Маркетингтік жоспар
Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі Қазақстанның құрылыс кешені сұраныстарының тек бөлігін қанағаттандыруға қабілетті, сол себептен нарықта айтарлықтай үлесті құрылыс материалдарының барлық түрлері бойынша жетіспеушілікті болдырмай, импорттық өнім алып отыр.
Құрылыс материалдарының негізгі көлемі көлік тасымалдауына жоғары шығындармен ерекшеленеді, оларды ұзак арақашықтықтарға тасымалдау тиімді емес. Құрылыс материалдарына сұраныс маусымдылықпен сипатталады. Дегенмен құрылыста жаңа технологиялардың пайда болуымен, құрылыс мерзімдеріне талаптардың артуына байланысты құрылыс материалдарына сұраныс маусымдылығы аздап төмендеді.
Жағдаяттық талдау (SWOT)
а
т а о £ & ы С
Мүмкіндіктер:
Халықтың өмір деңгейін жақсарту
ШҚО аумағында осы жоба бойынша баламалар жоқ
Өткізу нарықтарын кеңейту
Жаңа әріптестердің пайда болуы
Баға бойынша сұраныстың төмен икемділігі
Аймақты және саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді
SWOT-талдауда алынған деректерді талдай отырып, жобаның әлсіз жақтары мен қолайсыз факторларына қарағанда, күшті жақтары мен мүмкіндіктері көбірек деген қорытынды жасауға болады. Күшті жақтары мен қолайлы факторлары- ның мүмкіндіктерін пайдалану, белсенді маркетингтік стратегия кәсіпкерге жобаның тиімділігін және тартымдылығын, сонымен қатар, тұтынушылар арасында өнімнің сұраныстылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Тауарды сату жоспары, мың теңге
№ р/р
Атауы
Орташа бағасы
Жобаны іске асыру жылдары
Барлығы
I
II
Түсім мың теңге
1
Сип панель (көлемі 2500x1250x174 мм)
20000
10000
20000
30000
Барлығы
10000
20000
30000
қаржылық жоспар
Қаржылық бағалаудың қарапайым әдістерінің көмегімен жобаның талдауы Жобаның қарапайым өзін өзі ақтауы -1,2 жыл;
Жоба бойынша таза табыс - 820,6 мың теңге;
Жобаның ағымдағы құны - 360,0 мың теңге. залалсыздықты талдау
Залалсыздықты талдау кәсіпорынға пайдасыз және шығынсыз жұмыс жасауға, дәлірек айтқанда, тұрақты шығындар- ды жабуға мүмкіндік беретін, дайын өнімді сатудың барынша рұқсат етілген көлемін көрсетеді.
Залалсыздық нүктесі - бұл компания пайда алуды бастай алатын кезең. Залалсыздық және болжамдалған сатылым көлемі арасындағы айырмашылық қаржылық қауіпсіздік аумағы деп аталады, бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, кәсіпорынның қаржылық ахуалы соншалықты мықты. Бүкіл жоба барысында болжамдалған сатылым көлемдері сыни нүктедегі көлемнен айтарлықтай жоғарырақ. Бұл қаржылық төзімділіктің қажетті қорының болуын растайды. Ол үшін қолайсыз экономикалық жағдайларда құрылып жатқан кәсіпорынның тіршілік ету тұрақтылығының дәлелі болады.
18. керамикалық және қола өнімдерді, керамикадан саябақ ескерткіштерін дайыңдайтын цех ашу
Жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: керамикалық өнімдер дайындау цехін құру.
Өнімі: Дайындалатын өнімнің негізгі түрі керамикалық және қола өнімдер, керамикадан саябақ ескерткіштері болады.
Жоба құны: 635 690 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 24 ай. Жоба тұжырымдамасы
Жоба тұжырымдамасы керамикалық өнімдерді жасау цехін ашуды көздейді.
Керамика өнері - саздан әртүрлі заттар жасау - ұлттық қолөнердің көне түрі. Ежелгі уақыттан бері керамикалық өнімдер адамға қызмет еткен. Олар қолданылған шикізат түрі, кіреукелі беткі қабатының құрамы, өндіру тәсілі, өзінің мақсаты бойынша ажыратылатын. Өңдеуге жарамды табиғи саз қорлары бар жерлерде құмыра шеберлері пішіні және безендірілуі бойынша алуан түрлі құмыралар, тегештер, ыдыстар, флягалар және тұрмыста қажет көптеген басқа заттар жасаған. Материалдың икемділігі, оның үндестілігі, өнімдерге шұбар әрі қанық бояу беретін жылтырақтың колориттік көпбейнесі керамикалық өнімдер тек утилитарлық қызметті атқарып қоймай, сонымен қатар, өнер туындыларына айна- луына ықпалын тигізген.
Қазақстан өзін келешекте әлемдік туристік нарықтың белсенді қатысушыларының бірі ретінде көруіне байланысты, сувенирлік өнім өндірісі көркем және безендіру керамика өндіру кәсіпорындарының өнімі сұранысқа ие болатын тағы бір сегментке айналады. Осылай, ұлттық колориті бар ерекше керамикалық сувенирлер қатарын шығару үшін себеп Азия ойындары бола алады - атышулы спорттық оқиғалар күндері туристер мен жанкүйерлер қарапайым сувенирлерді сатып алатыны мәлім.
Керамикалық ыдыс сынғыш және мысалы, пластикпен салыстырғанда айтарлықтай қымбат. Дегенмен, осы материал- дың жақсы жылу өткізгіштігі және ең бастысы, экологиялық қауіпсіздігі оның барлық кемшіліктерінің орнын толтырады.
Осы бизнес-жоспарда кәсіпорынның жоспарланған айналымдарын ескере отырып, жеңілдетілген декларация негізін- де арнайы салық режімін қолданумен жеңілдетілген режімде жеке кәсіпкер аясында қызметтік жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар әрекет етуге нұсқаулықтың соңғы нұсқасы емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан, осы жобаны іске асыру барысында сату бағдарламалары және шығарылған өнімнің ассортименті секілді өзгеріс болуы мүмкін. Шығарылуы жоспарланған өнімнің бәсекелес артықшылықтарын, сонымен қатар, сатып алынатын жабдықтың айрықша ерекшеліктерін толығырақ ашу қажет.
Бірінші дайындалған суретшілер мен дизайнерлердің көмегімен қола конструкциясының нобайы жасалады. Оның не- гізінде жұмыс сызбасы әзірленеді, ол бойынша құйма үлгісін дайындайды, ол болашақ өнім таңбасының (кескіндерінің) құйма пішінін қалыптастыру үшін қажет.
Көркемдік құймаға арналған үлгілер піл сүйегінен немесе ағаштардан (қарағай, қараағаш, шамшат, жөке), пластиктен немесе гипстен сирек жасалады. Олардың беткі қабатына барынша тегіс және жылтыр болуы үшін тегістегіш, төсеме бояу және арнайы лактың бірнеше қабатын міндетті түрде жағады.
Өнім (қызмет) сипаты
Керамикалық материалдар мен өнімді қалыптау және күйдіру әдісімен саздан жасайды. Керамиканың төзімділігі, үзаққа шыдамдылығы, эстетикалық тартымдылығы, оның өндірісіне арналған шикізаттың кеңінен таралуы қүрылыс және әрлеу жүмыстарына арналған материал ретінде керамиканың танымалдылығының басты себептеріне айналды. Мамандар қүрылыстағы мақсаты бойынша керамикалық өнімдердің бірнеше түрлерін бөліп айтады: қабырға материалдары (қара- пайым, қуыс және жеңіл саз кірпіш, қуыс керамикалық тастар); шатыр материалдары және үстіңгі жабынға арналған мате- риалдар (жабынқыш, керамикалық қуыс өнімдер); сыртқы және ішкі қаптамаға арналған материалдар (кірпіш және беткі тастар, қасбеттік керамикалық плиталар, шағын көлемді плиткалар); едендерге арналған керамикалық плитка; арнайы мақсаттағы материалдар (жол, санитарлық-қүрылыс, жерасты коммуникацияларға арналған); жеңіл бетондарға арналған толықтырушылар (керамзит).
Керамикалық өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат саз болып табылады - ол минералды және химиялық қүра- мына қарамастан сумен араласқанда жүмсақ қамырға айналуға қабілетті, күйдірген соң суға төзімді және мықты тыс тектес денеге айналатын үсақ топырақ минералды массасынан түратын шөгінді жыныстар.
Осындай шикізаттан жасалған өнімдерге тән ақ немесе аққа жақын түс күйдіргеннен кейін де сақталады. Керамика- лық өнімдер өндіру технологиясына және олардық қасиеттеріне, әдетте, саз қүрамындағы қоспалар - титан мен ванадий қосылысы, күкірт колчеданы, кальций және магний карбонаттары әсерін тигізеді. Осылай, ванадий қосылыстары кірпіште жасыл қабыршақтың пайда болуын түсіндіреді, темір тотықтары саздың өртке төзімділігін төмендетеді, ал кальцийдің ірі түйіршектері мен қиыршықтарының болуы алыс келешекте керамикалық өнімнің бүзылу себебі бола алады. Саздарда жиі органикалық қоспалар болады. Жоғары технологиялардың әсеріне қатысты мамандар отқа төзімді (отқа төзімділігі Цельсия бойынша 1580 градустан жоғары), баяу балқитын саздар (1350-1580 градус) және тез балқитын (1350 градустан төмен) саздар деп бөледі. Біріншілерін көбінесе отқа төзімді өнімдер, фарфор, фаянс өндірісі үшін қолданады. Баяу балқи- тын саздарда үлкен көлемде темір тотықтары, кварц қүмы, басқа қоспалар бар; бүл түр баяу балқитын, қаптама және беткі кірпіш, едендерге, канализация қүбырларына арналған плиткалар өндірісі үшін қолданылады. Өзінің қүрамы бойынша аса алуан түрлі жеңіл балқитын саздар қоспалардың үлкен көлемінен (темір тотықтары, кварц қүмы,әктас, органикалық заттар) түрады және кірпіш, жабынқыш өндірісінде, жеңіл толықтырушылар өндірісіне қолданады.
Қазақстанның Инвестициялық қорының деректері бойынша республика аумағында мемлекеттік теңгерімде керами- калық және фарфорлық-фаянстық өнеркәсіпте пайдалану үшін жарамды бетонитті саздардың 29 кен орны ескерілген; барлық өнеркәсіптік санаттар бойынша осы кен орындарының қорлары 1 млрд тоннадан асады.
Керамикалық өнімдерді өндіру үрдісі бірнеше негізгі кезеңдерден түрады: саз массасын дайындау, өнімдерді қалып- тастыру, кептіру, күйдіру және безендіру. Керамикалық өндірісте қолданылатын материалдар негізгі және қосалқы деп бөлінеді. Негізгілеріне керамикалық массалар, әшекейлер және керамикаға сурет салыға арналған бояулар дайындау үшін қолданылады. Ал қосалқыларына гипстік пішіндер мен капсельдер дайындауға қолданылатын материалдарды жатқызады. керамикалық өнімдерді дайындаудың бірінші кезеңі бірнеше жүйелі технологиялық операциялардан түрады. Бастапқыда шикізатты зиян минералды кірінділерден тазалайды, сосын үсақтайды, үнтақтайды, сүзгіштен елейді. Қоспаға арналған барлық қүрамдауыштардың дозасын анықтайды және бір бірімен араластырады. Өнімді қалыптау пластик және сүйық (шликер деп аталатын) керамикалық массалардан жүзеге асырылады. Ірі өндірістерде қарапайым пішіндердегі өнімдер (мысалы, кеселер мен тәрелкелер) автоматтар мен жартылай автоматтарда болат шаблондардың көмегімен гипстік қа- лыптарда ылғалдылығы 24-26 % пластик массадан қалыптастырады. Пішіні бойынша күрделі және әркелкі керамикалық өнімдер гипстік қалыптарға ылғалдылығы 30-35 % шликерден қүю тәсілімен дайындайды.
