Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Егін  орағы.  Суретші  Н.Г.  Хлудовтын  картинасы



Pdf көрінісі
бет397/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Егін  орағы.  Суретші  Н.Г.  Хлудовтын  картинасы

 

(KP  Мемлекеттік  Орталык  мұражайынын  корынан).



491


Коныс аударушылар деревнясында қолданылатын жердің бір бөлігі тыңға 

бос  қалдырылатын  егіншілік  үлгісі  өте қарапайым  болды.  Мұнда негізінен 

алғанда топырақтың құрамы есепке алынды. Қара топыракты тын жер ката- 

рынан  7—8 жыл өнім берді.  Бастапкыда 5—6 жыл бидай, ал сонан соң 2 жыл 

арпа немесе сұлы себілді, одан соң жер 2—3 жылға тынығуға — «тыңға» қалды- 

рылды.  Кошқыл коңыр топыракка катарынан 5—6 жыл (3 жыл бидай және  1— 

2 жыл сұлы) егілді, ал одан соң танап 6—9 жылға тыңаюға калдырылды. Ашык 

қоңы ртопы рақ 3 жыл пайдаланылып, 7—Южыл тынығуға қалдырылды.112 Ре- 

сей егістіктерінде сынақтан өткізіл ген бұл әдіс Қазакстан жерінің көпшілігінде 

мүлде залалды  болып  шықты.  Топырақтың кұнарлы жүка  қабаты түгелдей 

дерлік «жыртылып» бұзылды. Шаруаларды қоныстандыру проблемасын ұзақ 

уақыт зерттеген Ә.Бөкейханов Қазақстанның егіншілікті аймақтарын агро- 

номиялық зерттеулердің материалдарын  келтіріп,  жерлерді  шаруалардың 

үлестеріне үнемі «кесіп беру» қажеттігін туғызған себептерді ашып көрсетті. 

Ол  бір  кезде  кұнарлы  болған  жер он  бір жыл  пайдаланғаннан  кейін  мүлде 

тозы п,  он ы ң   топ ы рақ  құрамы   дағдылы  сортаңдарға  айналу  көрінісін 

көрсеткенін мысалға келтіреді. «Шаруалар жерге неліктен астықемес, қайта 

арамшөп, шырмауық ж әне т.б.  басып кететінін түсінбей, жыл сайын жақсы 

өнім  алу  мақсатында асқан  табандылық,  қайсарлықпен  жер жыртып, дән 

себеді...  Мұнда егіншілік кәсібін сол бағыттажалғастыра беру мүлде мүмкін 

емес,  өйткені  бүл  еңбекті де,  капиталды  да  жөнсіз  ысырап  ету  болады».113 

Ақмола облысында  1896—1906 жылдар аралығында үш рет егіннің шыкпай 

қалып, аш аршылық болуы тегін  емес.114  Екінші  жағынан,  Қазақстан  жерін 

экстенсивті егіншілік арқылы жыртқыштықпен пайдалану болашактағы эко- 

логиялы қ  апаттарға  бастады.  Ол  жөнінде  ғалымдар  сол  кездің  өзінде-ақ 

мәлімдеген  болаты н."5  Ә.Бөкейхановтың  мына  сөздері  әулиелік  сияқты 

естіледі: «Қазақдаласында шаруашылыққатабиғи жағДайлардын қысымы ора- 

сан зор ж әне адамның күш-жігерін жұмсайтын шектеулі өріс қалады. Мұнда 

табиғатгыңдүлей күш үстемдігі жайлаған. Егертабиғатқа карсы шыкпай,  қайта 

оған парасаттылықпен бейімделу керек болса,  мұны шаруашылық нысанына 

көзкарасж өніненказакдаласында сактаукажет...  К азакдаласыныңсан ғасыр 

тың жаткан жері тез жыртылуда,  бұлай бола берсе алғашкы кездерде гүлден- 

ген егіншілік кұлдырап,  тозаңы шыккан топырактың астында калады,  онда 

тіпті ешкандай «азыкка жарарлык» өсімдік өспей, үлкен катерге соқтырары 

анык».116

Мұндай жағдайда шаруалар қожалығы көбінесе құрып кету, ал оның кожай- 

ындары өліп қалу шегіне жетеді. Мәселен,  Көкшетау уезінің  1890 жылы негізі 

қаланған Мариинка селосыныңтұрғындары 1893 жылы сұмдыкашаршылыкка 

ұшырады.  Кейбіреулері  10  күн  бойы тек  кана  тұз  жалап  корек  етті.  Басқа 

біреулері  кайың қабығын талғажау етті:  «Егер ашытып  пайдаланса ештеңе 

емес,  ал  былайша жеуге  болмайды» дейтін.  Ашыккан  шаруалар өздерінің 

азапты өліміне бас байлап, тіпті ағаш жоңқасын да ж еген.117

Қ оны с аударуш ы лар өмірінде ки ы н-кы стау ж ағдайлар ж еткілікті  еді 

ж ә н е ш аруан ы ң тірі қалуы на белгілі  бір дәреж еде өзі мүшесі саналатын 

кауым кепіл болды.

Ә рбір  қон ы с  аударуш ы лар  д еревн ясы н да  заң   ж үзін де  ж ергіл ікті 

«коғам» яғни кауым болуғатиіс екенін атап өткен жөн.  Мұндай тәжірибені 

Д ала өлкесінің  әкім ш ілік органдары ресейлік деревняны ң үлгісі бойын- 

ша ж әне соған сәйкестіріп  енгізді.118 Бұл кауымның фискальды к сипатын

492



сақтап қалу жөне іске косу үшін істелді.  Бірден айта кеткен жон, жсргілікті 

өкімет орындары шаруаларға бірде жерді бөлу туралы ,ІІ9тағы бірдс қогам- 

д ы қ ж ер жыртуды ұйымдастыру туралы ,120 келесіде жаңа келгендерге егін 

егу үшін жер үлесін  бөліп  беру ту р ал ы 121 үнемі  нұсқау беріп  отырды.

Алайда  м ұ қ и я тк ар а ған д а сел о қ а у ы м ы н ы ң д еге н м е н д еө зін етә н   ішкі 

зандар бойынша өмір сүріп, дамығаны көрінеді.  Егер қоныс аударған  ша- 

руалар  арасы нда  қауым ды қ  ұйытқы  ж ән е  бір  м аңы зды сы ,  кауы м ды қ 

дәстүрлер күшті болса,  кауымның басты міндеті ж әне әсіресе жер пайда- 

лануға бақылау жасау ісі бірден жүзеге асырылды.  Көптеген жағдайларда 

К азакстанның қоныстануш ылар деревнясы үшін алғаш қы кезде жер пай- 

далануды ң  басып  алуш ы лы қ  түрі  тән   болды,  ол  бастапқы   түр  ретінде 

аграрлық коныстандыру аудандарының бәрінде байқалды .122

Ж ер пайдаланудың басып алушылық нысаңы жағдайында болуы мүмкін 

анархияға карамастан, мұнда барлык ережелер қолданылды. «Бір рет жыр- 

тылған жер оны жыртқан адамға тиесілі болады ж әне оны қож айы ны ны ң 

рұқсатынсыз ешкім пайдалана алмайды».  Қандай да бір жерге (жыртылға- 

нға дейін) өтініш ж асау ж арамсы з деп таны лады, «әйтпесе, бүкіл даланы 

басып алуға болады».  «Егер біреу өз егістігін айналдыра 2—3 кары қ ж аса- 

са,  мұндай  жер  енді  басып  алынбайды,  бірақ  әлдекім  далада  егістіктен 

алыста осындай қарықтар жасаса, бұған назар аудары лмайды».123

Деревнялардың бір бөлігінде қауымның неғұрлым айтарлықтай құқықта- 

ры болды ж әне мұнда оның өз мүшелерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін 

күресінен айқын көрінеді. Ең алдымен бүл, әрине, оларды жер пайдалануда 

саны жағынан теңестіруге ұмтылыс. Бірақсонымен катар кауым ішінде жер 

бөлісу  кезінде  егістік  жердің сапасы  жағынан тең  болуын  камтамасыз  ету 

міндеті детүрды. Бұған жер бөлудің калыптаскан жүйесі жәрдемдесті: дерев- 

няның  барлық  халкы  жүздіктерге  бөлінді,  содан  соң  бүкіл  тиесілі  жер 

белгіленген мөлшердегі «бағаналар» (үлестер) санына бөлінді.  Бір жағдайда 

әрбір жүздік өз «бағаналарын» алып, оның ішінде әрбір ондык жеребе бой­

ынша өз үлесін алды, ал содан соң барып ондыктар ішінде «жан басына» жере­

бе тасталды.124 Екінші бір жағдайда жарамсыз жерлерді де тең бөлісуге тыры- 

сты. Мәселен, Коноваловское селосында бағаналар әрбір жүздікке Баганатка 

өзенінен бағаналардың жакыны да, алысы да тиетіндей етіп болінді. Ондыктар 

ішінде де учаскелер жакыны да, алысы да тиетіндей етіп бөлісілді,125 Соның 

нәтижесінде бір қожайынның жерлері бөлістен кейін екі жерде:  деревняға 

жақын өзен жағасында ж әне одан да алые шетте болып шыкты.  Ж ер бөліп 

беру корытындысында бүкіл егістіктің бес жерде, ал кейде жеті жерде болып 

шығуы да мүмкін еді.126 Ресейде өте колайсыз болған мұндай жер бөлу жүйесі 

Қазакстандағы кауымдықжер пайдалану үшін дағдылы іс еді. Үлестердің әр 

түрлі жерде орналасуы  өнім  баска жерлерде шыкпай қалған  жағдайда тым 

болмаса бір үлесте мол болуына белгілі  бір дәрежеде кепілдік берді.  Семи- 

полка селосының шаруалары жер бөлісу кезінде әрбір кожайынға 2 жерден 

үлес берді, бұл «жалпы алғанда жердің ала-құла болуы себепті, ал ең бастысы 

шегіртке пайда болған жағдайда ж әне бұршак жауған кездерде бір жердегі 

егіске төуекелдің көп  жасалуы  үшін»  істелді.127 Ж ер  үлесін  секірмелі  болу 

шаруашылыксебептерінен ғана емес, сонымен катар таза моральдыктұрғыда 

— «ешкімнің ренжімеуі үшін», ешкімді «өкпелетпеу» үшін деп түсіндірілді.128

Егістік учаскелерінің бүлайша бытыраңкылығы есеп алуға киын болға- 

нымен, шаруалар қауымы жердің пайдаланылуын бакылауға көп күш-жігер

493



жүмсады.  Ж ер бөлінетін  кезде  жерді  өлшеуді  де,  межелеуді  де  кадағалап 

отыратын арнаулы адамдар сайланды. Орыс коныс аударушыларының ара- 

сында бұлар әдетте төрт адамнан — «сенім білдірілген» «жер старосталары- 

нан», украиндарда бір адамнан «степовничийден» тұрды. Олардың міндеттері 

бөлістен  кейін  де  жалғастырылды  ж әне  жер  пайдаланудың  белгіленген 

төртібінің сақталуын қадағалау болды, ол жөнінде коғамға баяндап отыр- 

д ы .129 Украин еелоларында степовничийдің одан да көп құқықтары болды: 

айтылған жер жырту нормаларының сақталуын бакылауға коса қоғам оған 

қожайындар арасында жерді бөліп беруді тапсырды.130 Кауымның бірқатар 

мүшелері — ауқатты шаруалар бөлігі тәртіп бойынша белуге қарсы шықты, 

өйткені  жерді  басып алу, оны ң үстіне нашар реттелу олар үшін өте тиімді 

болатын. Жұмыс малы және мықты кұрал-саймандары болған мұндай қожай- 

ын егінді көп еге алатын еді, ал екіншіден, «жұмсақ», яғни жыртылған жердің 

бір бөлігін өзінің қатты тың жерлерді жырта алмайтын  қауымдасына сата 

алатын.  Оның үстіне,  әдетте, тандаулы жерлер байлардың қолына тиетін. 

Селолықтардың негізгі бұқарасы жердіңтендей әділ бөлінуін жақтады. «Ал 

қазір  жер  бәрібір  иесіз,  канш а  керек  болса,  сонша  бөлу  керек.  Ж ердің 

бөлінбеуі себепті біреулер жерді  пайдаланып кетеді  (яғни, жалға алады.  -  



Ред.),

 кедейлерден ауқаттылар керегінш етартып алады...» деп санады Кон- 

стантиновское селосының тұрғындары.131  Новорыбинское селосының ша- 

руалары да катардағы кауым мүшелерінің негізгі көңіл-күйін айткан: «Ке- 

дейлер бөлісуге келісер еді, ал  байлар оны өз колдарына алып алған, олар 

жермен саудажасайды: жерді жыртып кымбатка сатады; анамыз—дала үлкен, 

ол адамдардың кажетін отеп келеді, өтей де береді».

Ж ердің бөлінуін талап еткен шаруалардың негізгі бұкарасы шынына кел- 

генде  бай  мен  кедейдің  жағдайын теңестіруді  талап  етіп,  солар  аркылы  өз 

жағдайын жаксартуға үміттенді.

Казакстанның коныс аударушылар деревнясында кауымның әлеуметгік 

міндеттері ете әлсіз болғанын  мойындау керек.  Ш аруаны ңтағды ры   кез- 

келген  әкім ш ілік шен иелерінің еркінетәуелді болған жаппай қоныстан- 

дыру  ж ағдайлары нда  кауы м ны ң  ж оғары   тұрған  органдар  алдында  өз 

м үш елерінің мүдделерін  корғаған  реттері  байкалмады,  мүның өзі  баска 

аймактардағы  кауым ды к ұйымдарға тән болаты н.132  Бұл  міндеттердің әлі 

де калыптаспағаны айкын, өйткені коныстандыру жағдайларында кауым- 

ны ң  өзі  де  көп  ретте  калы птасу  сатысында  болатын.  У акыт  факторы  

кауы м ны ң калы птасуы нда да,  оны ң тәртіптерінің орнығуында да елеулі 

рөл атқард ы .133

Казакстанның коныс аударушылар деревнясының бастапкыда полиэтни- 

калық тұрғьща болғанын да атап өту кажет. Әр түрл і уақыттарда мүнда орыс- 

тар, украиндар, татарлар, мордвалар, немістер, поляктар, болгарлар, эстон- 

дар  ж әне  баскалар  көшіп  келді.  Қоныстану  кезінде  моноэтникалык сипат 

мүмкіндігінше сакталды,  бірак мұнда  коныс  аударушыларды орналастыру 

әкімшілігінің ерік-жігері, ал өз бетімен коныстану жағдайында — бос жер- 

лердің болуы ж әне сол  кезде түрып жаткан селолыктарға «косып жазылу» 

мүмкіндігі шешуші рөл аткарды. Шаруалардың өздері жерін жалға алған казак- 

тардың ауылында тұрған реттері де жиі кездесті.

Сонымен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басындағы  Казакстанның 

коныс  аударуш ылар  деревнясы   әлі  де  калыптасу  сатысындағы  күрделі 

әлеуметтік-экономикалык механизм болды.

494





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет