Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет130/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
БӘЙТЕРЕК ПЕН ДӘНЕК
 
 
Аққайнардың желкесіндегі ұзынша қолат —
бір үйір қызғалдақтың отаны. Жылда көктемде бұл 
жерде қып
-
қызыл қан құлақ
қызғалдақ көздің жауын алып тұнып тұрады.
Қызғалдақ
жайнап тұрған. Көрген адамның басы айналып, елтіп, әл
-
дәрмені кетер еді. Бір күні 
Алатау сілемдерін құлдилай саулайтын Қордайдың сары желі сарнап соқты
-
ай дейсің бір. Үлпілдеп 
тұрған қызғалдақты айтасыз, тас суырды. Қалың қызғалдақты отап тынды.
Сауылдап төгілген қып
-
қызыл жапырақ Аққайнардың бетін көміп
кетті. Қайнардың астынан 
бұрқ
-
бұрқ атқылаған сан
-
сан көзі қойсын ба, жапырақтарды ысырып, біртін
-
біртін ағысқа түсіріп 
жіберді.
Қызғалдақтардың
дәнегі қалың шөп арасына жасырынған. Кейбірі топырақ жамылып үлгерген. 
Келесі күні күн қызып кетті де, Аққайнардың басын аламан
-
топыр қылып құйын жүріп өтті. Шаң
-
тозаң шыр көбелек айналып, қайнар басындағы алып бәйтеректің ұшар басына өрмеледі. Жеңіл 
жапырақтар әлдеқайда аспанға
қалықтап лағып кеткен, құйын сап басылды. Жаңағы зыр айналған 
әлем
-
тапырық жым болып, құйын
құтыртқан заттың бәрі жан
-
жаққа жайылып жүріп берді.
Бұл аламан
-
асырға қызғалдақтың Дәнегі де қосылып кеткен еді. Құйын басылысымен ол да 
жерге қарай
 
-199- 


теректің бір бұтағынан соң бір бұтағына соғылып, қаңғалақтап
келе жатты.
Өстіп өкпесі өшіп, әл
-
дәрмені құрыған шақта бір жуан бұтақ түбіне құрылған өрмекші торына ілініп қалды. Өрмекші 
ұясынан шыға
салып, зулаған бойы Дәнекті әй
-
шайға қарамай матады да тастады. Сөйтіп, Дәнек 
торға шырмалған күйі жаз бойы тұрды. Күзгі жаңбыр өрмекші торын оған маталған шыбын
-
шіркей, қиқым
-
сиқымымен бірге бәйтерекке жапсырып тастады. Сөйтті де, жер
-
дүниені қар басып 
қалды.
Дәнек бәйтеректің жарығына кіріп кеткен. Қыстай жылы жерде ұйқыға басты.

Көктем келді. Бәйтерек оқтын
-
оқтын сілкініп, шуылдайтын болды. Күн құрғатпай нөсер 
құйып, бәйтеректің өн
бойымен саулап су ағады. Бәйтерек жаңбырға шомылған
сайын жіпсіп, 
рақатқа батып, тазара бастады.
Дәнекті де су әлденеше рет жуып өтті. Өз
-
өзінен желік пайда 
болып, қыбырлай бастады. Жерге түскісі келді. Төменге қарап еді, басы айналды. Жер алыс, лай
-
батпақ екен. Денесі түршікті, Дәнек:

Жерге түссем, ана батпаққа батып кетіп, тұншығып өлемін
-
ау, —
деп қуысқа бұға
түсті.
Кешке қарай күшті дауыл тұрып, Бәйтерек қатты сілкінді. Дәнекте ес қалмады.
Дауыл бір 
саябырсығанда, ол:

Атай, мені аяй гөр! Көп қозғалмаңызшы. Менің сізге еш зияным жоқ қой. Осы кішкентай 
қуысыңызда жата берейінші, —
деп безек қақты.

Әй, сен кім едің? —
деп гүр етті Бәйтерек.

Мен —
Қызғалдақтың Дәнегімін.

Онда несіне қалтырайсың? Секір жерге! Кір қойнына! Жер —
бәріміздің анамыз. Ол сені де 
өндіреді, өсіреді. Жайқалып тұр содан соң, көздің жауын алып.

Өспеймін. Жатам өстіп. Қозғалсам, жел былтырғыдай
іліп әкетіп, тау
-
тасқа соғып, басымды 
айналдырады.

Қой, сен тіл ал! Ондай
-
ондай болмаса, өмірдің қызығы
қайсы? Жер қазір жүмсақ. Қойнына 
кіресің де кетесің. Жер демі ыстық, қыстайғы денеңді алған суықтан әп
-
сәтте арыласың. Балқып, 
өніп жүріп бересің. Көктеп өсесің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет