Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар


*** Билікті сынау керек. Бірақ сында өшпенділік емес, жасампаздық басым болуы тиіс. ***



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
***
Билікті сынау керек. Бірақ сында өшпенділік емес, жасампаздық
басым болуы тиіс.
***
Университетте 
оқығанымызда 
бізге 
Райхан 
Ғабитқызы
Мүсірепова ағылшын тілінен сабақ берді. Марқұм өте керемет жан еді.
Сұлу келбеті мен жайсаң мінезі арқылы айналасына тамаша аура төгіп
тұратын. Студенттер тегіс жақсы көреді. Сол кісі кейде сабақ арасында
Америка Құрама Штаттарын мақтай ала жөнеледі. Үндемей, үрпейісіп
қаламыз. Енді ше? Ол кезде АҚШ-қа пиар жасау – тыйым салынудан
бұрын, қылмысты іс.
Үзіліске шыққанда бір курстасымның айтқаны əлі есімде: «Былай
қарасаң, тым жақсы адам, Американы мақтағаннан ұялса, не етті?!».
Қазір қарап отырып таң қаламын: Кеңес идеологиясының күші қандай
зор болған? Жақсы көретін адамыңның өзіне сені қарсы қоя білген.


***
Кез-келген əйел ер адамның бойынан ең алдымен еркекке тəн
ерекше 
нəзіктікті 
көргісі 
келіп 
тұрады. 
Юрий 
Бондаревтің
«Колдовство» деген жиырма жол да болмайтын əңгімесі бар. Осы
керемет дүниені күнде оқимын. Компамдағы 
«жұмыс 
столымда»
көшірулі тұр. Жаңа күнді осы шедеврді оқудан бастайтыным əдетке
айналып 
кетті. 
Таңғы 
интеллектуальдық 
зарядка.
Интеллектуальдықтан бұрын, адами зарядка.
Сондықтан сіздерге де оқып жүруге кеңес беремін: 
«
Я вспомнил,
как поздним вечером мы подошли к дому и возле парадного я,
охваченный горячим огоньком нетерпения, так порывисто и страстно
обнял её, что мы оба едва не упали на ступени. И тогда её голос
невнятным ветерком дошел до меня: «Я знаю, что случится между
тобой и мною. Пожалуйста, скажи, неужели после войны все ребята с
фронта такие?.. Я думала, что там вы огрубели на всю жизнь...» Её
голос не забыт и не забыта сумасшедшая ночь нашей ненасытной
близости, похожей на колдовство, данное мне судьбой в ту
незабвенную ночь за отданные войне годы юности».
Адам 
өмірінің 
контрасқа 
толы 
барлық 
қалтарыстарын
толыққанды аша білген шынайы талант бізге нəзіктіктің ең жоғары
категория екенін, ең сиқырлы күш екенін дəлелдеп бергенімен құнды.
***
Харизманы қолдан жасай алмайсың. Ол адамның ішкі қуатымен
пайда болады. Екіншіден, харизма білімді адамнан білінеді. Оның
үстіне мұндай адамдар мүмкіндігі болып тұрған жағдайдың өзінде
билікке ұмтылмайды. Өзіне толық сенімді адам ғана биліктен бойын
аулақ ұстаса керек. Ақылы аздау адамдар ғана толық сенімділік 
статусын билікте отырып алуға болады деп түсінеді. Ал, 
харизматикалық тұлғалар Құдай берген қасиеттерін дамыта отырып,
ең аяғы өзін-өзі капитализациялау деңгейіне дейін көтере алатыны –


асқан ерекшелік. Өзім араласып жүрген адамдардың ішінде
харизматикалық тұлға деп Шəмшиден Паттеевті айтар едім.
***
Кейбір бастықтардың орынтағынан құласа, жүрегі ауырып,
ауруханаға түсіп қалатыны, тіпті, миыма кірмей қойды. Жақын адамы
қайтыс болғанда мұндай болмайды. Ал, қайдағы бір кресло үшін
инфаркт алып тынады. Қызық! Ойбай-ау, оны əке-шешесі өмір бойы
бастық болып отырсын деп тумаған шығар?!
***
Ертеректе «Известия» газетінен оқыған бір сұхбат ойыма оралып
отыр. Қазір аты-жөні есімде жоқ, Ресей мұсылмандарының дінбасына
газет тілшісі сұрақ қояды: «Сіздер ана жақта өмір бар дейсіздер. Оны
қалай дəлелдейсіз?».
Берген жауабы мынаған саяды: «Əлі өмірге келмеген ана
құрсағындағы бала не ойлайтынын білесіз бе? Ол «өмір деген осы, мен
өмір сүріп жатырмын» деп ойлайды. Шынында да ол анасының
құрсағында дем алады, қоректенеді, ауа жұтады, ал мұның бəрі –
тіршілік нышандары. Дей тұра, ол мына өмірге келетінінен бейхабар.
Мына өмірде не болатынын білмейді де.
Иə, сіз бен біз де сол əлі жалған дүние есігін ашпаған құрсақтағы
бала секілдіміз. Ана өмірде не болатынынан хабарымыз жоқ.
Дегенмен, шын өміріміз сонда. Өйткені, денеден құтылған жан
мəңгілік өмір сүруге бейімделген».
Осы жауапты оқыған кезде дінбасына қатты риза болғаным бар.
Біріншіден, ол логикалық тұрғыда өте дұрыс жауап беріп тұр.
Екіншіден, исламның дұрыс ілім екенін дəлелдеп, діннің беделін
түсіруге жол бермей қалды. Мойындауымыз керек, білімді жəне ой
қорыта білетін адам өзінің де беделін қорғай біледі, ұстанған


идеясының дұрыстығына да əрқашан басқалардың көзін жеткізеді.
***
Адамның көбі бір сызықпен жүргенді тəуір көретінін өмірден 
байқау қиын емес. Керек десеңіз, көзге ұрып тұрған əлеуметтік 
құбылыс. Кісі біткен ұқыпты, тəртіпті «пионер» болғысы келеді. Бұл 
не үрдіс екеніне басым жетпей қойды. Осы тұрғыдан алғанда, біз 
Рахымжан Отарбаевқа бір «Алла разы болсын» айтуға тиіспіз. 
Өркениетті бунтарь сол кісідей-ақ болсын. Менің түсінігімде, ол – 
өмірдің барлық қаймағы бір сызықпен жүрудің аржағында жатқанын 
түсінген көзі бар қаламгер. Сөз өнерінде тактикалық мақсатыңа жету
үшін сұлу торы аттай салиқалы сөз қажет, стратегиялық мақсатыңа 
жету үшін жеті атанға жүк болатындай оқшау-оқшау ой керек. 
Рахымжанда осының екеуі де бар. Оны Ұлылық 
деңгейге 
көтеріп
тұрған осы екі фактор.
***
Əкемізді жер қойнына тапсырғанымызға бүгін 50 күн болды. 
Оның келмес сапарға кеткеніне уақыт өткен сайын сенбеске амалың 
қалмайды. «Бір адам өлсе, адамзат құрып бара жатқандай күй 
кешемін» деген О` Генридің сөзі далада қалады, əкең көзін жұмғанда 
жер ось-інен шығып кеткендей күй кешесің. Эгоизмнен кім ада дейсің, 
əркімнің əкесі – өзіне құт. Осы сөзім дұрыс па, бұрыс па, білмеймін, 
құты қашқан адамның сөзі құрысын. Қалай болғанда да ешкім Құдайға 
қылыш алып жүгіре алмайды. Алланың ісіне көндік. Еске алудан басқа 
қайран көріп тұрған жоқпын.
Бірінші сəт. Үшінші сыныпқа өткен кезім. Папам Алпысбай
екеумізді нағашы əжемнің ауылына апарды. Бір күні Ауан деген жерге
бір үйге қонаққа барып, кейін қайтып келе жатырмыз. Біз баратын
Ақбасты ауылына теңіздің үстімен моторлы қайықпен 10 минутта
жетесің. Жол ортаға келгенде мотор кілт өшті. Аяқ астынан ауа райы


күрт бұзылып, айнала аласапыран болды да кетті. Қайықтың ішіне
толқынның суы тола бастады. Қалбырмен суды кері төккен боламыз.
Бірақ ісіміздің мардымсыз екеніне барған сайын көзіміз жете бастады.
Қайықтағы су орта тұстан асып барады. Ақбасты жақта жағада тұрған
бірнеше қайықты көзі шалған папам сол жаққа қарай айқайлай
бастады. Балапандарын аман алып қалу үшін жанталасқан əкемнің сол
кейпі мəңгі есімде қалып қойды.
Екінші сəт. 1995 жылы шешем қайтыс болды. Алматыдан
Қапшағайға келгенімізде əкем төргі бөлмеде жылап отыр екен.
Əкемнің көзінен жас шыққанын бірінші рет көрдім. Осы сəт əлі
есімнен кетпейді. Кемпірін өлердей жақсы көретін. Ұрысып
жатқандарын бір көрмеппін. Кейінірек кемпір алып бергіміз келді,
қасында қара болып отырсын деген ниетпен. Көнбей қойды: «Өз
кемпірімдей қайдан болсын?! Оларың – далбаса тірлік».
Үшінші сəт. 2006 жылы бірінші шөбересі Бердібек туды.
Астанаға əдейі келген папама шөбересін құшақтатып суретке түсіріп
жатырмыз. Папамның қуанышың не, бақыттан көзі жасаурап тұрды.
Иə, əкем, құдайға мыңда бір шүкір, бақытты өмір сүрді. Əдемі
өмір сүрді. Абыроймен көз жұмды. Шынында да, абыроймен, артыңа
қарамай өлу де сен үшін жалған өмірдегі ең соңғы бақытың сияқты.
***
Бір қараған адамға мен «лох» сияқты көрінетінімді соңғы кезде
анық байқап жүрмін. Мына қызықты қараңыз...
...Астанадағы «Алаша» деген мейрамхананың қасында маңғаз
тұрған мен өмірге аса бір құштарлық оянғанын сезе бастағандаймын.
Сықиып киініп алғанмын. Костюм. Галстук. Қысқасы, кісі болып
тұрмын. Бір кезде қасыма бір орыс əйелі келіп сəлемдесті де: «Я
смотрю вы очень представительный человек» демесі бар ма? Құлаққа
Рональду қақпаға доп тепкендей теуіп тұрғанын қарамайсың ба?! «Что
за проблема?» дедім «лох» еместігімді білдіріп. «Мне срочно нужны
деньги, вы не купите у меня зонтик?» деп пакетінен қолшатырды


шығарды. Қара жыным қайнап кетті. «Представительный человек где
попало зонтик не покупает» дегенім сол еді, əлгі əйел клеген жағына
қарай бұрыла берді.
Ойладым: ол əйел Бальзактың «Отец Горио» романын оқымаған
ғой. Оқыса, зонтикті жауын жауып тұрған күні сатуға шығар еді. Əй,
бірақ, басын жазғысы келіп тұрған адам нарықтық қатынастардың
канондарын қайдан білсін?!
***
Бүгін Аяған Сандыбай ағам хабарласты. Əңгімесінің біссімілəсін
сол баяғы өзінің тұрақты сөз тіркесімен бастады: «Саған аға керек
болмаса да, бізге іні керек, қалайсың, бауырым?». Бірден есіңді жинап
ала қоясың. Өткенде қазақша оқығандар мен орысша білім
алғандардың бір-біріне деген волонтерлік қасиеттерінің қалыптаспай
отырғанын қапаланып жазып едім ғой. Қазір есіме түсіп отыр, біздің
арамызда бір волонтер болса, ол – осы Аяған аға. Өзі орысша тəрбие
алғанына қарамастан, өз тамырынан ажырамаған, əлемдік өркениетті
меңгерген ағамнан көп нəрсені үйрендім. Дəлірек айтсам, ол кісі мені
үйретті. Волонтерлік қасиеті бар адам деп отырғаным сол.
Бүгін екеуміз телефон арқылы сөйлессек те, мен үшін үлкен
мəселенің басын ашып алдық. Аяған аға «Онлайн» ойларды»
орысшаға аударатын болды: «Жазбаларыңның газетте жарияланған
бөлігінен көрдім, ұлттың бірлігі туралы барынша айтылыпты. Осы
əңгімелерді орыс тілді бауырларымыз да оқығаны дұрыс деп
санаймын». Аяған аға тағы да волонтерлігіне басып тұр.
Ризамын, аға, ісіңізге сəттілік!
***
Халыққа 
аса 
танымал 
мемлекеттік 
қайраткер 
Бердібек
Сапарбаевпен Астанада көрші тұрдым. Бердібек Машбекұлының


қарапайымдылығы қайран қалдырады. Ол қасиет – құдайдың сыйы.
Кез-келген адам қарапайым бола алмайды. Бекеңнің басқару ісінде
тамаша табыстарға жетуінің басты сыры – халықтың психологиясын
терең зерттеген басшы. Оның бойынан мен соны айқын байқадым. Ол
кісімен күн сайын кешкілік серуен құрып, өмірдің сан қилы
тақырыбында əңгімелесетінімізді қазір сағынамын. Бекең кейбір
əңгімелерімді естігенде «Шархан, осылардың өзінен неге кітап
жазбайсың?» деп еді бір-екі рет. Мен үндемей құтылатынмын. Сəті
енді түсті бұл дүниенің.
Осы туындының жазылуын тездете түскен тағы бір ағама
ризашылығымды білдіргім келеді. Ол – Қойшығара Салғараұлы.
«Тоғыз тарау туындымды» оқып шыққаннан кейін ол кісі мені осы
кітапты жазуға шабыттандырғаны рас: «Жазуың ұнады, бірақ оның
бəрі күнделікті тақырыптар. Саған енді үлкен дүние жазу керек».
Əрине, мен – жазушы емеспін. Кесек шығарма жазу ешқашан
қолымнан келмес. Оған тыраштанудың да қажеті шамалы. Адам ең
алдымен өзі лəззат алатын шаруалармен айналысқаны жөн. Ал,
публицист ретінде шимайлаған осы «онлайн» ойларым менің тақияма
тар келе қоймайтынын анық білемін.
***
Лев Толстойдан үйрене алған бір-ақ нəрсем бар. Ол жарықтық
бітпеген дүниесінің соңына «ЕБЖ» деген белгі қояды екен. Онысы –
«если буду жив» дегені. Бүгін мен де бұл белгіні осы дүниемнің
соңына қойсам деймін. Өйткені, тірі болсақ, əлі талай ойлар келе
жатар. Оны жазбай тұру мүмкін емес. Өлгеніңше ойланып өту өмірдің
ең басты миссиясындай көрінеді де тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет