(көмірқышқыл газы) Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Болмаса ол, жер бетінде өмір жоқ
Ақыры жанған отың тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ
(оттегі) Су бетінде қалықтап,
Қандай металл жүзеді
Айтшы ойланып, денеңде
Жетпейтін қандай тұз еді?
(ас тұзы) Кұмістей түсі жылтыр, өзі сұйық
Қандай металл, құрал жасар оны құйып?
(сынап)
3 тур. «Ғажайып жетілік» Бұл турда командадан бір- бір оқушыдан шығып, интерактивті тақтадағы ұяшықтардың біреуін таңдайды. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Химия тарихы 20 30 40 50
Металдар әлемі 20 30 40 50
Қызықты тәжірибелер 20 30 40 50
Еркін сұрақтар 20 30 40 50
1. Химия тарихының сұрақтары: 20. біздің заманымыздың басында небәрі 7 металл белгілі болған және олар сәйкес 7 ғаламшарға теңестірілген. Осы металдарды және оған сәйкес 7 ғаламшарды атаңыз.
Жауабы: Алтын – күн, Күміс- ай, Мыс – марс, Қорғасын- сатурн, Қалайы- юпитер, Мырыш- жер, Темір – шолпан. 30. Азот қышқылының тұздары нитраттар деп аталатыны белгілі ал осы тұздардыалхимиктер қалай атаған? Селитра 40.Флогистон сөзі қандай мағынаны береді және бұл теорияның авторы кім? Жанғыш деген мағына береді.Авторы – Шталь 50. Д.И.Менделеев қашан және қандай мақсатта әуе шарымен аспанға көтерілген ? 1887 жылы ауаның жоғарғы қабатын зерттеу үшін.