естіледі. Нобель сыйлығының лауреаты Лев Толстой ше? Қандай
күлкілі!
***
Мен бастықтарды екі топқа бөлер едім. Біріншісі, оңай жұмысты
ауырлататын бастықтар. Өйткені, олар өздерінің маңызды адам екенін
көрсету үшін осылай жасайды. Бұлар бізде өте көп.
Екіншісі, қиын
жұмысты жеңілдете білетін жетекшілер. Мұндай адамдар өздерінен
гөрі істің мүддесін бірінші орынға қояды. Осындай бастықтардың
қарамағында жұмыс істеу – бақыт. Менің үш рет жолым болды. Ермек
Көшербаев, Виктор Кияница жəне Бейбіт Исабаевтардың қарамағында
жұмыс істеген кездері.
***
Үлкен ұлым Нұрланның бойындағы ерекше қасиетке қызығамын.
Ол өзі ешкімге ұрыспайды жəне өзіне сөз келтірмейді.
Оған біреудің
кейіс білдіріп жатқанын көрмеппін. Басқа адамдарды қоспай-ақ
қояйын, өзі əйеліне
ұрыспайды, ал, өз кезегінде, əйелінің де
оған
ұрысуға себеп таппайтынын білемін.
Біріншісі əркімнің қолынан келуі мүмкін. Ал, екіншісі жұрттың
бəрінің қолынан келе бермейді. Өйткені, дұрыс адамға ғана ешкім сөз
айта алмайды. Бұл ұлыма қанмен келген
қасиет деп айтуға аузым
бармайды. Меніңше, бұл – «самовоспитаниенің» жемісі.
***
Адам өмірінде белгілі бір шектеулер болуы керек деп ойлаймын.
Əйтпесе, мына өмірдің мəні болмас еді. Шектен асқан байлыққа кенелу
ақшаның ішкі мазмұнын жоққа шығармай ма? Меніңше, пендеге
ақшаның тапшылығы ғана өзінің қадірі мен қасиетін тезірек ұқтырады.
Кедей адамға өмірде бəрі қызық көрінетіні де сондықтан. Ал, бай
адамды таң қалдыру – қиынның қиыны. Кедейге туған күнінде көйлек
сыйласаң да мəз болады. Ал, қалталы адамның тойына не апарарыңды
білмей ит боласың!
Достарыңызбен бөлісу: