-
Талғат, мейлі. Алданның айтқаны
-
ақ болсын. Басқа бірдеңе ойластырайық. Қызық кітап бар
ма?
-
Бар.
-
Бар болса, әкел, оқиық.
-
Талғат
шкафтан қалың
қызыл кітапты алып, Бауыржанға ұсына берген.
-
Ұстама
-
а!
-
Не болды мына Алданға тағы?
-
Алма. Жыртасың. Ол —
«Қазақ ертегілері», атамдікі.
Атам «ешкімге оқытпа» деген.
-
Қашан? Атам кітап оқуға ешқашан қарсы болып көрген емес.
-
Оқысаңдар, басқа кітап оқыңдар. Атамның кітабын оқытпаймын мен сендерге.
-
Сен өйтіп керги берме, бала. Таяқ жейсің.
-
Талғат, тиме! Басқа бір ермек табайық.
-
Мейлі, онда дойбы ойнайық.
-
Бар ма еді?
-
Бар.
-
Онда әкел.
-
Әкелмейсің. Ойнамайсыңдар. Шашып құртасыңдар.
-
Шашқаны несі?
Дойбы —
атамдікі, атам «ешкімге ойнатпа» деген. Талғат күйіп кетті.
-
Мынау қайтеді, ей? Қызғаншақ!
Көрсетейін мен саған
...
Талғат інісіне тап берген. Бауыржан ұстап қалды.
-
Талғат, қой! Алдан
-
ақ алсын бәрін. Жүр, біз кеттік далаға.
-
Бара беріңдер.
Қайда барасыңдар,
келесіндер қазір
-
ақ.
-
Өзің
келіп жүрме соңымыздан.
-
Тапқан екенсіңдер ақымақты! Сендер далада сандалып жүргенде отырам үйде.
Домбыра
тартам,
ертегі оқимын, дойбы ойнаймын.
-
Отыр. Көреміз қанша отырғаныңды.
Бауыржан мен Талғат ойын қызығына түсіп кеткен.
Алдан ұмыт болған.
Ал Алдан бұларды ұмытпапты.
Алдан тұр балконда сүмірейіп,
бір қолында домбыра, екіншісіңде —
дойбы, қолтығында —
«Қазақ ертегілері».
-91-
Екеуі
осылай боларын о баста
-
ақ білген.
-
Бауыржан, Талғат,
бері келіңдер, жүріңдер үйге. Мә, мыналарды берем. Атам ұрыспайды.
Алданның сөзіне ешқайсысы
құлақ асқан жоқ, ойындарын жалғастыра берді.
Алдан тұр балконда телміріп.
Достарыңызбен бөлісу: