АРЛЫ БАЛА
Ертеде,
бұрынғы өткен заманда, бір мақтаншақ бай болыпты. Ол кешкілік ауыл
сыртындағы
төбеге шығып, еркек кіндіктілерді жинап алып әңгіме
-
дүкен құрып
отырғанды
ұнатады екен. Бір күні төбе басындағы топтың жанына ойнап жүрген
ауыл балалары келе
қалады
.
Ерігіп отырған бай балаларды күрестірмек болады.
Ортаға байдың
баласы шығады. Екі
мықынын таянып талтайып тұрған
бай баласына ешқандай бала батпайды.
-
Кәне, байекеңнің баласымен қайсың күресесіңдер? Келіңдер.
Мырзаға батпайсыңдар, ә?
—
деп бір мосқал жылтыр кара балалардың әрқайсысына бір қадалады
.
Балалардың бәрі жерге қарап, шегіншектей береді.
Мосқал қара енді балаларды шап беріп
шетінен ұстап, бай баласына қарай итеріп жіберіп тұрады. Бай баласы қолына
тиген
баланы
жерге атып ұра береді. Әп
-
сетте балалар ұмар
-
жұмар болады.
Бай қолын көтереді:
-
Уа, тоқтаңдар! Қыранның баласы да қыран, қарғаның баласы да қарға.
Менің баламмен
күресу қайда бұларға? Қойыңдар. Доғар, балам! Біреуін майып қып жүрерсің тағы.
Жұрт тына қалады.
Бай қарқ
-
қарқ күледі, ал баласының екі езуі екі құлағында, мәз.
Сол сәт ортаға бір
бала атып шығып, байдың баласымен ұстаса кетеді. Сол сол
-
ақ екен, әлгі
көз ілеспес шап
-
Достарыңызбен бөлісу: