Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты
18 – тақырып.
Александр Гумбольд
Гумбольд Александр (14.9.1769 - 6.5.1859)-неміс ғалымы, Берлин FA-ның мүшесі (1800), Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі. 1829 ж. Қазақ даласын аралады. Өскемен менБұқтырмада, Ертіс жағалауында, Семейде, Петропавлда, Оралда, қыр өлкесінің ≪астаналары≫ Омбы мен Орынборда, Каспий теңізі мен Эльтон көлінде болды. Каспий теңізі суының химиялық құрамын анықтауға, ондағы балықтар мен жануарлар дүниесіне баса назар аударды. Экспедициясының Каспий теңізі туралы микро-биология, зоология, геология мәліметтері ғылымның жаңа тарауы — көлтану саласына қосылған құнды үлес болды. 1829 жылдың қазан айында Астрахан қаласынан прус армиясының генералы Р.Шеллерге жолдаған хатында ≪Мен Орынбор маңындағы далада ат жарысы мен музыкаға қабілетті қазақ мейрамының жарқын да жақсы әсер қалдырғанын айтқым келеді≫ деп жазды. Ғалым құрметіне ұйымдастырылған бұл ойын-сауыққа шекаралық комиссия төрағасы, қазақ даласын зерттеушілердің бірі генерал Г.Ф. фон Генстің шақыруымен қазақтың талай өнерпаздары, жайсаңдары, хан-сұлтандары келген. Ғалым еліне жолдаған кезекті бір хатында Ішкі орда ханы Жәңгір Бөкеевпен кездескенін, оның ≪өте білімді адам екендігін, орыс, парсы, араб тілінде сөйлейтіндігін≫ айтқан. Гумбольд қазақтар туралы жарық көрген еңбектерді қадағалап отырды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ғалым Қазақ даласы жөніндегі зерттеулерін тоқтатпады. 19 ғасырдың 50-60 жылдарында Гумбольд еңбектерімен Шоқан Уәлиханов жақсы таныс болды.
Университетте Гумбольдт қызығушылықпен білім алды, экономиканы, медицинаны, физиканы, математиканы, тарихты, ботаниканы, әдебиетті, шет тілдерін және көптеген пәндерді оқып білді. Сауда академиясында ол сауда-саттық жөнінен дәрістер тыңдады. Қызметке кіріскен кезде де өзінің ғылыммен шұғылдануын тастамады.
Мұрагерлікке ие болған кезде ол қызметінен бас тартып,ақыры саяхатшы,беймәлім жерлерді зерттеуге бел буды.Ол Оңтүстік полюске жасалатын экспедицияға қатысуға ниеттенді,бірақ бұл ойы жүзеге аспады. 1799 ж. Гумбольдт алты жылға созылған саяхатқа аттанды. Ол Ориноко, Куба және Мексика өзендерінің аңғарларын зерттеді, Чимборасо жанартауын бағындырып, 6 мың шақырым биіктікке шықты (сол кездегі альпинистика бойынша әлемдік рекорд).Ғалым жинаған кеппешөптің ішінде 6 мың өсімдіктер бар еді, оның жартысы ғылымда әлі зерттелмеген, Гумбольдт пен оның жолсерігі, географ әрі ботаник Эме Бонпланның жолын тосқан қауіп-қатерлерді санамалап тауысу мүмкін емес. Олар жанартаулардың атқылауы мен метеоритті жаңбырларды бақылады, жер сілкінісіне ұшырап, құжынаған қолтырауындар мен жыртқыш балықтары бар өзендерде қайықтан аударылып қалды.
1804 ж.Оңтүстік Америкаға жасаған сапарынан оралып, Гумбольдт отыз томдық есеп дайындады, оның ішіне мың жарымға жуық суреттер қосылды.Осыдан кейін ол өзін тұтастай ғылымға арнап, XIX ғ. ең жан-жақты ғалымға айналды. 1829 ж. Гумбольдт Ресейге келді. Оралда,Алтайда болды, Каспий теңізін тамашалады. Кейінірек ғалым барлық ғылыми білімін «Ғарыш» атты естелік-намасында жалпылауға тырысты, бұл еңбектің бесінші томы аяқталмай қалды. Гумбольдт ғылым тарихымен, астрономиямен, жаратылыстанудың барлық саласымен шұғылданды. Географияның климатология, океанография, картография, өсімдіктер географиясы сияқты салаларының негіздерін салды. Көзі тірісінде-ақ оны екінші Колумб пен жаңа Аристотель атап кетті және ұлы саяхатшы-табиғат зерттеушісіне балады. Оның құрметіне Оңтүстік Америка жағалауындағы ағыстарға (біздің картамызда Перуандық деп аталады), өзендер мен
таулар, қалалар мен аралдарға, сонымен бірге Айдағы кратерге есімі берілді.
XVIII ғ. соңында Оңтүстік Америкаға сапары үшін Испания патшасының жеке рұқсаты қажет болды. Гумбольдт аяқ астынан патшамен кездесіп қалды-және сол сәтте-ақ бағалы келісімге қол жеткізді!
Достарыңызбен бөлісу: |