Оң-солымызды танып отырып, опық жегеннен асқан азап жоқ.
Егеменді ел болу жолында жиырма үш жыл бойы тірнектеп жинаған
тəжірибемізді бір күнде тəрік етсек, бетімізбен жер баспаймыз ба?
Тарих алдында қас масқара болу қандай қорқынышты! Ең қауіптісі,
басқаларды түсінгенде алдымызға жан салмаймыз, ал, өзімізді өзіміз
қолдауға келгенде кегежеміз кейін тарта береді.
Адам түсініп болмайтын осы парадокстан құтылу ғана бізді
шындықтың
шеңберіне
жақындата
түседі.
Тəуелсіздігімізді
нығайтудың даңғыл жолына жетелейді. Кері байланыстың сызбасы
осындай. Əділетке құрылған сөзге ұмтылу ғана ақиқатқа жеткізеді.
Ақиқатқа ғана жүгінсек, елдігіміз бен ерлігіміз баянды. Сонда ғана
мəңгілік мүддені қорғаудың қамын жасауға жанталасар едік.
Достарыңызбен бөлісу: