Шағын жинақты бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары



Дата07.05.2017
өлшемі91,16 Kb.
#15901
Шағын жинақты бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары

Жунусова Гаухар Мешітбайқызы бастауыш сынып мұғалімі

Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:

Бақылаудың орнына ынталандыру;

Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;

Ауыстырудың орнына сенім білдіру;

Үгіттеудің орнына түсіндіру;

Басқарудың орнына қатысу;

Айғайлаудың орнына әзілдеу;

Кінәлаудің орнына қорғау;



Бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.

Н. Ә. Назарбаев

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, 1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».

ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15 - тен аспайтын болса, 1 - сынып комплект, 15 - тен жоғары 2 немесе 3 - сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 - сынып – комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген.(Гигенические требования к условиям обучения школников в различных видах современных общеобразовательных учреждений №2. 01. 07.- 99г.§2 Пункт 9. 11 - 21 стр.) Мұнда екі сынып - комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5 - тен 15 - ке дейін ғана бала болса онда 1 сынып – комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызыметің ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерді» (- 2000 ж.№32(6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісін ұйымдастыру мен оқу - тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген. ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. ШЖМ – нің оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:

- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады:

- бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;

- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ - тегі оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтын мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8 - 16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32 - 40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеннің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;

- бір сабақтын үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой - өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шындалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қауіпі туады;

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырлатын өздік жұмыстардың мазмұның, көлемін, оларды орындау әдіс - тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім денгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет;

- өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ - нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын артыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;

- дәптер тексеруге, жеке - дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;

- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3 - 4 сынып) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;

- әрбір баланың білім денгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының денгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кенінен қолдануға тырысады.

ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтармен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз денгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Біздің мектепте де оқушы саны аздығына байланысты, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары тек қосарланған сыныптарда оқытылады. Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін арттыру әр ауыл мұғалімінің көкейтесті мәселесі болып табылып отыр.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді» деп атап көрсетті. Біздің мектептің алға қойған өзекті мәселесі: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру». Осы мәселе негізінде әдістеме бірлестігі, оның ішінде әр пән мұғалімі өз алдына шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қойды. Менің алдыма қойылған өзекті мәселем «Қосарланған сынып жанашылдық пен шығармашылық әдіс - тәсілдері арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, білім денгейін көтеру». Бұл мәселені шешу үшін мен өз денгейімді, сонымен қатар оқушылардың денгейін ескере келе алдыма мақсат пен міндеттерді қоюды жөн санадым.

Міндетім:

- Өзімнің теориялық білімді күнделікті заман талабына сәйкес етіп жетілдіру.

- Жаңа оқу технологияларының элементтерін тиімді пайдалану.

- Сабақ жоспарлары бойынша түрлендіріп, оқушы білімінің сапасын арттыруға негіздеу.

- Сабақта пайдаланатын қажетті көрнекілік құрал жабдықтардың, сонымен қатар талапқа сай болуын ескеру.

Мақсатым:

- Біріктірілген сыныптардағы әр оқушының алған білім денгейі мемлекеттік білім стандартына негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.

- Оқушылардың шығармашылық денгейін арттырып, өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Ата аналармен тығыз карым - қатынас құру арқылы оқушылардың саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыру, тапсырмаларын орындау барысында жоғары денгейдегі тапсырмаларды орындауға жетекшілік етемін. Бұл мәселе, біріктірілген сыныптар үшін оңай емес, бір 45 минут ішінде екі сыныпқа бірдей білім мазмұнынын толық жақты болуы талап етеді. Мұғалім, яғни ұстаз өз білімділігімен шығармашылық әрекетін толық көрсетіп, балаға берген білімі мол болса, оқушы да оны қабылдап алуға мүмкіндігі болады. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойлаумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.

Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.

Мен өзім шағын жинақты мектепте 7жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жоғарыда көрсетілгендей ШЖМ-тің артықшылықтарымен қоса, кері жақтары да бар.Екі сыныпты қоса оқытқандықтан,әр сыныпта 5сабақ болса,10сабақ жоспарын жазамыз.Шектен тыс жүктеме орындаймыз,мұғалім үшін қиын әрі екі сыныпқа көрнекілік,дидактикалық материалдар дайындау қажет етіледі.Кейбір пәндерде сабақтың тақырыптары бір-біріне ұқсас болғандықтан,сабақ жоспарын бір құрып отырамыз.Мыс:2-сынып Туған жер, 4-сынып Атамекен деген тақырыптар кездесіп қалса,сабақтың мақсатын бір жазып, кіріспе сөз,дидактикалық ойындар,қорытынды бір жазылады.Көбінесе Өзін-өзі тану пәндерін оқытуда көп қиындық тудырмайды.Өйткені тақырыптары бір-біріне ұқсас,жақын болып келеді.Көбіне қиындық тудыратыны, бала санының аздығына байланысты сыныпта топпен,ұжымдық жұмыстар ұйымдастыра алмайсың.Қасындағы сыныптың жастары бір болмағандықтан тағы мүмкіндік жоқ. Ата-аналар жиналысын мектебімізде бір өткіземіз.ШЖМ –те сынып оқушыларының арасында тәртіп бұзушылық тіпті болмайды.Бір оқу бөлмесінде күнде болғандықтан,бір үйдің балаларындай тату.Мектепішілік тәрбие шараларына 1-4 сынып оқушылары түгел қатысып отырады.ШЖМ-тер бір-бірімізбен хабарласып, бір-бірімізге барып тәжірибе алмастырып отырамыз.

Ауылдық жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.

Бірақ кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, ұқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді. Шағын комплектілі мектептегі оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:

сабақтағы тәрбие жұмысы;

• сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;

• елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.

Шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстар әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталғаны дұрыс болады.



Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім

Баяндама тақырыбы:

«Шағын жинақты бастауыш мектептерде оқу-тәрбие

үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет