Осы оқиғаның қарсаңында Қ аскелең станицасында ұйымдастырылған
көтерілісшілерді ыдырату ж әне оның басшыларын тутқындау жөніндегі ко
митет өз жұмысын бастады. Көп кешікпей өр түрлі ауылдардың өкілдері
көтерілісшілердің қатарын тастап кете бастады. Көтерілістің басшылары,
бірінші кезекте Б.Әшекеев қиын міндетгі шешуге тиіс болды: не Кдітайға кету
керек еді, онда патша жендеттері олардыңтуыстарын жазалай бастайтын бо-
лады, не туыстары мен ауылдастарын құтқарып қалу үшін патша жендеттерінің
қолына өз еркімен берілу керек еді. Бекболат Әшекеев екіншісін тандады. Ол
өкімет орындарына өз еркімен беріліп, көтерілісті үйымдастыру жөніндегі
бүкіл кінәні өз мойнына алды.115
Верный қаласы гарнизоны басты ғы ны ң міндеттерін уақытш а атқару-
шы генерал-майор Гры заловты ң 1916 жылғы 1 қы ркүйектегі Бекболат
Әшекеевті (ол көтерілісшілерді сөзсіз қырғынға ұшыраудан қүтқару мақ-
сатымен ж азалауш ы ларға өз еркім ен берілгеннен кейін) отрядты қ дала
сотына беру туралы жарлығында былай деп жазылған: «...Верный уезінің
Ж айы лмы ш болысы 4-ауы лы ны ң қазағы Б екболат Ә ш екеев бүратана
жұмысшыларды реквизициялау туралы патша ж арлы ғы ны ң оры ндалуы -
на күш пен кедергі жасауға ниеттенді деп айыпталуға тиіс... Ол биылғы 13
тамызда соғыс жағдайы нда тұрған Ж етісу облы сы ны ң Верный уезіндегі
өзінің ауылы Ошақты деген жерде... көтеріліс ұйымдастыру үшін заңсы з
съезд шақырды, онда басқа адамдармен бірге үкім еттің талабы на бағы н-
бауға ж ән е өкімет оры ндары на карулы қарсы лы к көрсетуге каулы етті,
подполковник Базилевский басқарған казактар отряды на аттылы қазақ-
тарды ң тобыры сондай қарсы лы қты көрсетті де... А талған кы лм ы сты қ
әрекеттері үшін жоғарыда аталған қазақ Бекболат Әш екеевті... мен соғыс
уақытының зандары бойынша соттау үшін Верный өскери гарнизоны ның
отрядтық сотына берем ін .116
7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизоныныңсоты бо-
лып, ол Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім
шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум н ақсол
күні бекітті. Үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың
жанындағы Боралдай деген жерде орындалды.
Бекболат Әшекеевтен кейін оның ең жақын 23 серіктері Түркістан өске-
ри-округтік сотына берілді. Оларғасот 1917 жылғы 17 акпанда Верный қала-
сында болды. Олардың бәрі тағылған айыптауларға өздерін кінөлі деп мойын-
дамағанымен, қатаңжазаланды. Бекбатыров, Бүзембаев, Аманжолов, Саты-
ханов, Әшекеев, Қарақсин, Әбішев, Сұлтанов, Нұрбаев, Аманбаев, Екейба-
ев, Әбдірәшев дарға асылды.
Б.Әшекеевтің баласы Әбділда Бекболатов барлық құқықтары мен дөуле-
тінен айырылып, 20 жыл мерзімге каторгалық жұмыстарға айдалды. 8 адам
соның ішінде болыс басқарушысы Сөт Н иязбеков көтеріліске қатысуы
дәлелденбеуі себепті ақталды.
Қыркүйекте — қазан айының басында барлық жағынан жазалау отрядта-
ры тықсырған Жетісу көтерілісшілерінің едәуір бөлігі табанды шайқаса оты-
рып шегініп, Ш ыңжаңға кетуге мәжбүр болды.
Ж етісу облысының Верный уезінің ізінше онымен көршілес Сырдария
облысының Әулиеата уезінде көтеріліс басталды. Әулиеата уезі, атап айт-
қанда, оның Мерке учаскесі кең-байтақ Сырдария облысы қазактарының ма-
ңызды көтеріліс ошақтарының бірі болды. Тапсырма бойынша, Әулиеата
6 4 5
уезінен 22675адам алынуғатиісболатын. 1916жылғытамыздыңаяғынакарай
шақыру пункттеріне 3 мындай адам ғана келді.
