Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет341/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

4.  МУЗЫКА ӨНЕРІ

Халықтың музыкалық шығармашылығы. 

К азак халқы ның 



тұрмысы мен

қоғамдық өмірі ж әне еңбек әрекетімеы біте қайнасқан 



рухани мөдениетінік

 

етене саласы музыка болды. Дәстүрлі оры ндауш ылы қ — 



жеке 

өн 


салу мем

 

аспапты жеке тарту кең тараған , әнді  косылып айту сирегірек; шығарма- 



лардың негізгі түрлері ән мен күй болған.

Жиырмадан аса әртүрлі музыкалыкаспаптар болған, олардың бір сарын- 

ды  ғана  дыбыс  шығаратын  кейбіреулері  —  шертер,  жетіген,  саз  сырнай, 

кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяк және баскалары музыка өнерінің 



кәсіби

 

талаптарына сай  келмей,  біртіндеп  күри  берген.  Ал  дыбыстык сапаларын 



жетілдіруге  келетін  баскалары  музыкалық аспаптар тобын  кұрады.  Олар: 

домбыра — ағаштан жасалған, шертіп ойналатын екі ішекті (үш ішекті болып 

келуі сирек кездеседі) аспап, шанағы сопакша (алмұрттәрізді), кейде ж азык 

формалы болып келеді; кобыз немесе кылкобыз — тостактәрізді толы кағаш  

шанакты және мойыны (кежегесі) ішіне карай иілген ыспалы қос ішекті ас­

пап; сыбызғы — ағаштан, іші куыс қамыс-курайдан немесе металл түтіктен 

жасалған, 4—6 саусак басар ойығы бар ұзынша үрмелі аспап; дауылпаз — сыр­

ты тері-жарғакпен капталған ағаштан немесе металдан жасалған кішкене казан 

түріндегі сокпа аспап.  Бертінде көпестер Ресейден айырбас сарайлары мен 

жәрмеңкелерден алып келген сырнай (екі катарлы гармониканы осылай атап 

кеткен) шықты.

Той-думан ән-күймен басталған, аксакалдар кеңестерінің алдында, жайлауға 

көшу мен кыстауға кайтып оралу да ән-күймен атап өтіліп отырған; өлендерде 

кыран кұс пен атышулы жүйріктер мадакталып, сұңкылдаған хабаршылар ауыл- 

дарды аралап жүріп, маңызды жаңалыктарды өлеңмен хабарлаған. Әйелдер үй 

тігіп, уык шанша жүріп, мал сауып, жүн сабаған, жіп иіріп, кілем токыған, киіз 

баскан кездерінде өлең айтып, балаларын тербете отырып, бесік жырын жыр- 

лаған.  Қайғыға  ұшыраған  отбасын  жұбататын  көңіл  айту,  куаныш  хабарға 

сүйініп сүйінші сұрап, кұттықтау дәстүрі де өлеңмен айтылған.

Музыкалыктуындылар мазмүны мен құрылымы жағынан әр алуан болды. 

Еңбек  үрдістері  мен  тұрмыстық  жол-ж ора  (той-томалак,  жерлеу)  кезінде 

орындалатын әндер, сондай-ак бесік жыры мен балалар әндері қыскалығы- 

мен,  шағын  диапазонды  әуендерінің  әсерлілігімен,  мәтін  мазмұны ны н 

дәстүрлілігімен ерекшеленді. Бұларды жұрттың бәрі айтатын болған. Ал әндер 

мен күйлердің,  өсіресе лирикалык ж әне өлеуметтік такырыптарға, тарихи, 

эпикалықж әне аңыздыксюжеттерге шығарылғандарының әуендері ырғакты 

кайырмалы болып келген, формалары күрделі, ырғақтыккұрылымдары ауыс- 

пал ы, кең аукымды болған. Олар танымал дарындардың репертуарларына енді. 

Бұл  танымал  дарындарды  орындайтын  шығармаларының  такырыптарына 

карай «акын», «жырау» немесе «жыршы» (эпосты, аңыздарды, тарихты жыр- 

лаушы),  «әнші»  немесе  «өлеңші»,  «күйші»,  «ертекші» ж әне т.б.  деп  атаған.

Кәсіби музыкалыкөнерпаздардың дарындылығы көпшілікалдындағы ар- 

найы айтыстарда көрінген. Мұндай музыкалык-поэзиялыкжарыстартойлар- 

да, жайлауға көшуге байланысты, кыз ұзаткан кезде ж әне баска да отбасылык 

куаныштарға орай өтіп отырған. Жеңгендерге мол сыйлыктар беріліп, ерекше 

құрмет көрсетілген, аса көрнектілерінің есімдеріне «сал», «сері» деген кұрметгі 

атактар косып айтылған; олардыңдаңкы ауыл-ауылғатезтарап отырған; олар- 

ды барлыкжерде зор кұрметпен кабылдаған.

409





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет