Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет32/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

Формативті оқыту әдістері 
Төменде көрсетілген стратегиялар сұрақтар жауабының «дұрыс жолы» 
болатын оқытуға көбірек қатысты (сәйкес келетін оқыту). Мысалға: 
Математика, жаратылыстану пәндері, бухгалтерлік есеп немесе осы 
тәрізді есептеулер; 
Тыныс белгілері, грамматика, аудармалар немесе басқа да тілдік 
дағдылар 
• Мазмұнмен жұмыс: жалпы білім және кез келген пәннің жоспарындағы 
жалпы білім мен түсіну; 
• Оларды практикалық дағдыларды оқытуға, ақиқатында көптеген 
дағдыларды оқытуға бейімдеуге болады; 
• Оларды тұтынушының шағымын қарастыру сияқты, әлеуметтік қатынас 
дағдыларын оқытуға бейімдеуге болады.
1. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауға арналған негізгі ережелер: 
Егер формативті оқытудың әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, 
оқушылар осы әдістерді дұрыс иекемдеп қолдана бастауы тиіс. Оқушылармен 
төменде берілген тармақтарды келісуге тырысыңыз. 
Біз өте жақсы оқитын боламыз, егер біз мыналармен келісетін болсақ,: 
• Егер сіздер қандай бір идеяны алғашқы реттен толық түсінбейтін 
болсаңыз, барлығы да қалыпты және оқыту біршама уақыт алатын болады. 
Егер жұмыс бағаланатын болса, сіздің мақсатыңыз басқа біреудің емес, 
өз рекордыңыздан асып түсу болады. Дегенмен, мүмкіндігінше, жұмысқа баға 
қоюдан аулақ болу қажет.
• Бастысы:
• Сіздің мұны алғашқы реттен жасай алмағаныңыз емес; 
• Сіздің мұны жасай алмауыңыз орынсыз қатеге байланысты емес; 
• Бастысы, сіздің түпкі нәтижеде проблеманы және оның шешімін немесе 
сұрақ пен жауапты түсінгеніңіз; 
• Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үрдісінде барлығымыз да қате 
жібереміз. Шын мәнісінде, бұл біздің оқытудың бір бөлшегі. Егер біз қате 
жібермесек, бұл барынша жоғары қарқында жұмысты жеңіл істейтіндігімізді 
білдіреді. 
• Біздің нені жақсартуымызды көрсететіндіктен қателер жіберу пайдалы. 
• Оқу үшін түсінбегеніңді мойындаған және қателерді мойындаған жақсы, 
содан соң түсіндіруді сұраған жақсы. 
• Ешақашан, тіпті әзілдеп болса да, біреудің қатесіне күлуге болмайды. 


• Егер сіз келесі жолы қателерді болдырмаудың жолын табатын болсаңыз 
және шын мәнінде меңгеретін болсаңыз, қателер сіз үшін пайдалы болады.
Сіз айтарлықтай батылсыз ба? Онда оқушыларыңыз үшін тиісті көңіл-күй 
тудыру үшін жарты сағаттық жаттығу барысында олардан өз қателерін 
байқаған сайын «алақай» деп айтуды өтініңіз! 
Формативті оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек 
Келесі стратегиялардың кейбіреуі өте қиын. Егер оқушылар үшін олар 
күрделі немесе оларды жалықтыратын болса, оларға бөлінген уақытты 
қысқарт аласыз, алайда оларды мүлдем алып тастамаңыз. Оларды пайдаланбай 
қалдыруға болмайды, себебі олар өте тиімді.
Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бірнәрсені қалай 
бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге құнды, бірақ, ауыр тиюі
мүмкін, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі 
бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты 
тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға
мүмкідік береді. Алайда, сіз жалпы кемшіліктерді қарастыру және басты 
сәттерді атап өту үшін оны өткізгеннен кейін, оқушылардың өзін-өзі 
бағалауын және бірін-бірі бағалауын қайта қарастырып, түзету үшін 
түсіндіруді пайдалана аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет