Білімділік мақсаты: Оқушыларға шахмат ойынының мақсатын,ережелерімен фигуралардың жүрістерін, атауларын және шахмат тақтасы туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жинақылыққа,ұқыптылыққа, тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, шахмат тақтасы,шахмат фигуралары, дорба, алтын теңге, презентация, видиоролик
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика
Сайыстың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды түгендеу,назарлаын сабаққа аудару.
2.Оқушыларды топқа бөлу
3.Жұмбақ шешу арқылы оқушыларды 2-і топқа бөлемін.
Жұмбақ: Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып кетеді
Үзіліп түседі. (жапырақ)
Аң көрмесінде тұрмайды,
Базарлықтарды алмайды,
Ол қиғаштай жүреді,
Тұмсықпен ол жүргізеді. (Піл).
Достарыңызбен бөлісу: |