Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар


*** Орыстың ақылды əйелдерінің бірі Алла Демидованы ерекше ұнатамын. «Чужого знания нет



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
***
Орыстың ақылды əйелдерінің бірі Алла Демидованы ерекше
ұнатамын. «Чужого знания нет.
 
Любое знание присваивается,
аккумулируется в тебе, перерабатывается и уходит в забытье,
в подсознание. А потом ты его используешь, как свое. Собственно, это
и есть творчество: из ничего — что-то». Осындай керемет ойды айта
білген адамды қалай сыйламайсың?
Шынында 
да 
кез-келген 
мықты 
суреткеріңіз 
де 
өзіне
дейінгілердің білімімен сусындау арқылы ғана шедевр жасай алады.
Шынында да білім – баршаға ортақ. Басқа біреудің білімі деген жоқ.
Тек адамзаттың білімі ғана бар. Алла Демидова осыны қалай дəл
аңғара білгеніне əлі күнге дейін сүйсінемін.
***
Өтірік айту үшін де адамға біраз ақыл керек. Ал, сондай мол 
ақыл бізде жоқ екеніне кейде көзің жетеді. Адамдар бір ай бұрын 
айтқан өтірігін бүгін ұмытып қалып, ертесіне басқаша кестелеп 
отырады. Не айтқаны есінде қалмайтындықтан. Сондықтан да 
ақылыңа сенбесең – өтірік айтып, берекет таппайтының анық. 
«Өтіріктің арты бір-ақ тұтам» деген мəтел осыдан қалса керек.
***
Нарықтық экономика – сырттан қол сұққанды жақтырмайтын
кірпияз процесс. Ол тек өз канондарымен ғана жүргенді тəуір көреді.
Бірақ бізде осы қарапайым қағида сақталмайды. Үкімет популистік


көңіл-күймен айлықты, зейнетақыны көтереді. Өте қажетсіз нəрсе осы.
Əрине, мұнда үлкен саясат жатыр.
Дей тұра, нарық мұндайды көтере алмайды. Аталмыш шара
жүзеге асырылған бойда рынок өз реакциясын міндетті түрде көрсетіп
шыға келеді. Базардағы баға сол сəтте пропорциональды шарықтап
кетеді. Нəтижесінде халық өзіне жасалған жақсылықтан зиян шекпесе,
пайда көрмей дал болып қалады. Не істеу керек?
Үкімет өтірік жақсы атты болғанды қою керек. Мен олардың
басқа жағдайда белсенділік танытқанын қалар едім. Нарықтық
қатынаста девальвация болып тұратыны – заңдылық. Міне, осы тұста
Үкімет индексация жасауды жүзеге асырса, сол халыққа əлдеқайда
пайдалырақ болар еді.
Қысқасы, саясат экономиканың алдына түсіп алып жорғалаудан
гөрі аңдысын аңдып, экономиканың өртін сөндіріп үйренуі тиіс.
Үкімет сонда ғана халқын құтқарушы ретінде бағаланады.
***
Қазақстан сияқты елде мемлекеттік тілді тұншықтырып тұрған
айбарлы орыс тілі ешқашан құрымайтынына ешкімнің шүбə келтірмесі
белгілі. Осыған қарамастан Ресейдің билік басында отырған мүйізі 
қарағайдай азаматтары (шын көңілімізден айтып отырмыз, тілі үшін 
шырылдаған кез-келген ұлтты мадақтау керек) айқай-аттанға басып 
жатыр: «Орыс тілін Ресейде болсын, басқа елде болсын, акцентпен 
бұрмалап сөйлейтіндермен ымырасыз күресуіміз қажет». Ал, керек 
болса! Ешкім ренжіп жатқан жоқ. Ал, біз ше? Біз 
əзірге 
мұндай
мəлімдеме жасауға дəрменсізбіз: «Ойбай, бұл деген – ущемление прав
человека».
Мен айтар едім, иə, бұл – ущемление. Қазақтар үшін. Оны жасап
отырған да өзіміз. «Соқыр десең Құнанбай қажыға тиеді» демекші,
айналып келгенде бəріне қазақтардың өздері кінəлі. Айналайындар-ау,
Елбасының өзі айтқан жоқ па: «Қазақтар, бір-біріңмен қазақша
сөйлесіңдер». Бұдан артық қандай команда керек?


Жоқ, біз жеті қазақ жиналып, жетеміз жеткенше тыраштанып
орысша шүлдірлейміз. Таза орысша сөйлейтін қазақтарды қоя тұрып,
кеше ғана ауылдан келген қара домалақтарымыз «склонениелері» төрт
аяғынан ақсап жатқанымен шаруасы жоқ, орысша сөйлеген болып
күйдіріп отырған жоқ па?!
***
Барлық араласатын адамдарымның арасында курстастарымды
ерекше құрметтеймін. Аш құрсақ кезде араласқан адамдар қалай
болғанда да адалырақ болатынын өмірдің өзі дəлелдеп берген.
***
Əлі күнге дейін мені біреу көзімді бақырайтып қойып мақтаса да,
ең алдымен «бұл неге мақтап тұр екен?» деп қылп ете қаламын. Біреу
жерден алып, жерге салып сынаса да «бұл неге сынап тұр?» деп
ойланамын. Əрине, екі жағдайда да бірдей реакция жасайтыным
ешкімге де қызық емес. Бірақ маған дəл осы маңызды. Өйткені,
өмірдегі əлсіздіктеріміз бен кемшіліктеріміздің бəрі қарабайыр деп
санайтын болмашы нəрселерден бастау алып жатыр.
Өз басым ешқандай мақтауға сенбеймін. Себебі, қазір көп адам
фактімен мақтамайды, жалпылама мақтайды. Жалпылама мақтау – бұл
енді таза драматургия, ал мен нəтижеге ғана сенгім келеді. Адамды
мақтау үшін де еңбектену керек. Фактімен мақтау үшін. Егер осылай
істесек, əлгі мақтап тұрған адамымыз да шынымен риза болар еді-ау!
***
Қазақстанның нарықтық қатынастарды тезірек орнатуына əсер
еткен ерекше оқиғаны жақсы білемін. Ол – Президенттің 1995 жылы
қабылдаған Заң күші бар 109 Жарлығы. Айналасы жарты жылдың 


