Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

5. Эстетикалық тәрбие. 
Табиғатқа деген қатынастың қазірі заманғы жаңа мәдениетінің негізінде 
адамның эстетикалық қатынастары мен бағалаушылығы жатыр. Жас ұрпақта 
эстетикалық тәрбиенің қалыптасуын бүкіл оқу-тәрбиелік жұмыстары 
қамтамасыз етеді. Педагогтар табиғатқа тұтас ретінде эстетикалық 
қатынастың маңызын түсіну керек. Табиғатқа индивидуальды эстетикалық 
қатынасты қалыптастыруда манызды рольді табиғи ортамен сезімдік түрде 
тікелей тілдесу кезінде тәжірибе жинақтау, сонымен бірге осы тілдесу процесі 
кезінде индивидуальды эстетикалық бағалауды жүйелі түрде көрсету 
ойнайды. Табиғи объектілерді эстетикалық тұрғыдан қабылдауды 
ұйымдастыруға педагогикалық әсердің маңызы зор. Бұл табиғатқа деген 
тулғаның эстетикалық қатынасының қалыптасқандығын көрсетуге, табиғатқа 
деген эстетикалық қатынастыќ оптимальды үлгілерін айқындауға, және 
белгілі бір ужымды эстетикалық құндылықтарға бағдарлауға көмектеседі. 
Табиғатпен, өнер шығармаларымен тікелей сезімдік байланыстар көбейген 
сайын оқушының табиғатқа деген қатынасын және оның табиғатты қорғау 
әрекетіне дайындығына дем беретін бағыттаушы әсерлердің қоры да көбейе 
түспек. 
Сондықтан әрбір оқушыда тек әлем жөнінде әртүрлі эстетикалық түсінік 
пен өз «табиғатының» таңдаулы образын қалыптастыру ғана емес, сонымен 
бірге табиғатқа деген баланың өзінің қатынасының тұлғалық маңызды, 
әлеуметтік және педагогикалық түрде қолайлы үлгісін қалыптастыру 
мәсілелері педагогикалық маңызға ие. Мұндай улгілер эстетикалық түрде 
және адамгершілікті түрде әрекетшіл болуы керек, сонымен бірге табиғатпен 
тілдесудің жоғарғы идеалына және табиғат алдында борышты сезінуге 
жауапкершілікте болуы керек. Бірақ мұнда баланың дүниені түйсінүі мен 
белсенділігінің жас ерекшелітері де ескеру қажет. Балалардың мектеп жасына 
дейінгі, төменгі сынып кезінде оларға табиғаттың тікелей әсер етуі, баланың 
табиғатпен бірге байланыста болуынан балаларда әртурлі сезімге бай әсерлер 
мен эстетикалық эмоциялар қалыптасады; табиғат белсінді түрде балалардың 
ойын әрекетіне қатысады. Табиғат және оның эстетикалық сапалары ойын 
кезінде қарқынды түрде меңгеріледі, табиғат кәдімгі шынайы ойын сферасы 
ретінде қабылданып, бағаланады. Сондықтан табиғатқа деген мәдени қатынас 
эстетикалық мотивтерден, критериілерден бағалаулардан тыс, сонымен бірге 
табиғат пен дуниені меңгерудегі яғни эстетикалық түрде игерудегі жалпы 
адамзаттық тәжірібенің жетістіктерінен тыс қалыптаса алмайды. Балаларда 
эстетикалық қатнастардың қалыптасуының барлық сатысында педагогтар 
олардын табиғи құбылыстарға эстетикалық түрде бағытталған қабылдаулары 
мен эмоцияларына, сонымен бірге дағдылары мен іскерліктеріне және 


білімінің дамып баюына назар аудару керек. Мұны оқушының оқуы, еңбек 
және коммуникативті әрекеттері, сияқты табиғи компоненттерді жүйелі түрде 
обьект болып табылатын оқушылардың әрекеттерінің негізгі түрлерін 
басшылыққа ала отырып жүзеге асыруға мумкін болады. Оқушының 
танымдың әрекетінде табиғатқа деген эстетикалық қатынасты тәрбиелеу 
нақты оқыту дисциплиналарының шеңберінде сияқты пән аралық 
байланыстарда да, сабақ беру процесінде немесе жұмыс жүргізудің сабақтан 
тыс формасында да көрініс беретін өзара әрекеттерде де жүзеге асырылады. 
ӨЗІН - ӨЗІ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР. 
1. «Дүниетану» 
қурсының 
мазмұнынан 
оқушылардың 
ғылыми 
көзқарастарын қалыптастырып, дамытуға мумкіндік тудыратын уғымдар 
жүйесін анықтап көрсетіңдер. 
2. Төменгі сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі негізгі 
мәселелер қандай? 
3. Экологиялық және эстетиқалық тәрбиенің бір бірімен өзара байланысы 
неден көрінеді? 
4. Төменгі сынып оқушыларына санитарлық-гигиеналық тәрбие беруде 
«Дүниетану» курсының маңызы қандай? 
5. Еңбек тәрбиесінде «Дүниетанудың» ауыл шаруашылық еңбегімен 
байланысының ролі қандай? 
6. «Дүниетану» қурсындағы төменгі сынып оқушыларының еңбек
тәрбиесіндегі негізгі мәселелері қандай? 
7. «Дүниетану» қурсындағы төменгі сынып оқушыларының эстетикалық 
тәрбиесіндегі негізгі мәселелер қандай? 
Негізгі әдебиеттер: 
1. Берулаев Н.Н. Современная лекция в вузе.-Бийск,1993 
2. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподавания природоведения 
М., 2001 
3. Герд А.Я. Избранные педагогические труды (под ред. Б.Е. Райкова). - 
М.,1983. 
4. Білім туралы заң.-А., 2007 
5. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологические образование школьников 
во внекласной работе.-М.,1984. 
6. Концепция школьного естественнонаучного образования.-М.,1984. 
7. Крупская Н.К. Пед.сочинение:в томах.-м.,1978-80. 
8. ЛамашевА.А. Роль педагогического краеведения в профессиональной 
подготовке учителя.-Алма-Ата 1986. 
9. Окружающая среда и человек (метод. рекомендации).-Алма-Ата,1983. 
10. 
Онищук В.А. Урок в современной школе.-М.,1981. 
11. 
Програмы общеобразовательной школы. Начальные классы (1-4 кл.)-
Алматы,1997. 


12. 
Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподования. Практикум. 
Учеб. Пос. для педучилищ.-Киев,1990. 
13. 
Пакулева 
В.М., 
Кузнецова 
В.И. 
Методика 
преподавания 
природоведения.-М.,1990. 
14. 
Сенько Ю.В. Формирование научного стиля мышления учащихся.-М., 
1986 
15. 
Экологическое образование в школе.-М.,1994. 
16. 
Экология и здоровье детей (отв. ред. З.Х.Мажитова).-Алматы,1996. 
Қосымша әдебиеттер: 
1. Аймағамбетова К.А. Жунусова К.Ж.и др. Методическое руководство к 
учебнику “Познание мира”.-Алматы,1998. 
2. Аймағамбетова К., Олейник З.. Раздаточный дидактичный материал к 
учебнику ”Познание мира”.-Алматы,1998. 
3. Аквилева Г. Н. Наблюдения и опыта на уроках природоведения. Пособия 
для учителя нач. кл-в.-М.,1988. 
4. Жемчужины Казахстана (сост. А.Т. Макашев).-Алматы,1983. 
5. Жунусова К., Аймағамбетова К., Олейник З. Познание мира. Учебник для 
1класса общеобразовательной школы.-Алматы,1997. 
6. Жунусова К.,Аймағамбетова К.,Олейник З. Познание мира. Учебник для 
2класса общеобразовательной школы.-Алматы,1998. 
7. Ишмухамедова Н.Б. Методика проведения занятий по курсу “Ознакомление 
с окружающим миром” (Учебное пособие для студентов факультета ПМНО).-
Алматы,1996. 
8. Клиновская Н.И., Пасечник В.В. Комнатные растения в школе.-М.,1986. 
9. Сорокоумова Е.А. Уроки экологии в начальной школу. Пособие для 
учителя. –М.,1994. 
10. 
Хрестоматия к учебнику “Познание мира” (Составители: З. Олейник, К. 
Аймағамбетова,К.Жунусова).-Алматы,1998 
11. 
http://www.image.websib.ru
12. 
http://www.student-site.ru/
13. 
http://www.osak9.narod.ru
14. 
http://www.zankov.ru/
15. 
http://www.ucheba.com
16. 
http://www.brgu.ru 
17. 
http://www.festival.1september.ru 
18. 
http://www.homeshop.kz 
19. 
http://www.bookmark.kz 


Дәріс № 8 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет