Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет111/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-174- 


сауа бастады. Аманкүлдің бұзауын салмағаны қалай? Қара сиыр мөңіреп қашаға келді. Бұзауы 
жауап қатпады. Қашаны әрі айналды, бері айналды, бұзауы ұшты
-
күйлі жоқ. Не істерін білмей, 
безек қақты. Қалың сиыр ішін әрлі
-
бері кезіп шықты, бұзауы жоқ. Олай
-
бұлай жалтақтап көзін 
сатты, бұзауы жоқ. Қашаға қайта келді, бұзауы жоқ. Қара сиырдың іші бір сұмдықтың болғанын 
сезді. Арал
-
төбе шөгіп, қалың қамыс жапырылып, Шу өзені тоқтап қалғандай болды. Бауырында 
бір
-
бір бұзауы бар басқа сиырлар қандай бақытты
еді. Қара сиыр бір түрлі аласарып, шөгіп 
кеткендей болды. Суық ызғар, өксікті өкініш кернеп барады бойын.

Өк, Өк, ей!
Бақташының өктем үні шығып қалды. Сиырлар өруге айналды. Олардың ойында не бар, 
күндегі әдеті. Қара сиырға бүгін оларға ілесу қайда? Бұзауы қалып барады емес пе осында. 
Осында болмағанымен, өрісте жоқ бәрібір. Сондықтан не бар бұған
онда. Қара сиыр оқшауланып 
қашаға қарай жүрді.

Не бар, ей, бұған
қашада?
Келгенбай ұмтылып кеп, ұзын қамшысымен шарт дегізді. Өткір
ұштық жонын тіліп өткендей 
болды. Қара сиыр қашаны айнала қашты. Сиырдың қиқар мінезінен әккі болған күрең ат аузын 
айдаһардай ашып келіп, дәл жамбастан бір мытып алды. Келгенбай енді ұрмады. Күрең аттың өзі
-
ақ мұны бастырмалатып келіп, қалың табынға тықты

Қара
сиыр дөңге шыққан соң, артына қарады. Бұзау қашасы қол бұлғап шақыратындай. Көзіне 
ыстық, оттай басылды. Тіптен «бұзауың мұндалайтындай». Ылдиға қарай салып
ұрып жөнелді. 
Қамшыға да, күрең аттың өткір тісіне де бой бермей, өлген
-
тірілгеніне карамай, қашаға бір
-
ақ 
жетті. Мұның көнбесін білген соң Келгенбай:

Әй, баршы! —
деп қолын
бір сілтеді де, көп сиырдың соңынан кете барды.
Қара
сиыр түнімен аласұрды. Бұзау өрісін түгел кезіп шықты. Өкіре
-
өкіре даусы да қарлықты. 
Сенделіп жүріп
-
жүріп, айналып келіп қашаны табады. Сүйікті қызыл бұзауының қаша ағашына 
жабысқан бір топ жүнін тауып алды. Соны иіскеп
-
иіскеп алды. Көзіне мөлтілдеп жас келді. 
Жерден сынық шөп үзіп алған жоқ. Қаншырдай қатып, екі бүйірі өкпесін соқты. Иімей қойды. 
Іштей


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет