• Мұғалімдердің
оқушылар алған бағаларды, тіпті, жазып та
алмайтындығын Гиббс атап көрсетеді. Мұндай жағдайда, осындай
стратегияны қолдану нәтижесінде орташа баға шамамен, 45%-дан 75%-ға
дейін артады! (әрине, егер сіз қажет деп санаған жағдайда, бағаларды осы
сатыда жинай аласыз).
Өз құрбысының жұмысын бағалау үрдісінің мұғалім жүргізген бағалаумен
салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің
немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері
мен дайын шешімдерді көреді
және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият
зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және
төмендейтінін көреді. Бұл «мақсаттарды» айқындайды. Оқушылар олардан
оқу пәнін анық түсінуді, сондай-ақ бірқатар мақсаттарды талап ететін
өздерінің сыныптастарының жұмысы туралы пікір қалыптастыруға тиіс. Одан
басқа, оқытудың тиімді әдісі болып табылатын оқыту үрдісінен дайын жұмыс
шешімдерін алу жолымен мақсаттарды оқып-біледі.
Бұл тамаша тәсілдің көмегімен оқушылар сіздің бағалай алатыныңыздан
артық орындайды , бірақ оның пайдасы тек бұл ғана емес. Аталған әдіс
«жасырын хабарламаны» білдіреді. Ол оқушыларға қателерді
болдырмауды
және оларды түзетудің жолын көрсетеді, алайда бұдан басқа ол қателерді
жібермеуді және оларды түзетуге болатындығы туралы түсінік береді. Ол
оқушыларға оқудағы жетістіктің туа біткен талантқа емес, жұмысты тиісінше
орындауға байланысты екендігін көрсетеді. Мұндай хабарламаның
маңыздылығын асыра бағалау қиын, дәлелденгендей бұл оқушылардың
уәждемесі мен жетістіктеріне зор әсер етеді. (Двектің тарату материалын
қараңыз, moonfruit сайтындағы дәлелдеме туралы бет).
Оқушылардың жұмыс туралы тамаша
пікір қалыптастыратындығына
немесе қалыптастырмайтындығына қарамастан, Сіз әрбір жағдайға
араласпауға тиіссіз. Қажетті нәтиже - оқушылардың өз пікірлерін түсіндіре
отырып, қателерді түзету үшін жеке мақсат қоя білуіне байланысты. Егер
осындай нәтижеге қол жетсе, бұл көбінесе жеткілікті болады. Әрине, мен
мұғалімдер оқушылардың жұмысын бағалауға тиіс емес деп отырған жоқпын,
бірақ оқушылардың өзара бағалауының төтенше тиімді екенін еске сақтау
керек.
2. Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға
бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым
әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үрдісінің жеңіл болуына байланысты
топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан
орындауға тиіс сұрақтар
немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).
Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және
т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды
және төмендегіге қатысты келісімге келісуге тырысады:
Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және
неліктен?
«Үздік жауаптың» топтық идеясы.
Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау
ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?
Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын
мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.
3. Оқушылардың түсіндірулері
Оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді
СУРЕТ: Оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді.
Бұл Каррол әзірлеген және зерттеген жоғарыда көрсетілгеннің нұсқасы. Ол
қарапайым әдіске қарағанда, неғұрлым көп кезеңнің пайдаланылуына
қарамастан, бұл әдістің оқушыларға дағдыларды тезірек үйренуге және азырақ
қателер жасауға мүмкіндік беретінін байқады (тек қана 1 және 6
кезеңдер
пайдаланылатын жағдайда).
1. Мұғалім қалыпты тәсілмен тақтада «дауыстап ойланып» және түсіндіре
отырып, «бұны қалай жасау керектігін» көрсетеді. Мысалы, белгісіз бұрышты
анықтау үшін тангенстерді қалай пайдалану керек, дәйекшелерді қалай
пайдалану керек, сценарийден ауруды қалай күту керектігі туралы жоспарды
қалай құру керек және т.с.с..
2. Оқушылар жұптары бойынша бөлінеді, өздерінің достарымен болуы
міндетті емес.
3. Мұғалім жауап үлгілері толық өңделген сұрақтардың екі тізбесін
дайындайды. Әрбір тізбе мұғалім көрсеткен сұрақтармен өте ұқсас әртүрлі
типтегі сұрақтардың белгілі бір санынан тұрады. Әр жұп сұрақтардың бір
тізбесін алады. Әрбір оқушы келесі кезеңде бір
сұрақтар тізбесімен жұмыс
жасайды.
4. Оқушылар өз бетінше келесі кезеңге дайындала отырып, бір-бірден
жауап үлгілерін зерделейді (мысалы, 5 минут бойы)
5. Әр оқушы өз серіктесіне не жасалғандығын және неліктен
жасалғандығын, жұмыс әдістері мен стилінің неліктен дұрыс болып
табылатындығын көрсете отырып, өз жауаптар үлгісінің тізбесін түсіндіреді.
6. Содан соң оқушылар қалыпты тәсілмен өз бетінше тапсырмаларды
орындау үшін жұмыс істейді.
Әдістің идеясы мынада - егер мұғалім 1-кезеңнен бірден 6-кезеңге өтіп
кетсе, бұл көптеген оқушылар үшін өте қатты секіріс болатынын білдіреді.
Бұл Блум таксономиясының (жіктеу) білім кезеңінен қолдануға тікелей өтуі
болып табылады. Демек, нашар оқушылар әдісті түсінуге
және қолдануға
тырысады, ал бұл олар үшін өте күрделі болып табылады.
Нашар оқушылар мұғалімнің көрсеткенін түсінетіндігін, бірақ «оны өз
бетінше орындай алмайтындықтарын» жиі айтады. Мұндай стратегия
оқушыларға әдісті өз сөзімен айту арқылы зерделеуге көмектесетін
«басқыштағы қосымша сатыны» білдіреді (Блум таксономиясының түсінуді
бекітуі).
Егер оқушылар түсіндіруді пайдаланатын болса, шағын топтарда немесе
бүкіл сынып үшін түсініктеме бере отырып, оларды ынталандыруға болады.
«Джон, тақтадағы 8-сұрақтың шешімін тақтада түсіндіре аласың ба?»