Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Мерке  бекінісі  (суретші  М.  С.  Знаменскийдің  картинасынан)



Pdf көрінісі
бет304/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge
sciPaper160544
Мерке  бекінісі  (суретші  М.  С.  Знаменскийдің  картинасынан).

П рактикалы қ нәтижелері ж өнінен Н .П .И гнатьевтің Бұхараға миссия- 

сы неғұрлым сәтті болып шықты. Ол орыс көпестерін ортаазиямен сауда- 

сын едәуір жанданды руға ж еткізіп,  олар О ры нбор шебі мен Н и ж егород 

ж өрм еңкесіне құлш ы на келе бастады. Өз кезегінде М әскеу сауда ком па- 

ниясы  Бүхараға  Ресей тауарлары н ж іберуге м үм кіндік  алы п,  олар онда 

тиімді өткізілетін болды.

Жоғарыда  атап  өтілгеніндей,  сонымен  бірге  Ресейдің  Орталық  Азия 

елдерімен өзара тиімді сауда қатынастарының дамуы Ресейдің Орталық Ази- 

ядағы басты қарсыласы Англия түрінде ықпалды одақтас тапқан Қ оқан хан- 

дығының күшті қарсы әрекетіне ұшырады.  1860 жылы Қаратегін жөне Дарбаз 

арқылы  Қоқанға  ағылшынның тәжірибелі  барлаушысы  Әбді’  әл-М адж ит 

жіберілді. Оған хандықтың билеушісі М оллабектің сеніміне кіру ж әне Үн- 

дістандағы Британ өкіметорындарымен байланыс орнатуды ұсыну міндеті жүк- 

телді. Бүл сапардың сәтгі аяқталғанына Қоқан хандығының басты тірек пункт- 

теріне Британ қаруының берілуі жөне әскери нұсқаушылар мен қару жасау- 

шылар жіберілуі көрнекі түрде растап берді.

Сонымен катар Қоқан билеушілері Пішпекте, Меркеде, Әулиеатада ж әне 

Ш ымкентте өздерінің алдыңғы шептерін күшейту жөнінде шаралар қолдан- 

ды,  атты әскер үшін төңіректегі қазақтар мен кырғыздардан жазалаумен қор- 

қытып жылқылары мен малый тартып алды, сауда керуендерінің жүріп өтуіне 

барынша қарсы қимыл жасады. Бұл әрекетгердіңбәрі Орынбор ж әне Батыс 

Сібір өкімет орындарына уақытылы жеткізіліп отырды, сөйтіп олар әлбетте 

мазасыздык көрсетіп, патша үкіметі тарапынан жауап шаралар жасауды күшей- 

туге шақырды.

Ресейдің О ңтүстік Қ азақстанды  жаулап алу ж өніндегі эк сп ан си ял ы қ  

мақсаттары негізінен алғанда екі жолмен: біріншіден,  казак даласына бір- 

катар  ө ск ери -б арлау  ж ә н е   ж азалау  э к сп ед и ц и ял ар ы н   ұйы м дасты ру; 

екінш іден, дала арқы лы  өтетін  «стратегиялы қ ж ағы нан тиімді  жағдайда 

болған бекіністер шебін» салу аркылы ж үзеге асыры лды .46 Бұл ш аралар- 

дың бәрін аймақта жергілікті отарш ылдық әкім ш іліктің әскерлері жігерлі 

түрде жүргізді, соның нәтижесінде «көптеген ыкпалды казак көсемдері не 

шайкастарда өлтірілді, не тұткынға алынды».47 А йм акқа терендей шабуыл

24-36


369


ж асау  О ры нбор  шебі  тарапы нан да,  Сібір  шебі  тарапы нан да  осылайш а 

әзірленді.  XIX ғасырдың бірінші жартысының аяғына карай Орта жүз бен 

Үлы  ж үз  аум актары нда  С ібір  ж ағы нан  бастап  Ақтау  (1835  ж .),  Үлытау 

(1835  ж .),  Қ апал  (1846  ж .),  С ергиополь  (А ягөз,  1831  ж .)  ж өне  басқа 

бекіністер салынып, олар Ресейдің Іледен арғы өлкедегі тірек пункттеріне 

айналды.  1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына багынган Үлкен 

Орда приставы ны ң қызметі  белгіленеді.  Ол Үлы ж үздің жаулап алынған 

аудандары н  басқаруды   ж үзеге асырды.  1854 жылы  Алматы  ш атқалында 

Верный бекінісін, ал  1859 жылы Қастек бекінісін салу аяқталды,  Ресейдің 

Ш у  алқабы   арқы лы   К азақстан н ы ң   оңтүстігіндегі  Қ оқан   бекіністерін: 

Ә улиеатаны ,  Ш ы м кентті  ж ән е  басқалары н  басып  алу  жөніндегі  сотые 

қимылдары сол жерлерден басталды.  1856 жылы Семей облысының құра- 

мында  бастапкы да  орталығы  Қ апал  қаласы нда,  ал  1862 жылдан  Верный 

қаласы нда болтан  Алатау округі кұры лады.48

Бұл жылдарда Алатау округі құрамындаты Үлы жүз қазақтарының саны — 

25,5 мың шаңырақ,  100 мыңнан астам адам; ал қыргыздар — 15 мың шаңырақ, 

60  мындай  адам  болды.  Іле ж әне Ш у  өзендерінің оңтүстік  бөлігі  арасында 

Дулат руының казақтары (9,5 мың шаңырак, 38 мың адам) Коқан иеліктерімен 

шекарада ж әне Ш у өзенінде Шапырашты (2 мың шаңырақ, 8 мың адам), Ж а- 

ныс (800 шаңырақ, 2400 адам), Ж алайыр (8500 шаңырак, 34 мың адам), Іленің 

солтүстігінде,  Балқаш  көлі  мен  Верный-Капал  қалаларының арасында  Іле 

өзен ін ің   екі  ж атасы нда,  А лты немел  ж өне  А латау  сілемдері  бойында, 

Ы стыккөлдің солтүстік жагалауында -  Албан (7500 шаңырак, 30 мың адам) 

руларының қазақтары көшіп жүрді.49

Жетісуды  қоса  алтанда,  оңтүстік  казактары  арасында  Ресей  ықпалын 

күшейтудің тиімділігі  кем түспейтін  келесі  кұралы  марапаттаулар, атактар 

беру, жотары кызметгерге татайындау, құрмет көрсету және т.б. аркылы ык- 

палды ру билеушілерін отаршылдык өкімет орындары жагына тарту болды. 

Мысалы, Алатау округі  кұрылтан кезде оның бастытына жылына  1500 сом 

жалақы белгіленсе, Үлы жүздің руларын басқару тапсырылган Сүйік Абы- 

лайхановка, Ғали Әділовке, Рүстем Әбілфейізовке ж әне Хакім Қүловка — 

343 сом нан (Орта жүздегі сиякты ) ж алакы  белгіленді.50

Ресей әскерлерінің аймаққа оңтүстігінен де, солтүстігінен де ойдатыдай 

ілгерілеуі  1857—58  жы лдарда  Ш ы м кент  ж ән е  Әулиеата  аудандарында 

жергілікті  казактардың кокандыктарга карсы көтерілісіне де жәрдемдесті. 

Бұл көтерілістердің аяусыздыкпен басылуы да казактардың едәуір бөлігінің 

Ресей жагына өтуіне себепші болды. Ал жалпы алганда, аймактың татдырын 

оның жергілікті халкы емес, кайта Қокан мен Ресей арасындагы сотые шайк- 

астары шешті, ал осы екі экспансиялык мемлекетгердіңжақтастары мен кар- 

сыластары арасындагы күреспен гана емес, сонымен қатар ішкі жанжалдар- 

мен (ру араздыгы, барымтажәне т.б.) ж әне көршілес кыртыздармен катынас- 

тардың шиеленісуімен айналысып жаткан казактардың үлесіне нетұрлым күшті 

отаршылдық билігіне түсу татдыры гана қалды.

1860 жылы орыс әскерлерінің қокандыктарга қарсы белсенді сотые кимыл- 

дары  басталды:  26 тамызда  — Токмак, 4  кыркүйекте  Пішпек  кұлады,  ал  24 

қазанда Үзынагашка жакын жерде шайкас болып, онда Алатау округінің бас- 

тыгы подполковник Колпаковскийдің 3 ротадан, 4 жүздіктен, 6 зеңбіректен 

және 2 ракеталыкстаноктан тұратын отряды кокандыктардың едәуір күштерін 

(30 мындай адам) ірі жеңіліске ұшыратты.51

370



Бүл  о қ и ға л а р   к е зін д е   қ о к а н д ы қ т а р д ы ң   о зб ы р л ы ғы   мси  қы сы м  

көрсеткеніне карамастан, оларды Ж етісу қазақтары  меп  қы рғы здарыны н 

едөуір бөлігінің қолдауы  байқалды.  М ысалы, дулат руынан  ш ы кхан  А н- 

дас жөне Сұраншы билер, ботбай руынан ш ы ққан атақты адамдар Д иқан - 

бай мен Әлжан өз қаражаттарынан қоқандықтар жағына орыс өскерлеріне 

кдрсы ш айқасқан еріктілердің жасақтары н ұйымдастырып, каруланды р- 

ды. Олар Қапал бекінісін басып алып, қиратуға да ниеттенді. Оларға руба- 

сылары Үмбетәлі мен Байсейітбастаған кырғыздар бөлігі де косылды.  Егер 

біреулері  қоқанды қтарды   аш ы қ қ о л д а са,  басқалары  соларға  игі  ниеттес 

болды.52 Осыған байланысты генерал-лейтенант М. А .Терентьев  1860 жы- 

лғы  15 қазанда К олпаковский ықпалды казактарға (капитан Т езек  Н үра- 

лиевке, подпоручик Ж анғазы  С үйіковке ж ән е капитан Әбілес А былаевқа 

жөне басқаларға) «сарттардан түскен барлы қ олж аны  беруге уәде етіп, өз 

батырларымен» өзіне  косы луға  ш ақы ру ж ібергенін  көрсетуі  тегін  емес, 

«алайда қазактар қай жағы басым түсетінін  күтіп, кы змет көрсетуге асық- 

пады... олар тіпті ж ауды ң қозғалы сы  туралы хабар беруден де жалтарды , 

сондыктан біздің адамдар жаудың бағдарын білмей жобалап жылжыды...».53

К азақтар мен  кырғыздардың коқанды ктарға карсы  оры старды ң соғыс 

қимылдарына мұндай көзқарасы, біріншіден, қоқандықтардың дінсіз жау- 

лап алуш ыларға карсы аймак мұсылмандары ның қасиетті соғыс — ғазау- 

атты кең көлемде насихаттауына ж ән е екінш іден, А латау о кругін ің  бас- 

тығы Колпаковскийдің байыргы халық жөніндегі  қаталдығына байланыс­

ты  болды,  ол  байырғы  халы қты ң қатардағы  өкілдерін  ұсақ-түй ек  құл ак 

аспағанды к үшін  өлім  ж азасы н  қолдануға дейін  бары п,  аяусы з ж азалап 

отырды.  Қ оқан әскерлеріне қарсы  күресті киы ндатқысы   келмеген Батыс 

Сібір генерал-губернаторы Гасфорд Колпаковскийден өз кимылдарын не- 

ғұрлым абайлап  ж өне сақты қпен ж үргізуді талап  етуге м әж бүр болды .54 

Осы жағдайлардың арқасы нда  1860 жылғы қазан ны ң  басында қоқан ды қ- 

тар «Әулиеата мен  П іш пек арасындағы кеңістікте де өздеріне қазактар - 

дың  көп  бөлігін  ерікті  ж ән е  еріксіз  түрде  қосы п  алды».  О лар  қираған 

Пішпекті иеленіп, содан кейін  10 зеңбірегі бар,  20 мыңнан астам адамнан 

тұратын Қ оқан   әскері  Қ ордайдан  өтіп,  Қ астектің  батыс ж ағындағы  ай- 

налма ж олдармен шықты да,  оны  Ү зы нағаш тан бөліп тастады.  «Ж ақы н 

маңайда көшіп жүрген біздің қазақтар дереу соларға қосылды», — деп көр- 

сетеді  генерал-лейтенант М .А.Терентьев.

Орыстар сияқты, қоқандықтар да қазақтың ру шонжарларының өкілдерін 

сатып алуды кеңінен пайдаланды.  1851 жылдың өзінде-ақ қокандықтар мол 

сыйлыктар беріп, Үлы жүздің ықпалды қазақ сұлтандары тобын өз жағына 

тартты, ал Керім би бастаған ботбай, шапырашты, кызылбөрік, жаныс, шы- 

мыр және басқа да рулардың қазактары қоқандыктарға бағынатын Ш у өзенінің 

сол жак аумағына көшіп кетті.55

Қокандықтар да, орыстар да колдаудан сәл бас тартқаны, әскери күштер 

үшін қажетті көлікпен, тамақ өнімдерімен, жұмыс күшімен, мал  азығымен 

және басқа да көптеген заттармен камтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды 

уақытылы орындамағаны үшін казақтарды қатаң жазалап отырды. Қокандық- 

тарды ңқазақхалқы на көрсеткен зорлық-зомбылықтары мен озбырлықтары 

туралы көп айтылды, сондықтан  бұл  жөнінен  асып  кетпесе,  ешқандай  кем 

түспеген орыс әскерлері тарапынан жасалган осындай әрекеттерден небөрі 

бірнеше мысалдар келтірейік.  Мысалы,  Үзынағаш оқиғалары  кезінде  Үлы

371



жүздің Керім би бастап көшіп кеткен рулары, сондай-ак кырғыздар 1860 жылы 

генерал-лейтенант  М .А.Терентьевтің  көрсеткеніндей  «олардың  бұрынғы 

қоныстанған жерлерінде жемшөптің жеткіліксіз болуына байланысты біздің 

жерімізге қыстауға көшіп келді.  Сол қазақтарды жазалау үшін біз бұл жағ- 

дайды дереу пайдалана қойдық».56 Бұл үшін казақтар да, қырғыздар да аяусыз 

жазаланды.

Орыс  әскерлері  бір  мезгілде  үш  ш апқы нш ы лы к  жасады,  «ауылдар 

өртелді,  көп мал қолға түсірілді», баска да екі бай старшындарымен қоса 

К ерім бидің өзі кепілге алынды.  Ж үзбасы Ж еребятьев барлық ауылдарға 

көш уге ж арлы к беріп,  сонан соң  оларды  біздің ж акка куып  әкелді.  Осы 

ш апқынш ылықтардың салдарынан Алатаудың оңтүстік беткейлерінде ор- 

наласқан  қазақтар мен кы рғы здар кайта көш уге мәж бүр болды.  «Кайта- 

дан қашып көш іп барғандар душар болған қалың кар мен шөптің болмауы 

оларға берілген тағлымды бұрынғысынан да еселей түсті», — деп қорыта- 

ды М .А .Терентьев.57

1860 жылғы 2 қарашада Пекинде Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 

таулы аймақтар мен Күршім өлкесіне Ресейдің қүқығын бекітіп берген орыс- 

қытай  шартына қол  қойылды.  Ш арт баптарының бірінде  Ресейдің сырткы 

саудасы үшін Үргідегі сияқты, Қашғарға да рүқсат беру түрінде онда консуль- 

дық  «ашып», кытай көпестерімен баж салынбайтын тауар айырбасын жүргізу 

көзделді.

А лайда  Бұхарамен  сауда  қаты настары ндағы   сияқты   бұл  жағдайда да 

Ресейдің Батыс Қытай ры ноктары на өту әрекеттері Орта Азия хандықта- 

рынан  Ш ы ңж аңға баратын сауда жолдары на қатаң әскери -әкім ш ілік ба- 

қылауды жүзеге асырып отырған Қ оқан хандығының карсылығына душар 

болды.  Ресей үшін  өте тиімді  П екин шартын  іске асыруды  Ү ндістан мен 

К аш м ир аркылы Батыс  Кытайға өз ыкпалын тараігуға тырысқан Үлыбри- 

танияны ң әрекеттері де киындата түсті. Сол кезге карай-ак ағылшын бар- 

лауш ы лары  Ж ар кен т пен  К аш ғарға еніп алып,  Батыс  Қытайға апаратын 

тау ж олдары н м ұкият зерттеді.  Ш ы ңж аң мен О рталы к А зияда жергілікті 

ш енеуніктер арасында  Ресейге карсы белсенді насихатж үргізді. Сондык- 

тан Ресейдің орталы к ведомстволары мен жергілікті жерлердегі өкімшілік 

органдарында Ш ыңжанды «ашудан» елге келтірілетін экономикалы қ пай- 

д ан ы ң  әр түрлі  ж оспарлары   Қ окан ға соғыс  шабуылын  ж асаумен тығыз 

ұш тастырылды.58

Алайда А.М .Горчаков басш ылықжасаған Сырткы істер министрлігі бас- 

тапқыда әскери күш колдануға карсы болды, бұл орайда мұның өзі Англия- 

мен катынастардың одан әрі шиеленісуіне әкеп соғады деп санады, сондыктан 

жаңа аумактарды күштеп косып алудан тартынуды ұсынды.59 1861 жылы елдің 

кәсіпкерлер тобымен  тығыз байланысты Д .А.Милютин  баскарған  Әскери 

министрлік  Орта Азия  мәселесі  бойынша қарама-карсы  көзкарас білдірді. 

А.М.Горчаковтың «Англияға жалтактаған» және Азия істерінде «толык кер- 

тартпалык көрсеткен» саяси бағытын сынай отырып, Д. А. Милютин бұл проб- 

леманы Қокан хандығының негізгі стратегиялыкорталыктарын басып алу жо- 

лымен батыл шешуді жактады.

Д. А.Милютиннің жаулап алушылык көзкарасы ыкпалды сауда-өнеркәсіп 

ж әне  каржы  топтарының  өкілдеріне  ғана  емес,  сонымен  катар  жергілікті 

жерлердегі патша әкімшілерінің елеулі бөлігіне де ұнағанын айта кеткен жөн. 

Әскери министр өз көзкарастарына әскери іс барысында әбден машыктанған

372



Орынбор ведомствосының офицерлері арасынан да мейлінше белсенді жөно 

дөйекті жақтастар тапты.

XIX ғасырды ң 50-ж ылдары ны ң орта ш енін де-ақ О ры нбор өскери  гу­

бернаторы А .А .К атенин  П етербургке О ңтүстік Қ азақстан   мен  Орталык. 

А зияда сотые қимы лдарына кірісуді талай рет ұсы нып, Ж өлекті  жаулап 

алуды, онда Түркістан — Ш ымкент — Әулиеата шебіне шығуды дайындау 

үшін ф орт құрып ш екаралы қ шептерді біріктіруді талай рет ұсы нған  бо- 

латын.60


Орынбор губернаторының кызметіндегі  Катенинді ауыстырған  генерал 

А.П.Безак  1861  жылы өз ізашарының саяси бағытын жалғастырып, әскери 

министр Милютинді Орталық Азиядағы хандарға қатысты сотые шараларын 

колдану кажет екендігіне сендіріп бақты.  А .П .Безак өзінің Сырдария өзені 

бойында  Ресейдің  «берік  шекара  орнатуын,  міндетті  кажеттілік  ретіндегі» 

батыл ұсыныстарын дәлелдей отырып, сотые кимылдарының «тез арада Орын­

бор  жөне  Сібір  шептерімен  біріктіруге»  батытталуын  талап  етті.  «Егер  біз 

Арал теңізінен Сыр бойымен жотары өрлеп,  онда жаңа форттар кұрылысын 

салсак, Сібір корпусы тарапынан мүндай карсы козталыс ұйымдастырылса, — 

деп  жазды  ол,  —  онда  Арал  теңізінің  жагалауына  еніп  Сырдың  сагасына 

бекінудің сондай-ак Акмешіт экспедициясын жасау мен Жөлекті тұртызудың 

қажеті ж оқ болатын еді».61

А.А.Катениннен айырмашылыты, А .П .Безак бір тана Түркістанды алып 

коймай, Орынбор және Сібір шептерін біріктіруді жүзете асыратын Ташкентгі 

де басып алуды ұсынды. Ресей үшін бірден бірнеше үлкен тиімді міндеттерді 

ол осы міндеттің жүзеге асырылуымен байланыстырды.62 Алайда бүл жоспар- 

лар БатысСібір генерал-губернаторы А.О.Дюгамельдің тарапынан толы ккол- 

дау  таппады.  Соның  салдарынан  1862  жылдың  мамырында  Петербургте 

өткізілген  Ерекше  Комитеттің мәжілісінде  Орынбор ж әне  Сібір  шептерін 

біріктіру тиімсіз деп танылды.63

Алайда бір жыл өткеннен кейін Польшадаты көтеріліске байланысты 

А нглиямен ж ән е баска да Батыс мемлекеттерімен қаты настарды ң ж аңа- 

дан шиеленісуі Ресейді экспансияны  тездетуге итермеледі.  1863 жылгы 23 

каңтарда Петербургте Орынбор ж әне Батыс Сібір генерал-губернаторла- 

ры А .П .Б езак пен А .О .Д ю гамельдің қатысуымен өткізілген кеңейтілген 

отырыста С ырдария ж ән е С ібір шептері арасы ндаты  жерді  м ұкият зерт- 

тей бастауга шешім кабылданды. Оны бір аптадан кейін патша бекітті. Арал 

флотилиясының бастыгы А .И .Бутаковка С ырдарияны ң «Перовский ф ор- 

тынан» жотаргы агысын зерттеу, ал О ры нбор корпусы ны ң бастыгы под­

полковник М .Г.Черняевка Ж өлектен Түркістан каласына дейінгі аралы к- 

тың әскери кимылта байланысты жер бедерін зерттеуді жүргізу ж әне Қ ара- 

тау ж отасы ны ң солтүстік беткейінен С о зак бекінісіне дейін  «тез кимы л- 

дайтын отряд» ж іберу тапсырылды.  Өз кезегінде  С ібір өкім ет орындары 

Іледен аргы өлке мен  Әулиеатага ж апсарлас  ж аткан  аум ақты ң оңтүстік 

аудандарын зерттеугетапсы рмаалды . Бұл міндетті орындау үшін, подпол­

ков н и к  Д ерьхен ің   отряды   Ә ули еатага,  ал  ш та б с -к а п и тан   Н .И .П р о - 

ц ен к о н ы ң   отряд ы   Н ары н   ө зен і  аң гар ы м ен   Қ аш та р та  б ар л ау   үш ін 

ж іберілді.64

Ең алдымен барлау мақсатында жүргізілген жогарыдагы төрт экспеди- 

цияны ң бәрі  бір ортақ,  нәтиж есі  айкы н  болж анбаган  максатты   көздеді, 

ол содан кейінгі бес жыл ішінде Орталық Азиядаты сотые кимы лдарыны ң

373



бүкіл  бары сы на  қатты  ы қпал  жасады.  Ә скери  отрядтарды ң бастықтары 

өздері  мүлде  күтпеген  жағдайда  зерттеліп  отырған  аудандарда  Қ окан 

әскерлері  тарапы нан  азды -көпті  күшті  немесе  ұйымдасқан  қарсы лы қ 

кездестірмеді.  Ж ұмағал ж ән е  К ұртка бекіністерінің гарнизондары Про- 

ц ен кон ы ң  отряды на іс ж үзінде бірде-бір о қ  атпай берілді. Ч ерняевтің от­

ряды оңтүстікке беттегені туралы хабар алынғаннан кейін С озақта Қоқан 

билігіне қарсы көтеріліс түтанды. Осы кіш кене қалашықтың халқы  Қоқан 

гарнизоны н каруын тастауға м әж бүр етті ж әне өзінің Ресей бодандығын 

алғысы келетінін ж ариялады .65

С озакж ән е Ш олаққорған төңірегіндекөшіп жүрген бестаңбалы руы мен 

Қоңырат  бірлестігінің  казақтары  солардан  үлгі  алып,  9  мың отбасы  Ресей 

империясының бодандығына өтгі.66 Көшпелілердің орыс өкімет орындары жа- 

ғына шығуына итермелеген негізгі себеп патша отрядтары кел генге дейін жа- 

қында жатқан ауылдарға Коқан коменданттары жасаған сансыз көп  тонау- 

шылықтар мен зорлық-зомбылык негізгі себеп болды. Мүндай шапқыншы- 

лықтарды ұйымдастыруда, Қоқан шенеунігі және сарай маңыныңтарихшысы 

Н ияз Мухаммед Хукандидің айтуы бойынша, түркістан бегі  Мырза Дәулет 

ерекше көзге түскен,  «Түркістанда тонаушылар тобын жинап, қала төңіре- 

гіндегі ау ылдарды талап-тонаған» .67

1863 жылдың көктеміндегі Орынбор ж әне Сібір отрядтарының Оңтүстік 

Қазақстандағы іс-кимылдарының ойдағыдай қорытындылары Сыртқы істер 

министрлігінің ымырашыл, бірақ «шептерді біріктірудің» оралымды жоспа- 

рын әзірлеуі үшін негіз болды. Созақ, Ш олаққорған, Әулиеата арқылы Кара- 

таудың солтүстік беткейі бойынша өтетін шеп шекара болып белгіленді. Сыр- 

ткы істер министрлігі осы шептердің алынуы нәтижесінде «Орта Азия хан- 

дықтарымен бейбіт қатынастар» сақталады, ал Сырдария шебін үкіметтіңжаб- 

дықтауы жақсара түседі деп есептеді.68

А лайда  О ры н бор  ведом ствосы н ы ң   оф и церлері  мен  М .Г .Ч ерняев, 

Л .Л .М ейер ж әне әскери  губернатор А .П .Б езак үкімет ұсынған жоспарды 

«мейлінш е  қауіпті  ж ән е  зиянды   ж арты кеш   шара» деп  есептеді.  Өйткені 

оларды ң п ікірін ш е бұл  әскерлерді  азы қ-түлікпен  жабды қтау проблема- 

сын да, қоқан ды қтарды ң  әрекеттеріне нақты бақылау жасауды да нақты 

шеш іп бере алмайтын еді.69

Орынбор әкімшілерінің орыс шекаралық шебін оңтүстікке жылжыту ту­

ралы табанды талаптары көп кешікпей-ақ ойдағыдай нақгы нәтижелер берді. 

Көптен бері ойластырылған жоспардың іске асырылуын тездетуге Ішкі істер 

министрлігінің Азия департаментіне Үлыбританияның Қокан мен Бұхарада 

орнығып алуғаж әне Ш ыңжаң мен Орталық Азиядағы сауда рыноктарын шы- 

ғыстағы су жолдары арқылы басып алуға жаңадан әрекеттер жасауы жөнінде 

келіп түскен құпия ақпарат қосымша түрткі болды,

Оқиғалар бетбұрысын Ресей мүдделеріне катер төндіруінің алдын алуға 

ұмтыла отырып,  Д .А .Милютин  1863 жылдың көктемінде Ерекше Комитетке 

ортаазиялық хандыктар жөнінде белгіленіп отырған өрекеттер туралы баян- 

даманы  табыс  етті.  Онда  Қаратау  жотасы  бойынша  шекаралық  шеп  құру 

көзделді ж әне осы мақсатқа жету үшін Орынбор корпусының әскерлеріне 

Созақты иелену, ал Сібір корпусының отрядтарына Әулиеатаны қолға алу 

ұсынылды. Баяндамада шекара кейіннен Ш ымкентті Ресей империясының 

құрамына  енгізе  отырып,  Арыс  өзеніне көшірілуі  тиіс  екендігі  көрсетілді. 

1863 жылғы 20 желтоқсанда Д.А.Милютиннің баяндамасын патша бекітіп, ол

374



Орталык Азиядағы ресми іс-қимыл бағдарламасының мөртебесін алды.  1 НС>4 

жылға Әскери министрлік шептерді біріктіру жөніндегі операциялардың орын- 

далуын белгіледі.70 Әскери баспасөзде қоқанның күшті гарнизондары орналас- 

кан Әулиеатаны, Түркістан мен Ш ымкентті қосып алу қажеттігі туралы на- 

уқан өрістетілді.

1864 жылдың алғашқы айларында қарама-қарсы  тұрған екі тарап соғыс 

қимылдарына  жедел  дайындалды.  Қ оқан   ханды ғы ны ң  ж аңа  басш ысы, 

көш пелі қ ы п ш ақ тобы н ы ң  өкілі, Әлімқұл молда бекін істердің  корғаны с 

қабілетін арттыру жөнінде жігерлі ш аралар қолданды , сон д ай -ақ тәуелді 

к а з а к ауылдарында өз билігін нығайтуға ерекш е көңіл бөлді.  Осы максат- 

пен Қ оқан ш енеуніктері өз қарауындағы көш пелі халықтан алынатын са- 

лықтың мөлшерін  көбейтті, ал казақтар мен кы рғы здарды  қорқы ту үшін 

Ресей  бодандығын  қабы лдауға тілек білдірген  руларды  талай  рет талап- 

тонады. Көш пелілерге шабуыл ж асап, талап-тонауды  ұйымдастыру үшін 

Қоқан билеушілері әскери бөлімдермен катар Таш кент ауданындағы қазақ- 

тың құрама рулары н, негізінен алғанда оңтүстіктегі  қазақтар мен қы рғ- 

ыздардың басқа руларымен салыстырғанда пұрсатты жағдай берілген ша- 

нышқылы руын да тартты.71

1864жылғы ақпан айының басында Әулиеатаға Әлімқұлдыңтапсыруы бой- 

ынша Ташкент парванашысы Кашчи келді, оған Ш у алкабындағы қазақ рула­

рын Қоқан жағына тарту міндеті жүктелді. Оған бағыныштылар көшпелі ха- 

лық арасында қазақтар мен қырғыздарды Ресейге қарсы күресте қоканды қ- 

тармен бірігуге шақырған өр түрлі үндеу хаттар таратты.72

Алайда төңіректегі қыстақтар мен ауылдарға үздіксіз тонаушылық-шап- 

кыншылык жағдайларында ғазауат жариялау Қ оканны ң билік орындарына 

абырой  әпермеді,  қайта  керісінше  жергілікті  халыктың  наразылығы  мен 

қауіптенушілігін бұрынғыдан гөрі күшейтетүсті. Осыған байланысты Сырда- 

рия шебінің командашысы полковник Н. А.Веревкин өзінің кайран калғанын 

жасыра алмай,  Орынборға әскери  губернаторға «бізде  калған қоңыраттар 

және өсіресе қыпшақтар осы кезге дейін бізге адал болып қалып, Қоқан билік 

орындарының корқытканына да, уәделеріне де карамастан,  кокан шегіне көшіп 

кетпей отыр» деп жазды.73

1864  жы лды ң  мамырында  орыс  әскерлерін ің   О ңтүстік  Қ азақстан ға 

ілгерілеуі негізінен аяқталды және полковник Н. А.Веревкин өзіне сеніп тап- 

сырылған  әскерді  (44  офицерді,  1593  солдатты,  150  ерікті  қазақты ,  18 

зеңбірегімен  қоса)  қиратылған  Сауран  бекінісі,  Ш арнақ  бекінісі  арқылы 

Түркістан қаласына бастады. Сонымен бір мезгілде дерлік Петербургтен ар- 

найы келген полковник М.Г.Черняевтің отряды (68 офицер, 2571 солдат ж әне 

султан поручик Қазы Болатұлы Уәлиханов бастаған 400 адам казақ сарбазда- 

ры, 22 зеңбірегімен коса) Верныйдан шыкты. 4 шілдеде Черняев Мерке бекінісін 

ұрыссыз алып,  Әулиеата бекінісі  бағытында аттанды.  Екі  күннен  кейін екі 

сағаттық атыстан соң кала алынды. Ал коқандык комендант Н иязәлі би «400 

салт атгымен қорғаннан кашып шыкты. Жаяу сарбаздар қаруын тастап, тұрғын- 

дармен араласып кетті».74

Қоқан гарнизонының 307 адамы қазатауып, 390 адамы жараланды, 341 сар­

баз тұтқынға алынды. Орыс әскерлері тарапынан 5 адам жараланды, ал  каза 

тапқандар ж әне тұтқынға алынғандар болған ж о қ .75 Ш амамен н ақ со л  күні 

(9 шілдеде) полковник Н. А.Веревкиннің отряды Түркістанға таяп келді, бірақ 

қаладан 8 шақырым қашықтықта Қокан әскерлерінің өршеленген шабуылы-

375



на үшырады. Жаудың қатты қарсыласуы полковникті бекіністі қоршауды ала 

бастауға мөжбүр етті.

Түркістанда Н .А .В еревкиннің отряды на жергілікті бек Мырза Д әулет 

(1864 ж. өл ген) бастаған шамамен саны  1500 адам болатын, ж ақсы  жарақ- 

тандырылған Қ оқан гарнизоны қарсы тұрды.  Оған осында тұратын казақ- 

тарды  қоса алғанда,  қаруланған қала түрғы ндары ның бір бөлігі белсенді 

түрде көм ектесті.  О ны ң үстіне Таш кенттен «бүлікшіл» батыр К енесары - 

ны ң ұлы С адық «сауытқа оранған»  120 адамымен қоқандықтарға көмекке 

келді,  олар  С о зақ  ж ә н е  Ш олаққорған   гарнизондары ны ң  біріккен  күші 

болатын. Б ірақ қорш аудың басталғанын білген ол өз адамдарымен қайтып 

кетті. С ады қты ң ізінен қууға ж іберілген жасауыл Савин көп күш жұмса- 

ғанына қарамастан, казак сұлтанының Таш кент қақпасы на кіруін тоқтата 

алмады.

Ж аудың көптеген шабуылдарына тойтарыс бергеннен кейін және 5 адамы 

каза тауып,  33 адамы жараланған  Веревкиннің отряды  қоршаудың үшінші 

күнінде Түркістанды басып алды.

Петербургтегілер Оңтүстік Қазақстандағы соғыс қимылдарының өрбуін 

өте мұқият қадағалап отырды. Түркістан мен Әулиеатаны алу жөнінде сәтті 

жүргізілген операциялар астананың жоғары дәрежелі үлықтарынан қолдау 

тапты, ал бұл оқиғаларға негізгі катысушы адамдар — М.Г.Черняев пен Н.А.Ве­

ревкин — шендері көтеріліп,  генерал-майор атағын алды.  «Түркістан ұрыс- 

жорықтарына» басқа катысушыларға «ұлы мәртебелінің ілтипаты» көрсетіліп, 

әр түрлі ордендер берілді.

Сол екі арада, қоқанды ктарды  оңай ж ән е тез ж еңу белгілі бір мағына- 

да алғанда Түркістан  генералдары ны ң басын айналдырып, оларды дереу 

Ш ымкентке шабуыл бастауға итермеледі. Сол кезгедарай Черняевтің қара- 

мағында Ә лімқұл молданы ң Ресейден Түркістан ж ән е Әулиеата қалала- 

рын қайтары п алудан үміт үзбегені туралы  аны қ мәліметтер бар еді. Осы 

үшін де Ш ымкентке елеулі әскер күштерін тартып, сол жерден орыс отряд- 

тарына қарсы шабуыл бастамақшы екені аны қ болатын. Қалыптаскан жағ- 

дайда Черняев Әлімқұлдың алдын алу қажет деп санап  1864 жылғы шілденің 

басында алдын ала әзірленіп алмай Ш ы м кентке тіке шабуыл жасады.

А лайда Ч ерняевтің  Ш ы м кентті  1864 жылғы 22—23 шілде ішінде алуға 

ж асаған әрекеті табы сқа ж еткізбеді.  Қ оқан   гарнизоны нан елеулі қарсы - 

лы қ кездестірген ол қаланы  қорш ауды тоқтатуға мәж бүр болды. Н ақ сол 

кезде П етербургке астыртын хабарламасында ол «Қокан күш терінің бас- 

ты  тіректерін   осы   күзден  қалды рмай  иелену  қажет»  деп  санайты ны н 

мәлімдеді.76

Сол екі  арада Ш ы м кентте Қ оқан  хандығы ның әскери  топтары н қол- 

дайтын коқанды қ бағдарды жактауш ылар мен каланың сауда-қолөнер топ­

тарын біріктірген, оған қарсы тұрған топ арасында күрес өрістеді. Соңғы- 

лары   Ресейм ен  э к о н о м и к ал ы қ   ж ә н е  саяси  байланыстарды   кеңейтуге 

тікелей мүдделі болатын, өйткені одан көп кіріс келтіретін, сондықтан да 

ханны ң озбы рлы ғы н, аразды ктар мен соғыстарды әлсірету үшін  колдан 

келгеннің б әрін істеді.77

Сол кезенде Оңтүстік Қ азакстанны ң көшпелі халқы арасында да саяси 

күш тердің елеулі  меж еленуі  байкалды .  А йм ақты ң оңтүстігінде әскери - 

саяси  ж ағдай  тұрақсы зды ғы ны ң   өсуі,  Қ оқандағы   Ф ергана  әскери лен - 

дірілген тобыны ң үстемдігіне шын мәнінде немесе астыртын дүшпандарға

376





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет