Осы тірі тосқауылға артиллерия ок атқаннан кейін іргесіндегі
ары ққа қан судай ақты, үрейі ұшқан қоқандықтар, көзге түсіп қалмау үшін
Кызыл әскери киімдерін лақтырып тастап, тым-тырақай жан сауғалады. Еліріп
алған Ресей солдаттары бүкіл қаланы найзамен тінтіп шықты».93 «Байырғы
халық деректерінің» айтуына Караганда, бұл қаланы қорғауда қаза тапқандар
саны 3170 адамға дейін жеткен», яғни 1862—64 жылдардағы бүкіл Түркістан
науқаны кезінде қазатапқан Қокан жауынгерлерінің жалпы санынан едәуір
асып түскен.94 Деректемелер Әулиеата мен Шымкент алынғаннан кейін де орыс
әскерлерініңж үгенсіздік жасағанын көрсетеді.95
Зам андастары ны ңайтуы нш а Ш. У әлихановты ңЧ ерняевтен кетіп қа-
луына патша генералдарының нақосы ндай әрекеттері себеп болған. Оның
ғүм ы рнам аш ы лары ны ң бірі былай деп ж азған: «орыс әскерл ерін ің Ш о-
кан діндестеріне немесе оны ң тайпаластары на, яғни қазақтарға жасаған
айуандығы оны қатты ренж ітті. Ол ж оры ққа ендігі жерде қатыса алмай-
тындығын көріп Ч ерняевтен қол үзді ж ән е Верныйға жетіп, ол жерден
Т езек сүлтанны ң ауылына барды».
Сайрам қаласы да күйінішті жағдайға ұшырады, оныңтүрғындарын Чер
няев отрядының орыс әскерлері жем сатып алу кезінде «6 түйесімен қоса
төменгі шенді адамдардың бірін» қолға түсірді деп айыптады. Сайрамға 60 ка-
зактан, 48 салт атгы атқыштардан және 1 мың казактан тұратын отряд жіберілді.
Артиллериядан оқжаудырып, басып алынғаннан кейін қалатамтығы қалды-
рылмай тоналды, тұрғындардан елуден астам адам қаза тапты ж әне одан үш
есе көп адам жараланды.96 Шамамен алғанда сайрамдыктар осылай жазаланды
және бұлай жазаланғандар олар ғана емес еді...
Түркістан мен Ш ымкенттің алынуымен Орынбор және Сібір шептері
тұйықталды. Ш ын мәнінде, Қазақстанның Ресей империясының құрамына
кіруінің 130 жылдан астам уақытка созылған ұзақта күрделі үрдісі осы оқи-
ғамен аяқталды.
Ш ымкент алы нғаннан кейін Ресей үкіметінде Орталык А зияға катыс-
ты бұдан былайғы әскери ж ән е саяси ш аралар жөніндегі алауыздық қай-
380
тадан күшейді. Континенттегі халыкаралық жағдайдың
Достарыңызбен бөлісу: |