Қүю ісі - әлемдегі ең ежелгі қолөнерінің бірі, дайындау және қүюдың кез келген кезеңінде мүқияттылықты талап ететін, еңбекті көп қажет ететін және күрделі жүмыс. Үлгісін жасаудан бастап қолаға соңғы қүюға дейін. Бірақ жүмсалған күш нәтижесіне сай болады. Қүйылған өнімдер керемет сыртқы келбетімен ерекшеленеді. Қоладан, жезден жасалған өнімнің беткі қабаты жылдар өткен сайын оксидті қабықшамен жабылады - бүл өнімдердің сыртқы келбетіне антиквар- лық түр береді. Жылдар өткен сайын қоладан жасалған өнімдер ескілік қабықшасымен жабылып, қымбат шарап секілді, бағалары жоғарылайды.
Ежелде мыс мағынасын өзгерту қиын болатын. Бүл қорытпа төзімділікке, тотқа қарсы түрақтылығына, үзаққа шыдам- дылығына және керемет созылмалылыққа ие болатын, сол себептен ыдыс, сайман, қару, өнір туындыларын, әшекейлер және тіпті ақша дайындауда таптырмас болатын.
Темір пайда болған қоланың стратегиялық зат ретінде маңызы айтарлықтай төмендеді, дегенмен жоғалып кеткен жоқ. Ал өнер саласында оған бүрынғыдай теңі жоқ.
Қазір қола бірініші кезекте өнер материалы ретінде қабылданады. Ғасырлар емес, мыңжылдықтардан өткен шағын статуэткалар мен үлкен скульптуралар нағыз қоланың не екенін білдіреді. Қазірдің өзінде материалды көп пайдаланады. Оның созылмалылығы, икемділігі, бастапқы түс гаммасы, сыртқы факторларға төзімділігі тамаша.
Өнер заттарына жатпаса да, интерьердің ең әдемі бөлігін қүрайтын әшекейлер де танымал: баспалдақ таяныштары- ның, баспалдақтардың, карниздердің соғылған және қүйылған әшекейлері керемет.
Түрмыстық заттар - шам қойғыштар және жарықшамдар, жазу қүралдары және киім ілгіштер, айналар мен картина- ларға арналған арқаулар, аяқ киім қойғыштар, тіпті қола жиһаз, дәлірек айтқанда, осындай жиһаздың безендіру бөлігі - осының барлығы интерьерге жайлылық және мәртебелі молшылық беретіні сөзсіз.
Өндірістік жоспар
Төмендегі кестеде жобаны іске асыру жылдары бойынша жоспарланған өндіріс бағдарламасы үсынылған.
Сатылым көлемі
2 019
2 020
2 021
2 022
2023
2024
2025
Қуаттылық, %
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
Керамикадан жасалған шағын скульптуралар
75
180
180
180
180
180
180
Керамикадан жасалған үлкен скульптуралар
50
120
120
120
120
120
120
Темірден жасалған өнімдер
60
144
144
144
144
144
144
Бағаны қалыптастыру нарықтағы бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген. Кесте - Керамикалық өнімдерге жоспарланған бағалар, теңге
Сату бағасы (өнім бірлігі үшін)
2 019
2 020
2 021
2 022
2023
2024
2025
Керамикадан жасалған шағын скульптуралар
5 000
5 000
5 000
5 000
5 000
5 000
5 000
Керамикадан жасалған үлкен скульптуралар
20 000
20 000
20 000
20 000
20 000
20 000
20 000
Темірден жасалған өнімдер
30 000
30 000
30 000
30 000
30 000
30 000
30 000
Маркетингтік жоспар
Өнім (қызмет) нарығының сипаты
Қазір қола бірініші кезекте өнер материалы ретінде қабылданады. Ғасырлар емес, мыңжылдықтардан өткен шағын статуэткалар мен үлкен скульптуралар нағыз қоланың не екенін білдіреді. Қазірдің өзінде материалды көп пайдаланады. Оның созылмалылығы, икемділігі, бастапқы түс гаммасы, сыртық факторларға төзімділігі тамаша.
Өнер заттарына жатпаса да, интерьердің ең әдемі бөлігін құрайтын әшекейлер де танымал: баспалдақ таяныштары- ның, баспалдақтардың, карниздердің соғылған және құйылған әшекейлері керемет.
Тұрмыстық заттар - шам қойғыштар және жарықшамдар, жазу құралдары және киім ілгіштер, айналар мен картина- ларға арналған арқаулар, аяқ киім қойғыштар, тіпті қола жиһаз, дәлірек айтқанда, осындай жиһаздың безендіру бөлігі - осының барлығы интерьерге жайлылық және мәртебелі молшылық беретіні сөзсіз.
Қола - жақсы құрылмалық материал, дегенмен ол құрылыста осындай сипатта қолданылмйды: тым қымбат. Дегенмен, оның тотқа қарсы төзімділігі мен ұзаққа шыдамдылығы таптырмас болатын бөлшектер мен заттарға қолданылады.
Қола қатты скульптуралық материалдарға және аса ұзаққа шыдамды материалдарға жатады. Қола төзімділігі мен сенімділігі бойынша тастан қалмайды, тіпті озады, себебі температура өзгерістеріне сезімталдылығы аз. Бұдан басқа, ма- териал керемет тотқа қарсы тұрақтылығына ие және шөгілуі төмен, ол металға ең күрделі сурет салуға мүмкіндік береді.
Қорытпадан үй-жайды безендіру үшін қолданылатын ең ірі ескерткіштер және шағын статуэткалар жасалынады. Мүсіндерді дайындау техникасы - құюмен жасалады.
Бастапқыда скульптура әзірлемесін балауыздан жасайды. Бұл материал қалыпты температурада өте икемді және ең микроскоптық қабатты, тіпті көзге көрінбейтін тері кедір-бұдырына дейін жасауға мүмкіндік береді. Сосын әзірлемеге саз қабатын жағады және құю үшін дайын пішінді ала отырып, балауызды ерітеді. Сосын қоланың кезегі келеді.
Әсерін ұлғайту үшін дайын скульптураны жалтырауын және түстердің ойнауын ұлғайта отырып, тегістеуге болады.
Қоладан ескерткіш тақталар, эмблемалар, барельефтер, елтаңбалар және т.б. жасалады. Бұл бақша сәулетінің сүйікті материалы: фонтандар, орындықтар, күркелер, шеңбер күркелер бөлшектері, бақша скульптурасы және қоладан жасалған басқа да заттар әрдайым керемет.
Маркетинг стратегиясы
Жобаның басты мақсаты нарыққа ену және онда бұдан әрі тіршілік ету болып табылады.
Кәсіпорындарға өнімді өткізуді ұйымдастыру келесі қағидаларды ескерумен жүзеге асыру болжамдалып отыр:
Бәсекеге қабілеттілікті үнемі қадағалау және оны жетілдіру үшін жұмыс жасау;
Сұранысты қалыптастыру және сатуды ынталандыру, имидж қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бой- ынша шаралар кешенін пайдалану.
Сұранысты қалыптастыру және сатуды ынталандыру келесі сәттерге байланысты жоспарлануда:
Басқалармен салыстырғанда бағалардың салыстырмалы төмен деңгейі;
Заманауи жабдық.
Кәсіпорын жоспарларында - шығарылатын өнімнің көлемін арттыру.
Кесте - жобаның SWOT-талдауы
Сыртқы орта
Мүмкіндіктер
Өндірістік қуаттылықты кеңейту. Ұсынылған қызметтер ассортиментін және сапасын ұлғайту.
Қауіптер
Баламалы тауарларды ұсыну кәсіпорындарын ұйымдастыру
Ішкі орта
Артықшылықтар
Жоғары технологиялық және заманауи жабдықты пайдалану.
Кемшіліктер
Кәсіпорынның танымастығы (жаңа жоба). Шикізат бағаларына тәуелділік.
керамикалық өнімдер өндірісі бойынша реттелген өндірістік инфрақүрылымды қүру;
өнім алу үшін өндіріс үйымдастыру.
Қоршаған ортаға әсері
Жалпы кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтірмейді, себебі өндіріс зиян қалдықтар шығарумен байланысты емес, тех- нологиялық үрдісте зиян қүрамдауыштар мен заттар қолданылмайды. Кәсіпкердің міндеті қоршаған ортаны қалдықтар- мен ластамау.
Ж¥ҚА КИІЗДЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДАМЫТУШЫ КІТАПШАЛАР МЕН ОйЫНШЫҚТАР ӨНДІРУ ШАҒЫН ЦЕХІН АШУ