$
services.atameken.kz атамекен қысқы нөмір 1432
www.atameken.kz 35
Қазіргі уақытта нарықта BigBob. Мачо, Караван орехов, Beerka секілді ресейлік жержаңғақ өндірушілерінің брендтері басымды орынды алады.
Жержаңғақ жылуды ұнататын дақыл екені мәлім, сондықтан бұл өсімдік субтропикалық елдерде аса кеңінен таралған. Ресей төмен климаттық белдікте тұрғаны анық. Сонымен, жержаңғақты субтропикалық елдерден төмен климаттық бел- дікке жеткізу арақашықтығы 3 000-5 000 км құрайды. Шикізатты жеткізу шығындары да айтарлықтай қымбат. Бұдан басқа, жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Ресейден айтарлықтай ірі импортшы болып табылады, осыған байланысты ресей өндірушілері артық иық есебінен кері тарапқа жеткізу бойынша көптеген шығындарды көтереді, шамамен 2000 км. Осы жағдай артықшылығын көрсетеді және Қазақстанды оның географиялық қолайлы орналасқан жеріне байланысты өндіріс ашу үшін бастамалар жасайды.
Осылай, дайын өнімді тасымалдау шығындарн төмендету есебінен өнімнің өзіндік құны төмендайтін болады, ол ком- панияның бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтады.
Баға саясаты
Баға көптеген факторларға тәуелді көрсеткіш болып табылады, олардың негізгісі мыналар:
тауар сапасы,
брендтер, сауда белгілері,
қаптама,
қалталау,
түрлілігі,
өнім сатылатын сауда кәсіпорнының санаты,
географиялық және аумақтық айырмашылықтар.
Бөлшектеп сату базалары
Кәсіпорын жылдам аяққа тұру мақсатында баға саясаты бір қаптамадан 20-25% маржа, сондай-ақ, дистрибьютер- лердің 5-10% маржа есебінен дүкендердің, сыра дүкендерінің өткізу көлемдерін ұлғайтуға бағытталатын болады.
Көтерме бағалар
Жақын келешекте Рамстор, Магнум, Метро, А2, Green секілді ірі супермаркеттермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу жұмысы жасалатын болады және баға саясаты бірінші кезекте бөлшек сауда табыстылығына және өндірістік қу- аттылыққа байланысты болады.
Бұдан басқа, егінді жинағаннан кейін егінді келесі жинағанға дейін шикізат бағасының күтілетін өсімін ескеру маңы- зды, сондықтан жеткізуге фьючерстік келісімшарт жасасу және көлем мен бағаны бекіту қажет. Бұл жұмыс қазіргі таңда әлеуетті жеткізушілермен жүргізілуде.
Маркетинг стратегиясы
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі көбінесе таңдалған сәтті жүзеге асырылған маркетинг стратегиясына байланы- сты болады. ЖК маркетинг стратегиясы келесі негізгі элементтерді көздейді:
баға қалыптастыруын оңтайландыру;
шығарылған өнімнің жарнамасы және жылжыту.
Сонымен қатар белгіленген мақсаттарға қолжеткізу маркетингтің барлық құралдарын тиімді пайдалану және кәсіби үйлестіру барысында ғана мүмкін.
Технологиялық үрдіс
Тұз және бұрыш қосылған қуырылған жержаңғақ өндірісінің технологиялық үрдісі бірнеше негізінқалаушы кезеңдер- ден тұрады.
Бірінші кезең - тәуелсіз зертханалар шикізатты (шикі тазаланған жержаңғақ) зертханалық бақылауы.
Екінші кезең - қуыру. Біздің цех барабанның минутына 14 айналым айналу жылдамдығымен 140-240°С температура- сында пеште тазаланған жержаңғақты қуыруды жоспарлап отыр. Куырылған жержаңғақты шығару дайындалған ыдысқа кері иірмекпен реверсивті әдіспен жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - араластыру. Қуырылған жержаңғақ тұз және бұрышпен араластыру кезеңінен өтеді. Жержаңғақ өзе- гіне тұз бен бұрыш біркелкі жағылуы үшін күнбағыс майын аздап қосумен барабанды сегіз қырлы араластырғышты қол- дану болжамдалады. Қолдануға дайын жержаңғақты шығару тиісті ыдысқа механикалық тәсілмен жүзеге асырылады.
Төртінші кезең - қалталау және қаптау. Дайын жержаңғақ арнайы әзірленген қаптамаға бөліп, қаптайтын қаптау-қал- талау машинасының ыдысына салынады. Салмағы 90 грамм және 180 грамм қаптамамен шығады. Тұзбен және бұрышпен екі түрі бар.
Қаптама дизайны қазір әзірленген және партияға сапа сертификатын (декларациясын) алған соң Қытайдағы өн- дірушілерге клише және Алматы қаласына полипропиленді темір қабықша әзірлеу үшін жолданатын болады.
Куырылған тұздалған және бұрышталған жержаңғақ өндірісі үшін келесі шикізат және негізгі материалдар қолданы- лады:
қабығынан тазаланған жержаңғақ, іріктелген, N-5+ фракциялы, жоғарғы сұрып;
ас тұзы немесе ащылығы әлсіз бұрыш;
күнбағыс майы.
Органолептикалық көрсеткіштер бойынша жеміс шырындары мен шірнелер кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
№
|
Тауар атауы
|
сипаттамасы
|
1.
|
Сыртқы пішіні және қоюлығы
|
Жержаңғақ өзегі осы түрге сипатты сыртқы пішінге, қалыпқа және көлемдерге ие болуы тиіс. Бірқалыпты, таза болуы керек,
|
2.
|
Дәмі және иісі
|
Өзектер осы түрге сипатты дәмі және иісі болуы, басқа иіссіз және/немесе ащы дәмсіз, шірік иіссіз және бұзылмаған болуы тиіс.
|
3.
|
Түсі
|
Кремді-қоңыр түске сәйкес келуі тиіс.
|
Физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жержаңғақ өзектері кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Кәсіпорыннан шыққандағы өнім температурасы 25°С аспайды.
Көрсеткіш атауы
|
Жержанғақ өзегі үшін норма
|
Ылғалдылықтың салмақ үлесі, %, кем емес
|
7,0
|
Басқа қоспалардың салмақ үлесі (шаң, лас, жер түйіршіктері, тастар, қауыз, сабақ бөліктері), %, кем емес
|
1,0
|
Зақымдалған бұршақтардың/өзектердің салмақ үлесі, %, кем емес
|
0,5
|
Тыржиған бұршақтардың/өзектердің салмақ үлесі, %, кем емес
|
3,0
|
Тазаланған өзектердің салмақ үлесі, %, кем емес
|
0,5
|
Екі жартыға сынған және жарылған өзектердің салмақ үлесі, %, кем емес
|
10,0
|
Бос бұршақтардың салмақ үлесі, %, кем емес
|
-
|
Өзге түрлерінің салмақ үлесі, %, кем емес
|
5,0
|
Жержаңғақтың негізгі шикі тазаланған өзектерін жеткізуші өзбек компаниялары болады:
Netigo компаниясы - жас, дегенмен сенімді көтерме әріптес ретінде өзін табысты ұсынған компания. Біздің бағыты- мыз жоғары сапалы жержаңғақтарды, кептірілген жемістерді және бұршақтарды әлемдік нарыққа жеткізу. Біз кондитер- лік өнімдер өндірісімен айналысатын ірі компаниялармен, сондай-ақ, орта және шағын кәсіпкерлермен қызмет атқарамыз.
Компания қызметінің негізгі бағыттары сатып алушылардың пайдалы және дәмді тамақтанудағы сұраныстарын барын- ша қанағаттандыратын табиғи кептірілген жемістерді өткізу, сонымен қатар, қайта өңдеу кәсіпорындарына өнеркәсіптік жеткізу болып табылады. Компанияның маркетингтік саясаты сапа белгісі болып табылатын және бөлшек саудада кеңі- нен ұсынылған өз бренді бар өнімді құру есебінен жаңғақтар және кептірілген жемістер нарығында көшбасшылықты орынға нығаюға бағытталған.
JAF, ФХ компаниясы - экспортқа кептірілген жемістерді, жаңғақтарды, каперстерді және бұршақ өнімдерін әлемнің кез келген нүктесіне сату.
Достарыңызбен бөлісу: |