-
Ата, тағы бір жерінен ақау шықты. Іздеп келемін.
-
Түн ғой. Түнде көрінуші
ме еді? Оны қайдан табасыз? Ертең ерте іздемейсіз бе?
-
Әй
,
Ата
-
ай, әскери байланыс күтіп тұра ма? Талай
-
талай кездесіп жүрген жай ғой. Тапқанда
қандай! Міне, былай кабельден үстап алып, тарта береміз. Мен кеттім. Сен үйіңе бар. Жат.
-
Қазір
келесіз ғой. Сізді күтіп отырамын.
Ақауды
жөндеп қайтқанымша, екі сағаттай уақыт өтті.
Келсем, Ата телефонның түбінде отыр.
-
Сөйлеп жатыр.
Екі адам сөйлесіп жатыр, —
деп күлді.
-
Сен әлі кетпегенсің бе
?
-
Жоқ. Үйге бармаймын дедім.
Сізбен бірге отырып, қой
күзетемін.
Біз енді әр нені айтып отырмыз.
Құс жолын көлденеңінен
кесіп, қызыл
-
жасыл нүкте өтті.
-
Ұшақ па?
-
Ұшақ.
-
Түнде жатпай ма?
-
Жатпайды. Қозғалыста күн
-
түн деген болмайды. Ұшақ, пойыз,
автобус тәулік бойы
қозғалуын, қатынауын тоқтатпайды.
-
Рас, рас, ағай. Біз былтыр Қазақстанға барғанбыз. Соңда пойыз түнде де жүре берген.
-
Әне,
көрдің бе, солай.
Шинельдің үстінде шалқамыздан жатырмыз. Ата жұлдыздар туралы, түнгі
ұшақ туралы менен
көп
-
көп әңгіме сұрады.
Бір уақыт үнсіз қалды. Сөйтсем, тыншып ұйықтап кетіпті. Жарым түн
болды. Атаны шинельмен қымтап қойдым да, телефон қобдишасына басымды сүйеп, қалғи
бастадым. Шылдырлаған сайын тыңдаймын.
Бір уақытта телефон оқтын
-
оқтын шылдырлай
қалды.
-
Бақылау, бақылау! —
деп жатыр екен.
-
Бақылау тындап тұр!
-
Молдашев, жинаймыз. Сен сол басынан орай бер. Ұқтың
ба?
-
Ұқтым
.
Бағанаға шығып, сымды үздім. Ата мұрны пысылдап ұйықтап жатыр. Қимай сәл тұрдым.
Қайтейін,
шинель керек, әрі жалғыз өзін далаға тастап кетуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: