............
..
к м
м
іщ М ,
..
£ J tj£ = s > .
.........................
I
......
L
.... ..ZL.
L
___ 1
Ы
.
M
.,..............:.
.......
‘J
js
A L .
........................................................................
.... ............................................■
........
О ..' A
.................................
J A L i L
u
/ ^
a
/
t
- z < A t t ,
...
' £ . /
'krfh 'fr i L ü d l,і£Х*ң?
....
l/d/jj,A. A / A tffy
..
äLikflA
..д/J? ^..
...
J ü A ia i
ö
Ä
m
..
ч
1
і
^ 1 1
іім
.2.А^
..
КкЫіА£лА.п.^к
.
е2_.Л£&£іУК^1^ 1ША і. f.nn /iL
.......
____
і
'(
а
-
і
({ .H i.
ß t ft(~
_____
у
„ .. ____ _____ ______ _„____ ^
n » " » w t **яам ик
тяш
* Ä I ,
«Халыққа үндеу» (мәтін латын алфавитімен жазылған).
6 1 9
тың казак халкы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын — Ресей кон-
ституциялык-демократиялық партиясының бөлімшесін кұруға әрекетж аса-
ды. Ол 17 казандағы патша манифесімен берілген бостандықтар шеңберінде
қазактардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиіс болатын. 1906 жылдың ақпа-
мында Семейде казактардың екінші съезі болды, ол кадеттерге жақын бағдар-
ламаны мақұлдады, бірақоған өлкеге шаруалардың қоныс аударылуын тоқта-
ту, Казақстанның барлыкжерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық
мектептер ашу, ж әне т.б. туралы талаптарды енгізді. Бұл саяси ағымды
Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Тынышбаев, М.Шокаев, М.Дулатов, Б.Ка-
ратаевж әне казак зиялыларының баска да көрнекті кайраткерлері басқарды.
Олар дін үстану бостандығын жақтап, әсіресе үкіметпен жергілікті органдар-
дың мұсылман дініне қарсы актілеріне карсылықбілдірді. Үлттык мәдениетті
дамытуды, сондай-ақ Казақстанда казақтілін баска тілдермен тең колдануды
жақтады.
Бүл жылдары қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес нысанына
да ие болды, оның барысында Қазақстанда арнайы мүсылман діни баскарма-
сын үйымдастыру, мешітгер салу, діни мектептер ашу, казақтіліндегі мектеп-
терде ислам дінін уағыздау, Мекеге кажылыкка баруға арналған шетелдік
төлкүжаттар беру және т.б. туралы талаптар койылды. Мүсылман дінбасылары
мен татар буржуазиясының ықпалы күшті болтан Семейде, Петропавлда,
Акмолада, Верныйда және басқа қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке
мұсылмандарының діни талаптар койған петициялык науканы кеңейді. 1905
жылдыңтамызында Нижний Новгородта Бүкілресейлік мұсылмандар съезі
шакырылды, онда Казакстан дінбасыларының өкілдері де катысты. Съезд
«Бүкілресейлік мұсылман одағын» кұрды. Ол өзінің үшінші съезінде (1906
жылғы тамыз) рухы жөнінен кадет партиясының идеяларына жакын бағдар-
лама кабылдады. Патша өкіметі Ресейдің, соның ішінде Казакстанның да
мұсылман кауымына біркатар жеңілдіктер жасауға барды.34 Мүсылман қоз-
ғалысы түрік халыктарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы
жөне мәдени-автономиялык дамуы туралы мәселе көтерді.
Казакстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума сайлауы
да айтарлықтай рөл аткарды, сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушы-
лар дауысы үшін күресі өрістеді. Мемлекеттік Дума сайлауы сословиелік
теңсіздікке ж әне мүлік цензіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Сайлау-
шылар тең емес 4 курияға: егіншілік (помещиктік), қалалык (буржуазия, үй
иелері, пәтер жалдаушылар), шаруа ж әне жұмысшы курияларына бөлінді,
* олардың өкілдігі бірдей болған жок: помещиктер ерекше артыкшылыкка ие
болды, олардың бір дауысы калалықтардың үш дауысына, шаруалардың 15
дауысына ж әне жұмысшылардың 45 дауысына теңестірілді. Империя халкы-
ның көпшілігін құраған шаруалардың жұмысшылар алдында кейбір артык-
шылықтары болғанымен, алғашқы екі куриямен салыстырғанда дауыстары
азырак болды. Бұл жүйе жұмысшылардың кұкыктарын катаң шектеді, олар-
дан сайлауға 25 жастан асқан, фабрика-зауыт, тау-кен ж әне кен-зауыт өнер-
кәсібінің, темір жол шеберханаларының кемінде 50 адамы бар кәсіпорын-
дары нда ж ұмыс істейтін еркектер ғана қатыса алатын болды. С оны ң
нәтижесінде Ресейдің барлыкжұмысшыларының 3/4 бөлігі сайлауға катысу-
дан шеттетілді. Үлттык шет аймақтар халкының да күкықтарына кысым жа-
салды, Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін және т.б. «бұратана» сайла-
на алмады. Қазақстандағы Мемлекеттік Дума сайлауы орыс халкының саны
620
едөуір болатын өлкенің ең ірі облыстарында социал-демократгар меи тру/uv
виктер партиясы мүшелерінің, ал қазақхалкы арасында
либерал-демокрнти*
ялы құлтты қзиялы лар өкілдерінің зор ыкпалы болғанын корсстгі.
Мемлекеттік Дума сайлауы Казакстанның бүкіл аумағында төтенше жог-
дай талаптарымен өткізілді. Мүның өзі орасан үлкен өлкенің бүкіл казак хн-
лкын кемсітуге әкеп соқты, бүл орайда өкіметорындарыныцозбілрлығы срск-
ше болды, олардың басты мақсаты қазақхалқы ны ң өкілдерін патшалык рс-
сейде алғаш рет кұрылған заң шығарушы өкімет органдарына жібермеу бола
тын. «Ақмолаоблысындағы сайлауда полициялықозбы рлы қты ң кең күлаіи
жайғаны сонша, оған қарсы айтылған шағымдар Мемлекеттік Думада талкы-
ланды».35
I Мемлекеттік Думаға (1906 жылғы 8 шілдедетаратылды) Казақстаннан 9
депутат, оныңіш інде4миллионды ққазақхалқы нан4депутат: Ә.Бөкейханов,
А.Бірімжанов, А.Калменов ж әне Б.Құлманов сайланды. Орыс халқы 5 депу
тат сайлады: В.И.Ищерский (дәрігер, социал-демократ), И .П.Лаптев (алым
инспекторы, партияда жоқ, демократиялык реформалар партиясын жакта-
ған), В.В.Недоносков («Уралец» газетінің редакторы, зангер, трудовиктер
партиясын жақтаған), Н.Е.Дыхнич (шаруа, партияда жоқ, кадеттерді жакта-
тан), Н.Я.Коншин (зангер, кадеттерді жақтаған) сайланды.
Патша халық бүкарасының назарын аландату үшін шакырған I Мем-
лекеттік Дума онын үміттерін актамады, ал оның мінберін партиялар өз мақ-
саттары н а п ай далан ды .
I сайланған Мемлекеттік Думада А.Калменов пен заңгер А.Бірімжанов
ерекше белсенділік көрсетті. А.Бірімжанов Петербургке 1906 жылғы шілденің
ортасында ғана барғанымен, ол аграрлык мәселе бойынша ескертпелер мен
ұсыныстар айтып сөз сөйледі. Думаның мұсылман фракциясындағы басқа де-
путаттармен бірге А.Бірімжанов Қазакстандағы жер реформасы туралы
бірқатар пікірлер айтты. Бұл мәселе бойынша жарыссөзде I Мемлекеттік
Думаның депутаттары Т.Седельников, В. Недоносков, Н.Бородиндер де белсенді
түрде сөз сөйледі.
Елдегі революциялык бой көрсетулердің бәсендеуін пайдаланып, 1906
жылғы 8 шілдеде патша Думаны қуып таратты. Ә.Бөкейханов кадеттер, трудо
виктер мен социал-демократтар шақырған бұрынғы М емлекеттік Дума
мүшелерінің Выборгтегі жиналысына катысты, онда халыққа салықтөлемеу-
ге, үкіметке қарыз ж әне косымша солдаттар беруден бас тартуға шақырған
үндеу қабылданды. Осы үшін Санкт-Петербург сот палатасы Ә.Бөкейхановка
3 ай түрмеге қамауға үкім шығарып, Семей түрмесіне камалды. Содан кейін
Самараға жер аударылды.
II Мемлекеттік Дума сайлауы 1905 жылғы 6 тамыздағы және 11 желтоксан-
дағы сайлау зандары негізінде өткізілді. Қазақстан мен Сібірдің томен жа-
лақы алатын темір жол жұмысшылары бұл кемсітушілік заң бойынша сайлау
құқықтарынан айырылды.
Дума депутаттарыныңбірі М.Ш ахтахтинский «II Мемлекеттік Д уманың
нәтижелері барлық конституция шылдарды, орыс бүратаналарын орыс конс-
титуцияшылдарымен бірлесіп конституцияны қорғау үшін бірігуге мәжбүр
етуге тиіс болатындықтан қауіп туғызады» деген пікір айтты. II Мемлекеттік
Дума негізінен кадеттерден, социал-демократтар мен октябристерден түрды.36
II Мемлекеттік Думада Казақстаннан енді 14 депутат, соның ішінде, казак
халқынан 6 депутат болды, олар: молда Ш .Қосш ығұлов — Ақмола облысы-
621
нан, би Х.Нұрекенов — Семей облысынан, адвокат Б .Қаратаев — Орал облы-
сынан, соттергеушісі А.Бірімжанов — Торғай облысынан, Т.Аллабергенов —
Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев — Жетісу
облысынан. БұлД умағаорысхалқынан 8 депутат: әскеридәрігер А.К.Виног-
радов (социал-демократ) — Акмола облысынан, агроном И.Ф.Голованов (со
циал-демократ) — Торгай облысынан, мал дәрігері И.И.Космодамианский
(оның азаматтык көзкарасы социал-демократтардың ж әне трудовиктердің
идеяларымен үндес болды) — Орал облысынан, заңгер Н.Я.Коншин (енді со-
циал-демократтарды жактады) — Семей облысынан, село дәрігері Ф.А.Ере
мин (кадет) — Орал казактарынан, алым инспекторы И.П Лаптев (демократия-
лык реформалар партиясының мүшесі) — Акмола облысының Сібір казакта
рынан, фельдшер Я.И.Егошкин (партияда жоқ) - Жетісу казактарынан, фаб
рикант М.А.Гаврилов (трудовиктерді жақтады) — Верный қаласынан сайлан-
ды.37
Қ азақ халқынан сайланған II Мемлекеттік Дума депутаттары кадеттерге
қосылды ж әне мұсылман фракциясына кірді, олар Ресейдің басқа «ұлтшыл-
дарымен» бірлесіп шет аймақтарға шаруаларды қоныс аударудың тоқтатылу-
ын талап етті. Бір айта кетерлігі, барлық жерді мемлекет меншігіне алуды
жақтап, меншевиктерді ғана емес, жерді муницифализациялауды, яғни оны
жергілікті (автономиялық, облыстық, провинциялы қж әнет.б.) өзін-өзі бас-
кару органдарына беруді жактап сөз сөйлеген «ұлтшылдарды» да сынай оты-
рып, большевиктер дегенмен де соңғыларының патша өкіметінің шет аймак-
тардағы коныстандыру саясатыныңауыр зардаптары туралы берген сипатта-
масының әділ екенін мойындады. Сондыктан В.И.Ленин өзінің «1905-1907
жылдардағы бірінші революциядағы социал-демократияның аграрлык бағдар-
ламасы» деген еңбегінде (1908) депутат Б.Қаратаевтың II Думада сөйлеген
сөзінен мынадай үзінділер келтіреді, ол «Кырғыз-кайсакхалкының атынан»
былай деді: «Біз кырғыз-кайсақтар... өз бауырларымыз — шаруалардыңжер
дей тапшылык көріп отырғанын терең түсінеміз және сезінеміз, біз ықылас-
пен ығысуға әзірміз» , бірак «артық жер өте аз» , ал «казіргі уакытта коныс-
тандыруға қоса кырғыз-кайсак халқын көшіріп жіберу жүріп жатыр»... «кыр-
ғыздар жерінен емес, тұрғын үйлерінен көшірілуде». «Қырғыз-кайсактар бар-
лык оппозицияшыл фракцияларға әркашанда тілектес».38
II Мемлекеттік Думаның қазақ депутаттары патша өкіметінің коныс ауда-
ру саясатына үнемі қарсы шығып отырды, мәселен, депутаттар Б.Каратаев,
А.Бірімжанов, Ш.Косшығұлов, Х.Нұрекенов белсенді түрде, осы Дума жұмыс
істеген заң шеңберінде, патша өкіметінің қоныс аудару саясатына әйтеуір бір
ыкпал етуге тырысты. Бірақ коныс аудару істері жөніндегі ведомствоны баск-
арған кінәз Васильчиковтан: «XX гасырда казақтардың көшпелі тұрмыс сал-
тын токтату, осы үшін де коныс аударушыларды көптеп жіберу кажет», —
деген айқын жауабын алды.39
Мемлекетгік Думада депутаттар Т.И.Седельников (Орынбор облысынан),
Н.А.Бородин және баскалар қазақхалкыны ң мүдделерін қорғап сөз сөйледі.
II Мемлекеттік Думаны патша 1907 жылғы 3 маусымда куып таратты, со-
циал-демократиялык фракция қамауға алынып, Сібірге айдалды. Империя-
ның орталығында да, оның шет аймактарында да, соның ішінде Казакстанда
да реакцияның жүгенсіздігі басталды.
Бірақ осы жағдайларда да халық бұкарасының бой көрсетулері жалғаса
берді. II Мемлекеттік Думаның қуып таратылуына қарсы наразылык белгісі
622
ретінде жергілікті жерлердемитингілер, демонстрациялар
Достарыңызбен бөлісу: |