Әулиеата уезіндегі толқу тамыздың бас кезінде басталды. Сырдария об-
лысы әскери губернаторының міндетін атқарушы С.Геппрердің 1916 жылғы
21 тамыздағы облыстағы көтерілістің барысы туралы баяндамасында айтылғ-
анындай, «Көшеней болысы казақтарының 50 адамғажуыктобыры 1 тамызда
орман күзетш ісінің үйін қиратып, оның мүлкін талап әкетті. Орыс халқы
үрейленіп, поселкелерден қашып жатыр, ал қазактар көршілес Пішпек уезінің
болыстарымен косылып, қыр көрсетуде ж әне жұмысшылар бермейміз деп
мөлімдеуде».117 Көп кешікпей бұл толкулар карулы аттаныстарға ұласты. 1916
жылғы 20 тамыздағы құжатта былай делінген: «Мерке учаскесінде карулы
тәртіпсіздіктер басталды. М ерке-П іш пек телеграф қатынасы үзілді»,"8
көтерілісшілер Мерке-Әулиеата телеграф қатынасын үзіп тастады. Олар Мер
ке станицасына үш жағынан өрт қойды, ал көтерілісшілердің бір бөлігі Луго
вое селосын қоршап алды. 20тамызга қараған түні көтерілісшілер прапорщик
Дутко командалық ететін жазалау отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар
таң атканға дейін атысты, бүл орайда көтерілісші казақтардың «қызыл жалау
көтеріп акатпен жүрген жетекшісі өлтірілді».119
Тұрар Рысқұловтың айтуынша, Мерке учаскесінде (Кұрғаты болысында)
көтерілісшілердің отрядына басшылық етуде «Ақкөз деген бір казак шалы»
ерекше көзге түскен, «ол сонан соңтұтқы нға алынып, ұрып-соғылған, бірак
тірі қалған».120
1916 жылғы 6 қыркүйекте Түркістан өлкесі генерал-губернаторының
көмекшісі Петроградқа әскери министр Д.Шуваевка былай деп телеграф арк-
ылы хабарлады: «Әулиеата уезінде Луговое селосына жақын жерде казақтар
салынып жаткан темір жол станциясына шабуыл жасады, көмекке 100 адам-
нан тұратын атты команда жіберілді. Кузьминка селосында онға дейін (үй)
өртелді, Новотроицкое селосын қазақтардың үлкен тобыры қоршап алған,
мүнда казақтарға неміс колонистері азык-түлік жеткізіп жәрдем көрсетуде,
бүлікшілер арасында молдасы ж әне әулиеаталықжәне ташкенттік сарттар да
бар».121
Бұған мазасызданған өкімет орындары 1916 жылғы қыркүйектің басында
көтерілістің Мерке ошағын басып- жаныштау үшін Ташкенттен Мерке ауда-
нына Сібір запастағы полкінің қосымша екі ротасын жіберуге мәжбүр бол-
ды .122
Әулиеата уезіндегі көтерілістің бастапкы кезеңіне Ташкент мұғалімдер
институтындағы оқуын үзіп Меркеге келген Тұрар Рысқұлов катысты. Батыл
болғанмен, жағдайды нашар білетін командирлердің белгілі бір жағдайда қалай
істеуге болатынына Т.Рысқүловтан ақыл сұраған кездері аз емес. Тұрар Рыс-
құловтың көтерілісшілер қызметін алдын ала ұйымдастыру, карулы күрес
ошақтарын өзара үйлестіру, орыс шаруаларымен қақтығысуларға бармау
қажеттігі жайлы үсыныстарын көтерілісшілердің жекелеген отрядтарының
жетекшілері қабылдады. Бірақ операцияларды калай жүргізу, қандайтакти-
каны тандап алу керектігіне келгенде, Т.Рыскұлов пен жетекшілердің пікірлері
қабыспады. Т.Рысқұлов өзінің саяси тәлімгерлік миссиясын екі жағдайға бай-
ланысты аяқтай алмады. Патша әкімшілігінің күштерімен айкасқа әзірлену
үстінде көтерілісшілер
күпиялыкжайын
онша ойластырмады. Мерке учаскесі
мен Әулиеата уезінің полициясы, әкімшілігі сенімді адамдарынан қажетті
мәліметтер алып, алдын алу шараларын колданды. Полицей приставы Т.Рыс-
646