Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

 
2. Экологиялық тәрбие. 
Мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесінің манызды бөлігіне 
табиғатты қөрғау жұмыстары жатады. Мұндай жұмыстық негізіне төменгі 
сынып оқушыларын қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлармен 
таныстыру, балаларды табиғатпен қатынас жасасудың нормалары мен 
ережелеріне тәрбиелеу, өздерінің тұрғылықты жерінің табиғатын қорғау 
жөнінде әртүрлі шамаға шақ қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқару деген 
сияқты жұмыстар кіреді. Казіргі уақытта табиғи ортаны қорғау обьективті 
түрде жузеге асырылатын қажеттілік болып табылады. Мұғалімнің міндеті-
балаларға нақты мысалдар келтіре отырып, «адам дегеніміз табиғаттың бір 
бөлгі және табиғатсыз адам өмір суре алмайды деген негізді қарапайым 
тусінікті тілмен жеткізу. Осыған сәйкес табиғатқа ұқыпты қатынас жасау, 
оның байлықтарын рациональды түрде пайдалану жалпы халықтық іс болып 
табылады. «Дүниетану» оқыту процесінде қалыптасқан білімдер мектеп 
оқушыларын 
табиғатқа 
сүйіспеншілікпен 
қарауға, 
оны 
қорғауға 
жауапкершілік сезімін тәрбиелеу ушін негіз болып табылады. Бастауыш 


сыныптарындағы экологиялық тәрбие белгілі бір деңгейде нақты табиғатты 
қорғау жұмысын атқарумен байланысты болады.Мұндай жұмыстың 
формалары да әртүрлі;олар:өзінің тұрғылықты жерінің қорғаудағы 
обьектілерін оқу, жануарларға қамқорлық көрсету және өсімдіктерді отырғызу 
жөніңде қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу, құстар үшін жем шөптер мен 
астаулар дайындау, жас көшеттерге кутім жасау, ғылыми-әйгілі әдебиеттерді 
оқыту, табиғатты қорғау тематикасы бойынша хабарлар көру. Табиғаттағы 
топсаяхаттарға көп мән беріледі, өйткені мұнда мұғалім қорғауға жататын 
табиғаттың обьектілеріне балалардың назарын аудартады нақты мысал келтіре 
отырып, мұғалім балаларға табиғатпен дурыс қатынас жасамасы, оның неге 
апарып соқтыратындығы түралы әңгімелеу керек, яғни гулді өсімдіктердің 
жиналып қалуы, бұтақтардың сынуы, суаттардың ластануы, руқсат етілмеген 
жерлерді от жағу деген сияқтылар.
Осыған сәйкес мектеп оқушыларын табиғатпен дурыс қатынас жасаудың 
нормалары мен ережелеріне тәрбиелеп және осы ережелер мен нормалар олар 
үшін дағдыға айналуын жүйелі түрде көздейді. Барлық оқу-тәрбиелік 
экологиялық жұмыстарда мынаны ескеру керек: табиғаттың байлығы шексіз 
және табиғатқа дөрекі қатынас жасаудың салдарынан ауа мен су ластанып, 
жануарлар мен өсімдіктердің құрып кетуіне әкеледі. Табиғатты қорғау-жалпы 
халықтық іс. 
Экология – қоғамдық сана түрінде, биология ғылымның бір бөлшегі болып 
саналады, ол флора мен фауының өзара қатынастар зандылығымен, олардың 
жеке өкілдерінің қатынастарын және де олардың қоршаған ортаға қатысын, 
зерттейтін ғылым. 
Экологиялық сана оқушылардың дүниетанымының негізі бөлшегі ретінде 
, экологиялық тәрбиелеу процесін қалыптастырады.
Балалардың экологиялық сауатына, тәрбиесіне бір мақсатына бағытталған, 
жүйелі педагогикалық іс-әрекет, экологиялық білімді жинақтау,
Табиғатты аялауда қолданылатын дағдылардың қалыптастырылуы, 
адамгершілік-эстетикалық сипатының оянуы, бәріде табиғат қорғау 
жұмысына тиімді. 
Экологиялық тәрбиелеу бір-бағыттағы оқытудың барысында орындалады. 
Оқушылар оқу процесінде сан түрлі заттармен таңысқанда экологиялық 
біліммен қаруланады. 
Саналы және эстетикалық тәрбие балалардың табиғатқа деген 
сүйіспеншілігінен туындайды, оның табиғаттының әсемдігіне, ләззәтануына, 
бағалауына назарын аударады. 
Қоғамға пайдалы еңбек оқушыларды табиғатты қорғау жұмысына 
үйретеді. 
Оқушылар дүниетанымының маңызды құрамды бөлігі болып табылатын
экологиялық сана экологиялық тәрбие үрдісі барысында қалыптасады. Ол 
балалардың экологиялық білімі мен тәрбиесін дамытуға бағытталған және де 
экологиялық білімін жинақтауға табиғатты қорғау іс-әрекетіндегі іскерлік пен 
қабілеттілікті өзінде қалыптастыру, жоғарғы адамгершілік-эстетикалық 
сезімдерді ояту, табиғатты қорғау жұмысын жүзеге асыруды жоғары 


адамгершілікке негізделген, жекеленген қасиеттерге жету сияқты мақсатты 
бағыттағы жүйелі педагогикалық іс-әрекетте ұсынады. 
Экологиялық тәрбие оқу үрдісі барысында экологиялық біліммен нәрлене 
түседі. Адамгершілік пен эстетикалық тәрбие балаларды табиғатты ұқыпты 
қараға, оған деген махаббаттары оның сұлулығына тамсануға деген назарын 
жинақтайды. 
Қоғамдық пайдалы еңбек оқушыларды табиғатты қорғау жұмысына 
баулиды. 
Өзара байланыс пен шарттылық іс-әрекеттің мұндай сан қырлы түрі 
экологиялық тәрбие жүйесін аңықтайды. 
Экологиялық тәрбие жүйесі табиғатты оқып үйренуде сыныптан тыс 
жұмыстар барысында нақтыланады.
Білім беру мекемесінде тек қана сыныптағы сабақ пен шектелетін 
мұғалімді табу қиын, ол міндетті түрде сыныптан тыс жұмыстың мектептің 
негізгі міндеттерін щешуге көмегін тигізетін алуан түрлі тәрбиелік мәні бар іс 
- шараларды өткізеді. 
Сыныптан тыс жұмыстың басты бағыты – бағдарламада қаралған білімді 
тереңдету, тәрбиелік іс- шараларда тәжірибе жүзінде балалардың жан-жақты 
дамуына ықпал етіп, үлкен септігін тигізу. 
Осындай жауапты міндеттердің баянды болуы жас Республиқамыздың 
ертеңгі қажетін өтерлік елін , жерін сүйетін, Отаншыл, адамгершілігі мол, 
білімді, парасатты, жан-жақты толық қанды тұлғаны қалыптастыруда сабақтан 
тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола 
тұра, бәріне бірдей ортақ қағидалары болады. 
Сыныптан тыс немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды 
қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. 
Сыныптан тыс жұмыс түрлеріне немесе мектептен тыс мекемелер 
жұмысымен оқушыларды қамтуы және олардың ынтасымен қызығуына сол 
жұмыстар сәйкес болуы үшін (сауалнама тарату, әңгімелесу, неге икемі бар 
екенін бақыла т.б. жолдарымен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білуді қажет 
етеді. 
Аса күрделі экологиялық проблемалармен бетпе-бет келіп отырған, 
қазіргі қоғам алдындағы тәрбиенің міндеті – жас ұрпақтың бойына қоршаған 
ортаға жауапкершілік қатынасын қалыптастыру. 
Экологиялық 
өлкетану 
бойынша 
сыныптан 
тыс 
жұмыстарда 
этнопедагогика құралдары арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеудің 
мынадай жолдарының тиімді болатының көрсетеді. 
1. Экологиялық проблемалардың туындау себебін білуге ұмтылысының 
оянуы. 
2. Оқушыларды 
мектептегі экологиялық өлкетану мазмұнындағы 
практикалық жұмыстарға тартуы. 
3. Оқушыларды мектептегі экологиялық өлкетану үйірмелеріне қатысуы. 
Тұлғаны жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде сабақта және сыныптан тыс 
жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге 
болады.


Сабақтар және сыныптан тыс жұмыстар бірін-бірі толықтырып дамытып 
отыруы қажет. 
Белгіленген жоспар бойынша жүргізілген сабақ кей уақытта оқушыларды 
қызықтыратын, ойландыратын, экологиялық проблемаларды өз беттерінше 
барлық жағынан ашып көрсете алмайды. 
Сондықтан сабақта өткен материалды кеңірек оқып, үйрену үшін 
сыныптан тыс экологиялық өлкетану жұмыстарын өткізудің маңызы зор. 
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын өткізу және оған дайындау барысы 
оқушылардың бақылау жүргізуіне қарапайым тәжірибе қоя білуіне, белгілі 
әдебиеттерді оқуына мүмкіндік береді. 
Сыныптан тыс жұмыстар өз өлкесінің экологиялық жағдайы қоршаған 
орта, дүние туралы ғылыми білім мен тұжырымдар құбылыстарды 
сипаттайды. 
Міне, осыған орайда сыныптан тыс экологиялық өлкетану жұмыстарында 
оқушылар табиғатты қорғауға тәрбиелеу жұмыстарының мынадай 
бағытына жүргізіледі. 
1. Экологиялық өлкетану үйірмесі 
2. Табиғи ортадағы жұмыстар 
Жұмыстың мақсаты 
Мектептік экологиялық өлкетану білімдерін тереңдету, дүниетанымды 
дамыту, экологиялық тәрбие беру. 
Қорытындылай келе, бұдан байқайтынымыз табиғатты қорғауда елінің, 
тұған жерінің рухани байлығын , мәдениеті мен тарихын танып білуі, 
өлкетанудағы іс-шараларды ұлттық сана-сезімімен шығармашылықпен, өзінің 
тікелей қатысуын қажет деп санайтын жан-жақты дамыған өлкетану 
белсенділігі бар жеке тұлға екенін корсететін нағыз азаматты тәрбиелей 
аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет