Кештің түрі:танымдық, эстафеталық.
Көрнекілігі: слайд, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар, сөзжұмбақтар, перфокарталар, периодтық жүйе.
Пәнаралық байланыс:биология, физика, медицина, география, тарих, әдебиет, геология.
Ұйымдастыру барысы: Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым!
«Сиқырлы ғылым ғажаптары» атты 9-10- сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл –тон, аңдығанға тозбай тұғын,
Білім –кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбай тұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
«Менделеев» тобы
«Эйнштейн» тобы
«Кюрий» тобы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1. Химия пәнінің мұғалімі Казиханова Эльмира
2. Химия пәнінің мұғалімі Хайрекеева Гүлнафис
Кештің барысында әрбір команда өздерін таныстырып, капитандарын сайлайды. Кеш негізінен, эстафеталық бағытта жүргізіледі. Ол 6 турдан тұрады:
1тур: Еркін сұрақтар
2 тур: «Жарқыраған шың»
3 тур: Ғажайып жетілік
4 тур: «Нағыз химик – ол нағыз философ» Басқатырғылар шешу
5 тур: «Біз - химия ғасырының тұрғындарымыз » атты оқушылардың өз ойларын сурет салу арқылы жеткізуі.