-
Алулысы жақсы, сылдырлап отырады.
Сылдырына құлақ
тігіп алданып, ат жан
-
жағына
жалтақтамайды.
Ауыздығын салып қойсаң, не болса,
содан елеңдеп, үрке береді. Кел бері,
аяғыңнан алып жіберейін.
Әлдекімнің баласы құсағаны
несі
-
ай жасымсып.
Қабылдың
бетіне жігер оты ду етіп шапшып шыға келді. Әрі
қорланып, әрі шамданып, торы
аттың жалына жармасты. Қолы бір уыс жалға тиер
-
тиместен, әкесі аяғынан алып, Қабылды тоқым
үстіне
дік еткізді.
Торы ат басын шұлғып тастап, тізгін кере, жіті аяңдап келеді. Күмістелген ауыр ауыздықтың
сылдырына қамыс құлағын қайшылап қояды. «Шынында да, ауыздығын алып қойған жақсы екен
ғой. Сылдырына алданып келеді» деп ойлады Қабыл. Егер ары өтіп бара жатқанда ол көрінбесе,
қайтарда ауыздығын салмай
-
ақ қояйын. Ал
көрінсе, қайтсем де салып аламын!»
Қабыл
көшенің аяғына жақындап қалды. Сол жақтағы
ең шеткі шатырлы ақ үй —
агроном
Есбол ағайдікі. Есбол ағай бұл ауылға қызметке жыл басында ауысып, алдыңғы
күні көшіп келді.
Көшіп келгені
бар болсын, Қабылға жақпады.
Кеше күндегі әдетімен өзеннен торы атты суарып қайтқан
сапарында осы үйден Қабылдың өзі
қатарлы мұрны делдиген бір қара бала:
-
Құттөбет, Құттөбет, айт, айтақ! —
деп жұлқынып жүгіріп шықты. Әбден
әккі болған қу екен,
кішкентай сары күшік шәуілдеп, жүгірген
бетімен кеп, торы аттың аяғына жармасты.
Торы ат
жалт бермесі бар үркектеу жылқы еді, құлағын жымқырып ала жөнеле жаздап, тыпыршып қалды.
Құттөбеттің айрылатын түрі жоқ, аттың аяғына
оралады. Бейтаныс бала далбақтап жүгірген бойы
ентелеп келіп, аттың астына кіріп кете жаздады. Сондай да шатақ бала болады екен! Шыбықпен
торы атты осып кеп жіберді.
Торы ат атып кетті. Қабыл ауып
түсіп қала жаздады. Тізгінін тежеп
үлгергенше болмады, ала
жөнелді. Ал басын тоқтатып көр енді! Қабыл «құрыған екенмін» деп
ойлады. Бұл маңда торы атқа жететін жылқы жоқ, өрен
жүйрік.
Артынан
дүбір шықса, қозып
кететін жел табан ұрма.
Қабыл шабу тұрмақ, желуге қорқатын. «Қай күні ала қашар екен» деп
жүрексініп, үнемі сақ жүретін.
Міне, енді алып қашты.
Достарыңызбен бөлісу: