«Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәні бойынша қорытынды аттестаттау сұрақтары


Бастауыш шағын кешенді мектептегі педагогикалық процестің ерекшелігі



бет2/7
Дата08.06.2022
өлшемі34,33 Kb.
#146217
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ШКМ пәнінен мемл.эмтихан сұрақтары Б-18 (копия)

Бастауыш шағын кешенді мектептегі педагогикалық процестің ерекшелігі.

ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.



  1. ШЖБМ-тегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары.

ШЖМ-те оқу – процесінің тиімділігін анықтау
ШЖМ – тің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі.
Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады:
- бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет