Шеберлік сынып Төрехан Жансая Нұрланқызы



Дата13.11.2019
өлшемі23,36 Kb.
#51726
Байланысты:
шеберлік сынып Төрехан Жансая №41


 Шеберлік сынып


Төрехан Жансая Нұрланқызы

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №41мектеп-гимназия»

Педагог-психолог


Тақырыбы

«Жаңа білімге психологиялық көзқарас»


Мақсаты

 

 



 

Әріптестерге бағдарлама бойынша психологиялық-педагогикалық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарастарын көру.


 

Психолог іс-әрекеті

Әріптестердің іс-әрекеті





І.Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:




1

Кіріспе сөз. Тақырыппен таныстыру

 

2

«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» –ой салу, әріптестердің жауабын күту.

Сұраққа толыққанды жауап беру.

3

«Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату

Мұғалімнің берген үлестірме парағымен өз ойларын салыстыру

4

«Әлем өзгереді – біз де өзгереміз» бейнематериал көрсету

Бейнематериал бойынша негізгі ойды түйіп алу

5

ІІ. Теориялық бөлім:

бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.

Бағдарламаның идеяларын талдау, білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін, заман талаптарының күшеюі туралы ой қозғау, талдау.

6

ІІІ. Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.

«Менде бір ой бар...» әдісі

7

Топ ережесін айқындау

Бірлесе отырып топ ережелерін анықтау, белгілеу.

8.

Топтың атына сәйкес ұранын анықтау.

Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы - мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы - мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»

Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»

Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»

Мектеп тобы: «Мектеп – кеме, білім – теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»

9

Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...»  (мінсіз оқушы, ата-ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету»

Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.

10.

Қорытындылау: Сухомлинский  сөзі:    “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”

Қорытынды ой: әріптестердің сөзі

11

ІҮ. Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру

Музыка сүйемелдеуімен, жүргізуші беске дейін санайды. Осы уақыт ішінде барлық қатысушылар бір-бірімен өзара қол алысып шығу әдісі бойынша семинарға баға беру

12

Қосымша материалдар

Бейнеролик «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз»

 

 

 

 

 

 

        

Шеберлік сынып тақырыбы: «Жаңа білімге психологиялық көзқарас»/1-слайд/

І. Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:

- сәлемдесу

Құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын.

- танысу

Барлығықтарыңызды ортаға шақырамын, дөңгеленіп тұрамыз. Әркім өз атын айтады, атының бас әріпіне байланысты сөз тіркесін айтады, қалғандары өз алдындағы адам туралы ақпаратты қайталап , өзі туралы ақпарат береді.

Мысалы: Менің атым –Жансая. Мен кереметтің кереметін ұнатамын.

Құрал-жабдықтар: ватман қағазы, фламастер, түрлі-түсті қарындаш, проектор, А4 қағазы 

ІІ. Теориялық бөлім:

«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» –ой салу, әріптестердің жауабын күту./2-слайд/

«Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату/3-слайд/

«Әлем өзгереді -біз де өзгереміз»/4-слайд/

Қазіргі уақытта ата-ана мен жеткіншектік жастағы балалары арасында көптеген түсініспеушілік жағдайлар белең алуда. Ата-ана «Мен балам үшін барлығын жасаймын, қалаған затын әперіп, қатарынан кем қалдырмаймын» деу арқылы материалдық бағытқа басым назар аударып, заманауи қарым-қатынастың жөні баланы еркін тәрбиелеу деп түсініп, жасөспірімге таңдау құқығын толықтай беріп қояды, өз тараптарынан бақылауды әлсіретіп алады. Өзім білемдікке салынған, өмір тәжірибесі аз бала осы кезеңде қиындықтарға тап болып жатады.

Қaй елді, қай кезеңді алып қaрамасақ та бірінші орында білім бeру тұрaды. Сeбебі, халықтың білімділігі сол eлдің даму деңгейінің шынaйы көрсеткіші болып табылады. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлeмдік білім беру жүйесіне де елеулі өзгерістер енгізуде. Әлемдік білім берy жүйесі өмір ағымы мен бүгінгі таң сұранысына байланысты күн сaнaп өзгеруде.

Сол себепті біз сабақтарымызда оқытуды неғұрлым тиімді қолдана отырып, ел болашағы балалардың дамуына, білімді өз беттерімен алып, оны орынды қолдана білуіне ықпал ете білуіміз керек./5-слайд/ 



ІІІ. Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру./түсті геометриялық фигуралар таңдату, бірақ түсіне қарап емес фигура бойынша топқа бөлу/

 

1.Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы-мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы-мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»



2.Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»

3.Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»

4.Мектеп тобы: «Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»/6-слайд/              

Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...»  (мінсіз оқушы, ата-ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету» Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.

Қорытынды:

Сухомлинский  сөзі:    “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”/7 слайд/

ІҮ. Рефлексия: Музыка сүйемелдеуімен, жүргізуші беске дейін санайды. Осы уақыт ішінде барлық қатысушылар бір-бірімен өзара қол алысып шығу әдісі бойынша семинарға баға беру

Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланатынын ескерсек, барлық үміт өздеріңізде, құрметті ұстаздар!

 «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет