Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет539/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

жөнет.б. 

іугіп

 ЖОТ- 

ты,  олар Ақтөбе  (3  маусым),  Петропавл  (6 маусым),  Қостанай  (10 маусым) 

калалары мен басқа да қалаларда болып өтті. Сонымен  1905—1907 жылдардиғы 

бірінші орыс революциясы кезіндегі Казақстандағы окиғалар, өсіресс жүмыс- 

шылардың, шаруалардың ж әне зиялылардың бой көрсетулері, үлт-азаттык 

қозғалыс жөнет.б. олардың әлсіздігіне жөне бытыраңқылығына қарамастан 

жергілікті еңбекшілер үшін үлкен саяси мектеп болды, бұл тәжірибені олар 

ұлттық ж әне әлеуметтік азаттық жолындағы, демократия мен прогресс  жо- 

лындағы бүдан кейінгі күресінде пайдаланды.

2.  ҚАЗАҚСТАН  Б ІР ІН Ш І  ДҮНИЕЖ ҮЗІЛІК  СОҒЫС  ҚАРСАҢЫНДА

Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапканнан кейін реакция кезеңі туды. 

Демонстрацияларға, митингілер мен жиналыстарға тыйым салынды.  Орал, 

Петропавл, Семей, Верный, Перовск социал-демократиялык ұйымдары мен 

кәсіподактары  және  баскалары талқандалды.  1907 жылғы  3  маусымдағы  II 

Мемлекеттік Думаны тарату және жаңа сайлау жүйесін ензіу туралы заң бой- 

ынша казақтарж әне өлкені мекендейтін баска да орыс емес халықтар сайлау 

құқықтарынан  айырылды.  Қызметшілерді,  жүмысшылар  мен  шаруаларды 

полициялык қадағалау күшейтілді. Перовск, Акмола, Орал өнеркәсіп орын- 

дарының  «Жем»,  «Доссор»  кәсіпш іліктерінің  ж әне  баскаларының  иелері 

«сенімсіз» жүмысшыларды жұмыстан шығарып,  бой  көрсетулердің бұкара 

толкуларының белсенділері,  ұйымдастырушылары  «қара тізімге» енгізілді. 

Кәсіпорындарда жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтығы ұлғайтылды, 

нарықкемітілді, айыппұл салу кеңөріс алды. Елде «Орыс халқы одағы», «Ми­

хаил Архангель одағы» және басқалары сияқты қаражүздік ұйымдар ойран 

салды, үлт араздығын тұтандырды, жергілікті өкімет орындарының бұрата- 

наларды қудалауы күшейді.

Қоныстанушы шаруалар мен қазак шаруаларының бой көрсетулерін ба- 

сы п-ж аны ш тау  үшін  гарнизондардан  казактарды ң  ж азалау  отрядтары  

жіберілді. Мәселен,  1909 жылдыңсәуірінде телеграф аркылы сұрау салу бой- 

ынша Пермьнен Қостанайға патша өкіметінің коныс аудару саясатына карсы 

шыккан қазақтардың наразылығын басып тұншықтыру үшін казактар жүздігі 

жіберілді.40

Столыпиндік аграрлық реформа кеңөріс алды. Егер 1893 жылдан  1905 жылға 

дейін казақ халқынан қоныс аударушы шаруалардың пайдасына 4 миллион 

десятинадан астам жер тартып алынса,  1906жылдан  1912жылғадейін  17 мил­

лион десятинадан астамжертартыпалынды.411917 жылғақарай Семей, Акмо­

ла, Орал облыстарында және Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) 40 миллион де­

сятинадан астам жер,42 Ж етісуда 4 миллион десятинадан астам,  барлығы 45 

миллион десятинадан астам жер тартып алынды.43  1908 жылдан  1913  жылга 

дейін Ақмола, Торғай, Орал жэне Семей облыстарының қоныс аудару аудан- 

дарына еркектерден 400 мыңнан астам адам коныстандырылды.44

Ресейдің  орталығында  аграрлық  мәселенің  шиеленісуін  патша  үкіметі 

өзінің шет аймақтарын, соның ішінде Қазақстанды да отарлау жолымен, ша­

руаларды қоныс аудару жолымен шешуге тырысты.

1909 жьитғы 9 маусымдағы заң бойынша жерге орналастырудың көлемі: 

қоныс аударушыларға — 15 десятинадан және көші-қон өрісіне  12 десятинадан



6 2 3


берілетін  норма  бойынша  жүргізілді.  Аграрлық демократиялық бағыттың 

өкілдері аграрлық мәселе бойынша сөз сөйлегенде қазақтарды отырыкшы- 

лыкка көшуге насихаттады. Патша үкіметі қазақхалкынан жерді мүмкіндігінше 

көп тартып алуға ұмтылғандыктан, шаруашылыкжүргізудіңотырыкшы ны- 

санына көшу оның колайлы жерлерді көбірек сақтап калуына мүмкіндік бе- 

рер еді, оның үстіне казак шаруаларына «жерді тұрақты ажырағысыз иелену 

құқығымен» қоныс аудару нормасы бойынша жер алу ұсынылды.45

Үлттық-отаршылдық езгінің күшеюі,  патша өкіметінің аграрлық саяса- 

ты, өлкенің әлеуметтік-экономикалыкөміріне капиталистік катынастардың 

енуі к а з а к халкының үлттыксана-сезімінің өсуіне жеткізді. Казак коғамын- 

дағы ұлттык козғалыс біртекті болған жок, оған әртүрлі идеялык-саяси ағым- 

дар катысты, оған ұлтгыкзиялылардың өкілдері, Петербург, Мәскеу, Казан, 

Томск ж әне Орынбор университетгері мен училищелерініңтүлектері ұйы- 

ткы болды. Үлттык зиялылардың әр түрлі идеялык саяси ағымдарының пікірін 

«Айкап» журналы мен «Казак» газеті мейліншетолыкбілдірді.

1911—1915 жылдарда шығыптұрған «Айкап» журналы (шығарушысы және 

редакторы — Мұхамеджан Сералин (1871—1929) Казакстандағы идеялык-сая­

си ой-пікірдіңаграрлык- демократиялык бағыттарын білдірді. Оған Ж.Сейда- 

лин, Б.Каратаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин және баскалар каты- 

сып  тұрды.  Ж урнал  беттерінде  аграрлык  катынастардың,  оку-ағарту  мен 

білімнің, казақ ауылындағы тауар-акша катынастары дамуының проблемала- 

ры көрсетілді, патша өкіметініңотаршылдыксаясаты әшкереленді. «Айкап» 

журналындағы  басты  мәселе  аграрлы к  мәселе,  яғни  жер  катынастары, 

көшпелілердің отырыкшылыкка  көшуі,  аграрлык мәдениет,  шаруашылык 

жүргізу  нысандарының  өзгеру  мәселе'лері  ж әне  баскалар  болды.  «Айкап» 

беттерінде тауар-акша катынастары дамуының проблемаларына, мал шаруа- 

шылығының интенсивтілігі мәселелеріне, казак шаруашылығының рынок- 

пен, кәсіпкерлікпен тығыз байланысын орнатуға, кооперациялар ұйымдас- 

тыру кажеттігіне ж әне баскаларға едәуір орын бөлінді.

1912жылдан  1918жылғадейін шығыптұрған «Казак» газеті либерал-де- 

мократиялыкбағыт идеяларын білдірді. Онда қазакконституциялық-демок­

ратиялык партиясының жөне казак халкының жалпы ұлттык козғалысының 

жетекшісі, экономист- ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және 

басқалар кызмет істеді. Ең басты аграрлык мәселеде олар жерге мемлекеттік 

м енш іктің  (Ресей  империясы ны ң)  күш ін  жою  ж әне  оны  казактарды ң 

меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын койды.  Казак шаруалары- 

ның көшпелі шаруашылығы кезеңінде мал шаруашылығының дамуы жайын- 

1  дағы мәселеде «Казак» газеті экономикалык кеңістіктегі мал шаруашылығы- 

ның  рөлі  туралы,  мал  шаруашылығын  интенсивтендіруді  дамыту  туралы, 

кооперативтік  козғалыс  ж әне т.б.  туралы жазды.  Өлкенің коғамдык-саяси 

өмірін дамыту саласында либерал-демократиялык бағыт коғамның эвол юци- 

ялы к  дамуын  жактады.  «Казак»  газеті  большевиктер  халыктың  өмірін, 

дәстүрін, мінезін бірден, бір күн ішінде өзгертуге болмайтынымен келіспейді 

деп жазды.  Газет үкіметті  өз қолына қаратып алған соң, олар өз идеяларын 

күштеп жүзеге асырады деп санады.46 Тұтас алғанда, өлкенің әлеуметтік эко­

номикалык және қоғамдык-саяси өмірініңдамуы туралы әртүрлі көзкарас- 

тарда  болғанына  карамастан,  «Айкап»  журналы  мен  «Казак»  газеті  оз 

беттерінде жалпы ұлттык идеялар мен казак халкының мүдделерін  корсете 

білді.

624



1910-1911 жылдардажаңаэкономикалықөрлеугебайланысты  Казаке ган­

да ереуіл қозғалысы жандана бастайды.  1911 жылдың мамырында Перовск мсн 

Түркістан станциялары темір жол  шеберханаларының ж әне  «Атбасар мыс 

рудалары»  акционерлік  қоғамы  кеніштерінің  жұмысшылары  бас  котсріп, 

кәсіпорын әкімшілігіне өз талаптарын қойды. Соңғыларының бас көтеруіне 

300-ге жуык адам қатысты, олар жалақыны көбейтуді талап етті.

1912жылдыңсәуірінде Лена алтын кеніштеріндепатшаәскерлері 270адамды 

өлтіріп,  250 адамды жаралады, олардыңарасында қазақ М. (Угар) Жөнібекои 

бар еді. Бұл канқұйлы террор Ресейдегі, соның ішінде Қазақстандағы жұмыс- 

шықозғалысыныңдамуынатыңтыныс берді.  1912жылғы 20сәуірдеТүркістан 

станциясында түн жамылып далада теміржолшылардың жиналысы  болды, 

мұнда олар жергілікті  жандармның хабарлағанындай,  Таш кент станциясы 

жұмысшыларының үлгісімен ұйымдасу және Бүкілресейлік темір жол одағы- 

на кайта қосылу, Орынбор-Ташкент темір жолының бүкіл өн бойы бойынша 

және баска да жақын жолдармен тығыз байланыс орнату,  ереуіл пайда болған 

жағдайда ондайларға толык ынтымақ және дайындык көрсету жөнінде каулы 

қабылдады.47 Бұл орайда жандарм офицері  былай деп атап көрсетті:  «Бұған 

Лена  оқиғалары  негіз  болды;  соңғы  уакытта  депо  ж ұм ы сш ы лары   мен 

қызметкерлерді үнбмі жұмыстан шығару, соның салдарынан жұмысшылар 

мен  көптеген  байырғы  кызметкерлердің  жұмыссыз  қалуы,  ал  кыскарған 

қы зметкерлердің  жұмысы  қалғандары ның  мойнына  түсуі,  оны ң  үстіне 

төленетін  ақының  сол  күйінде  калатыны,  ал  кейде  өлкедегі  тіршілік  үшін 

қажетті өнімдердің барған сайын кымбаттауы артып отырғанына қарамастан, 

жалақының кеміп кететіні ашынған наразылықтың арқауы болды».48

1912 жылғы 28 сәуірде Орынборда ж әне жол бойынша РС Д Ж П  қалалык 

комитетінің прокламациялары таратылды, олар Бірінш і мамырды мереке- 

леуге шақырды, сондай-ак оларға 8 сағаттықжұмыс күні, саяси бостандык- 

тар, армияны тарату ж әне оны халық милициясымен ауыстыру талаптары 

қойылды.  1912 жылғы 30 сәуірдегі жандарм материалдарында Орынбор-Таш­

кент тем ірж олы ны ңбасты  шеберханаларыныңжұмысш ылары ертең,  1  ма- 

мырда бас көтеру жасамакш ы, бұл  орайда,  пролетарлы к мейрамды  «Лена 

оқиғаларына» қарсы наразы лы қ білдіруге арналған бір күндік бас көтеру- 

мен байланыстыруғатырысуда деп атап өтілді. Ш ынында да  1912жылғы  1 

мамырда басты шеберханаларда жұмысшылардың қысқа уақытқа созылған 

бас көтеруі болды.491912 жылдың жазында О ры нбор-Таш кенттемір жолы- 

ның Ташкент учаскесінде де есеп айырысуды алты ай күту толық ашындыр- 

ған 300 ж ұмысш ыныңтолқуы болып өтті.501912 жылғы  18 мамырда Ақтөбе 

станциясынан жандарм офицері мүнда револю циялы қ насихаттың «қүпия 

және қулыкпен жүргізілетіні сонша,  ең басты басшыларын анықтауға ешбір 

мүмкіндік жоқ» деп хабарлады.

1912 жылғы  12 мамырда жалақының томен, еңбек жағдайларының ауыр 

болуы  себепті  Спасск мыс  балқыту  зауытының жұмысшылары  бас  көтеру 

жасады, келіссөздер нәтижесінде зауыт қожайындары жұмысшылардың қой- 

ған  шарттарын  орындауға  келісті.  1912  жылдың  шілдесінде  Ж ем  мұнай 

кәсіпшілігінің  жұмысшылары,  1913  жылдың  маусымында  Орынбор-О рск 

темір жолының құрылысшы жұмысшылары, Доссор мұнайшылары бас коте- 

pin әкімшілікке карсы шыкты. Қыркүйекте «Атбасар мыс рудалары» қоғамы- 

ның Торғай уезіндегі Ш окпаркөл көмір кен орындарындағы жұмысшылар- 

дыңтолқулары болып өтті. Өздерініңсөйлеген сөздерінде жүмысшылар эко-

4 1 - 3 6

62 5



номикалык жағдайды жақсартуды, әлеуметгік мәселелерді шешуді талап етгі, 

саяси сананы дамыту мен өз құқыктары үшін күресуге батыл бел байлап саяси 

талаптарын қойды. Өлке жұмысшыларының бой көрсетулері патша өкіметіне 

қарсы шаруалар бой көрсетулерінің өсуіне, ұлт-азаттык қозғалысының да- 

муына ықпал етті. Коныс аударушы шаруалар салықтар мен алымдарды төле- 

уден бас тартты, ағаштарды өз бетімен кесуді жүзеге асырды, олардың көбісіне 

жер бөлінбей жерсіз қалған болып шықты: жағдайдың қиындығы, қоныс ауда­

рушы шаруалар бұқарасының қайыршылануы, қоныс аударушылар деревня- 

сындағы әлеуметтік таптық жіктелістің күшеюі шаруалардың байларға кар- 

сы аш ык бой  көрсетулеріне себеп  болды. Лепсі уезі  Петропавл селосының 

кедей  шаруалары  өздеріндегі  байларға  қарсы  шықты,  карулы  қарсылық 

көрсетті. Көкшетау, Верный уездері мен басқа да уездерде коныс аударушы 

шаруалардың осындай  бой  көрсетулері  болып,  оларды  жазалау отрядтары 

басыптастады.51

Қ азақ еңбекшілері де самодержавиенің аграрлык ж әне отаршылдық сая- 

сатына  карсы  шықты.  Мал  санының,  жайылымдардың  көпшілік  бөлігін 

иеленіп алған байлардың үстем тобы кедейлерді барған сайын көбірек канады. 

Паракорлық,  қоркытып  алу,  сатып  алу ж әне басқалар кең таралды.  Казак 

байларының кыстаулары өртелді, салықтөлеуден бас тартылды, әскери ко- 

мандаларға шабуыл жасалды. Семей облысының Кызыладыр болысында казак- 

тар жергілікті әкімшілік өкілдеріне шабуыл жасады, ал Қаракол болысында 

казактарды тыныштандыру үшін жергілікті өкімет орындары «бүлікті басуға 

бекіністен казактарды шақырды».52

Осындай революциялыкөрлеу жағдайларында Қазакстандағы социал-де- 

мократиялықұйы мдар мен топтар өз кызметін бірте-бірте жандандыра бас- 

тайды.  Өскеменде, Павлодарда,  Қазалыда, Верныйда ж әне басқа калаларда 

социал-демократиялык ұйымдар халык арасындатщ. саяси үгіт пен насихатты 

күшейте түсті.  Мәскеудің, Омбының, Петербургтың және баска калалардың 

РСД Ж П  комитеттерімен байланысты калпына келтірді. Азатгык козғалысы- 

ның әр түрлі нысандарының одан әрі дамуына Бірінші дүниежүзілік соғыс- 

тың басталуы бөгет болды.

Р есейд ің   д ү н и еж ү зіл ік   и м п ери али стік  соғы ска  кірісуі  Қ азак стан  

еңбекшілерінің жағдайына ауыр эсер етті. Сотые жылдарында салыктардың 

мөлшері  ұлғайтылды.  Ш аңырак алымы 4 сомнан  8  сомға дейін  көбейтілді. 

Мысалы, Акмола облысында оброктік алым  1914 жылғы 845 807 сомнан  1917 

жылы 2553 227 сомғадейін, ал шаңыракалымы 600 537 сомнан  1 002069 сомға 

дейін көбейді, яғни  1,5 есеге ж уы көскен .53 Қазақхалкы на «ерікті алымдар», 

мемлекеттік заемға күштеп жаздыру ж әне әскери салық, барлығы алымдар 

мен баждардың  10 шакты түрлері салынды.  Байырғы тұрғындардан барлық 

алымдардың 21%-ы көлемінде, яғни эр шаруашылыктан  1 сом 84тиыннан әс- 

кери салык алынды. Әкімшілік алымдарды «кұрметгі адамдар» аркылы жүргізді, 

олар  жеке  басының  баюы  максатын  көздеп,  түбіртектер  (квитанциялар) 

бермеді, алымдар алуды бірнеше рет қайталады. Старшындар, шенеуніктер 

мен байлар арасында парақорлық пен ұрлык-карлық етек жайды.

К азак халкынан жерді тартып алу жалғастырыла берді, әсіресе Семей об- 

лысының солтүстік-шығыс аудандарында, Сырдария облысында, оңтүстікте 

— Ж етісу облысы мен Казакстанның баска да облыстарында осылай болды, 

1917 жылға карай Семей, Орал, Акмола облыстарында казақтардан 40 638 мың 

десятина жер тартып алынды. Патшалық өкімет орындары сотые мұктаждары

626



үшін киім-кешекті, малды жәнеазық-түлікөнімдерін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет