Шаяхметова А. Е. Бт 20-01к Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі63,71 Kb.
#92557
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№1 СӨЖ


Шаяхметова А.Е.
БТ 20-01к
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
1 СОӨЖ Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Ж. Баласағуни және т.б. ).
3 апта. 25 б.
Әдістемелік нұсқау: Түркі дәуірі ойшылдарының еңбектеріне қатысты зерттеулерді қазіргі заман талабына сәйкес талдау жасау:

  • Түркі дәуірі ойшылдарының еңбектері бойынша салыстырмалы бағыттағы аналитикалық карта жасау;

  • Түркі дәуірі ойшылдарының еңбектерімен танысып аннотация жазу;

  • Түркі дәуірі ойшылдарының өмірі мен еңбектеріне қатысты презентация жасау.

Түркі дәуірі ойшылдарының еңбектері өте көп саланы қамтиды. Олар өздерінің еңбектерін медицина, философия, астрономия, физика, математика және басқа да ғылымдарды негізге ала отырып жазған. Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез-келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі. Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге ие болмақ, егер осы адамдар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени құндылықтарын, адамгершілік принциптері мен дәстүрлерін бойында сақтап, оның жетекшісі бола білген жағдайда. Өздерінің ұлы бабаларының даңқты тарихына ортақ еткізу адам баласының өз еліне, оның ұлы тарихына, оны жасаған ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. Сонымен, Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалардың өмірлік қызметінің тарихы қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.


Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады. Егер, Әбу-Насыр әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, «мәртебелі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты, ...жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса, халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді», деп ой түйіндесе, Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанында қарапайым халықтан бастап, түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормаларының, қоғамда алатын орындарының қандай болуы керектігіне тоқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет