Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет82/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Әбілкдйыр  хан.

101



Ж үздер ішіндегі бірлікті нығайту проблемаларының бұрын да ең беделді 

ж әне тереңнен  ойлайтын  казақ хандарының (Қасым,  Есім, Тәуке)  рубасы 

ақсақалдар  мен  ықпалды  сұлтандардың оқшаулануға  кұмарлығын  жеңуге 

ұмтылысынтуғызғаны мәлім. Кейіннен қазақхалкыныңтарихи есінде «Қасым 

ханның каска жолы» және «Есім ханның ескі жолы», ал Тәуке кезі жөнінде — 

«К.ой үстінде бозторғай жұмырткалаған» деген белгілі сөздердің пайда болуы 

сондыктан, ол сөздер аталған хандар билік еткен жылдарда халыктың жайлы 

өміріне ж әне қазақтардың соғыстағы табыстарына кол жеткізуге жәрдем- 

дескен жағдайлар жасау мағынасында түсінілді.24

Ө зінің атақты ізаш арлары сиякты, Әбілкайырдың да алдында дәстүрлі 

ек ін ің  бірін таңдау түрды  — не өмірлік м ән-ж ай лар кисы ны на мойынсү- 

нып,  кантөгісті  айкастарда  алынған  накты  билікті  амалсыз  жоғалту,  не 

оны сақтап қалу үшін табандылыкпен күресу керек болды.  Өзінің алдын- 

дағы Қ асы м, Есім, Т әуке, К айып хандармен болған жағдайлардағы си як­

ты,  ол  екінш і  нүсканы  таңдап  алуды ж өн  көрді  ж әне соған  байланысты 

өзін ің  билік өкілеттіктерін еселей түсудің оңтайлы жолдары мен амалда- 

рын ж ігерлі түрде іздестірді.

Кіші жүз ханының саяси бағдарламасы оның XVIII ғасырдың 30—40-жыл- 

дарындағы орыс өкімет орындарына жіберген көптеген жолдаулары мен пат- 

ша  шенеуніктерімен жеке  әңгімелерінің хаттамалық жазбаларынан  айкын 

аңғарылады.25 О ны ңорталы ктүйіні Әбілкайырдың казак жүздеріндегі бүкіл 

билікті толығымен «үлкен хан» немесе «ең басты хан» дейтін аркылы бір буы- 

нға шоғырландыруға үмтылу болды. Соңғысына хан кеңесі мен қазак рубасы- 

лары жиналысының макұлдауынсыз ішкі ж әне сырткы саяси мәселелердің 

бөрін шешу құкығын беру ұйғарылды, ал оның шешімдері барлык аксакал- 

дар, сұлтандар және баска да хандар үшін міндетті болып саналатын. Иеленілген 

билік өкілеттіктерін іске асыруды үлкен хан даланың бірнеше географиялык 

нүктелерінде түракты бекіністі мекендер кұру есебінен камтамасыз ету, оларда 

сыртқы жаулардан корғаныс үшін және баска максаттарда пайдаланылатын 

кәсіби әскердің шағын кұрамын үстау көзделді. Ханның әлеуметтік жағдай- 

ын  неғұрлым  тұрлаулы  ету  ж әне  оны  биліктен  күштеу  жолымен  тайдыру 

каупінен арылту үшін Әбілкайыртак мүрагерлігі тәртібіне өзгеріс енгізу кажет 

деп санады. Белгілі бір хан билігі тұрактылығын камтамасыз ету ж әне өзара 

кы ркы скан толассыз дау-дамайлардың негізін жою мүддесін  көздеп, оның 

түсінуінше, хан атағын беру рәсімін халыкжиналыстарының құзыретінен алу, 

ханның сайланбалылығы  принципінің  күшін  жою  және  хан  билігін  катан, 

белгіленген Ш ыңғыс үрпактарыныңтұкымдары шеңберінде ғана мұраға кал- 

дыруды көздеді. Осы максатпен ол хан атағын тек бір ғана сұлтан әулетіне заң 

аркылы бекітіп, оның ішінде жоғарғы биліктің сол рәмізін көбінесе бір кіндік 

бойынша, әкеден балаға беру ж әне т.б. кажет деп санады.

Ж оспарланған  өзгерістер аркылы  Ә білқайы р хан билеуші монарх та- 

рапынан көш пелі халыкты баскаруды, күшті көрш ілердің соғыс агресси- 

ясы на коғам ны ң  пәрменді  түрде карсы  тұру кабілетін  жоғары дәреж еде 

камтамасы з ете алатындай мемлекеттік жүйе кұруды ойластырды.

К ез келген беделді саяси көшбасшы сиякты, оның үстіне бойында ман- 

с а п қ о р л ы қ   қ а с и е т   б асы м   Ә б іл к а й ы р ,  ә л б е т т е ,  ө з ін ің   о й ы н д ағы  

самодержавиелік казак ханының орнында тек кана өз бейнесін көрді ж әне 

патш алы қ  ш екаралы к  әкім ш ілікпен   ж азы скан  хаттарында  өзін  «үлкен 

хан», «ең басты хан» немесе жай ғана «казак ханы» дегеннен баскаша ешбір

102



атаған  емес.  Бұл  жөнінде  патша  ш енеунігі  А.  И.  Т евкелев  ө зін ің   казак 

даласынан  орыс  императрицасы на ж азған  алғаш кы   хабарлам алары ны ң 

бірінде Кіш і ж үз ханы ны ң өз билігін  бүкіл  к азак  елі  аймағы на таратуға 

жан сала ұмтылғанын ж өне бүл орайда «бұл  ордада өз бабалары ны ң оны 

билегеніндей  емес,  ең жоғары  билікті  өз колы на алғысы  келіп,  оларды ң 

қүлақаспауы н өзіне ызаланғандык дегі білді» деп орынды атап өткен.  П е­

т е р б у р г е  баска бір  ресми  жолдауы нда ол  осы  пікірді тағы да атап  өтіп, 

Ә білқайы рхан «... өзі бәрін билегісі ж әне балаларын өзіне мүрагер еткісі 

келеді» деп көр сеткен .26 Бүдан  Ә білқайы рды ң ішкі саяси стратегиясы на 

көш пелі  коғамды  баскаруды ң  неғұрлым  орталы ктанды ры лған  ж үйесін 

кұруға келіп саятын жөне оны ң өзін ің  ж аугерш ілік ш айқастарда ие бол­

тан әскери басшылык негізінде калыптаскан билікті ұнататын менмендігіне 

жөне қол жеткен табыстардан ж еке өз басы мен өзінің бүкіл үрім-бұтағы, 

өулеті үшін барынша саяси пайда көру тілегіне мейлінше толы ксай келетін 

жалпы халықтык мүдделер мен кажеттерді оны ң дұрыс түсінуі тән болды.

Бұл орайда мынаны  ескерте кету қажет:  Ә білкайы р мен  Ш ы ңғы сты ң 

Ж әдік  ұрпақтары ны ң  «әулеттік  билікті  күш ейтуге»  ұмтылуы  ж ән е  осы 

негізде «билік үшін»  күрестің күшеюі туралы белгілі тезис нақты  тарихи 

жағдайды  онша дөл  көрсетпейді  ж әне тарихи  өдебиетте  іш інара  немесе 

толы қ  ұксас  саяси  мүдделер  мен  себептердің  жай  какты ғы суы   сияқты  

көрінеді.  О ның  бер  ж ағында  Ә білкайы рды ң  атаккұм арлы қ ой лары ны ң 

Батыр, Барақ сұлтандар мен баска да хан «мәртебесіне» үміткерлердің атак- 

кұмарлы кдәмелерінен мәні жағынан күшті айырмаш ылығы болды.

Батырдың ж әне баска да Ш ыңғыс ұрпактары ны ң қазак ж үздеріне хан 

болғысы келгендерінің не сол кезде-акхан  атағын иеленгендердің бағалы 

бағдарларына карам а-карсы  Ә білкайы р «өзінің, ханны ң, хан  атына ғана 

ие болып, бодандарына хан билігі болмауы» жағдайын өзін «сыйламаушы- 

лык» деп санады ж әне «маскара боп ғұмыр кешкенше», осы аңсаған «ерік» 

үшін өз өмірін  катерлі  кауіпке тіккенді  арты к көрді.  С оны мен  Кіші  ж үз 

ханы мен оның Ж әдіктен тараған сұлтандар жағындағы карсыластарының 

арасындағы негізгі айы рмаш ылы к, соңғы лары ны ң саяси мүдделері  «хан 

атағының» құндылығы — құрметтілік, ж ұртш ы лы кты ңтануы , бедел, сый- 

сы яп ат  кө р сету   ж ә н е   т.б.  туралы   д әстү р л і  тү с ін ік те р ге   н егізд е л се, 

Әбілқайыр әлеум еттік иерархияны ң осы жоғары  рәм ізін  дағдылы кұкы қ 

кұзыреті аясынан мемлекеттік акикат аукымына көтеруге ж әне өзінің хан 

атағын  накты билікпен толыктыруға ұмтылды.

Алайда оқиғаларды ң бұлайш а даму барысы қазактарды ң аксүй ек бет- 

ке ұстарларыны ң баска өкілдерінің басым көпш ілігін мүлде қанағаттан- 

дырмады, өйткені, бірінш іден, үлкен ханны ң бүкіл билікке толы к ие бо- 

луы  іс  ж үзінде  оларды ң  алуан  түрлі  іш кі  ж ә н е  сы рткы   м әселелерді 

шешудегі  билік аясы н  ш ектеуге әкеп  соғар еді,  екінш іден,  сол  Ш ы ңғы с 

ұрпақтарының дені нак Әбілқайырдың жеке билігінің күшеюін ұнатпады. 

Әбілқайырды Батыр,  Барак, Әбілмәмбет ж ән е баска да кейбір сүлтандар 

ең алдымен ш ы ккан тегі наш ар, ата-тегінде ақ ки ізге көтеріп хан  болған 

еш кімі ж ок, бұры н-соңды  сүлтан әулеті арасы нда мүлде ы қпалы  болм а- 

ған жолы болғыш «мансапкұмар» деп білді.27

Кіші жүз ханының саяси жоспарларымен едәуір бөлігі билерден тұратын 

казақ  билеушілерінің  санасу  ниеті  одан  да  аз  болатын.  Дағдылы  құқы к 

дәстүрлеріне сәйкес бұл әлеуметтік топтың өкілдері халык жиналыстарын-

103



да жэне хан жанындағы кеңесші органда көрнекті рөл аткарды. Сонымен бірге 

көшпелі коғамдағы әлеуметтік катынастардың өзіндік ерекшеліктеріне орай 

барл ық билердің колында казак халқына ыкпал етудің мейлінше қуатты тұтка- 

лары болды.28

Корыта келгенде, осының бәрі Әбілқайырды казак даласынан сы ртжер- 

лерден куатты одактастар мен камкоршылар іздеуге мәжбүр етті.  Қалыптас- 

кан ішкі ж әне сырткы саяси жағдайда әскери күшпен коса, тұракты монар- 

хиялы к режимі бар, еуразиялык кеңістіктегі ең күшті ж әне беделді держа- 

ваға ғана өтініш жасаудың мағынасы болғандыктан, Әбілкайыр ханның гео- 

саяси бағдарының назары XVIII ғасырдың 20—30-жылдары шебінде көршілес 

Ресей империясы жағына ауды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет