І-ші операциялық жыл үшін табыстар және шыгындар туралы есеп
Көрсеткіштер
Жыл үшін барлыгы. теңге
Сатудан түсім
Жұмсақ балмұздақты сату
5 400 000
ЖАЛПЫ
5 400 000
Шығындар
НҚ сатып алу шығындары
936 000
Шикізат және материалдар
1 759 500
Жалақы
600 000
Әлеуметтік салық жэне элеуметтік аударымдар
99 900
Коммуналдық шығындар
55 500
Өтемпұл
180 000
Өндіріс шыгындарының барлыгы
3 630 400
Көлік шығындары
66 000
Басқа шығындар (жарнама)
5 000
Пайыздар бойынша шығындар
54 513
ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР
3 755 913
Салық салынганга дейінгі табыс
1 644 087
ЖТС жэне МЗС
132 000
Таза табыс
1 512 087
Ұйымдастыру жоспары.
Қызметкерлер құрамы Қажет болатын қызметкерлер - ол сатушылар. Нүкте үшеу болатындықтан, әрбір нүктеге 1 сатушыдан қажет, дәлірек айтқанда, 3 сатушы қажет болады.
Шикізатты жеткізумен, фризерлерді орнатудың аса қолайлы орындарын іздеумен, жарнамамен тікелей кәсіпкердің өзі айналысатын болады.
ЖК үшін әлеуметтік салық: 5 400 000теңге *3% = 162000 теңге *0,5, онда ЖТС = 81000 теңге, ЖК үшін әлеуметтік аударымдар: 42500 теңге (1ЕТЖ) *3,5%*12ай= 17850 теңге (д.а. ӘА>ӘС, онда ӘС=0, ал ӘА=ӘС), салық салудың жеңіл- детілген жүйесі бойынша ЖК үшін ӘА - ӘС аспауы тиіс, егер ӘА - ӘС жоғары болса, онда ӘА=ӘС. ЖК үшін зейнетақы аударымдары: 42500 теңге (1ЕТЖ) *10% = 4250 теңге *12ай= 51000 теңге.
Қызметкерлердің әлеуметтік аударымдары міндетті зейнетақы салымдарын алып тастағанда жалақы сомасынан 3,5 % тең болады: (600 000 теңге (ҚА) - 60 000 (МЗС))*3,5% = 18 900 теңге.
8. ПАЙДАЛЫ ТАҢҒЫ АС ӨНДІРУ
Жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: Гранола өндірісін ұйымдастыру Өнімі: гранола
Жоба құны: 2 606 400 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 25 ай. Жоба тұжырымдамасы
Жоба мәні: гранола өндіру және сату. Гранола - пеште пісірілген, бал және үйеңкі шәрбатымен карамелденген сұлы үлпектері, жаңғақтар, жеміс езбесі және кептірілген жемістер.
Жобаның мақсаты мен міндеті: елдегі жеңіл тамақ өнеркәсібін дамытуға көмектесу; табиғи және пайдалы гранола өндірісінің кепілденген көлемдерін қалыптастыру.
Бұл жобаны іске асыру кәсіпорынға табиғи гранола шығару жөніндегі өндірістік қызметті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол мыналарға әкеледі:
Мюсли және өзге құрғақ таңғы астарға сұраныс тоқтамай өсуде, өндірісті жақсы ұйымдастырған жағдайда өте жоғары табыс алуға болады. Бұл өнім өзінің тамақтану рационын қадағалайтын, сұлулығын, денсаулығын ойлайтын, диета ұстай- тын немесе ауыз бекітетін адамдардың сұранысын қанағаттандыруға арналған.
Таңғы ас және пайдалы жеңіл-желпі тамақтану тақырыбы әрдайым өте өзекті. Әсіресе өз дене бітімін қадағалайтын және өз денсаулығын ойлайтын адамдар үшін. Қуырылған жұмыртқа, бутерброд және аздап мезі болған ботқа орнына аса шығармашылық, дәмді әрі пайдалы нәрсе дайындауға болады. Бұл жай ғана сұлы немесе мюсли емес, бұл - гранола! Қытырлақ, ішінде жаңғақ, жидек немесе шоколад, бал және қоспалардың жылы және татымды дәмі бар, бүкіл күнге қуат береді. Аса дәмді және пайдалы тамақты ойлап табу мүмкін емес шығар.
Граноланың пайдалы қасиеттері: Энергетикалық жаттызу.
Гранола үшін негіз жасалатын дәндер баяу сіңуінің арқасында қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді. Тұтас астықты дақылдар қосылған тамақты таңғы асқа қолданған адамды ұзақ уақыт аштық мазаламайды - тіпті ол адам түске дейін сер- гек әрі қуаты мол болады.
Бүкіл күнге тамаша көңіл күй.
Гранола көбінесе құрамына кіретін кептірілген жемістер, жидектер және өзге дәмді қоспалардың арқасында тәтті бо- лады. Жеу барысында адам ағзасында жүйке жүйесіне оң әсерін беретін серотонин, нейромедиатордың жеткілікті көлемі бөлінеді.
АІЖ жұмысын қалпына келтіру.
Дәндер суды байланыстырып, ішек бұзылуының және тіпті тоқ ішек обырының алдын алуға ықпалын тигізе отырып, ас қорытуды жақсартатын жасұныққа бай.
Дәремендер, минералдар және өзге қажетті элементтер қорын толтыру
Кептірілген жемістер, жаңғақтар, шемішкелер, жемістер, жидектер, бал секілді мюсли және гранола құрамына кіретін барлық құрасындар адам үшін қажетті заттектерге: дәрумендерге, магнийге, цинкке, темірге, тамақ талшықтарына, майлы қышқылдарға, микроэлементтерге, калийге және басқаларға бай. Е дәрумені, тиамин, фолий қышқылы - мұның барлығы жаңғақтар мен шемішкелерде бар. Е дәрумені антиоксидант ретінде әрекет етеді, біздің жасушаларымызды бос радикал- дардан қорғайды, жүрек, тері, жүйке жүйесінің саулығын қолдауда маңызды рөл атқарады. Тиамин және фолий қышқылы метаболизмде, жүйке жүйесінің қызмет етуінде, жасушалардың өсуінде, жүйке жүйесінің кейбір ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Сүңзақтық және жеңілдік.
Гранола құрамына кіретін күрделі көмірсулар тез тойымдылыққа ықпал етеді және сонымен қатар, өте баяу сіңеді, ол май басу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Адам тамақтың аз көлемімен тез тояды және одан кейін ұзақ уақыт аштык сезімі мазаламайды.
Бір сөзбен айтқанда, жоғарыдағының барлығын қосқанда, гранола - пайдалы тамақтану үшін керемет шешім!