Қымбатты оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Шахмат ойынының негізгі ережелері». Біз білетін тоғыз құмалақ, дойбы ойындары сияқты бұл ойын - үстелде бір орында отырып екі қарсылас арасында ойналатын ойын. Әлемде бұл ойын жөнінде «патшалар ойыны» деп өте жоғары баға берілген. Себебі шахмат ойынымен айналысу үшін математикалық, логикалық жоғары деңгейдегі біліктілік қажет. Кейбір елдерде, мысалы: Арменияда шахмат математика пәнінен кейін маңызы жағынан екінші пән ретінде міндетті түрде мектеп бағдарламасына енгізілген.