Байланысты: 100 proektov malogo biznesa kaz 020819
Инвестициялық жоба мақсаттары: жұқа киізден балаларға арналған дамытушы кітапшалар мен ойыншықтар өндіру
шағын цехін құру.
Өнімі: Өндірілетін өнімнің негізгі түрі жұқа киізден балаларға арналған дамытушы кітапшалар мен ойыншықтар.
Жоба құны: 3 300 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 11 ай. Жоба тұжырымдамасы
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары:
Жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өнім алу;
Жамбыл және Алматы облыстарының халқын өнімнің негізгі түрлерімен үзіліссіз қамтамасыз ету;
Өндіріс нәтижелерінен және өнімді сатудан табыс алу;
Тұрғындар үшін кәсіпорын өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және ұсыну, олардың әлеуметтік
мәселелерін гегу.
Бүгінгі таңда қызметтің негізгі түрлері:
жұқа киізден балаларға арналған дамытушы кітапшалар мен ойыншықтар өндіру шағын цехін ашу.
Шаруашылық қызметтің қысқа сипаттамасы: Жеке кәсіпкер Тойбаева Сырғалым Бейсенбековна табысты және тұрақты
кәсіпкерлік қызмет жүргізеді. Белсенді қызметті тауар өндірушілер, мамандандырылған дүкендер нарығында және халык
пен кәсіпорындар тапсырыстарымен өнімді өткізу арқылы жүргізеді.
Балалар - біздің болашағымыз екенін барлығымыз білеміз және айтып жүреміз. Барлығымыз біздің балаларымыз
ақылды, дамыған, барлығын білетін, тәрбиелі болып өскенін қалаймыз. Балаларды тәрбиелеу туылғаннан басталады. Ал
біз қандай тәсілдермен оларға көмектесеміз? Әрбір адам өз бетінше жасайды. Дегенмен, біз барлығымыз балаларға ой-
ыншықтар қажет екенін білеміз. Олар оны өте қатты жақсы көреді және олармен бірге дамиды. Ойыншықтар түрлері өте
көп және әртүрлі материалдардан жасалған.
Қазіргі таңда қолдан жасалған әртүрлі тауарлар үлкен танымалдылыққа ие. Мұндай заттар адам қолдарының жылуын
береді және кеңістікті тиімді безендіреді. Нұсқалар өте көп - бұл матадан немесе тоқымадан жасалған алуан түрлі инте-
рьерлік ойыншықтар; бисерден, пластиктен, жартылай асыл және асыл тастардан жасалған әшекей заттар; әртүрлі мате-
риалдардан жасалған сувенирлер және салпыншақтар; жайлы үй аяқ-киімі, балаларға арналған экологиялық таза ойын-
шықтар және тағы басқалар.
Менің ойыншығым таза экологиялық материал жұқа киізден жасалған, баланы дамытуға арналған ойыншықтар.
Жұқа киіздің аздаған тарихы, материал 400 жыл бұрын пайда болған. Жұқа киіз матасы сол кездің өзінде жеңілділі-
гімен, ұзаққа шыдамдылығымен және аса тартымды сыртқы түрімен ерекшеленген. Жұқа киіз - қоян немесе ешкі жүнін
(немесе жұқа шашын), сонымен қатар, әртүрлі тері, қылшық жүн немесе жұқа жүн қалдықтарын (кейде синтетикалық
талшықтар қоспаларын) басудан жасалатын материал. Бүгінгі таңда өнеркәсіптік өндірістегі заманауи технологиялардың
арқасында таза жүнді синтетикалық талшықтармен араластыру мүмкіндігі бар, ол материалды аса икемді, жұмсақ және
тегіс етеді.
Осы экологиялық-таза өнімнен біз балаларға арналған дамытушы кітапшалар мен
ойыншықтар жасаймыз.
Балалар ең жақсы дүниеге сай деген пікірмен келісесіз бе? Ең бастысы, әрбір ана
оны өз баласына беруге дайын. Жұқа қағаздан жасалған кітапша - бұл бала үшін ең
пайдалы және ерекше ойыншық. Ол балаға көптеген пайдалы функциялар береді: жана-
су сезімдерін дамытады, сюжеттік-рөлдік ойындарды, санауды, әліппеге үйретеді, ұсақ
моториканы, ұқыптылықты дамытады, фукнциялардың нақты жиынтығы кітаптардың
толықтырылуына байланысты.
Бала қоршаған ортаны зерттеуді, саусақтары әртүрлі заттар мен беткі қабаттарды ұстауды және тануды жақсы көреді және миға дабылдар береді. Әсіресе сіздің балаңызға жұқа киізден жасалған жұмсақ кітапша ұнайды, себебі оны қарау жағымды әрі қызық!
Балаларға арналған дамытушы өнімдерді өндіру жөніндегі жобаны сәтті іске қосуға ықпалын тигізуге «Қазақстан- да жасалған» белгісімен отандық өнімді сатып алуда халық арасындағы сұраныстың болуы мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балаларды осы кітаптар арқылы әртүрлі кейіпкерлердің көмегімен ұлтымыздың бай тарихын үйретуге болады. Бұл бизнес-идеяның қызметтері балалар тәрбиелеп отырған және олардың ерте дамуы қызықтыратын, өздерінің ұлттық дәстүрлерін құрметтейтін және сай келуге тырысатын адамдар үшін қызық.
№ р/р
Лауазым атауы
Өлшем бірлігі
Адам саны
1
Басшы
адам
1
2
Дизайнер
адам
1
3
Тігінші пішуші
адам
2
Жоба бойынша жалпы жұмыс орындары
4
4
Қажет болған жағдайда штатқа өндірістік жұмыс көп болуына байланысты және маусымдық жұмыстар үшін қосымша қызметкерлер алынатын болады.
Өнім сипаты
Цехте бастапқы кезеңде шығарылатын негізгі түрлер: 1
жастан 6 жасқа дейінгі қолдан жасалған дамытушы
кітапшалар және барлық жасқа арналған ойыншықтар
және барлық жасқа арналған планшеттер. Негізгі мақсаты
тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін және
бала жасына арналған кітап жасау. Өндіріс баланың аты
және суретімен оған жеке тігілетін эксклюзивтік қолдан
жасалған жұмысқа негізделетін болады.
Сонымен қатар, балаларға арналған эксклюзивтік ойыншықтарды олардың фантазиясымен және олардың сурет- терімен жасауға болады.
Кейінірек өндірілетін өнім ассортиментіне экологиялық таза материал жұқа киізден жасалатын басқа да заттар кір- гізілуі мүмкін. Нарықты табиғи материалдардан қолдан жасалған сапалы, ерекше және пайдалы өніммен қамтамасыз етіледі.
Жұқа киізден жасалған барлық дамытушы кітаптар бір қағидамен тігіледі:
Беткі матаға тығыздағышты - жабысатын матаны үтікпен жабыстырамыз.
Жұқа матадан кітап бөлшектері мен элементтерін кесіп аламыз.
Жұқа киіз бетіне қолданылатын элементтерді түйрегіштермен жабыстырамыз, тігін машинасымен немесе қолмен тігеміз. Ішкі жағын көрсетпей, екі дайын бетті бірге тігеміз. Сосын алынбалы элементтерді тігеміз және дайын беттерге орнатамыз.
Егер жабысқақтағы алынбалы элементтерді қолданған жағдайда, бала элементті жаппай, абайсызда жұқа киізді зақымдамас үшін, ілмегі бар бөлігіне бетке жабысқақтың жұмсақ бөлігін тігеміз.
Жұқа киізден жасалған кітап беттерін бекіту әртүрлі бола алады, сізге қайсысы қажет екенін таңдауға болады: лю- верстік, ленталы, ілмелі, жұқа киіздің жолақтарымен бекітуге болады.
Беттерді өңдеу үшін пішінді қайшыларды пайдалануға болады — кітап барынша ұқыпты болып көрінеді.
Беттер арасына синтепон немесе брезент мата тігуге боладу. Бірінші жағдайда кітап жұмсағырақ, екіншіде қаттырак болады.
Жұқа киізден жасалған кітапқа жабысқақты тігу жолы.
Жұқа киізге жабысқақты кері бетіне немесе тығыздағыш матаға тігуге болады.
Бірінші тығыздағыш матаны аппликацияның ішкі жағына қоямыз.
Жұқа киіздің ішкі жағына жабысқақты тігеміз.
Артық матаны кесіп тастаймыз.
Бөлшектерін тігеміз.
Аппликацияларды, түймелерді, бауларды, моншақтарды тігуді аяқтаған соң, басқа айтқанда, беттер дайын болғанда, жұқа киізден кітаптың өзін тіге бастаймыз.
Тігілген аппликациялары бар жұқа киізді алып, беткі жағымен үстелге қоямыз және синтепон қоямыз. Екінші бетімен өзімізге беткі бөлігімен жабамыз.
Енді бетті шеткі жағы бойынша тігіп шығамыз, шығып тұрған синтепонды кесіп тастаймыз, сосын беттердің шеттерін көмкермемен тігін шығамыз.
Айтып кеткендей, жұмсақ кітаптың тысы әртүрлі тәсілдермен жасалына алады.
Маркетингтік жоспар
Қазақстан Республикасы, соның ішінде Жамбыл облысы халқының тұрақты өсуін ескере отырып, жұқа киізден қол- мен жасалған жұмыс өндірісі және өндірілген өнімді осы экономикалық және әлеуметтік жағдайларда өткізу келешекті болып саналады. Негізгі және әлеуетті бәсекелестер біздің емес, украиндық және ресейлік өндірушілер болып табылады. Дегенмен, біз ұсынған эксклюзивтік өнім сапалы өндірісінің есебінен көптеген онжылдықтар бойы әлеуетті сатып алушы- ларды қуантатын болады. Жобаланған цехтің басты мақсаты нарыққа қызметтің жаңа түрі ретінде ену және онда кейін тіршілік ету болып табылады.
Жылжытудың негізгі әдісі ретінде қызығушылық танытқан мақсатты топтарға тікелей жарнама пайдалану қажет. Бұл үшін мыналарды қолдануға болады: цех туралы жарнамалық материалдарды және оның өнімі бойынша жарнамалық-тех- никалық құжаттаманы тарату; балабақшаларда тұсаукесер өткізу; тегін интернет-ресурстарында кәсіпорын туралы ақпа- рат орналастыру, тегін хабарландырулар беру және интернет арқылы жеткізумен сату. Кәсіпорында өнімді өткізуді ұй- ымдастыру келесі қағидаларды ескере отырып жүзеге асырылуы жоспарлануда: 1. Бәсекелестікті тұрақты бақылау және