Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»


Тақырып «Дүниетану сабағында қолданылаын оқу құралдары»



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

Тақырып «Дүниетану сабағында қолданылаын оқу құралдары». 
Жоспары: 
1. Оқулықпен жұмыс істеу
 
2. Бейнелеу құралдарымен жұмыс
 
3. Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеу
 
4. Экрандық құралдармен жұмыс
 
5. Дүниетену сабақтарында тәжірибиелер
 
6. Дүниетану сабақтарында сурет салу
 
7. Дүниетану сабақтарында ойын тәсілдерін және танымдық 
материялдарды пайдалану
 
Оқулықпен жұмыс істеу 
Мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-балаларға 
жалпы кітаппен, оның ішіндегі оқулықпен жұмыс істей білуді үйрету, әрбір 
оқулық балаларды белгілі білім қамтамасыз етіп, олардың сабақта алған 
міндеттерін бекіту қызметін атқарады, алған білімді машықтық жұмыста 
қолдануға үйретеді. 
Дүниетанудың бірінші сабағында оқушыларды оқулықпен таныстыру 
керек, авторын атап, оқулықта қандай тақырыптартың берілген мазмұнына 
қарап анықтау керек және оқулықты ұқыпты таза ұстауға үйрету керек. 
Дүниетануды оқып үйренуде оқулықпен сыныпта, сондай-ақ үйде жұмыс 
істеуге болады. Балалар оқулықтың (мақала, тапсырма, сұрақтар, 
иллюстрация) көмегімен бақылаудағы құбылыстардан негіздерін бөліп, 
оларды жинақтап қорытып, соның негізінде түсініктер мен ең қарапайым 
ұғымдар қалыптастыруды үйренеді.
Балалар оқулықпен үйде өз бетімен жұмыс істейді. Үйде тапсырманы 
дауыстап оқып шығу керек. Мақаланы тұтас оқып шыққан соң берілген 
сұрақтарға жауап қайтара білу керек (тыңдап оқу арқылы). Мақалада 
кездесетін қиын, жаңа сөздерді, ұғымды мұғалім сабақ үстінде түсіндіруі 
керек. Суреттермен жұмыс істегенде ең алдымен олардың мәтіндегі қай 
бөліктерге сәйкес келетінін анықтау керек.
Оқулық оқушылардың бағдарламада белгілеп берген «Адам», «Қоғам», 
«Табиғат» білім блоктарының түсініктерін, олардың өзара әрекеттері мен 
біртұтастығын түсіне білуге көмектеседі. 
Оқулықпен жұмыс балалардың табиғатты бақылауымен, оны «Бақылау 
күнделігіне» және жалпы сыныптық табиғат және еңбек күнтізбесіне жазып 
алумен ұштастырылуы қажет. 
1- сыныпқа арналған дүнитану оқулығы стандартқа сай жазылған, жақсы 
иллюстрацияланған. Әрбір тақырыптан кейін тапсырмалар мен сұрақтар және 
«Есіңде болсын!» деген ескертулер берілген. Оқушының тіл байлығын 
дамытуға, сөздік жұмыстар жүргізуге тапсырмалар берілген. 
2- сыныпқа оқулығының мақсаты-айналадағы дүниенің әсерін (адам одан 
нені, не үшін алады, оған өзі нені, не үшін береді), адамның оған жету әсерімен 


байланысты түсінуін және өз өмірін әр түрлі қауіп-қатерден сақтауын білім 
түрінде меңгерту, іс жүзінде ол түсініктерін қолдануды қамтамасыз ету.
3- сынып оқулығы 3 блоктан құралған: «Адам» , «Табиғат» , «Қоғам» . 
«Адам» блогы адам ағзасы және денсаулықты сақтау тақырыбынан басталады. 
Сонымен қатар адам денесінің құрылысы мен мүшелері, олардың қызметі, 
денсаулық және әр мүшені таза ұстау, денені шынықтыру, қауіп-қатерден 
сақтау мәселелері қарастырылады. 2-блок табиғатты зерттеуден басталады, 
тәжірибиелер жасау, эксперимент қою,денелер, заттар, құбылыстар, 
географиялық карта, тау жұмыстары, жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы 
ортада таралу сөз болады. 3-блокта «Қоғам» блогы бойынша өткен 
сыныптардағы тақырыптар кеңейтіліп оқытылады. 
Бейнелеу құралдарымен жұмыс. 
Бейнелеу көрнекі құралдары: картиналлар, кестелер, фотосуреттер, 
открыткалар, иллюстрациялар. 
Кестені пайдалану әдісі:
 
оны анықтап қарау, обьектілерді зерттеп, бөліп 
көрсету, олардың арасындағы байланыстарды белгілеу, обьектілерді басқа 
обьектілермен салыстырып, оның табиғаттағы орнын анықтау. 
Кестені анықтап отырып табиғи обектілерді қосымша пайдалануға 
болады.
1-сыныпқа арналған кестелер жылдың әр мезгілінің ерекшеліктерін 
айқындауға мүмкіндік береді. 
Мысалы, «Көктем». Өлі табиғатта көктемде қандай өзгеріс болады? 
Аспанның түсі қандай?
Қар қандай күйге түсті? Өзен қалай өзгерді? 
Өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Бұл кестемен жұмыс істегенде осы жыл мезгілінің ерекшелігі ашылып, 
маусым туралы жалпы түсінік беріледі. 
Жеке обьектімен толығырақ танысуда кесте пайдалануға болады. Мысалы, 
«Тиіндер» : 
Тиын қайда өмір сүреді? 
Ол немен қоректенеді? 
Қысқы қорын қалай жинайды?
Қыста тиынды ағаш басынан көру неге қиын? 
Қолайсыз ауа райында тиын қайда жасырынады? Тиынның тұлыбын 
көрсетуге болады. 
4-сыныпта картиналар табиғат зоналары бойынша қолданылады. Бұл 
картиналарда жер беті өсімдіктері, жануарлары адамның өмір сүрудегі 
жағдайлары көрсетілген. Бұл картиналарды салыстыруға болады.
Мысалы, дала өсімдіктері мен шөл өсімдіктерін салыстыру, дала 
жануарлары мен шөл өсімдіктерін салыстыру. 
Салыстыру нәтижесінде оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың 
тіршіліктеріндегі ерекшеліктерін кеңінен қабылдайды. Кесте бойынша әңгіме 
құрастыруға, табиғат обьектісін (жануар,өсімді) қысқаша сипаттап жазуға 
болады. 


Кестемен бірге открыткаларды, фотосуреттерді пайдалануға болады. 
Олардың оқушылардың жеке жұмыс істеуіне көмегі мол. Өткен сабақты бекіту 
үшін открыткалар бойынша жеке тапсырмалар беріледі. Жаңа сабақта 
түсіндіргенде де открыткаларды пайдалануға болады. Журналдар мен 
кітаптардан алынған иллюстрациялар да пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет