Әдебиеттік оқу
2-сынып
Тақырыбы
|
Шегіртке мен құмырсқа И. А Крылов қазақшаға аударған А. Құнанбаев
|
Мақсаты
|
Мысал мазмұнын түсіну, идеялық ұстанымындағы автордың ойына өзінше ой қосу арқылы пікір білдіруге мүмкіндік жасау.
Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгерту, ойын жүйелі айтуды қалыптастыру.
|
Міндеттері
|
а) оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлығын ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдықпен нақтылыққа бейімдеу.
ә) Оқушылырды алғырлыққа, зеректікке , ептілікке, тапқырлыққа баулу.
б) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, еңбекқорлыққа адамгершілікке баулу
|
Сабақтың типі
|
Жаңа білім беру.
|
Сабақтың әдісі
|
Венн диаграмма, бес жолды өлең, ассоциация, диалогтік оқу.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Оқулық, басты кейіпкерлердің суреттері, осы мысал негізінде түсірілген мультфильм, интерактивті тақта, автор суреті , өмірбаяны
|
Күтілетін нәтиже
|
Мысалдағы жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйренеді.
Мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдылары дамиды.
Оқушылардың шығармашылық қ уаттары шыңдалады.
|
|
|
Сабақтың барысы
|
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Топқа бөлу.
|
Жаңа сабақ кезеңдері
|
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс -әрекеті
|
Модуль
|
Кіріспе
|
Оқушыларды орманда тіршілік ететін жануарлар, құстар деп
2 топқа бөлу
|
Амандасу, оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау, топқа бөлу.
|
Назарларын сабаққа аударады. Топқа бөледі.
|
Сыни тұрғыдан ойлау
Диалогтік оқыту
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
|
Үй тапсырмасын сұрау.
|
-Балалар, үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасына дайынбыз ба?
Үй тапсырмасын қорыту.
1.Эдуардтың жағымды қасиетін жаз
2.Достық туралы мақал жаз
3.Екі балаға қандай ескерту жазар едің?
4.Эдуардқа хат жаз
|
Үйге берілген тапсырманы айтады.
|
Білу
Қосымша ақпарат беру
|
Жұмбақ жасыру.
- Кейіпкері жан - жануар болатын шығарманың түрін қалай айтамыз?
- Мысал дегеніміз не?
- Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын жан - жануарлардың іс - әрекетімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
- Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
- Өзіміз оқыған қандай мысалдарды естеріңе түсіре аласыңдар?
- Ал бүгінгі мысалымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?
- Ендеше, біз бүгін, И. Крыловтан Абайдың аудармасы «шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқимыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының авторы Kрылов Иван Андреевич 1796 жылы 2 ақпанда Мәскеуде туылған. 1844 жылы, 21 қарашада Санкт - Петербург қаласында дүниеден озған. Сатирик Ұлты орыс Жазушы - аудармашы. Ақын - жазушы
1. Аудармашы, ақын А. Құнанбаев туралы. Хронологиялық кестемен жұмыс. 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Қара сөздері бар. Өлең жинақтары бар. Бірнеше әндері бар. 1904 жылы дүниеден өткен.
Құмырсқа мен шегіртке туралы мағлұмат беру
Құмырсқа(Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктермен қоректенетін зиянкес жәндіктерді «көп қоректілер» деп атайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері — шегірткелер, шекшектер. Тік қанатты насекомдар отрядының бір отряд тармағын құрайтын шегірткелердің Қазақстанда 200 - ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады.
|
|
|
Түсіну
|
|
-Өмірде суреттегідей шегіртке мен құмырсқа кездесе ме?
Мысал дегеніміз не екенін түсіндіру.
Ассоциация әдісі арқылы мысал авторларымен таныстыру.
И. А. Крылов – орыс жазушысы-драматург-ақын-мысалшы.
Абай –ақын-ағарушы-аудармашы-Қара сөз жазған.
|
Суретке қарап әңгіме жүргізеді, жаңа тақырыпты болжайды, өмірмен байланыстырады.
|
Сергіту сәті
|
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа
Допты қойдым алдына,
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.
|
|
Қозғалыс ырғағымен сергіп алады
|
|
Қолдану
|
Оқулықпен жұмыс. «түртіп алу» стратегиясы сөздік жұмысы әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу
|
Шегіртке мен құмырсқа мультфильмінен үзінді көрсету.
Мысалды топқа бөліп оқып, мазмұнын ашу. Не түсінгендерін сұрайды.
Оқулықтағы мысалды әр топтан 3 оқушыға рольге бөліп оқыту
|
Мысалды өз беттерімен түсініп оқиды.Не түсінгендерін өз сөздерімен айтады.
Оқулықтағы мысалды әр топтан 3 оқушыға рольге бөліп оқиды.
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқудағы басқару және көшбасшылық
|
Талдау
|
Топпен жұмыс.
Екі топқа оқулықтағы жасылмен жазылған сөздер беріледі. Шегірткенің жаздағы, қыстағы әрекеттерін ажыратады.
I-топ: Шегірткенің жаздағы іс-әрекеттері.
II-топ: Шегірткенің қыстағы іс-әрекеттері.
|
Топпен жұмыс.
I-топ: Шегірткенің жаздағы іс-әрекеттері.
II-топ: Шегірткенің қыстағы іс-әрекеттері.
Венн диаграммасы
|
Топтар мысалды оқып, мазмұнын ашады.
Шегірткенің жаздағы, қыстағы әрекеттерін ажыратады.
Еңбек, жалқаулық туралы мақал-мәтел айтады.
|
Жинақтау
|
Хат жазу
І-топ «Шегіртке»
ІІ-топ «Құмырсқа»
|
|
Сұраққа жауап беру.
|
|
Бағалау
|
|
-Сен құмырсқаның орнында болсаң не істер едің?
-Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?
-Шегіртке сияқты қиналып қалмас үшін не істер едің?
|
Жақсы мен жаманды ажырата алады. Жақсы болу үшін не істеу керек екенін біледі.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» .
|
Кері байланыс
|
Бес жолды өлең
|
Мадақтайды, бағалайды.
|
Рефлексия жазады..
|
Үйге тапсырмасы
|
Құмырсқа мен шегіртке мысалын жаттау.
|
Шегіртке мен құмырсқа іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтел жинап келу.
|
Шегіртке мен құмырсқа іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтел жинап келеді.
|
|