ішінде жүзден аса Заңның дүниеге келуі біраз ісімізді алға жылжытып 
кеткенін қазір біреу білсе, біреу білмейді. Осы шараның арқасында біз 
уақыттың өзін басып озып, экономикалық жəне əлеуметтік заңдарды 
қабылдаудан Ресейдің де алдына шығып кеттік. Міне, осындай 
нəрселермен мақтануға əбден болады. Өйткені, қарапайым халықтың 
қиын тағдырын тезірек шешуден асқан қандай здравомыслящий (алғаш
рет Абай қолданғандықтан жақсы көремін осы бір сөзді) шаруа болуы
мүмкін?
***
Біздің егде тартқан ағаларымыз жасының үлкендігін саудалауды
əбден меңгеріп алды: «Əй, мен деген əкеңдей адаммын ғой,
айналайын-ау! Ең болмаса, жасымды сыйласайшы!». Бұған мен
«Казахский возростной синдром» деген диагноз ойлап таптым.
Меніңше, осының бəрі – осалдықтың белгісі. Даналық дарымаған
қария шынында да əміршіл келеді. Əкіреңдеп тұрады. Ең сүйкімсіз
көрініс осы.
***
Бүгінгі күні халықаралық бестселлер қатарында тұрған «Побег из
лагеря смерти» деген деректі кітапты оқығаныма өкіндім. Өте ауыр
кітап. Солтүстік Корея мемлекетінің адам төзгісіз саяси концлагерінде
дүниеге келіп, ер жеткен шағында əупіріммен қашып шыққан жалғыз
тұтқын Шин Ин Гынның айтуы бойынша американдық репортер Блейн
Харден жазған бұл кітапты тітіркенбей оқу мүмкін емес. Адам баласы
төзгісіз жағдайдағы осы түрмелерде мыңдаған адам жазықсыз жапа
шеккендері өз алдына, олар адамдық қасиеттерден жұрдай бола
бастаған. Биологиялық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да.
Адам құқығы жолында қашанда басқа мемлекеттің шаруасына
араласуға бүйрегі бұрып тұратын АҚШ-тың дəл осы елге келгенде
ештеңені көрмей отырғанына таң қаламын. Меніңше, олар көргісі


келмейді. 
Өйткені, 
адам 
баласына 
жүргізілетін 
неше 
түрлі
эксперименттер оларға да ауадай қажет екенін жақсы білемін. АҚШ
сондықтан да жұмған аузын ашпай отыр. Қазір АҚШ-тың тиісті
орындары өз еліне қабылдаған Шин Ин Гынның психикалық күйі енді
неге апарып соғарын жіті бақылап отырғанына күмəнім жоқ.
***
«Нұр Астана» мешітінің кіре берісінде аяқ киім киюге арналған
«ложканы» шынжырлап қойыпты. Түсінбедім. Аллатағалаға сенім
білдіруге келген адамдарға да сенбеуді шығарған ба дін қызметшілері?
Құдай өзің сақтай гөр!
***
Бір курстасымыз оқуға бірнеше жыл тапсырып жүріп, кешігіп
түскен. Жасы бəрімізден үлкен. Орысша қақпайды. Ол үшін орыс
əдебиетінен емтихан тапсыру қыл көпірден өткенмен бірдей. Оның да
əдісін тауып алдық. Оқытушыға жалынып жүріп, емтихан билетіне
қазақша жауап беретін болды. Мен қасында қолма-қол орысшаға
аударып отырамын. Қалалық жерде өскенмін, орысша біршама
тəуірмін. Емтихан басталды. Курстасыма Тургеневтің «Отцы и дети»
деген романы туралы сұрақ келді. Орысша білмейтін ол Тургеневті
қайтсін?!
Бірақ оқытушымызға сыр білдірмей, білетін адамға ұқсап сұраққа
мүлде қатысы жоқ əңгімелерді соғып отыр. Арасында маған көзінің
астымен қарап: «Əй, дұрыстап аудар, апай біліп қоймасын» деп
«ескерту» жасайды. Мен де бар білген орысшамды аяп қалмай,
жанталасып «аударып» жатырмын: «В этом романе поднимаются
вопросы нигилизма, вечные проблемы отцов и детей...»
Əйтеуір, екеулеп «жауап беріп» болдық. Апай неше қояр екен деп
күтіп отырмыз: «Я ему ставлю «2». Мен де беріспей жатырмын:
«Почему? Он же хорошо ответил, я хорошо переводил». Бірақ


курстасым екеуміз оңбай ұсталғанымыз бар: «Я внимательно слушала,
как он отвечал на казахском. Он ни разу не сказал ни «Тургенев», ни
«Базаров», ни «нигилизм». Оқытушы осылай қулығын асырып кетті.
Ол кезде орыс тілі жəне шетел əдебиеті пəндерінен де емтиханды
орысша тапсыратынбыз. Əлгі оқиғадан кейін емтиханға кіретін кезде
курстасыма: «Сұрақ Вольтерден келсе, «Вольтер» деген сөзді қос,
Бальзактан келсе «Бальзак» деген сөзді қосып айт» деп үйрететін
болдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет