Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019
100 proektov malogo biznesa kaz 020819
Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні Осы жобаны іске асыру елдің көлік инрақұрылымын дамытудың шектес салаларының біріне жатады. «Батыс Еуропа Батыс Қытай» жолының құрылысы тауар айналымын ұлғайтуға және Қазақстан ішінде азаматтардың қозғалысын жеңіл- детуге мүмкіндік қана беріп қоймай, жергілікті сияқты, сондай-ақ Ұлы Жібек жолымен жүріп өтуді қалайтын шетелдік туристерді де тартады. Сапалы қызмет көрсететін жол бойындағы сервис орнын уақытында салу жүргізушілер мен жола- ушылар үшін бұл трассаны тартымды етеді. Жобаны іске асыру мыналарды көздейді: 50 жаңа жұмыс орнын құру; жол бойындағы сервис орналасатын Жамбыл облысының және ауданның бюджетіне қосымша кірістің тусуін; экономиканың (көлік, сауда, құрылыс және т.б.) шектес салаларын дамыту. Әлеуметтік әсер арасынан мынадарды бөліп көрсетуге болады: жүргізушілер мен жолаушылардың демалысын, тамақтануын және бір жерден екінші жерге ұзақ жол жүру кезінде қажеттілік туындайтын басқа да сервистік қызметтер қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау. Бұл жобаны іске асыру ауылды жерлерде жаңа өндіріс орындарын құруға мүмкіндік береді, осылайша әкелінетін өнімді өңірде жасалатын өніммен алмастыруға ықпалын тигізеді.
Жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: жоба цехтің қызметін ұйымдастыру үшін үй-жайды ұзақ мерзімге жалдауды, асханалық жабдықты сатып алу және орнатуды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, және осы қоғамдық тамақтану кәспор- нын одан әрі пайдалануды көздейді. Өнімі: кеңселер мен кәспорындарға жеткізіп тұрумен корпоративтік тамақтануды ұйымдастыру үшін қоғамдық та- мақтануды ұсыну, жартылай фабрикаттарды жеткізу және кейтерингтерді, кофе-брейктер мен көшпелі корпоративтік банкеттерді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер негізгі қызметтер түрі болып табылады. Жобаның құны: 20 960 000 теңге. Өзін өзі ақтау мерзімі: 32 ай. Жоба тұжырымдамасы Осы бизнес-жоспарда кеңселер мен кәспорындарға жеткізіп тұрумен корпоративтік тамақтануды ұйымдастыру үшін аспаздық өндірістік цехті дамыту, жартылай фабрикаттарды жеткізу және кейтерингтерді, кофе-брейктер мен көшпелі корпоративтік банкеттерді ұйымдастыру қарастырылады. Бұл бизнес-жоспар екінші деңгейдегі банктерге инвестициялық қаражат тарту мақсатында әзірленді. Жоба цех- тің қызметін ұйымдастыру үшін үй-жайды ұзақ мерзімге жалдауды, асханалық жабдықты сатып алу және орнатуды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, және осы қоғамдық тамақтану кәспорнын одан әрі пайдалануды көздейді. Жобада Алматы қ. аспаздық өндірістік цех ашу, дамыту, коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды кейін сатып алумен ұзақ мерзімді жалдау, цехты жарақтандыру үшін жабдық сатып алу, дәнекерлеу-монтаждау жұмыстарын (ДМЖ) жүргізу, шикізат сатып алу және айналым қаражатты толықтыру, маркетингтік зерттеулер мен басқа іс-шаралар жүргізу, жоспарлы жүктелуге шығу, сату жоспарларын орындау қарастырылған. Қызмет көрсету саласында жоспарлы жобаны іске асыру, атап айтқанда халыққа дайын тағамдар мен сусындар ұсыну, бастамашыға келешекті нарықты игеруге және осылайша жоғары қаржы нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді. Бизнестің міндеттері: Қоғамдық тамақтану қызметтер нарығына шығу және онда орын алу Сапалы қоғамдық тамақтану қызметтеріне тұтынушылық сұранысты қанағаттандыру Жоба бастамашысының тиісті қаржы нәтижелерін алу. Бизнестің мақсаттары: қоғамдық тамақтану қызметтер нарығында бекініп алу кіріс ақша ағындарының тұрақты деңгейін қамтамасыз ету. жаңа ресми жұмыс орындарын құру және бюджетке салық төлемдерін ұлғайту арқылы оң әлеуметтік әсерге жету; клиенттерге қол жетімді және сапалы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету. Бизнестің даму кезеңдерін сипаттау Бұл жобаны іске асыру жөніндегі өндірістік бағдарлама бірнеше кезеңдерге бөлінді. инвестицияалды: дайындық жұмыстар жүргізу, рұқсаттық құжаттама алу, өндіріс және іске асыру жоспарларын әзір- леу, бизнес-жоспарлау және инвестициялық жобаны әзірлеу, инвесторларды іздеу; инвестициялық: бюджетті кезеңмен игеру, жарнама, сатуды бастау және жылжыту; постинвестициялық (пайдалану): өндірістік қуаттарды өсіру, нарықта бекіп алу, жобалық қуатқа жету; қызметтерді қолдау жарнамасы. Қызметтер сипаты Жоспарланып отырған кәсіпорын дайын тағамдар мен ілеспе тауарларды өндірумен және сатумен айналысатын бо- лады. Өндірілетін бұйымдар әрдайым сапалы және жаңа әзірленген болады. Бастапқы кезеңде (sturt-up кезеңі) өндірістің ассортименті мен көлемі шамалы болады, одан әрі, тұтынушылардың ұнататынын зерттеу және сұраныс құрылымын талдауына қарай, бірінші және екінші кеңейе береді. Өндірістің екінші кезеңінде кейтеринг, (өнімді үйге немесе кеңсеге жеткізу) сияқты қызметтер түрі дамиды. Дайын тағамдар мен сусындар жасау және сату. кейтеринг қызметтерін көрсету (көшпелі банкеттерде қызмет көрсету) Жоспарланған мейрамхананың ассортиментіне ыстық, суық жеңіл тіскебасарлар, бірінші, екінші тағамдар, алкоголь- сіз (ыстық, суық) сусындар кіреді. Сонымен қатар, жоспарланған мейрамханада мерекелер, банкеттер, мерейтойлар, салтанаттар өткізуге болады. 8
Қазақстандағы қоғамдық тамақтану нарығы бойынша жалпы ахуал Соңғы бірнеше жылдар ішінде қазақстандық қоғамдық тамақтану кәсіпорындары басшыларының меркетингті басқару мәселелеріне қызуғышылығы едәуір өсті. Көптеген топ-менеджерлер маркетингтік стратегияларды әзірлеу және тәуе- келдерді басқару жөніндегі арнайы тренингтерге қатысу үшін уақыт тапты. Алайда қабылданған стратегиялар мен игер- ген теориялар өзекті болмады, себебі олар өздерінің индустриалды және жергілікті дағдарыстарын жеңуге, есептелген жаһандық дағдарыс жағдайында аман қалуды үйретпейді. Және аман қалу ғана емес, инвесторлармен, әріптестермен, түтынуш^ілармен адалдық, көптеген қазақстандық қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының бірінші деңгейдегі басым- дығы болмаған өзінің қызметкерлерімен қарым-қатынасты сақтап қалу маңызды болды. Бүгінгі күні, бизнесті сақтап қалу үшін компанияның өзінің ішкі ресурстарын барынша оңтайландыру кепіл болған кезде, өзінің қызметкерлері салмақты капитал болды, ал фирмаішілік маркетинг ерекше маңызға ие болуда. Негізгі азық-түлік бағасының өсуі (және, оның салдарынан тағамдардың өзіндік қүнының өсуі) бір жағынан, және мейрамханаларға барудың азаюы екінші жағынан көптеген қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының пайлдасы деңгейінің төмендеуіне апарып соқты. Нарық сарапшылары, бүл жағдайлар бәсекелестік күрестің күшеюіне, нарықтан тіршілікке икемсіз кәспорындардың кетуіне және мейрамханалардың жалпы пайдасының қысқаруына апаруды топшылайды. Қалыптасқан жағдайда мейрамханалардың басшылығы мен иелерінің алдында қызметкерлер қүрамын немесе жалақы- ны қысқарту, команданы қайта қүру, еңбектің өнімділігін арттыру, осы іс-қимылдарға байланысты үжымдағы шиеленісті төмендету, пессемистік көңіл-күйді бейтараптандыру және компания сақтап қалғысы келетіндерді ынталандыруды арт- тыру туралы мәселелер туындайды. Жаһандық дағдарыс жағдайындағы фирмаішілік маркетинг - клиенттермен тікелей байланыс жасайтын қызметкерлерді оқыту және тиімді ынталандыру үшін пайдаланылатын қызмет көрсету саласын үй- ымдастыру маркетингі ғана емес, сонымен қатар бүкіл қызметкерлер қүрамын командада жүмыс істеуге дайындау және түтынушыларды қанағаттандыруды қамтамасыз ету. Тап сондықтан, компанияның қалыпты тіршілігін өзгертетін кез кел- ген маңызды шешім басшылық тарапынан белгілі коммуникациялық іс-қимылды талап етеді. Экономикалық дағдарыс жағдайында ҚР мейрамхана нарығында бәсекелестік күшейеді. Бүл бизнестің негізгі келелі мәселесін - үсынылатын қызметтердің төмен сапасы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулер барысында ҚР түрғыны жыл сайын мейрамханаға 18 доллар жүмсайтыны (Euromonitor де- ректері, 2015 жыл) анықталды, бүл басқа елдермен салыстырғанда он есе, тіпті жүз есе аз. Бүл шамамен әрбір екінші қа- зақстандық ең кем дегенде жылына бір рет мейрамханаға бармайтынын көрсетеді. Негізінен, бүл мекемелерге күн сайын баратын табысы жоғары деңгейдегі адамдар мақсатты түтынушылар болып табылады. Мейрамханалар саны мен сапасы жағынан Қазақстан Республикасындағы мейрамханалық бизнесте Алматы қ. көш- басшы болып табылады. «РосИнтер» компаниясы жүргізген зерттеулердің деректері бойыынша, Алматыда 1356 қоғам- дық тамақтану кәсіпорны, соның ішінде 354 мейрамхана бар. Қоғамдық тамақтану нарығын экспресс зерттеу, Алматы қ. Зерттеу міндеттері: бизнестің осы түріне бәсеклестікті бағала; түтынушылардың дағдылары мен үнататындарын зерт- теу, мақсатты аудиторияны кеңейту әдістерін үсыну, жеткізу қызметінің келешегін бағалау. Алматы қ. 40 жасқа толмаған әрбір түрғыны жылына бір рет болса да кафе қызметтерін пайдаланады. Жергілікті асүйдің дәстүрлі тағамдарын (лағман, мәнті, қазақша ет) 54% айына кемінде бір рет жейді, үштен бірі аптасына кемінде бір рет сатып алады. Мақсатты аудиторияныың бір түтынушысына жылына орта есеппен 25-30 порция келеді. Дәстүрлі тапсырысқа дәстүрлі тағамдардан басқа: шай (62%), салат (60%), нан (56%) кіреді. Жергілікті асүйдің дәстүрлі тағамдарының негізгі бәсекелесі - «донер». (өзіңмен бірге алуға, «жүре жеуге» ыңғайлы). Көпшілікке белгілі болып келе жатқан әлеуетті бескелес - қорапшада берілген қытай жиынтығы (кеспе/түздығымен және етпен балықпен/тауықпен күріш) - далада тамақтану және кафеде тамақтану форматы. Кафе үшін ең маңызды - тазалық (91%), қолайлы баға (69%), отыруға болатын орынның бар болуы (63%). Талдаудың экспресс қорытындысы: Экспресс талдау негізінде жақын арада QS-сегмент белсенді дамитынын болжауға болады. Халық үйде тамақ дайын- дауға аз уақыт жүмсауға және бүл ретте қоғамдық тамақтану мекемелерінде ақшаны аз жүмсауға тырысады. Жақын арада QuickService мен FastCasual деген екі сегмент дамиды. Жоспарлап отырған жобаның стратегиясы көбінесе жылдам ақшаға бағытталғандықтан - қазіргі заманғы асханалар форматын таңдаған жақсы. Классикалық FastFood халыққа гастрономиялық қалаулары мен бағасынан болар аса тартым- ды емес, бірақ нарықта бірнеше жергілікті FF-жобалар белсенді дамуда. Мамамандардың пікірлері бойынша стихиялы қоғамдық тамақтану халыққа әлі үзақ уақыт қажет болады: «Самса са- татын ларектер ең кем дегенде жақындағы 5 жылда болады, себебі оған сүраныс көп. Әдетте, мүндай тамақты студенттер сатып алады, яғни олар сапаға және санитарлық жағдайларға қарамайды. Тіпті студент-медиктер де күмәнді ларектерден тамақтанады, себебі бүл жақын, ыңғайлы, арзан және кенеулі: ет, май және қамыр». Сарапшылардың пікірі бойынша халал бағыты, алыстан келгендердің арасында ғана сүранысқа ие және, сондықтан, бүл бағыт Алматыда айтарлықтай дамымайды: «Қала түрғындары ең алдымен, сапаға және сервиске қарайды, ал халал жазуы таңдау кезінде негізгі фактор болып талмайды. Ұқсас желілік жобалардың дамуы екі талай». Өндірістік жоспар Тағамдарды дайындау. Тағамдарды дайындау және беру жалға алынған немесе сатып алынған және дайындалған үй-жайда жүргізіледі. Бүл үй-жай қоғамдық тамақтану субъектілерінің барлық талаптары мен СНиП-теріне толық сәйкес келеді. Жоба бастамашысының СЭС-тің рүқсат қорытындысын және барлық басқа қажет рүқсат қүжаттаманы (с.і. алкоголь өнімін сатуға арналған лицензияны) алу үшін кедергі жоқ.
жүктеу/скачать 3,33 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |