Шейх Хафиз ибн Ахмад әл-Хаками АҚида бойынша



бет3/4
Дата28.01.2018
өлшемі2,44 Mb.
#35429
1   2   3   4

«Расында алғаш рет жаратқанымыздай Бізге жалғыз-жалғыз келдіңдер». (Әнғам, 94)

«Және де адам баласын; тастамай жинаймыз». (Кәһф, 47)

«Сол күні, тақуаларды Рахманның құзырына қонақ түрінде жинаймыз206. Күнәһарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз». (Мәриям, 85-86)

206Бұл жерде жәннәтқа салтанатты және құрметпен баратындар туралы айтылуда.

«Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер. (Амал дәптері оңынан берілген) оңшылдар207, нендей жақсы ол оңшылдар! (Амал дәптері соңынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар208! Озаттар209 алдыңғы қатарда болады». (Уақиға, 7-10)

207Олар үшін жәннәт дайын етілген адамдар туралы сөз болуда.

208Тозаққа кіретін адамдар.

209Яғни иманда, құлшылық пен басқа да ізгі істерде басқалардан озғандарға Аллаһ Тағаланың рахымы басқаларға қарағанда бұрын түседі.

«Олар; Қиямет күні, шақырушыға210 еш бұрылмай ілеседі. Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбырдан басқаны естімейсің». (Таһа, 108)

210Яғни; барлық адамдарды бір жерге жиналуға шақыратын періште Исрафил (а.с.).

Яғни адамдар түйелер секілді аяқтарын (дыбыс шығармай) жұмсақ басып, адамдар жиналатын жерге қарай бағынышты түрде беттейді.

Аллаһ Тағала және айтты:

«Аллаһ кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Аллаһ кімді адастырса, оған Аллаһтан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды Қиямет күні, бетімен жер басқан211, сақау және саңыру түрде жинаймыз». (Исра, 97)

211Бұл жерде бетімен шаң-тозаңда жататындар яки бетімен сүйретіліп адамдар жиналатын жерге апарылатындар туралы айтылуда.

Қиямет күнін суреттеуге арналған басқа да аяттар бар.

106-сұрақ:

Қиямет күні адамдардың жиналуы Сүннетте қалай суреттелген?

Жауабы:


Анас ибн Мәликтен (р.а.) келген риуаятта бір адамның Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Кәпір бетімен жер бастырылып қалай жиналады?» деп сұрағаны келтірілген. Ол: «Бұл дүниеде екі аяқта жүргізген Зат Қиямет күні оны бетімен жер бастырып жүргізе алмай ма?»-деп жауап берді.

Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені айтылады:

«Расында, сіздер жалаңаяқ, жалаңаш және сүндетке отырғызылмаған халде жиналасыңдар». Сонсоң ол (с.а.с.) мына аятты оқыған:

«Біз сендерді бірінші рет қалай жаратқан болсақ, оны солай қайтарамыз». (Бұхари, Мүслім)

Сонсоң ол (с.а.с.) айтты:

«Қиямет күні шын мәнінде бірінші етіп Ибраһимді киіндіреді». (Бұхари, Мүслім)

Осыған байланысты Айша (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «О, Аллаһ елшісі, әйелдер мен еркектер бір-біріне қарай ма?»-деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жағдайлары өте қиындығынан, ондай ойларға шамалары да келмейді»,-деді. (Бұхари, Мүслім)

107-сұрақ:

Қиямет күні Сотты (әл-Мәуқиф) күтіп тұрғандардың жағдайлары Құранда қалай суреттеледі?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«(Мұхаммед (с.а.с.)) Аллаһ (Тағала) залымдардың істегендерінен қаперсіз деп әсте ойлама! Шынында Аллаһ, оларды көздер шарасынан шығатын бір күнге дейін кешеуілдетеді. (Сол күні) олар бастарын қақшитып, олардың көздері өздеріне де қайрылмай және жүректері ұшып212, жүгіріп бара жатады213». (Ибраһим, 42-43)

212Яғни олардың жүректері ойлау қабілетін жоғалтады, жүректерде үрейден басқа ешнәрсе болмайды.

213Яғни олар Аллаһ Тағаланың алдында тұратын жерге, сол жиналатын жерге шақырушының шақыруына асығады.

«...ол күні (сенімді) Рух214 және періштелер тізіліп тұрады. Аллаһтың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді». (Нәбә, 38)

214Яғни; Жәбірейіл (а.с.).

«(Мұхаммед (с.а.с.)) оларға жақындаған Қиямет күнін ескерт. Сол уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та, ықпалды шапағатшы да болмайды». (Ғафыр, 18)

«...мөлшері елу мың жылдық бір күнде». (Мағариж, 4)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Әй, екі топ (адамзат пен жын)! Есептеріңді көреміз215». (Рахман, 31)

215Яғни Қиямет күні Біз сендердің іс амалдарың үшін есеп-қисап аламыз.

Басқа да көптеген аяттарды мысал ретінде келтіруге болады.

108-сұрақ:

Қиямет күні Сотты күтіп тұрғандардың жағдайлары Сүннетте қалай суреттеледі?

Жауабы:

Мұндай хадистер өте көп. Ибн Умардан, Аллаһ ол екеуінен разы болсын, келген хадисте Аллаһ Тағаланың:

«Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббысы алдында тұрады», деген сөзі туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Олардың кейбіреулері өздері (терлегенінен) терлеріне құлағына дейін батып тұрады»,-деді». (Бұхари, Мүслім)

Әбу Хурайрадан (р.а.) келген және бір хадис бар. Онда Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Қиямет күні адамдардың қатты терлейтіні соншалық, жерге қолдың жетпіс қарындай тереңге тер сіңеді және тер олардың ауыздары мен құлақтарына дейін көтеріледі». (Бұхари, Мүслім)

Осындай басқа да хадистер көп.

109-сұрақ:

Адамдардың амал дәптерлерінің ұсынылуы мен есеп-қисап Құранда қалай суреттелген?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Сол күні ұсыныласыңдар. Ешнәрселерің жасырылмайды». (Хаққа, 18)

«Олар, Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: «Бастапқыда жаратқанымыз тәрізді келіңдер» (делінеді)». (Кәһф, 48)

«Ол күні әр үмметтен аяттарымызды жалғанға айналдырғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар топтастырылады216. Олар түгел келген шақта, (Аллаһ): «Аяттарымды толық білмей, жасынға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар?»-дер. Зұлымдықтары себепті оларға айтылған сөз бастарына келеді. Сонда олар сөйлей алмайды». (Нәміл, 83-85)

216 Яғни алғашқы жеткендері кейінгілері келгенше тоқтатылады.

«Сол күні, адамдар, амалдары көрсетілуі үшін217 топ-топ келеді218. Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істеген болса. Ол оны көреді». (Зілзәлә, 6-8)

217Яғни, Аллаһ Тағала оларға өздерінің амалдарын көрсетуші немесе олар өздерінің іс-амалдары үшін оларды не күтіп (марапаттау яки жазалау) тұрғанын көруші.

218Яғни олардың жағдайлары әр түрлі: біреулерін үрей билейді, ал біреулері қорықпайды.

«(Мұхаммед (с.а.с.)) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгел сұраққа тартамыз, олардың қылған қылықтарынан». (Хижр, 92-93)

Және Аллаһ Тағала айтты:

«Оларды тоқтатыңдар219. Өйткені олар сұраққа тартылады» (делінеді)». (Саффат, 24)

219Бұл жерде Аллаһ Тағаланың Қиямет күні кәпірлер туралы періштелерге бұйрық беруі туралы айтылуда.

Басқа да көптеген аяттарды мысал ретінде келтіруге болар еді.

110-сұрақ:

Адамдардың амал дәптерлерінің ұсынылуы мен есеп-қисап Сүннетте қалай суреттелген?

Жауабы:


Бұл туралы көптеген хадистер бар.

Мәселен, Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«(Қиямет күні) кімнен толық есеп талап етілсе, ол жазаға ұшырайды», деген сөзі туралы хадисте, Айша (р.а.): «Аса Құдіретті Аллаһ:

«Сонда ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі» (Иншиқақ, 8), деген емес пе еді?»-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Бұл (тек қана) көрсетуге220 (қатысты)»-деп жауап берді. (Бұхари, Термизи, Ахмад)

220Бұл жерде есеп-қисап үшін адамдарға амалдарын көрсету немесе оларды таразыларда тарту, әрқайсысына оның істеген барлық амалдары, күнәларын кешірген Аллаһ Тағаланың оған деген шексіз мейірімділігін ол түсінуі үшін, көрсетілетіні туралы айтылуда.

Және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздерді айтқаны риуаятталған:

«Қиямет күні кәпірді келтіреді және оған: «Маған айт, сенің бүкіл жер бетін толтыратын алтының болса, соларды төлемге беріп құтылуды (қалар ма едің?)221» делінеді. Сонда ол: «Иә»,-дейді. Сол кезде оған: «Сенен бұдан көрі оңай нәрселер туралы өтініліп еді ғой»-делінеді».

221Яғни: осы алтындарды сені күтіп тұрған азаптардан құтылу үшін берер ме едің?

Осы хадис туралы басқа хабарда Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«...сол кезде: «Сен Адамның белінде болған кезіңде Маған серік қоспауды сұрағанмын222, бірақ сен бас тарттың, тек (Маған) серік қосудан бас тартпадың»-дегені риуаятталады. (Бұхари, Ахмад)

222«Ағраф» сүресінің 172-ші аятында айтылған: адамдар жарық дүниеге келместен бұрын Аллаһ Тағала Өзінің олардың Раббылары екендігіне куәліктерін алған және олар куәлік берген.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Сендерден Аллаһ Тағаламен араларыңда аудармашы болмайтын бетпе-бет сөйлесуден тыс қалатын ешкім жоқ, сол кезде (адам) оң жағына қарайды да бұрын өзі істеген амалдарынан басқа ешнәрсені көрмейді, және сол жағына қарайды, бұрын өзі істеген амалдарынан басқа ешнәрсені көрмейді, (сонсоң) ол алдына қарайды да қарсы алдынан оттан басқа ешнәрсені көрмейді, ендеше жарты құрма223, тым болмағанда жақсы сөзбен224 болса да сол оттан сақтануға (әрекет жасаңдар)». (Бұхари, Мүслім)

223Яғни кедей-кемтарларға өте аз болса да көмек көрсету.

224Яғни сендерде садақа жасауға ешнәрсе табылмаса, оларға жылы сөзбен болса да жәрдемдесіңдер, ол да сендерге жазылады.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені риуаятталады:

«Сендерден әрқайсың225 Аллаһ Тағалаға сондай жақын барасыңдар, Аллаһ Тағала (сендерді өзгелерден жасырып) пердесін қояды, сонсоң Ол: «Сен мына-мына нәрселерді істедің»-дейді, сонда (адам): «Иә»-дейді. Аллаһ Тағала тағы да: «Сен мына-мына істерді істедің226»-дейді, (адам): «Иә»-дейді. Сөйтіп Аллаһ Тағала оған бар күнәларын мойындатады. (Адам «Енді құрыдым ғой» деген кезде) Аллаһ Тағала: «Рас, Мен сені дүниеде жасырып едім227, енді бүгін оларды228 сен үшін Мен кешіремін»,-дейді». (Бұхари)

225Бұл жерде мүміндер туралы айтылуда.

226Бұл жерде күнәлар туралы айтылуда.

227Яғни сенің күнәларыңды адамдардан жасырдым және сені жазалау мен масқаралауға салмадым.

228Яғни сенің барлық күнәларыңды

Басқа да хадистерді мысал ретінде келтіруге болар еді.

111-сұрақ:

Құранда амал дәптерлерін жаю қалай суреттеледі?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Әр адамның ырымын229 мойнына қоямыз. Сондай-ақ Қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. Кітабыңды оқы. Бүгін есеп көру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің» (делінеді) 230». (Исра, 13-14)

229Аятта ырым – «таир» (құс), арабтар адамның тағдырын осылай атаған. Бұлай аталуының себебі, Исламға дейінгі дәуірде арабтар құстың ұшуы мен бағытына қарап жақсы немесе жаман ырымға жорыған, сөйтіп, бірте-бірте «құс» сөзі «тағдыр», «үлес» деген мағынаны білдіретін ауыспалы сөз ретінде пайдаланылып кеткен.

230Яғни амал жазылған дәптеріне қарап адам өзін не күтіп тұрғанын біледі.

«Дәптерлер ашылған сәтте». (Тәкуир, 10)

«Амал дәптері алдына қойылады. Сонда күнәһарлардың одан қорыққанын көресің. Олар: «Бізге нендей өкініш! Мына кітапта, кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті»-дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік етпейді». (Кәһф, 49)

«Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе: «Алыңдар, кітабымды оқыңдар!»-дейді. «Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем». Сонда ол қуанышты тіршілікте, көтеріңкі жәннәтта болады; жемістері салбырап тұрады. (Оларға): «Өткен күнде істеген амалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер, сіңімді болсын» (делінеді). Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: «Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді»-дейді. «Есебімнің не екенін білмесем екен». «Әттең! Іс бітіп кеткен231 болса еді (Қайта тірілмеген болсам еді)». «Малым маған еш пайда бермеді». «Күш-қуатым жойылып кетті» (дейді). «Оны ұстаңдар да байлаңдар». «Сосын оны тозаққа салыңдар». «Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар» (делінеді). «Өйткені ол, Ұлы Аллаһқа иман келтірмеген». «Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді». Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ. Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ. Оны күнәһарлар ғана жейді». (Хаққа, 19-37)

231Яғни, өлім. «Өлім келуімен бәрі біткен болса еді!»

«Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе...» (Иншиқақ, 7)

«Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе...» (Иншиқақ, 10)

Адамның амал дәптері оң қолына берілсе, демек алдынан беріледі, ал кімнің сол қолына берілсе, демек арт жағынан беріледі екен, Аллаһ Тағала бізді мұнан сақтасын.

112-сұрақ:

Сүннетте амал дәптерлерін жаю қалай суреттеледі?

Жауабы:

Бұл туралы көп хадистерде айтылған. Мәселен, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Мұсылман Аллаһ Тағалаға сондай жақын апарылады, Ол оны тасасына алады, сонсоң Ол оған (барлық күнәларын) мойындатады: «Мына күнәңді мойындайсың ба?» (дейді), сонда мұсылман: «Мойындаймын»-дейді және: «Тәңірім, мойындаймын»-деп екі рет айтады, сонда Аллаһ Тағала: «Сені дүниедегі өмірде жасырып ем, бүгін саған оларды Мен кешіремін»-дейді, сонсоң оның жақсы амалдары жазылған дәптері бүктелінеді. Ал басқалар (немесе; кәпірлер) болса, оларға куәлердің қатысуымен:

«Бұлар Аллаһ Тағалаға жала жапқандар!» (Худ, 18), (деп жар салынады). (Бұхари)

Риуаят етіледі: Айша (р.а.) айтты:

«(Бір күні) мен: «О, Аллаһтың елшісі, Қиямет күні адам баласы жақсы көрген адамын есіне ала ма?»-деп сұрадым. Ол: «О, Айша, үш (орында) ол еске алмайды: Таразының қасында (өзінің жақсы амалдары) ауыр тарта ма әлде жеңіл тарта ма (сол анықталғанша), ол сүйіктісі жайлы еске алмайды және (жақсы және жаман амалдары жазылған) дәптерлер таратыла бастағанда (оның дәптерін) оң қолына бере ме әлде сол қолына бере ме (анықталғанша), ол оны еске алмайды, сондай-ақ (тозақ) отының жалыны көрінген кезде ол сүйіктісін еске алмайды»-деп жауап берді». (Ахмад, Әбу Дауд, ұзын хадистен үзінді)

113-сұрақ:

Қиямет күні Таразылар құрылатынына және өлшеу қалай жүргізілетініне Құранның қандай аяттары дәлел?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Қиямет күні туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Біз есеп көруде жеткіліктіміз». (Әнбия, 47)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Ол күні таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса232, міне солар құтылушылар. Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендері233 себепті зиян қылды». (Ағраф, 8-9)

232Яғни кімнің ізгі амалдары жаман амалдарынан ауыр келсе.

233Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағаланың аяттарына өз дәрежесінде құрмет көрсетпей және оларды өтірік деп жариялап

Ал кәпірлер жайлы Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда оларға Қиямет күні еш мән бермейміз234». (Кәһф, 105)

234Бұл жерде Қиямет күніне сенбеген және Аллаһ Тағаланың аяттарын теріске шығарғандардың амалдарының ешқандай маңызы болмайтындығы және олардың пайдасыздығы туралы айтылуда.

Мысал ретінде басқа да аяттарды келтіруге болады.

114-сұрақ:

Қиямет күні Таразылар құрылатынына және өлшеу қалай жүргізілетініне қандай хадистер дәлел?

Жауабы:


Бұл туралы хадистер көп. Мысал ретінде, жаман амалдары жазылған, әрқайсысы жайып салғанда көз жететін жерге дейін баратын тоқсан дәптері бар адамның күнәсынан екі куәлік («Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін») жазылған бір парақтың ауыр болғандығы жайлы хадисті235 келтіруге болады.

235Ахмад, Хаким және Термизи келтірген ұзақ хадис.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ибн Масъуд (р.а.) туралы айтқан мына сөздерін келтіруге болады:

«Сендер оның сирақтарының жіңішкелігіне таңырқайсыңдар ма? Менің жаным қолында болған Затпен ант етемін, таразыда олар Ухуд (тауынан) ауырырақ келеді». (Ахмад, Хаким, Хайсами)

Мысал ретінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні:

«Расында Қиямет күні орасан зор және жуан адамды әкеледі, ол Аллаһ Тағаланың құзырында масаның қанатынан да жеңіл болады!» (Содан соң): «Оқыңдар:

«Сонда оларға Қиямет күні еш мән берілмейді» (Кәһф, 105), деді. (Бұхари, Мүслім)

115-сұрақ:

Құранда Сират көпірі туралы қандай дәлелдер бар?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерден тозаққа келмейтін (Сираттан өтпейтін) ешкім болмайды236. (Бұл) Раббыңа тұжырымды, міндетті бір үкім. Сонда тақуа болғандарды құтқарамыз да, залымдарды тозаққа жүгіндіріп қоямыз». (Мәриям, 71-72)

236Бұл жерде тозақтың үстіне құрылатын Сират көпірінен өту туралы айтылуда.

Аллаһ Тағала және айтты:

«Сол күні мүмін ерлер, мүмін әйелдер нұрлары алдарында әрі оң жақтарында жүгіргенін көресің». (Хадид, 12)

116-сұрақ:

Сират көпірі туралы Сүннетте қандай дәлелдер бар?

Жауабы:


Бұл туралы көп хадистерде айтылады. Мәселен, шапағат ету туралы хадис. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Көпір құрылады және тозақтың үстіне қойылады. Адамдар: «О, Аллаһ елшісі, ол қандай көпір?»-деп сұрады. Ол: «Неше түрлі ілгек-қармақтары бар және көп жерінде Нәждте237 өсетін өсімдіктер сияқты әс-Саъдан деп аталатын ұшы қайырылған тікенекті шанышқылары бар тайғақ орын. Мұсылмандар оның үстінен найзағайдың (жылдамдығындай) және желдің (тездігіндей) және тұлпардың (жылдамдығындай) боп өтеді, және (сол өсімдіктер ілмегендер) құтылады, (шанышқылар және тікенмен) тек қана тырналғандар да құтылады, ал үйіндіге құлағандар тозақтың жалынына түседі, және олардың ең соңғысын сүйреп әкелгенше (солай жалғаса береді)». (Бұхари, Мүслім)

237Аравия жартыаралының орталығындағы кең байтақ таулы қыраттың аты.

Ал Әбу Саъид238 (р.а.):

«Ол көпірдің қылдан жеңішке, қылыштан өткір екендігін мен естігенмін»,-деген.

238Әбу Саъид әл-Худри – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көрнекті сахабаларының бірі.

117-сұрақ:

Қиямет күні бәріне тиісінше баға берілетіні туралы (әл-қисас) Құранда қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінен Аллаһ Тағала, тозаң түйірінің салмағындай да зұлымдық жасамайды. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді». (Ниса, 40)

«Бүгін әркім істегені бойынша жазаланады. Бүгін зұлымдық болмайды. Күдіксіз Аллаһ Тағала Тез Есеп Қылушы. (Мұхаммед (с.а.с.)) оларға жақындаған Қиямет күнін ескерт. Сол уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықпалды шапағатшы да болмайды. Аллаһ көздердің қиянатын239және көкіректегі құпияны біледі. Аллаһ Тағала туралық бойынша үкім береді». (Ғафыр, 17-20)

239Бұл жерде адамдардың тиым алынған нәрсеге ұрлана көз тастауы туралы айтылуда.

«Олардың араларына ақиқат бойынша үкім етіледі. Олар әділетсіздікке ұшырамайды».(Зумәр, 69)

118-сұрақ:

Қиямет күні бәріне тиісінше баға берілетіні туралы Сүннетте қандай дәлелдер бар және қалай суреттеледі?

Жауабы:

Бұл туралы көп хадистерде айтылады.

Мәселен, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері риуаятталады:

«Алдымен адамдар арасындағы қан төгуге байланысты үкім шығарылады». (Бұхари, Мүслім)

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«(Ахыретте) динар да, дирһам да болмайды, (сондықтан) оның жақсы амалдарын туысына (алып) бергенше240, ал оның жақсы амалдары жоқ болса, туысының жаман амалдарын (күнәларын) бұған беруден бұрын біреуде туысының қиянатпен алынған нәрсесі болса, оны бүгін қайтарсын241». (Бұхари)

240Бұл өмірде жәбірленгені үшін төлем ретінде

241Яғни жәбірленген адамға тез қайтарсын және толығымен өтесін әрі одан кешірім сұрасын және Аллаһ Тағалаға (шын жүректен) тәубе етіп жалбарынсын.

119-сұрақ:

Құранда Кәусәр туралы қандай дәлел бар және Сүннетте ол қалай суреттелген?

Жауабы:

Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Өзінің пайғамбары Мұхаммедке (с.а.с.) айтты:

«Шын мәнінде саған Кәусәрді242 бердік». (Кәусәр, 1)

242 «Әл-Кәусар» – берекелі немесе береке (молшылықты немесе молшылық).

Кәусәрдің бар екендігі туралы хадистер де өте көп. Мәселен, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Хауызға мен бәрінен бұрын келемін243». (Бұхари, Мүслім)

243Бұл жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандар үшін қажетті нәрселерді дайындау үшін хауызға бәрінен бұрын келетіні туралы айтқан.

Пайғамбарымз (с.а.с.) бір күні былай деген:

«Шын мәнінде, мен бұрын жетемін және шын мәнінде сендер жайлы куәлік беремін, және, Аллаһқа ант етемін, мен қазір өз хауызыма қарап тұрмын». (Бұхари, Мүслім)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және былай деген:

«Менің хауызымның мөлшері бір айлық жолдай, суы сүттен ақ, иісі жұпардан да жағымды, ал көзелері аспан жұлдыздары сияқты244, кім одан сусындаса, ол ешуақытта шөлдемейді». (Бұхари, Мүслім)

244Яғни, оның жағаларындағы құмыралар саны жұлдыздардай көп.

«Мен бір өзенге келдім, оның жағалауы іші қуыс інжу күмбездер, «Бұл не, о, Жәбірейіл?»-деп сұрадым, ол: «Бұл – Кәусәр»,-деді245». (Бұхари)

245Бұл жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғраж кешіндегі көргендері туралы айтуда.

Мысал ретінде басқа да көптеген хадистерді келтіруге болар еді.

120-сұрақ:

Жәннәт пен тозаққа иман келтірудің дәлелі не?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Ендеше, отыны адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар! (Мұхаммед (с.а.с.)) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар». (Бақара, 24-25)

Дәлел ретінде келтіруге болатын аяттар көп.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) түнгі нәпіл намаздың алдында Аллаһ Тағалаға жалбарынып мына сөздерді айтқаны риуаят етіледі:

«Мадақ Саған тән, Сен – Хақсың, және Сенің уәдең – хақ, және Сенімен кездесу – хақ, Сенің сөзің – хақ, жәннәт – хақ, және тозақ – хақ, пайғамбарлар – хақ, және Мұхаммед – хақ, және бұл Сағат246 – хақ...» (Бұхари, Мүслім)

246Яғни, Қиямет күні.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Кім Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне, Оның ешқандай серігі болмағанына, және Мұхаммед – Оның құлы және Оның елшісі, және Иса – Оның құлы және Оның елшісі, және ол Мәриямға айтқан Оның сөзі, және Одан рух екеніне, және жәннәт – Хақ, және тозақ – Хақ екеніне куәлік берсе, оны Аллаһ оның амалдары қандай болса да жәннәтқа кіргізеді».

Басқа хабарда Пайғамбарымыз (с.а.с.) және былай деген:

«...оның қалауына сай жәннәттың сегіз есіктерінің кез-келгені арқылы...» (Бұхари, Мүслім)

121-сұрақ:

Жәннәт пен тозаққа иман келтіру нені білдіреді?

Жауабы:

Жәннәт пен тозаққа иман келтіру олардың (яғни жәннәт пен тозақтың) жаратылғанын және қазіргі кезде бар екенін, сондай-ақ Аллаһтың әмірімен олар мәңгі тұратынын және ешуақытта жоқ болып кетпейтінін барынша растауды білдіреді. Жәннәттың рахаты мен тозақтың азабына иман келтіру осының құрамды бөлігі болып табылады.

122-сұрақ:

Жәннәт пен тозақтың қазіргі кезде бар екеніне қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ олардың қазіргі кезде бар екені туралы айтқан. Мысалы, жәннәт туралы Ол:

«...және тақуалар үшін әзірленген»,-дейді. (Әли-Имран, 133)

«...қарсы болғандар үшін дайындалған»,-дейді. (Әли Имран, 131)

Аллаһ Тағала Адам (а.с.) мен оның жұбайын жәннәтқа орналастырғанын, және олар тыйым салынған ағаштың жемісін жегенше жәннәтта болғанын біздерге баяндаған. Сондай-ақ Аллаһ Тағала кәпірлерге қабірлерінде таңертең және кешке тозақтың көрсетіліп тұратыны туралы247 да айтқан.

247Бұл жерде олардың алдынан тозақтың қақпалары ашылып, олар оның ыстық лебін сезетіні туралы айтылуда.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Маған жәннәт көрсетілді, сонда оның тұрғындарының басым көпшілігі кедейлер екенін көрдім. Сонсоң маған тозақ көрсетілді, сонда оның тұрғындарының басым көпшілігі әйелдер екенін көрдім». (Бұхари, Мүслім)

Осыдан біраз бұрын қабір азабы мен қабірдегі сұрақтар туралы әңгіме болғанда біз Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Сендерден кім өлсе, оған оның орны көрсетіледі»-деген сөзін келтіргенбіз.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Салқын түскенше намазды кешіктіріңдер248, өйткені, ыстық – тозақтың қызуынан». (Бұхари, Мүслім)

248Бұл жерде өте ыстық күнгі бесін намазы туралы айтылған.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«(Кезінде тозақтың) жалыны Аллаһ Тағалаға: «О, Тәңірім, менің бір бөлігім екінші бөлігімді жұтып қояды»-деп шағым жасады. Сонсоң (Аллаһ) оған екі рет – қыста бір рет, жазда бір рет дем шығаруға рұқсат етті249. (Сол кезде) сендер барынша ыстық пен барынша суықты сезесіңдер». (Бұхари, Мүслім)

249Тозақ қыста өзінен суық, жазда ыстық шығарады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Безгек – тозақтың аптабынан, оны сумен салқындатыңдар». (Бұхари, Мүслім)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Аллаһ жәннәт пен тозақты жаратқан уақытта Жәбірейілді жәннәтқа жіберіп, «Бар да, оны көргін»,-деді. (Насаи, Термизи)

Сондай-ақ бір күні Күн тұтылған кезде Пайғамбарымызға (с.а.с.) жәннәт пен тозақтың көрсетілгені туралы, және Миғраж түнінде де көрсетілгені жайлы, және осындай басқа да көптеген хадистерде осы туралы айтылатыны риуаятталады.

123-сұрақ:

Жәннәт пен тозақтың бар екені және олардың мәңгі болатыны, сондай-ақ ешуақытта жоғалып кетпейтіні жайлы қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар оның (жәннаттың) ішінде мәңгі қалады. Осы ірі мұрат». (Тәуба, 100)

«...олар одан шығарылмайды». (Хижр, 48)

«…(бұл) үздіксіз бір сыйлық». (Худ, 108)

«Ешбір түгеп үзілмейтін, ешкім қорымайтын250». (Уақиға, 33)

250Бұл жерде ешуақытта таусылмайтын және пейіш тұрғындары үшін әр уақытта дайын тұратын жұмақ жемістері туралы айтылуда.

«Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы251». (Сад, 54)

251Яғни, Аллаһ Тағаланың жәннәттықтарға арнаған сыйы

Аллаһ Тағала және айтты:

«Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады. Бақшаларда, бұлақтарда. Жұқа, қалың жібектер киіп, бір-бірінің қарсысында отырады. Осы сияқты, сондай-ақ оларды ботакөз хор қыздармен252 үйлендіреміз. Ол жерде бейбіт түрде әртүрлі жемісті сұрай алады. Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Аллаһ оларды тозақтың азабынан сақтаған». (Духан, 51-56)

252Яғни, жанарлары жарқыраған қаракөз әппақ арулар

Бұған дәлел болатын басқа да көптеген аяттарды келтіруге болар еді.

Сонымен, Аллаһ Тағала жәннәттың мәңгілік екені туралы хабар етті, ондағы тұрғындар өмірінің де мәңгі екендігі туралы, ол өмір ешуақытта үзілмейтіні және олардың жәннәттан шығарылмайтыны туралы баяндап берді.

Ал тозақ туралы айтар болсақ, ол жайлы Аллаһ Тағала айрықша былай деген:

«…тозақтың жолына салады да, олар онда мәңгі қалады». (Ниса, 169)

«Расында Аллаһ кәпірлерге лағынет етті, және оларға жалындаған тозақты әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды». (Ахзаб, 64-65)

«Кім Аллаһқа, Оның ешісіне қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар». (Жын, 23)

«Сондай-ақ олар тозақтан шығушы емес». (Бақара, 167)

«Олардың азабы жеңілдетілмейді де олар онда күдер үзген түрде қалады». (Зухруф, 75)

«Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардан азабы да жеңілдетілмейді». (Фатыр, 36)

Аллаһ Тағала олардың өлетінін теріске шығарған:

«Күдіксіз кім Раббына күнәһар болып келсе, рас оған тозақ бар: онда ол өлмейді де, өмір де сүрмейді253». (Таһа, 74)

253Яғни, өлім оларды азаптан құтқармайды және өмір олар үшін ешуақытта қуанышты болмайды.

Осы және осыған ұқсас аяттарда Аллаһ Тағала тозақта мәңгі қалатын, тозақ – солар үшін, олар тозақ үшін жаратылған, тозақта болуға лайықты тозақтықтар жайлы біздерге хабар берді.

Және Аллаһ Тағала олардың тозақтан шығуы мүмкін еместігін айтты:

«Сондай-ақ олар тозақтан шығушы емес». (Бақара, 167)

Және олардың азаптарының тоқталатынын теріске шығарады:

«Олардың азабы жеңілдетілмейді де олар онда күдер үзген түрде қалады». (Зухруф, 75)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Тозаққа лайықты болған тозақ тұрғындары, шын мәнінде, олар өлмейді, (бірақ) өмір де сүрмейді». (Мүслім, Ахмад, Ибн Мәжәһ, ұзын хадистің бір бөлігі)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені де риуаят етіледі:

«Жәннәттықтар жәннәтқа, тозақтықтар тозаққа кіргізілген соң, жәннәт пен тозақтың арасына ажалды әкеледі де оны бауыздайды, сонсоң жаршы: «О, жәннәттықтар, (енді) өлім жоқ! О, тозақтықтар, (енді) өлім жоқ!»-деп (жариялайды), сонда жәннәттықтардың қуанышына (жаңа) қуаныш қосылады, ал тозақтықтардың қасіретіне (жаңа) қасірет қосылады (және олар әрқайсысы өз орындарында мәңгі қалады)».

Басқа бір хабарда Пайғамбарымыз (с.а.с.) осыны айтқан соң, мына аятты оқыды:

«(Мұхаммед (с.а.с.)) сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін254 қасірет күнін255 ескерт» (Мәриям, 39). (Бұхари, Мүслім)

254Яғни, есеп-қисап аяқталып, адамдардың жақсы және жаман амалдары жазылған дәптерлері жиналып алынады.

255Яғни Қиямет күні барлық адамдар үшін қайғы күні болады, өйткені, күнәһарлар өздері жасаған күнәлары үшін өкінеді, ал шыншыл дұрыс адамдар көбірек жақсы амалдар жасамаппын деген өкініште болады.

Және бұл туралы басқа да хадистер бар.

124-сұрақ:

Мұсылмандар Ахыретте өздерінің Аса Мархамет Етуші және Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһын көретініне қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Қиямет күні кейбір жүздер жарқылдап Раббына қарайды». (Қиямет, 22-23)

«Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар». (Юнус, 26)

Ал кәпірлер туралы Аллаһ Тағала айтты:

«Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні, Раббыларының дидарынан махрұм қалады». (Мутаффифун, 15)

Аллаһтың дұшпандары махрұм қалса, Оның достары махрұм қалмайды деген сөз. Жабир ибн Абдуллаһтан (р.а.) келген хадисте риуаят етілген:

«Бір күні біз Пайғамбарымызбен (с.а.с.) айдың он төртінші түнінде бірге болғанымызда ол толған айға қарап:

«Расында, мынау (айды) қалай көріп тұрсаңдар, Раббыларыңды сондай көзбе-көз көресіңдер, Оны көргеннен сендер еш реніште болмайсыңдар. Егер күн шығудан бұрынғы намазды және күн батудан бұрынғы намазды256 орындауға шамаларың келсе257, қалайда (оларды) орындаңдар». (Бұхари, Мүслім)

256Бұл жерде таңғы (фажр) және намаздыгер (аср) намаздары туралы айтылуда.

257Бұл жерде қандай да бір адамның өмірлік мүддесіне ешқандай зарар жеткізбей-ақ кейінге қалдыруға болатын тіршілік істері туралы айтылуда.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«қалай көріп тұрсаңдар» яки «мынау айды қалай көріп тұрсаңдар» дегені бір көруді екінші көруге ұқсастыруды білдіреді, бірақ бұдан көрінілген бір зат екінші затқа ұқсас деген ұғым тумайды.

Бұл айтылған сөз мына хадиске де қатысты.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Аллаһ Тағала аспанда бір мәселе жайлы шешім қабылдағанда Оның айтқанына бойсұнғанын білдіріп періштелер қанаттарын қағады (сол кезде) шынжырды тас үстінде сүйреткендей (дыбыс есітіледі)»,-деген. (Бұхари, Ибн Мәжәһ)

Бұл жерде бір тыңдау екіншісіне ұқсастандырылған, бірақ бірінші және екінші жағдайдағы естілген нәрсе бір-біріне ұқсамайды, өйткені, Аллаһ Тағаланың Затын және сипаттарын қайсы бір жаратылғандарға ұқсастырудан Аллаһ Тағала Пәк. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) (жоғарыда айтылған) сөздеріне келсек, оның сөздері ұқсастыруға титтей де қатысты деп ойлаудың өзі мүмкін емес, себебі, ол Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағаланы барлық адамдардан да жақсы білген.

Суһайбтан (р.а.) келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Перде алып тасталынады және олар Аса Құдіретті және Ұлы Тәңірінің дидарына қараудан сүйкімдірек сый алмайды»-деп, сонсоң,

«Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық258 әрі артығы да259 бар» (Юнус, 26), деген аятты оқыды. (Мүслім, Термизи)

258Бұл жерде жәннәт туралы айтылуда.

259Бұл жерде Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағалаға қарау мүмкіндігі туралы айтылуда.

Көптеген сахих хадистер де осыны дәлелдейді. Кім бұл айтылғанды теріске шығарса, демек, ол Құранға да, Аллаһ Тағала Өз елшісі арқылы адамдарға жіберген нәрсеге де сенбейтін болғаны, ондай адам туралы Аллаһ Тағала:

«Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні, Раббыларының дидарынан махрұм қалады260». (Мутаффифун, 15)

260Яғни олар Аллаһ Тағаланы көре алмайды.

Біз болсақ, Аса Жоғары Аллаһ Тағаладан бізді кешіруін және мынадайлардан құтқаруын, сондай-ақ біздерге Аллаһ Тағала Өзінің дидарына қарап рахаттануды нәсіп еткен болуын жалбарынып тілеп қаламыз! Әмин.

125-сұрақ:

Шапағатқа, оның кімнен болатынына, кімге болатынына және қашан болатынына сенудің дәлелі не?

Жауабы:

Аллаһ Тағала шапағат туралы түрлі міндетті шарттармен байланыстырып Өз Кітабының көптеген аяттарында айтқан. Мәселен, Аллаһ Тағала шапағатшылыққа қатысты барлық мәселеде тек қана Өзі билік ететіні жайлы және Өзінен басқа ешкімнің араласы болмайтыны туралы біздерге білдірген.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Мұхаммед (с.а.с.)): «Барлық шапағат Аллаһқа тән...» де».

(Зумәр, 44)

Ал шапағат ету қашан болатыны туралы айтар болсақ, бұл жайында Аллаһ Тағала шапағат ету тек Өзінің рұқсатымен ғана болатынын біздерге білдірген.

Аллаһ Тағала айтты:

«Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді». (Бақара, 255)

«Оның рұқсатынсыз ешбір шапағатшы жоқ». (Юнус, 3)

«Аллаһ қалап, разы болған кісісіне рұқсат бермейінше, олардың шапағаты ешнәрсеге жарамайды». (Сәбә, 23)

Ал шапағат сөздерімен Аллаһ Тағалаға жалбарыну мүмкіндігі кімге берілетіні туралы айтар болсақ, Аллаһ Тағала ондай мүмкіндік тек Өзінің рұқсатымен ғана болатынын айтып қана қоймай, ондай мүмкіндік Өзіне жақын таңдаулылардан басқа ешкімге берілмейтінін де біздерге білдірген.

«Аллаһтың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді». (Нәбә, 38)

«Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды261». (Мәриям, 87)

261Яғни, Аллаһ Тағалаға жақындардан болған тақуалар таухид куәлігін беріп, Аллаһ Тағаланың сол үшін марапаттауы туралы уәдесіне деген сеніммен өз куәлігіне адал болып Аллаһ Тағалаға иман келтірген және Оның елшілеріне ілескендер үшін ғана шапағат ете алады.

Ал кімдер үшін шапағат ету мүмкін екендігіне келсек, Аллаһ Тағала тек Өзі разы болғандар үшін ғана шапағат етуге рұқсат беретінін білдірген.

«Олар, Аллаһтың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады». (Әнбия, 28)

«Сол күні Рахман рұқсат берген, сөзін жақтырғаннан басқаның шапағаты пайда бермейді». (Таһа, 109)

Бірақ, Ол, барлық мадақ Оған тән, тек таухидті (бірқұдайшылдықты) ұстанушылар мен шын берілген адамдарға ғана разы болады. Ал басқалары туралы Аллаһ Тағала айтты:

«Залымдар үшін бір дос та, ықпалды шапағатшы да болмайды». (Ғафыр, 18)

Және Аллаһ Тағала Қиямет күні олардың:

«Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ. Жанкүйер досымыз да жоқ» (Шуғара, 100-101), дейтінінен хабар берген.

Аллаһ Тағала және айтты:

«Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді». (Муддассир, 48)

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне шапағатшылық құқығы берілген және Аллаһ Тағаланың Аршы астына келіп сәжде жасап Аллаһ Тағала үйрететін мадақ сөздерімен Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, сонсоң оған: «Көтер басыңды және өтін, өтінішің орындалады және сөйле, (сен не айтсаң) сөзің қабылданады, және шапағат ет, саған шапағат ету құқығы беріледі» (Бұхари, Мүслім және басқалар, ұзын хадистен үзінді), деп айтылғанша, ол шапағат етуін бастамайтынын білдіреді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сондай-ақ өзіне таухидті мойындағандардың ішіндегі барлық күнәһарларының бәріне бірден шапағат етпейтінін білдіріп, сөйтіп ол былай дейді:

«Ол (Аллаһ Тағала) мен үшін белгілі шек қояды, сонсоң оларды жәннәтқа кіргізеді»262, сонсоң, ол (Пайғамбарымыз (с.а.с.)) қайта келіп бағанағыдай сәжде қылады, ал Аллаһ Тағала тағы да белгілі шек қояды, және осы хадисте айтылған мәселе аяғына дейін орындалады.

262Бұхари мен Мүслім келтірген ұзақ хадистің үзіндісі.

Әбу Хурайраның (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Сенің шапағатың себепті адамдардан кім ең бақытты болады?»-деп сұрағаны риуаят етіледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шын жүрегінен «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деп айтқан адам»-деп жауап берген. (Бұхари, Ахмад)

126-сұрақ:

Шапағаттың неше түрі бар және оның ұлығы қайсы?

Жауабы:

1. Қиямет күні Аллаһ Тағаланың Өз құлдары туралы ақтық шешім қабылдауын адамдардың күтіп тұрған жерінде (мауқиф) болатын шапағат, сол ең ұлы шапағат. Ондай шапағат ету құқығы тек біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) ғана беріледі, және осы – Аллаһ Тағаланың Пайғамбарымызға (с.а.с.) уәде еткен ең мақтаулы (әл-мақамул-махмуд) орны.

Бұл туралы Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі». (Исра, 79)

Бұл жерде адамдардың жағдайы еш төзгісіз әрі бұдан ары бұл орында тұра алмастай болғанда және олардың бұл жағдайы тым ұзап, қасірет-қайғылары күшейіп, өздерінен шыққан терге терең бататыны соншалық, тыныс алулары да қиындаған кезде олар Аллаһ Тағала өздері туралы ақтық шешім қабылдауын қалап шапағат іздей бастайтыны сөз болуда. Сөйтіп, олар шапағат етуін өтініп алдымен Адамға (а.с.) барады, сонсоң – Нұхқа (а.с.), сонсоң – Ибраһимге (а.с.), сонсоң – Мұсаға (а.с.), сонсоң – Мәриям ұлы Исаға (а.с.) барады және олардың әрқайсысы «Өзім..., өзім…263»-дейді, осылайша олар біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) келгенше жалғаса береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен соған арналғанмын»,-дейді. Бұл туралы екі «Сахихта» және де басқа кітаптардағы хадистерде егжей-тегжейлі айтылған.

263Яғни мен өзім шапағатқа зәрумін.

2. Жәннәттың қақпасы ашық болуын тілегендегі шапағат. Оны ең бірінші болып біздің пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) ашады, ал үмметтердің ішінде оған бірінші болып оның үмметі кіреді.

3. Аллаһ Тағала кімдерді тозаққа тастауға әмір етсе, солардың тозаққа түспеуін тілегендегі шапағат.

4. Тозаққа тасталған таухидшілер (бірқұдайшылдар) үшін шапағат. Яғни оларды тозақтан шығару туралы жалбарыну. Нәтижесінде олар тозақтан көмір секілді боп күйген халде шығарылады да, сонсоң өмір өзеніне тасталынады және олар тасқын сумен ағып келген дән секілді өніп, өсе бастайды.

5. Жәннәттағылардың дәрежелерін жоғарылату үшін шапағат.

Соңғы үш жағдайда Аллаһ Тағала алдында адамдар үшін шапағат етуге тек біздің Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана емес, бірақ бұл жерде де ол бірінші болады, сонсоң одан кейін басқа пайғамбарларға, періштелерге, әулиелерге және ата-анасынан бұрын өлген нәрестелерге шапағат ету рұқсат етіледі, сонсоң Аса Жоғары Мәртебелі Өзінің мархаметімен сансыз көп адамдарды оттан шығарып, оларды жәннәтқа кіргізеді.

6. Біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) берілген, кейбір кәпірлердің азабын жеңілдету үшін жасалынатын шапағат, және бұл тек қана оның әкесінің ағасы Әбу Тәлибке қатысты, бұл туралы Мүслімнің «Сахихында» және де басқа кітаптарда хабар берілген.

Бұл хадисті Бұхари де келтірген. Онда Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Мүмкін, Қиямет күні менің шапағатым оған пайдасын тигізер және ол оттың ең жоғарғы қабатына орналастырылар, ол жерде от оның (тек) өкшесіне дейін ғана жетеді, (соның өзінде табанындағы оттың ыстығынан) оның миы қайнап тұрады».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Тозаққа (адамдарды) лақтыру тоқталмайды және тозақ та: «Тағы да бар ма?»-дегенін (тоқтатпайды), тек Даңқ Тәңірі оның үстіне аяғын қойғанда, оның бір бөлігі басқа бөлігінің ішіне кіріп кетеді де, ол: «Жетер, жетер, Сенің Даңқыңмен және Сенің Жомарттығыңмен ант етемін»,-дейді. Ал Аллаһ Тағала жәннәт үшін (жаңа) адамдар жаратып, ондағы бос орындарға орналастырғанша жәннәтта бос орындар (бос күйінде) қала береді». (Бұхари, Мүслім)

127-сұрақ:

Өз амалдарының нәтижесінде біреулер жәннәтқа кіре ала ма немесе тозақтан құтыла ала ма?

Жауабы:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Жақындаңдар, дұрысын ұстауға әрекеттеніңдер264 және біліңдер, сендерден ешкімге ешуақытта өз амалдары арқасында құтылу жоқ». (Адамдар) сұрады: «О, Аллаһ елшісі, саған да ма?». Ол айтты: «Маған да, егер Аллаһ Тағала маған мейірімділік жасап маған шапағат етпесе».

264Бұл жерде құлшылық мәселелерінде мүмкіндігінше орташа жағдайды ұстау қажеттігі айтылады және шамаң келмейтін нәрсені істемеу, өйткені бұдан кейін міндетті түрде кері қайту басталады да адам бұрынғысына қарағанда (салих) амалдарын азайтатыны немесе ешнәрсе істемейтін болатыны туралы айтылуда.

Бұл хадис туралы басқа бір риуаятта, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Дұрысын ұстануға әрекеттеніңдер, жақындай түсіңдер, қуаныңдар (және біліңдер), ешкімді өз амалдары жәннәтқа кіргізе алмайды»,-деді. (Адамдар) сұрады: «О, Аллаһтың елшісі, сені де ме?». Ол жауап берді: «Мені де, егер Аллаһ Тағала маған мейірімділік жасамаса, және біліңдер, Аллаһ Тағала үнемі үзбей орындалатын амалдарды жақсы көреді, олар тіпті аз болса да». (Бұхари, Мүслім)

128-сұрақ:

Аллаһ Тағаланың:

«Және оларға: «Міне амалдарың себепті мұрагері болған жұмақтарың осы» делінген түрде дыбысталады» (Ағраф, 49), деген сөздеріне жоғарыда баяндалған хадис сәйкес келе ме?

Жауабы:


Аллаһқа шүкір, ол хадис пен Аллаһ Тағаланың сөздері арасында ешқандай қайшылық жоқ. Мәселе мынада: аяттағы (арабша мәтініндегі) растаушы «ب» көмекші сөзі себептілікті аңғартады, өйткені, адамның жәннәтқа баруына оның дұрыс (салих) амалдары себепші болады, оларсыз жәннәтқа кіру мүмкін емес, ал себеп бар болған жағдайда ғана оның нәтижесі, салдары болатыны белгілі.

Ал хадиске келсек, онда бұл «ب» көмекші сөзі құндылық мағынасында келгендігі теріске шығарылады, өйткені Аллаһ Тағаланың құлы ғасырлар соңына дейін өмір сүріп, сол уақыттың бәрінде күндіз ораза тұтып, түндерде намаз оқып және бірде-бір күнә іс істемегенде оның барлық амалдары Аллаһ Тағаланың оған ашық және жасырын жасаған мейірім-шапағаттарының жүзден бір бөлігіне де тең келмейді. Ондай болса, олар (яғни амалдар) қалайша жәннәтқа кіруге кепіл бола алады?

«Раббым! Жарылқа, мархамет ет! Сен мархамет етушілердің ең жақсысысың265». (Муминун, 118)

265Бұл сөздердің толық мағынасы; Аса Қамқор – Ол, тек Аллаһ Тағала.

129-сұрақ:

Тағдырға бүтіндей иман келтірудің парыздығына не дәлел?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһтың әмірі тұжырымды бір үкім266». (Ахзаб, 38)

266Яғни, Аллаһ Тағаланың бұйрығы міндетті түрде орындалады.

«Бірақ Аллаһтың болатын әмірі жүзеге асты». (Әнфәл, 42)

«Аллаһтың әмірі орындалады». (Ахзаб, 37)

«Аллаһтан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаһқа иман келтірсе, оның жүрегін түзейді». (Тағабун, 11)

«Ал және сендерге (Ухудта)267 екі топ қарсыласқан күнгі тиген соққы, Аллаһтың бұйрығымен мүміндерді байқау үшін еді». (Әли Имран, 166)

267Бұл жерде (625-ші жыл) Ухуд соғысы туралы айтылуда, онда мұсылмандар жеңіліс тапқан-ды.

«(Мұхаммед (с.а.с.) сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр. Қашан оларға бір қайғы жетсе, олар: «Шын мәнінде біз Аллаһқа тәнбіз әрі Оған қайтушымыз»,-деді. Міне соларға Раббылары жақтан жарылқау және мархамет бар». (Бақара, 155-157)

Көптеген аяттар бұған дәлел бола алады. Ал Жәбірейілдің (а.с.) сұрақтары туралы хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Жақсылық та, жамандық та тағдырдан екеніне сенуің»,-деді. (Бұхари, Мүслім, Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Насаи, ұзын хадистен үзінді)

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді:

«Білгін, сен тап болған нәрсе сені айналып өтіп кетуі мүмкін емес еді, ал сені айналып өткен нәрсеге сенің ұшырауың мүмкін емес-ті». (Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

Және Пайғамбырымыз (с.а.с.) айтты:

«Егер сен бір жағдайға кезіксең: «Егер мен пәлен-түгендей еткенімде, бұл жағдайға тап болмас едім»-деп айтпа, «Бұл Аллаһ Тағаланың тағдыры, Оның қалағаны болды»-деп айт». (Мүслім)

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Бәрі алдын-ала белгіленген, тіпті қабілетсіздік пен зейінділік те». (Мүслім, Ахмад, Мәлик)

Басқа хадистер де осыған дәлел бола алады.

130-сұрақ:

Тағдырға иман неше сатылы?

Жауабы:


Тағдырға иман төрт сатылы:

1-ші саты: Аллаһ Тағаланың білімі бәрін қамтитынына, көктерде де, жерде де тозаңның түйіршігінің салмағындай нәрсе де Оның назарынан тыс қалмайтынына, Аллаһ Тағала Өзінің барлық жаратқандары туралы оларды жаратуынан бұрын білгеніне, олардың тағдыры және мерзім-мезгілі Аллаһ Тағалаға әу бастан белгілі екеніне, сондай-ақ олардың не істейтіні, не айтатыны, олардың қозғалыс пен тыныш халдері, олардың ашық-әшкере және жасырын-құпия көрініс беруі, кімнің жәннәттық, кімнің тозақтық екенін білетініне иман келтіру.

2-ші саты: (Мұның бәрі бұрын) жазылып қойылғанына, басқаша айтқанда, Аллаһ Тағала ненің болатынын әу бастан біліп жазып қойғанына, яғни Ләухул-Махфузға268 және Қаламға269 иман келтіру.

268Әлемнің барша тағдыры жазылған барлық Қасиетті Кітаптардың түпнұсқасы.

269Қалам – Ләухул-Махфуздағы жазуларды жазған қалам.

3-ші саты: Бұл екеуі бұрын болған және міндетті түрде болатын Аллаһ Тағаланың қалауы мен Оның Аса Құдіреттілігіне иман келтіру жағынан алғанда ажырамайды.

Ал бұрын болмаған және (қазіргі кезде) бар емес нәрсе туралы айтар болсақ, онда бұл екеуінің арасында байланыстылық жоқ.

Өйткені, Аллаһ Тағала қалаған нәрсе Оның құдіретімен шарасыз түрде болып тұр. Аллаһ Тағала қаламаған нәрсе Оның құдіретінің жоқтығынан емес, Оның қалауының жоқтығы себепті болмады. Аллаһ Тағала Аса Құдіретті және Ұлы, бәрінен Жоғары.

Аллаһ Тағала айтты:

«Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаһты осалдата алмайды270. Шәксіз Ол, Толық Білуші, Аса Күшті». (Фатыр, 44)

270Бұл жерде егер Аллаһ Тағала бір істі қаласа, Оның еркіне ешкім қарсы тұра алмайтындығы туралы айтылуда.

4-ші саты: Аллаһ Тағала бәрінің Жаратушысы екеніне, көктерде де, жерде де, және олардың арасында да жаратушысы Аллаһ Тағала болмаған тозаңның түйіріндей де нәрсе жоқ екеніне, Аллаһ Тағала барлық нәрсенің қозғалыс, іс-әрекеттері мен қимылсыздық, іс-әрекетсіздігінің де Жаратушысы әрі Одан басқа жаратушы да, тәңір де жоқ екеніне иман келтіру.

131-сұрақ:

Бірінші саты – білімге иман келтіруге не дәлел?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Ол сондай Аллаһ, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Көместі де, көрнеуді де біледі». (Хашыр, 22)

«Сондай-ақ Аллаһтың білімі әрнәрсені қамтиды». (Талақ, 12)

«Қарсы болғандар: «Бізге Қиямет келмейді»,-деді. (Мұхаммед (с.а.с.)): «Олай емес, көместі білетін Раббыма ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі, жердегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе Одан тасаланбайды. Сондай-ақ одан үлкені де, кішісі де белгілі бір Кітапта жазулы» де». (Сәбә, 3)

«Көместің271 кілттері Оның жанында. Оны Ол, Өзі ғана біледі». (Әнғам, 59)

271«Көмес» (ғайып) – бұл тек қана Аллаһ Тағалаға ғана белгілі нәрсе және Ол оны (ғайыпты) қалаған адамына ғана білдіреді.

«Аллаһ елшілікті қалай басқаратынын біледі». (Әнғам. 124)

«Күдіксіз Раббың Өз жолынан кімнің адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі». (Қалам, 7)

«Аллаһ әлемдегілердің көңілдеріндегілерді жақсы біледі емес пе?» (Анкабут, 10)

«(Мұхаммед (с.а.с.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине Мен жерде бір орынбасар жаратамын»-деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп272, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз273»,-деді. (Аллаһ): «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін»,-деді». (Бақара, 30)

272Бұл жерде адамдардың ең үлкен күнә, көпқұдайшылдық күнәсына ұрынатыны жайлы да айтылуда.

273Яғни, Саған қатысты Сенің жоғары жағдайыңа сәйкес келмейтін ешнәрсеге жол бермейміз.

«Бір жеккөрген нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселерің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер». (Бақара, 216)

Риуаят етіледі: Бір адам Пайғамбарымыздан (с.а.с.) сұрады: «О, Аллаһтың елшісі, жәннәтқа кіретін адамды тозаққа кіретін адамнан айыра тануға бола ма?» Ол: «Иә»,-деді. (Анау адам) сұрады: «Олай болса амал қылушылар не үшін әрекеттенеді?» Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Әркім не үшін жаратылған болса, соны істейді (немесе «оған не оңтайластырылған болса274...)». (Бұхари, Мүслім)

274Басқаша айтқанда, әрбір адам оны орындау арқылы түптің түбінде әу баста Аллаһ Тағала тағдыр еткен жерге апаратын өзі үшін оңай көрінген амалдарды табатын болады.

Риуаят етіледі: Бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.) көпқұдайшылдардың балалары275 туралы сұрасты, сонда ол: «Олардың қандай амал істейтінін Аллаһ жақсы біледі»,-деді». (Бұхари, Мүслім)

275Бұл жерде мүшріктердің жақсы істі де, жаман істі де істемей жас кезінде өлген балалары жәннәтқа кіре ме, немесе тозаққа кіре ме деген мәселе туралы айтылуда.

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.) айтты:

«Ақиқатында Аллаһ Тағала (кейбір) адамдарды әкелерінің белінде жүрген кезінде-ақ жәннәттық етіп жаратты276, (кейбір) адамдарды әкелерінің белінде жүрген кезінде-ақ тозақтық етіп жаратты». (Мүслім, Әбу Дауд, Ахмад)

276Яғни ол адамдардың жәннәтқа баратынын алдын-ала белгілелеген.

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.) айтты:

«Негізінде, біреу басқаларға жәннәттық адамның ісін277 істеп жүргендей көрінеді, ал (шынында) ол тозаққа түседі және біреу басқаларға тозақтық адамның ісін істеп жүргендей көрінеді, ал (шынында) ол жәннәтқа кіреді». (Бұхари, Мүслім)

277Яғни оның жәннәтқа баруымен марапатталатын істерді

Риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Араларыңда орны жәннәтта немесе тозақта екені Аллаһқа белгілі болмаған ешкім жоқ». (Адамдар) сұрады: «О, Аллаһтың елшісі, олай болса, амал жасаудың (әрекеттенудің) не қажеті бар? Осы айтылғанды ұстансақ дұрыс емес пе?». Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, амал қылыңдар, өйткені, кім не үшін жаратылған болса, оған сол амалды (орындау) оңайлатылады»,-деді де, мына аяттарды оқыды:

«Ал енді әлдекім (Аллаһ жолында) берсе278, тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп білсе279, сонда оның жолын оңайластырамыз280. Ал енді кім сараңдық істесе281, елемесе282, жақсылықты жалғанға шығарса, сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз283» (Ләйіл, 5-10)». (Бұхари, Мүслім)

278Бұл жерде «(Аллаһ жолында) берсе» деген сөздің кең мағынасы сөз болуда, басқаша айтқанда, малымен де (зекет төлеу, жетім-жесірлерге жәрдемдесу, т.т.) және Аллаһ Тағалаға құлшылық етудің барлық түрін орындаумен де Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындау туралы айтылуда.

279Яғни, Аллаһ Тағаладан басқа ешқандай тәңір жоқ екендігі туралы куәліктің шындығына сенген және осыған сеніп игі істер істегендер Аллаһ Тағала уәде еткен марапаттауға ие болатынына иланған

280Бұл жерде адамның жалпы жағдайының жақсаруы туралы сөз болуда және жәннәтқа апаратын барлық игі істерді істеу, сондай-ақ барлық бұзықтықтан бас тарту мүмкіндігінің ол үшін оңайлатылатыны туралы сөз болуда.

281Яғни, Аллаһ Тағала сый еткен нәрселерді өзінің де, басқаның да игілігі үшін жұмсамаған және Аллаһ Тағалаға өз дәрежесінде құлшылық етпеген

282Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағаланың жарылқауына мұқтаж емеспін деп және осы өмірдің жақсылығы жетеді деп есептеген.

283Бұл жерде Аллаһ Тағала ол үшін барлық игілікті жасауды қиындататыны және оған барлық бұзықтыққа қарай жолды оңайлататыны және ол (бұзықтықтар) адамды түптің түбінде тозаққа апаратыны туралы айтылуда.

Бұған дәлел басқа да хадистер бар.

132-сұрақ:

Екінші саты – тағдырды Аллаһ Тағала жазып қойғанына иман келтіруге не дәлел?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Әр нәрсені ашық бір Кітапта284 түгендеп қойдық». (Ясин,12)

284Бұл жерде не Ләухул-Махфуз туралы, не адамдардың барлық амалдары жазылатын дәптерлері туралы айтылуда.

«Шәксіз бұлар, Кітапта285 жазулы». (Хаж, 70)

285Бұл жерде Оның қасындағы барлық әлемнің тағдыры қамтылған Ләухул-Махфузда бұның жазылып қойғаны туралы айтылуда.

«(Перғауын): «Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің286 жағдайы қандай?»,-деді. (Мұса (а.с.)): «Олардың мәліметі Раббымның қасындағы Кітапта бар. Раббым жаңылмайды да ұмытпайды»,-деді». (Таһа, 51-52)

286Бұл жерде бүкіл өмірінде бірден бір Жалғыз Тәңір – Аллаһ Тағаланы білмей әртүрлі пұттарға табынушылар туралы айтылуда.

«Аллаһтың білімінен тыс ешбір ұрғашы жүкті болмайды да тумайды. Аллаһтың Кітабында жазылған өмір ұзартылмайды да қысқартылмайды. Әрине бұл Аллаһқа оңай». (Фатыр, 11)

Бұған дәлел болатын басқа да аяттар көп.

Риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Орны жәннәтта немесе тозақта екені Аллаһ Тағала тарапынан жазылып қойылмаған ешбір адам жоқ, сондай-ақ оның бақытты яки бақытсыз екені де жазылып қойылған». (Бұхари, Мүслім)

Осыған байланысты Сурақа ибн Мәлик ибн Жушәмнің (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «О, Аллаһтың елшісі, біз енді ғана жаратылғандаймыз, бізге дінімізді баянда. Бізге тағдыр етілген және алдын-ала жазылып қойылғанға сәйкес амал жасайық па, әлде енді ғана жазылатын нәрсеге сәйкес амал жасайық па?»-деп сұрағаны риуаят етіледі. (Сонда) Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, алдын-ала жазылғанға, тағдырға сәйкес»-деп жауап берді. (Сурақа) сұрады: «Онда бізге амал жасаудың керегі не?»287 Сонда (Пайғамбарымыз (с.а.с.)) айтты: «Амал қылыңдар, әркімге оңайластырылады».

287Яғни, бәрібір өзгертуге мүмкін болмаса, және одан аман қалуға да болмаса, онда әрекеттің керегі не?

Бұл хадис туралы басқа риуаятта, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Әрбір амал қылушы амалына қарай оңайластырылған»,-деген. (Бұхари, Мүслім)

Бұған дәлел ретінде басқа да хадистерді келтіруге болады.

133-сұрақ:

Тағдырдың қанша түрі бұл сатыға кіреді?

Жауабы:


Бұл сатыға тағдырдың бес түрі енеді және олардың бәрі білімге байланысты.

Бірінші; (Әт-тақдирул-әзәли): Әуелден белгіленген тағдыр, яғни Аллаһ Тағала Қаламды288 жаратқан кезде, көктер мен жерді жаратудан елу мың жыл бұрын не болатынын, барлығын жазып қойған.

288Жаратылғандардың барлық ісін әу бастан жазған қалам.

Екінші; (Әт-тақдирул-умри): Әл-мисақтағы уағдаға қатысты және әрбір жеке адамның өміріне байланысты тағдыр.

Ол жайында Аллаһ Тағала былай дейді:

«Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» 289 (Ағраф, 172)

289Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала Өзі жаратқан рухтарға осы сұрақты қойған.

Үшінші; Адамның өміріне бүтіндей байланысты, бірақ ұрықтың ана жатырына түскен сәтіне қатысты болғандағы тағдыр.

Төртінші; Қадыр түніндегі (періштелерге ашылатын) келер жылға қатысты бір жылдық тағдыр290.

290Яғни, келесі жылы әрбір адамға не болатыны жайлы періштелер хабарланады. (қараңыз: Духан, 4-5)

Бесінші; Әрбір күнге қатысты тағдыр, бұл әрбір жағдайда оның жүзеге асуы арқылы көрінеді.

Төменде бұл мәселелер толығырақ қарастырылады.

134-сұрақ:

Әуелден белгіленген тағдырға (әт-тақдирул-әзәли) не дәлелдер бар?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге кенеттен бір бейнет келетін болса, ол, жаратуымыздан бұрын Кітапта291 жазулы». (Хадид, 22)

291Яғни, Ләухул-Махфуз

Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері риуаятталады:

«Аллаһ Тағала Өзінің жаратқандарының тағдырларын көктер мен жерді жаратудан елу мың жыл бұрын жазды».

Ол (с.а.с.) сондай-ақ және айтты:

«Және Оның Аршы су бетінде еді». (Термизи, Ахмад, Әбу Дауд)

Риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Аллаһ Тағала ең бірінші Қаламды292 жаратты да, оған: «Жаз!»,-деді. (Қалам) айтты: «О, Тәңірім, мен нені жазуым керек?». Аллаһ Тағала айтты: «Барлық жан-зат пен бар нәрсенің Қиямет күніне дейін тағдырларын жаз!» (Термизи, Ахмад, Әбу Дауд)

292«Қалам» – әлемнің барлық тағдырын ол жаратылғанға дейін Ләухул-Махфузға жазған құрал.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері де риуаятталған:

«О, Әбу Хурайра, не болатынын Қалам жазып (бітірген), сиясы кеуіп қалған». (Бұхари, Мүслім)

135-сұрақ:

Әл-Мисақ күніндегі ғұмырлық бүкіл тағдырдың (әт-тақдирул-умри) дәлелі не?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«(Мұхаммед (с.а.с.)) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да, өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?»-дегенде, олар: «Әрине, куәміз»,-деген». (Ағраф, 172)

Исхақ ибн Рахауиядан (р.а.) риуаят етілген хабарда бір адамның Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «О, Аллаһтың елшісі, амалдар (адамдар тарапынан) жасала ма немесе олар баяғыда-ақ алдын-ала шешілген бе?»-деп сұрағаны айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Ақиқатында, Аллаһ Тағала Адамның ұрпағын арқасынан шығарып, Аллаһ Тағала оларды өздеріне өздері туралы куәлік беруге мәжбүр етті, сонсоң оларды Өзі екі алақанына алды да: «Мыналар – жәннәт үшін, ал мыналар – тозақ үшін»,-деді, және жәннәттықтар жәннәт адамдарының амалдарын орындауға оңайлатылады, ал тозақтықтарға тозақ адамдарының амалдарын орындау оңайлатылады». (Табарани)

Абдуллаһ ибн Амрдан (р.а.) Термизи риуаят еткен хадисте былай дейді:

«Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) біздің алдымызға шықты, қолында екі кітап бар еді, сонсоң: «Бұл қандай кітап екенін білесіңдер ме?»-деп сұрады. Біз: «Жоқ, о, Аллаһтың елшісі, егер өзің бізге айтпасаң, білмейміз»-деп жауап бердік. Сонда ол оң қолындағы кітап туралы: «Бұл – әлемдердің Раббысының Кітабы, мұнда жәннәт тұрғындарының есімдері жазылған және олардың аталарының аттары, олардың тайпаларының аттары, сондай-ақ олар ең соңғысына дейін түгелденген, енді олардың саны көбейтілмейді де, азайтылмайды да»,-деді. Сонсоң ол сол қолындағы Кітап туралы айтты: «Бұл – әлемдердің Раббысының Кітабы, мұнда тозақ тұрғындарының есімдері жазылған және олардың аталарының аттары, олардың тайпаларының аттары, сондай-ақ олар ең соңғысына дейін түгенделген, енді олардың саны көбейтілмейді де, азайтылмайды да». (Бұл сөздерді есіткен) оның сахабалары: «О, Аллаһтың елшісі, егер бәрі шешіліп қойылған болса, онда несіне салих амал жасауға (әрекеттенеміз)?»-деп сұрады. Ол айтты: «Дұрысын ұстануға әрекеттеніңдер, жақындаңдар293. Өйткені, шын мәнінде, кім жәннәттық болса, ол бұрын не істеген болса да, қалай да жәннәт тұрғындарының амалдарын орындайды, ал кім тозақтық болса, ол бұрын не істеген болса да, қалай да тозақ тұрғындарының амалдарын орындайды».

Сонсоң Аллаһ Тағаланың елшісі қолдарымен белгі берді де, оларды лақтырып тастады294, содан кейін: «Сендердің Раббыларың (Өз) құлдарының (тағдырын) қайсы бөлігі – жәннәттық, қайсы бөлігі тозақтық екенін әлдеқашан шешіп қойған»,-деді. (Термизи)

293127-ші сұрақтың ескертпесіне қараңыз.

294Бұл жерде осы айтылған Кітаптар туралы немесе қолымен қандай да бір қозғалыс жасағаны туралы болуы мүмкін. Егер сол Кітаптар туралы болса, оны қолында ұстап тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол Кітаптарды бұл дүниеден ғайып дүниеге жіберген болуы мүмкін.

136-сұрақ:

Адамның бар өміріне бүтіндей байланысты және ұрықтың жатырға түскендегі алғашқы кезеңдеріне қатысты тағдыр туралы не дәлел бар?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерді жерден жаратқанда және аналарыңның қарнында шикіөкпе кездеріңде де жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар295. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі». (Нәжм, 32)

295Яғни, мақтамаңдар да ақтамаңдар.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Ақиқатында, сендердің әрбірің (алғашқы) қырық күн бойы аналарыңның құрсағында ұрық түрінде, сонсоң сонша уақыт ұйыған қан түрінде, сонсоң сонша уақыт кішкентай бір тістем ет түрінде болып қалыптасасыңдар, осыдан кейін (оған) үрлеп рух (жан) кіргізетін періште жіберіледі, және ол (періште) төрт нәрсені жазуға бұйрық алады. Сөйтіп, ол оның тағдыр-үлесін, қанша жыл өмір сүретінін, оның амалдарын, сондай-ақ оның бақытты немесе бақытсыз болатынын жазады. Одан басқа ешбір тәңір жоқ Затқа ант етейін, шын мәнінде, сендерден кез-келген біреуің жәннәтқа қолдың қарындай қашықтық қалғанша жақындап барғанға дейін жәннәттықтардың амалдарын істейді, (содан кейін) маңдайында не жазылған болса (сол болады), сөйтіп, ол тозақтықтарға тән істерді істейді де тозаққа кіреді. Және, шын мәнінде, сендерден кез-келген біреуің тозаққа қолдың қарындай қашықтық қалғанша жақындап барғанға дейін тозақтықтардың амалдарын істейді, (содан кейін) маңдайында не жазылған болса (сол болады), сөйтіп, ол жәннәттықтарға тән істі істейді де, жәннәтқа кіреді». (Бұхари)

Бұл хадистің сахабалардың басқаша баяндауымен жеткен риуаяттары да бар, бірақ бәрінің мағынасы бір.

137-сұрақ:

Қадыр түніндегі келер жылға қатысты бір жылдық тағдырдың дәлелі не?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Ол кеште барлық хикметті істер296 айрылады. Бұл Өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз». (Духан, 4-5)

296Яғни, Аллаһ Тағаланың даналығымен шешілетін кез-келген іс.

Ибн Аббас, Аллаһ Тағала ол екеуінен разы болсын, айтады:

«Қадыр түні келер жылы болатын нәрселер: өлімге, өмірге, тағдыр-үлеске, жаңбыр және қажыларға байланысты мәселелер де: «Пәленше қажылықты өтейді, түгенше қажылықты өтейді»-делініп Ләухул-Махфуздан көшіріліп жазылады» 297.

297Ибн Аббас, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, және де басқа жоғарыда есімдері аталған беделді кісілердің бұл мәселеге байланысты айтқандары «Әд-дурр әл-мансурда» келтірілген. Осындай пікірді Хасан, Саъид ибн Жубайр, Муқатил, Әбу Абдур-Рахман Суләми және басқалар да білдірген.

138-сұрақ:

Әр күнге белгіленген тағдырдың бар екеніне не дәлел?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Ол, әр күні шұғылдануда». (Рахман, 29)

Хакимнің «Сахихында» Ибн Аббастың, Аллаһ ол екеуінен разы болсын, мына сөздері келтірілген:

«Ақиқатында, Аллаһ Тағаланың жаратқандарының ішінде әппақ інжуден (жасалған) Ләухул-Махфуз да бар. Оның жамылғысы қызыл лағылдан, қаламы – нұрдан және ондағы жазу – нұр. Аллаһ Тағала оған бір күнде үш жүз алпыс рет қарайды және осындай әр қараумен Ол жаратады және тағдыр жібереді, тірілтеді және өлтіреді, (дәрежелерін) көтереді және қорлайды және Ол нені қаласа, соны істейді, Оның:

«Ол, әр күні шұғылдануда» (Рахман, 29) деген сөзінің мәнісі осы».

Тағдырдың жоғарыда аталған барлық түрлері әуелі Аллаһ Тағала Қаламды жаратқанда, оған Ләухул-Махфузға жазып қоюды бұйырған әуелден белгілен тағдырдың егжей-тегжейлі түсіндірілуі болып табылады.

Аллаһ Тағаланың:

«...сендердің істегендеріңді жаздырушы едік298» (Жәсия, 29), деген сөздерін Ибн Умар және Ибн Аббас, олардан Аллаһ разы болсын, осылай түсіндірген.

298Яғни Аллаһ Тағала адамдардың барлық амалдарын осы Кітапқа жазып қоюды періштелерден талап еткен.

Ал осылардың бәрінің бастау алар жері Аса Жоғары Мәртебелі және теңдесі жоқ Аллаһтың сипаты болып табылатын Оның білімі.

139-сұрақ:

Бақыттылық пен бақытсыздық тағдырдан екенінің мәнісі не?

Жауабы:

Көктен түсірілген барлық Кітаптарда, сондай-ақ осы мәселеге қатысты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде, барлық нәрсенің алдын-ала белгіленуі, яғни тағдыр етілуі (адамдардың) амалына кедергі бола алмайды және адамдардың оны малдануына болады дегенді білдірмейді, керісінше, ол адамдарды дұрыс (салих) амалдар жасауға және соған (дұрыс амалға) ұмтылуға бар күш-қайратын жұмсауға міндеттейді. Міне, сондықтан да, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына барлық нәрсенің тағдыр етілгендігі және сол тағдыр орындалатындығы, сондай-ақ барлық тағдыр етілген нәрселерді жазған қаламның сиясы кеуіп, құрғап қалғаны жайлы айтқанда, сахабалардың кейбіреуі: «Ендеше, тағдырға сүйеніп (соны малданып), амал жасаудан бас тартсақ болмай ма?»-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған жауап беріп: «Жоқ, амал жасаңдар, барлық нәрсе оңайластырылған»-деді де, мына аяттарды оқыды:

«Ал енді әлдекім (Аллаһ жолында) берсе, тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз. Ал енді кім сараңдық істесе, елемесе, жақсылықты жалғанға шығарса, сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз» 299. (Ләйіл, 5-10)

299Бұл аятқа қатысты 278, 279, 280, 281, 282, 283 сілтемелерге қараңыз.

Аллаһ Тағала, Даңқ Оған тән, жазмыштағы барлық нәрсені (яғни болмай қалмайтын нәрселерді) тағдыр етті және оларға себеп болатын нәрселердің барлығын дайын етті. Адамдарға бұл дүниеде өмір сүруі үшін және мәңгілік дүниені табу үшін қажетті нәрселерді беріп, сондай-ақ Өзі жаратқан адамдардың қайсысы екі дүниеде не үшін жаратылған болса, соның орындалуын оңайлатқан Аллаһ Тағала Дана. Осылайша, Ол тағдыр етеді және жеңілдетеді.

Егер Аллаһтың құлы Ахыреттегі пайдаларының оған жеткізетін себептермен (амалдармен) байланысты екенін білсе, ол өз амалдарын мына дүниедегі мүдденің орындалуына байланысты нәрселерден жоғары қойып, бар күш-қайратын сол амалдарды орындауға жұмсар еді. Тағдыр туралы хадисті есітіп, «Енді мен барынша әрекет жасаймын»,-деген сахаба бұл хадисті жақсы түсінген.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Саған пайда келтіретін нәрсеге ұмтыл, Аллаһ Тағаладан жәрдем сұра және әрекетсіз болма». (Мүслім, Ахмад, Ибн Мәжәһ) 300

300Әбу Хурайрадан (р.а.) келген риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Әрқайсысында игілік бар болса да, Аллаһ Тағала алдында әлсіз мұсылманнан көрі күшті мұсылман жақсы. Өзіңе пайда келтіретін нәрсеге ұмтыл, Аллаһ Тағаладан жәрдем сұра және әрекетсіз болма, егер саған бір нәрсе жетсе: «Егер былай еткенімде, онда мен…» деп айтпа, «Бұл – Аллаһ Тағаланың тағдыр еткені және Ол қалағанын орындады»-деп айт, өйткені «егер» деу, өзінің істеріне қарай шайтанға есік ашқан болады».

Риуаят етіледі: Пайғамбарымыздан (с.а.с.) сұрады: «Маған айт, біздер қолданып жүрген дәрі-дәрмек пен дұға, үфілеу-сүфілеу Аллаһ Тағала тағдыр еткен нәрселерден бір нәрсені болдырмай қала ма?». Ол: «Олар (да) Аллаһ Тағаланың тағдырынан»-деп жауап берді. Яғни Аллаһ Тағала жақсылық пен жамандықты, сонымен қатар, сол екеуінің барлық себептерін де тағдыр етті дегені.

140-сұрақ:

Аллаһ Тағаланың қалауына иман келтірудің парыздығына яки үшінші сатыға қандай дәлелдер бар?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Сендердің қалауларың болмайды. Аллаһ қаласа ғана болады». (Инсан, 30)

«Және ешнәрсені: «Осыны ертең істеймін»-деп айтпа. Бірақ, «Аллаһ қаласа (жасаймын)» де». (Кәһф, 23-24)

«Аллаһ кімді қаласа адастырады, кімді қаласа оны тура жолға салады». (Әнғам, 39)

«Аллаһ қаласа еді, сендерді бір-ақ үммет қылар еді». (Нахыл, 93)

«Егер Аллаһ қаласа, өздеріне ашық дәлелдер келгенінен кейін олар, пайғамбарлардан301 соң соғыспас еді». (Бақара, 253)

301Аллаһ Тағаланың елшілері туралы айтылуда.

«Егер Аллаһ қаласа, олардан өш алар еді». (Мұхаммед, 4)

«Ол, қалағанын бұлжытпай істеуші». (Буруж, 16)

«Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған «Бол», деу, сонда ол бола қалады». (Ясин, 82)

«Бір нәрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған «Бол», деу, сонда ол бола қалады». (Нахыл, 40)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Сонда Аллаһ, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңейтеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тарылтады». (Әнғам, 125)

Бұған дәлел ретінде басқа да аяттарды келтіруге болады.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы сөз қозғасақ, ол айтты:

«Ақиқатында адам ұрпақтарының жүректері Рахман саусақтарының екі саусағының арасында жалғыз жүрек секілді болып тұрады, және Ол оны қалауынша қозғайды». (Мүслім)

Бір жазық жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен сахабаларының ұйықтағаны туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді:

«Ақиқатында, Аллаһ Тағала қалаған кезінде сендердің жандарыңды алады, қалаған кезінде оны қайтарады». (Бұхари, Насаи, Ахмад)

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Араша түсіңдер, сауап аласыңдар, ал Аллаһ Тағала Өзінің елшісінің тілі арқылы қалаған үкімін шығарады». (Бұхари, Мүслім)

Риуаят етілуінше, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір адамның: «Аллаһ және сенің қалағаныңдай» дегенін есітіп (оған) айтты: «Аллаһ қаласа және пәленше демеңдер, тек қана Аллаһтың жалғыз Өзі қаласа»-деңдер». (Ахмад)

Сондай-ақ Пайғамбырымыз (с.а.с.) және айтты:

«Аллаһ Тағала кімге жақсылықты қаласа, оған дінді терең түсінетін етіп қояды». (Бұхари, Термизи, Ахмад)

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Аллаһ Тағала бір үмметке рахметін сыйлағысы келсе, (сол үмметтің) пайғамбарын ол үммет (жойылғанға) дейін (Өз жағына) алады, ал Ол егер бір үмметті өлтіргісі келсе, оны олардың пайғамбары тірі кезінде-ақ жазалайды». (Мүслім)

Аллаһ Тағаланың қалауы мен бұйрығы жайлы басқа да хадистер көп.

141-сұрақ:

Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында ізгі амал жасаушыларды, тақуалар мен сабырлыларды сүйгенін білдіреді, бұл туралы Оның елшісінің және Оның сипаттарының мәнінен де білеміз. Ол иман келтіргендер мен ізгі амал жасаушыларға разы, Ол кәпірлер мен әділетсіздерді сүймейді, Ол құлдарының имансыздыққа түсуін қаламайды және арсыздықты ұнатпайды, бірақ осылардың барлығы Аллаһ Тағаланың қалауы мен Оның бұйрығы бойынша іске асып, егер Ол қалағанда еді, онда бұлар болмаған болар еді, өйткені Оның патшалығында Ол қаламаған нәрсенің ешқайсысы болмайды. Ендеше біреу: «Ол Өзі ұнатпайтын және Өзі разы болмайтын нәрселерді Ол қалайша ұнатып қалайды?»-десе, не деп жауап беруге болады?

Жауабы:

Аллаһ Тағаланың қалауы туралы Құранның түрлі аяттары мен хадистерде екі мағынада келгендігін білгін.

1. Болмыстық-тағдырлық қалау. Бұл арабша «мәшиә» деп аталады. Қалаудың бұл түрінің ризашылық білдіру мен ұнатуға қатысы жоқ. Керісінше, қалаудың бұл түріне имандылық та, имансыздық та, бойсұну да, бағынбаушылық та, ұнамды да, жеккөрінішті де кіреді және ешкім бұл қалаудан тыс қала алмайды. Бұл туралы Жоғары Мәртебелі:

«Сонда Аллаһ, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңейтеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тарылтады» (Әнғам, 125), деген.

Аллаһ Тағала және айтты:

«(Мұхаммед (с.а.с.)) Аллаһ Тағала біреудің бұзылуын302 қаласа, сен ол үшін Аллаһтан дәнеңеге ие бола алмайсың. Міне солар, Аллаһ жүректерін тазартуды қаламағандар». (Мәида, 44)

302Яғни адасуын, тура жолдан шығуын

Бұған мысал ретінде басқа да аяттары келтіруге болады.

2. Аллаһ Тағаланың ризашылық білдіру мен жақсы көруіне қатысты діни қалау. Осы қалауға сәйкес Ол Өз құлдарына кейбір нәрселерді бұйырды, кейбір нәрселерден қайтарды. Бұған Жоғары Мәртебелінің мына сөздері дәлел:

«Аллаһ сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды». (Бақара, 185)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Аллаһ сендерге түсіндіруді және сендерді өздеріңнен бұрынғылардың303 тура жолдарына салуды, сондай-ақ тәубелеріңді қабыл етуді қалайды304». (Ниса, 26)

303Бұл жерде пайғамбарлар мен олардың ізбасарлары туралы айтылуда.

304Яғни сендерге мейірімділік ету үшін, сендерді тәубеге келтіру және сендерді кешіруді

Бұған мысал ретінде басқа да аяттарды келтіруге болады.

Аллаһ Тағаланың болмыстық қалауымен бірге о бастағы тағдырға Аллаһтың діни қалауы да тиесілі болған адам өмірде Аллаһтың осы қалауын басынан өткізе алады. Аллаһ Тағалаға бойсұнушы мұсылманда жоғарыда аталған екі көрініс бірігеді, ал бойсұнушы емес, арсыз адамға Аллаһ Тағаланың тек болмыс пен тағдырға қатысты қалауы тиісті болады.

Аллаһ Тағала, мадақ Оған тән, Өзінің барлық құлдарын Өзіне ұнамды нәрсеге шақырады, бірақ олардың ішінен кімді қаласа, тек соларды ғана Өзіне бойсұндырды. Бұл туралы Аса Жоғары Мәртебелінің Өзі:

«Аллаһ есендік жұртына (жәннәтқа) шақырады да, қалаған құлын тұп-тура жолға салады» (Юнус, 25), деді.

Осылайша, Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ, мадақ Оған ғана тән, Өз шақыруын бәріне қатысты етеді де, бірақ, Ол тек кімді қаласа, соны ғана тура жолға бастайтынын баса айтады.

Аллаһ Тағала айтты:

«Шынында Раббың жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі». (Нәжм, 30)

142-сұрақ:

Тағдырға иман келтірудің жаратуға байланысты төртінші сатысына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы, Аллаһ Тағала әр нәрсеге Кепіл». (Зумәр, 62)

«Сендерге көктен, жерден несібе беретін Аллаһтан басқа бір жаратушы бар ма?» (Фатыр, 3)

«Бұл Аллаһтың жаратқаны. Ал Аллаһтан өзгенің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші?» (Луқман, 11)

«Ол Аллаһ сендерді жаратқан, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаһқа қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім?» (Рум, 40)

«Аллаһ сендерді де, жасаған нәрселеріңді де жаратты». (Саффат, 96)

«Кісіге және оны толықтағанға. Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілетін бергенге серт». (Шәміс, 7-8)

«Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, сонда ол, тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар зиянға ұшырағандар». (Ағраф, 178)

Және Аллаһ Тағала айтты:

«Бірақ Аллаһ, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жеккөрсетті».(Хужурат, 7)

Басқа да аяттар бұған дәлел бола алады.

Аллаһ Тағала құлдарының амалдарын да жарататыны туралы, Хузайфадан (р.а.) келген риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Ақиқатында Аллаһ Тағала (не болғанда да) әрбір амал жасаушыны да және ол жасаған амалды да жаратады». (Бұхари, Байһақи)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһ Тағалаға жалбарынып:

«О, Аллаһ, менің жаныма тақуалық бере көр және оны тазарта көр, (өйткені) Сен – оны ең жақсы Тазартушысың305. Сен – оның Қорғаушысың және Жарылқаушысың»,-дейтін. (Мүслім, Ахмад, Насаи, ұзын хадистен)

305Ақиқатында адамның жанын тек Аллаһ Тағала ғана тазарта алады.

Бұған басқа да хадистер дәлел бола алады.

143-сұрақ:

Барлық нәрсенің Жаратушысы – Аллаһ. Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «...барлық жақсылық Сенің қолыңда, ал жамандық Сенен емес»-деген сөзін қалай түсінеміз?

Жауабы:


Бұл сөздер Аса Құдіретті, Ұлы Аллаһ Тағаланың барлық ісі Оны сипаттайды және Одан әрқандай жаманшылықтан пәк халде шығады, кіршіксіз таза дегенді білдіреді. Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Дана және Әділ, және Оның барлық ісіне даналық пен әділдік тән. Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ, даңқ Оған лайық, Өз біліміне сәйкес әр нәрсені өз орнына қояды. Ал тағдырға байланысты әрбір адамға бір зұлымдық жетсе, ол адам қандай да бір өзінің түбіне жететін нәрсеге ілескенде Аллаһ Тағала адамның сол күнәсіне сәйкес оны (зұлымдықты) жазалау ретінде құлына қосады.

Бұл туралы Аллаһ Тағала айтты:

«Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және Аллаһ көбін кешіріп жібереді». (Шура, 30)

«Оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қылады306». (Зухруф, 76)

306Бұл жерде адамдар күнә істеу арқылы өздеріне қатысты әділетсіздік жасайтыны туралы айтылуда.

«Расында Аллаһ адамдарға еш зұлымдық қылмайды. Бірақ адамдар өздеріне өздері зұлымдық қылады». (Юнус, 44)

144-сұрақ:

Аллаһ Тағала құлдарының өз істерін орындауға күш-қуат, еркі бар ма?

Жауабы:

Иә, Аллаһ Тағаланың құлдарының өз амалдарын жасауға қалауы мен еркі бар және олардың істері шынында да олардың істегені болып табылады. Сол үшін де осы істер оларға жүктелген. Соған лайық марапатталады және жазаланады. Аллаһ Тағала оларға олардың мүмкіндіктеріне сай нәрсені ғана жүктеді.

Бұл туралы Құран мен Сүннетте анық айтылған.

Аллаһ Тағала адамдарды іс-амалдар жасауға қабілетті әрі ерік күшіне ие ретінде сипаттаған, бірақ та олар Аллаһ Тағала қандай амалға күш-қуат берсе, сол іс-амалды ғана орындай алады және Аллаһ Тағала қаламаса, олар қайсы нәрсені болса да қалай алмайды, Аллаһ Тағала оларды қандай іске жеткізсе, соны ғана орындай алады. Бұл туралы Аллаһ Тағаланың қалауы, ерік-күші және адамдардың іс-амалдарын жаратуы туралы жоғарыда айтылған аяттар мен хадистерде келтірілген болатын. Ал адамдардың өздері өздерін қандай жарата алмаса, дәл сондай өз іс-амалдарын жарата алмайды, ал олардың қалауы, ерік-күші, қабілеті мен іс-амалдары туралы айтар болсақ, олардың барлығы олардың өздерінің де, сондай-ақ олардың ерік-күші, қалаулары, қабілет пен іс-амалдарының да Жаратушысы болған Аллаһ Тағаланың құдіреті мен қалауына, сондай-ақ Оның іс-амалдарына бағынышты.

Сонымен қатар, олардың ерік-күші, қалауы мен іс-амалдары, олардың өздері Ол болмағанындай, Аллаһ Тағаланың ерік-күші, қалауы мен іс-амалдарының да дәл өзі емес. Керісінше, олардың Аллаһ Тағала тарапынан жаратылған істері өздеріне лайықты түрде бойларында орналасқан нәрсе және шынымен де өздерінің істері болып табылады. Сондай-ақ бұлар Аллаһ Тағаланың Өзіне лайықты шынымен де Оныкі болып табылатын Аллаһ Тағаладағы бар Оның істерінің әсері.

Өйткені, ақиқатында Аллаһ Тағала хақиқи іс істеуші-дағы, ал Оның құлы – сол іс бағытталған нысана (объект). Сөйтіп, құл қай шама, қай мөлшерде басқарылушы болса, ақиқатында Аллаһ Тағала сол шама, сол мөлшерде Басқарушы болады; сондықтан, бұл екі амалды да, ол амалдарды Кім орындаса, Соған тиісті деп білу керек. Себебі, Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ кімді оңдаса, сонда ол тура жолда». (Исра, 97)

Тура жолдың шынымен де Аллаһқа тиісті болуы мен тура жолға түсудің шынымен де құлға тиісті болуы тура жолға Салушының тура жолға түсушінің дәл өзі еместігіндей. Сол сияқты тура жол да тура жолға түсудің дәл өзі емес.

Сол сияқты, Аллаһ Тағала қалаған адамын шынымен де адастырады, сондай-ақ сол пенде шынымен де адасушы болады. Аллаһ Тағаланың педелеріне деген мәмілесінің бәрі осындай. Сонымен, кім істі және істің істелуін пендеге тиісті деп білсе – күпірлік. Сондай-ақ бұл екеуін тек Аллаһ Тағалаға тиісті деп білсе, бұл да күпірлік.

Енді кім істі – Жаратушыға, ал істің істелінуін жаратылғанға (махлұққа) тиісті деп білсе, ол шын мәнінде мүмін және бұл екі тұжырым да ақиқатқа тура келеді.

«Аллаһ Тағала оны шариғи тұрғыдан жақсы көрумен қатар пенделерінің бәрі бойсұнушы, мүмін етіп жаратуға шамасы жетпей ме?»-деген адамға қалай жауап береміз?

Әрине Аллаһ Тағаланың бұған шамасы жетеді. Аллаһ Тағала бұны Құранда анық айтқан:

«Аллаһ қаласа, сендерді бір-ақ үммет қылар еді».

«Раббың қаласа еді, жердегілердің бәрін түгелдей иман келтірер еді».

Бұдан да басқа аяттар келтіруге болады. Бірақ Оның бұлай істеуі Оның хикметінің талабы және Раббылығы мен Тәңірлігінің, сондай-ақ есімдері мен сипаттарының міндеттеуі.

Пенделерінен «Неге бойсұнушы мен қарсы шығушы бар?»-деген адамның сөзі – «Оның есімдерінде зиян Беруші, пайда Келтіруші, Беруші, тосқауыл Қоюшы, дәреже Көтеруші, Төмендетуші, нығметке Бөлеуші, кек Алушы тағы сол сияқтылар неге бар?»-деген адамның сөзімен бірдей.

Өйткені, Аллаһтың істері Оның есімдерінің талабы және сипаттарының әсері нәтижесі.

Сонымен, қорыта айтқанда, Аллаһтың істеріне қарсы шығу Оның есімдері мен сипаттарына тіпті Оның Раббылығы мен Тәңірлігіне қарсы шығу болып табылады.

«Аршының Иесі Аллаһ олар суреттеген нәрседен Пәк. Ол істеген нәрсесінен сұралмайды, ал олар сұралады». (Әнбия, 22-23)

145-сұрақ:

Тағдырға иман келтіру дінімізде қандай орын алады?

Жауабы:


Тағдырға иман келтіру – оның жақсылығына жеткізетін, жамандығынан тосатын себептерге (заңдылықтарға) сену шариғаттың жүйесі болғандай, ол да таухидтің жүйесі. Тағдырға иман келтіріп, шариғатты орындаған адамның ғана діні жүйелі болып, тура болады.

Бұған бір адам Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Маңдайымызға жазылған нәрсеге малданып, еш амал жасамасақ бола ма?»-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Амал қылыңдар, кім не үшін жаратылған болса, ол оған оңайлатылады»-деп тағдырға сенудің міндетті, парыз екендігін білдірген жауабын дәлел ретінде келтіруге болады. (Бұхари, Мүслім)

Сонымен, кім тағдырды шариғатқа сиыспайды деп оны теріске шығарса, ол адам Аллаһ Тағаланы Оның білімі мен аса құдіреттілігі сияқты сипаттарынан айырған болады және Оның құлын өз амалдарында ешкімге бағынышты емес әрі өз іс-амалдарының жаратушысы деп жариялаған болады. Мұндай адам Аллаһ Тағаламен қатар және бір жаратушы бар деп қана қоймай, барлық жаратылған нәрселерді (жан-заттарды) жаратушылар деп біледі.

Сонымен қатар, тағдырды мойындап, бірақ оны шариғатқа қарсы дәлел ретінде пайдаланушы, пенденің Аллаһ Тағала тарапынан берілген таңдау еркі мен іс-амал жасау қабілетіне ие екендігін, соған сәйкес Аллаһ Тағала оған белгілі бір міндеттерді жүктегенін теріске шығарушы және Аллаһ Тағала соқырға Құран сөздеріндегі әріптердің үстіндегі нүктелерді қоюды міндеттегендей Өз құлдарына шамасы жетпейтін нәрселерді жүктейді деуші адам Аллаһ Тағалаға әділетсіздікті таңады, ал мұндай адамның имамы ібіліс, оған Аллаһтың лағынеті болсын, болады. Ібіліс:

«Ендеше мені қаңғыртқаның себепті, әлбетте, мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын307»-деді» 308. (Ағраф, 16)

307Ібіліс, оған Аллаһтың лағынеті болсын, бұл сөздерін Аллаһ Тағала оны, Адамның (а.с.) алдында сәжде қылу туралы бұйрығын орындамағаны үшін жәннәттан қуып жазалағанынан кейін айтты.

308Бұл жерде ібіліс Адамның ұрпақтары Аллаһ Тағаланың жақсылығын білмейтіндігін дәлелдеу үшін оларды жолдан шығарамын дегені туралы айтылуда.

Ал хақиқи мұсылмандар туралы айтар болсақ, олар жақсылық пен жамандық тағдырдан екеніне және бәрінің Жаратушысы Аллаһ Тағала екеніне сенеді, шариғаттың бұйрығы мен тыйымына бағынады, шариғат үкіміне жасырын да, ашық та жүгінеді. Олар сондай-ақ Аллаһ Тағала кімді қаласа, Өз мейірбандылығы арқылы тура жолға салатынына және кімді қаласа, Өз әділдігіне сәйкес тура жолдан тайдыратынына, Аллаһ Тағала ғана басшылық жасайтынына және адастыратынына сенеді, сондай-ақ олар қай нәрсенің қай жағдайда лайықты екенін Аллаһ Тағала бәрінен жақсы білетініне сенеді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Шынында Раббың жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі». (Нәжм, 30)

Хақиқи мұсылман марапаттау мен жазалау тағдырдан емес екеніне, адам баласы шариғат заңдарын қандай дәрежеде орындауы мен оларды елемеуінен (яғни орындамауынан) екеніне сенумен бірге осыларға қатысты барлық мәселеде Аллаһ Тағала аса жоғары даналық көрсеткеніне және бұлтартпайтын дәлелдерге Ие екеніне сенеді.

Ал тағдыр туралы айтар болсақ, мұсылмандар қандай да бір қайғы-қасіретке кезіксе, оның болмай қалмайтын тағдырдан екенін еске алып өзін тыныштандырады.

Ал өздеріне бір игілік жетсе, олар өздерінің кімге борышты екенін мойындайды да:

«Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаһқа тән. Егер Аллаһ бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік» (Ағраф, 43), дейді.

Және олар (Құранда есімі аталатын) белгілі арсыздың309:

«Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді» (Қасас, 78), деген сөзін қайталамайды.

309Бұл жерде шіріген бай Қарун туралы айтылуда.

Олар қандай да бір жағымсыз іс істесе, өздерінің алғашқы ата-аналары310 айтқанды қайталап:

«Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мархамет етпесең, әлбетте, зиянға ұшыраушылардан боламыз» (Ағраф, 23), дейді.

310Яғни; Адам және Хауа

Және олар лағынетке ұшыраған шайтанның:

«Раббым, мені қаңғыртқаның үшін...» (Хижр, 39), деген сөзін айтпайды.

Егер оларға бір бақытсыздық кездессе, олар:

«Шын мәнінде біз Аллаһқа тәнбіз әрі Оған қайтарыламыз» (Бақара, 156), дейді.

Мұндай жағдайда олар имансыздар (кәпірлер) айтқан сөзді айтпайды.

Олар туралы Аллаһ Тағала айтты:

«Олар жер жүзінде кезіп жүрген немесе соғыста болған туыстары үшін: «Егер олар жанымызда болса еді, өлмес те, өлтірілмес те еді»,-дейді. Аллаһ бұны олардың жүректеріне қасірет қылу үшін сөйтеді311. Аллаһ тірілтеді де, өлтіреді. Сондай-ақ Аллаһ не істегендеріңді Толық Көруші». (Әли-Имран, 156)

311Бұл жерде кәпірлердің ондай ойлары, Аллаһ Тағаланың қалауы бойынша, өздерінің қайғы-қасіретін тек арттыра береді.

146-сұрақ:

Иманның неше тармағы бар?

Жауабы:

«Жүздеріңізді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ, кім Аллаһқа, Ахырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре тұрып, мал сарып қылса, әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар». (Бақара, 177)

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Иман алпыстан астам тарамға (ие), оның ең жоғарғысы «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деген сөздерді айту, ал ең төменгісі – (адамдарға) зарар жеткізуі мүмкін нәрсені жол үстінен алып тастау және ұялу да иман тармағының бірі»,-деген. (Бұхари, Мүслім)

147-сұрақ:

Ғұламалар бұл тармақ-тарамдарға қандай түсінік берген?

Жауабы:

Кейбір мухаддистер (хадистерді түсіндірушілер) бұл мәселеге арнайы шығармалар арнап, оларды санап, түгендеп адамдарға пайда келтірді. Бірақ, бұл тармақ-тарамдардың бәрін білу иманның қажетті шарты емес; мұның бәрі Құран мен Сүннетте бар болуы себепті бұлардың бар екеніне жалпылай сену жеткілікті. Демек, Аллаһ Тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) бұйрығын пенде бұлжытпай орындап, олардың қайтарғанынан қайту керек және Құран мен Сүннетте не туралы хабар берілсе, оған сену (иман келтіру) шарт. Осылай еткенде пенде иманның барлық тармақ-тарамдарының талаптарын барынша толық қанағаттандырған болады. Ал ғұламалардың есептеп-санап шыққан нәрселері туралы айтар болсақ, бұл айтылғандардың иман мәселесіне, әлбетте, қатысы бар. Бірақ жоғарыда айтылған хадисте келтірілген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөздерінің мән-мағынасы дәл осыған саяды деп үзілді-кесілді анық айту үшін тиісті дәлелдер қажет.

148-сұрақ:

Олардың түгендеп шыққан нәрселерінің қорытындыларын айт.

Жауабы:

«Фатхул-Бәри» кітабында Ибн Хажар:

«Ақиқатында, бұл тармақ-тарамдар жүрек амалдарынан, тіл амалдарынан және дене амалдарынан бастау алады»-деп, бұл туралы Ибн Хаббан айтқан сөздің мәнісін баян қылған.

Жүрек амалдары: бұған нанымдар мен ниет жатады, оларға жиырма төрт қасиет тән. Мәселен, Аллаһ Тағалаға иман келтіру, Оның Затына, Оның сипаттарына және:

«Ешнәрсе Ол сияқты емес. Ол Аллаһ, әрнәрсені Есітуші, Толық Көруші» (Шура, 11) екендігіндегі жалғыздығына иман келтіру болып табылады. Мұндай иман келтіру Одан басқа нәрселердің барлығының жаратылғанына илану, сондай-ақ Оның періштелеріне, Оның Кітаптарына, Оның елшілеріне, жақсылық пен жамандық тағдырдан екеніне және Қиямет күніне иман келтіру болып табылады.

Өлген адамға қабірде сұрақ берілетіне иман келтіру, қайта тірілуге, есеп-қисап, таразы, Сират көпірі, жәннәт пен тозаққа иман келтіру, Аллаһ Тағалаға махаббат, Аллаһ Тағала үшін дос тұтып, Аллаһ Тағала үшін дұшпан тұту, Пайғамбарымызға (с.а.с.) махаббат және құрмет көрсету керек екендігіне сену Қиямет күніне сенудің құрамды бөлігі болып табылады. Мұндай сенімнің құрамына Аллаһ Тағаладан Пайғамбарымызға (с.а.с.) игілік тілеу, оның жолына (Сүннетіне) ілесу және адал болу да кіреді.

Адалдықтың құрамына екіжүзді болмау, игі амалдарды көзкөрсін үшін істемеу, тәубаға келу, қорқу, үміт ету, шүкірлік ету, шын берілу, сабыр ету, тағдырға ризалық, тәуекел, кішіпейілділік кіреді.

Ал кішіпейілділіктің құрамды бөліктері: үлкендерді сыйлау, кішілерге мейірімді болу, сондай-ақ менмендіктен, өзімшіл-паңдық, күншіл-көреалмаушылық, өшпенділік және ашу-ызадан аулақ болу.

Тіл амалдары: бұл амалдарға жеті қасиет тән, олар: таухид кәлимасын айту, Құран оқу, білім алу және басқаларға жеткізу, Аллаһ Тағалаға жалбарыну (дұға) және Аллаһ Тағаны еске алу; және кешірім сұрауға (истиғфар) қатысты барлық нәрселер, сондай-ақ боссөзділіктен бас тарту.

Дене амалдары: бұларға отыз сегіз қасиет тән, олар; тұлға ретінде жеке адамның өзіне қатысты он бес қасиет: тазалыққа ұмтылу, адамдарды қонақ ету дәстүрін сақтау, меймандостық көрсету, парыз және нәпіл оразаларды тұту, белгілі уақытта мешітте үздіксіз отыру (иғтикаф), Қадыр түнін күту, умра және қажылықты өтеу және Кағбаны тауаф ету, сондай-ақ азғырудан өз дінін алып қашу, яғни көпқұдайшылдық жайылған жерден кету, уәдесіне адал болу, антын орындау және өз күнәларын жуу.

Бұл қасиеттердің біраз бөлігі бір адамның қамқорлығында болғандарға тиесілі: үйлену арқылы тиым салынған нәрседен сақтану, балалардың құқығын сақтау, ата-анаға құрмет көрсету (яғни, ата-анасын тыңдамай кету мен балаларды тәрбиелеуден бас тартудың болмауы), ағайын-туыстармен қатынасты үзбеу.

Және осы қасиеттердің арасында барлық адамдарға қатыстылары бар, олар: әділ басшылық жасау, мұсылмандар арасында татулықты сақтау; адамдарды татуластыру, игі істерде басқаларға жәрдемдесу; және бұған шариғат мақұл көрген нәрселерге талпыну және шариғат қайтарған нәрселерден қайту да кіреді; және бұған дін қарындастарымен байланыста болу және аманатты қайтару, қарызды міндетті түрде төлеу, көршіге құрмет көрсету және адамдармен жақсы қарым-қатынас жасау; және бұған адал тәсілмен дүние байлығын табу және оны тиісті орындарға жұмсау да кіреді; және бұған өсім алудан аулақ болу, адамдарға зиян келтіруді тоқтату, көңіл көтеру, ойын-сауықтан бас тарту, адамдарға зарар жеткізетін нәрсені жолдан алып тастау да кіреді.

149-сұрақ:

Игілік (ихсан) жасаудың қажеттігіне Құран мен Сүннетте қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Бұған дәлелдер көп. Мәселен, Аллаһ Тағала айтты:

«Жақсылық істеңдер, шын мәнінде Аллаһ игілік істегендерді жақсы көреді». (Бақара, 195)

«Шынында Аллаһ тақуалармен, сондай-ақ жақсылық істегендермен бірге». (Нахыл, 128)

«Кім өзін Аллаһқа тапсырып, игілік істесе, сонда ол; расында берік тұтқаны ұстаған болады». (Луқман, 22)

«Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар». (Юнус, 26)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана». (Рахман, 60)

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Ақиқатында Аллаһ барлық нәрсеге жақсылық істеуді жазды»,-деді. (Мүслім, Термизи, Ибн Мәжәһ)

Пайғамбырымыз (с.а.с.) былай деді:

«Аллаһ Тағаланың ғибадаты мен Қожайынының мәмілесін жақсы өтеп өлген пенде қандай тамаша пенде! Сол қандай тамаша пенде!» (Бұхари, Мүслім)

150-сұрақ:

Құлшылық-ғибадатты өз дәрежесінде орындау (әл-ихсану фил-ибадат) дегеннің мәнісі не?

Жауабы:

Хадисте айтылғандай бұл мәселеге Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілдің (а.с.): «Ихсан деген не?»-деген сауалына қайтарған жауабында өзі түсінік берген-ді:

«Ихсан дегеніміз Аллаһ Тағалаға сен Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, ал егер сен Оны көрмесең, онда Ол ақиқатында сені көріп тұрады (деп құлшылық қылуың)». (Бұхари, Мүслім)

Сонымен, Пайғамбарымыз (с.а.с.) ихсанның екі түрі бар екендігін түсіндірді:

1. Олардың ең жоғарғысы Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық ету, басқаша айтқанда, ол адам Аллаһ Тағаланы көзбе-көз көріп тұрғандай болады. Яғни Аллаһ Тағаланы пенде өз жүрегімен көріп тұрғандай, оның жүрегі иман нұрымен сәулеленіп, ал санасы танымның тереңіне жеткен халде құлшылық етеді, нәтижесінде ол үшін жасырын болған нәрсе айқын-анықтылыққа айналады. Міне ихсанның, яғни ақпейіл таза жүректіліктің хақиқи мәні осы.

2. Ал ихсанның екінші түрі, ол – бақылау. Адам (мурақабасының) жағдайы, егер ол, яғни Аллаһ Тағаланың құлы Аллаһ Тағала оны көріп тұр, ол туралы біледі және өзіне жақын жерде деп сезінетін болғанда. Егер пенде өз шаруасымен айналысқанда барлық уақытта осылай сезінетін болса және осыған сәйкес іс-қимыл жасайтын болса, ол Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһқа қатысты шын ықылас білдіреді, өйткені, бұлай ету оған Аллаһ Тағаладан басқа әлдебіреуге ұмтылуға да, жалбарынуға да мүмкіндік бермейді. Осы екі дәреже туралы айтар болсақ, олардың бір-бірінен айырмасы құлшылық етушінің зерделілік дәрежесіне байланысты.

151-сұрақ:

Иманның қарама-қарсысы не?

Жауабы:

Иманның қарама-қарсысы – имансыздық (куфр), оның да тармақ-тарамдары және (бастау алар) негізі бар. Жоғарыда діни міндеттерді орындау түрінде бағыну-бойсұнудың көрінісін талап ететін бағынумен байланыста болған растау иманның негізі болып табылады деп айтылған-ды. Ал имансыздық туралы айтар болсақ, оның негізінде менмендік пен мойынсұнбауға апармай қоймайтын теріске шығару және қыңырлық жатыр. Барлық діни міндеттер иманның қандай да бір тармақ-тарамына қатысты болады, ал қайсыбір аяттар мен хадистерде бұрын да айтылғандай, сол міндеттердің көпшілігі иман деп анық аталған. Екінші жағынан, барлық күнәлар имансыздықтың (куфрдың) қандай да бір тармақ-тарамдарына қатысты болады, ал қайсыбір аяттар мен хадистерде олардың көпшілігі имансыздық (куфр) деп анық аталған. Бұл туралы төменде толығырақ әңгіме етеміз. Демек, сен бұл мәселені білген болсаң, онда имансыздық та (куфр) екі түрлі болатыны саған белгілі: үлкен имансыздық (әл-куфрул-әкбар), бұл адамды иман шекарасынан мүлдем тысқары шығарып тастайды. Мұндай имансыздық жүрек сөздерімен де, жүрек амалдарымен де және олардың қай-қайсысымен де сиыспайтын нанымға байланысты. Кіші имансыздық (әл-куфрул-асғар) толық иманмен сиыспайды, бірақ иманға бүтіндей қарсы келмейді. Мұндай имансыздық амалдарда көрініс береді, бірақ жүрек сөздеріне де, жүрек амалдарына да қарсы келмейді және мұны міндетті түрде талап етпейді.

152-сұрақ:

Сенімі бойынша имансыздық неліктен иманмен бүтіндей сиыспайды? Мұндай имансыздық не себептен иманның жойылуына әкеп соғатынын толығырақ қалай түсіндіруге болады?

Жауабы:

Иман дегеніміз – сөз бен істің бірлігі деп жоғарыда айтылып өткен-ді. Бұл жерде жүрек пен тілдің сөздері, жүрек пен тілдің амалдары, сондай-ақ басқа да дене мүшелері туралы айтылуда. Жүректің сөздері дегеніміз – сенім, тілдің сөздері дегеніміз – таухид кәлимасын айту. Ал жүрек амалдары дегеніміз – ниет пен шыншылдықтың көрініс табуы. Сонымен бірге, дене мүшелерінің амалдары дегеніміз барлық діни міндеттерді орындау арқылы көрініс табатын бойсұнушылық.

Сөйтіп, жүректің сөздері мен амалдарын, тілдің сөздері мен дене мүшелерінің орындайтын амалдарын тоқтатумен иман толық жойылады. Ал жүрек сенімі жойылса, онда басқа нәрселердің бәрі пайдасыз болып қалады.

Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттарына және Аллаһ Тағала Өз елшілері арқылы адамдарға жібергендерінің және Өз Кітаптары арқылы түсіргендерінің қандай да біреуіне сенбейтін адамдарға байланысты жағдайдағы секілді жүректегі сенім жоғарыда аталған төрт шарттың растығының және пайдалылығының қажетті шарты болып табылады.

Барлық сүннилер (Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жолын ұстанушылар) жүректің амалдары тоқтаған жағдайда, тіпті сенімі қанша шын және адал болса да, иманның толық жойылуына әкеліп соғады деген пікірді мақұлдайды. Олардың бәрі де Аллаһ Тағалаға деген махаббат пен Оған бойсұнудың дәлелі болып табылатын амалдар арқылы бекітілмесе, жүректің сенімі пайдасыз деп есептейді. Мәселен, ібіліс те, оған Аллаһ Тағаланың лағынеті болсын, перғауын да, оның халқы да, көпқұдайшылдар да, басқа дінге ілесушілер де елшілердің ақиқаттығына сенімді болған және ашық яки жасырын түрде растаған, бірақ олар, сонымен бірге: «Ол жалғаншы емес, бірақ біз ғана ілеспейміз және оған сенбейміз» деуі себепті ешқандай пайда ала алмаған.

153-сұрақ:

Адамды дін шекарасынан тыс қалдыратын үлкен имансыздық (әл-куфрул-әкбар) неше бөлікке бөлінеді?

Жауабы:


Бұрынғы айтылғандардан бұл төрт бөлікке бөлінеді деген қорытынды шығады:

- надандық түрінде (жәһл) және жалған деп жариялау түрінде көрініс беретін имансыздық (тәкзиб) 312;

- мойындамау (жухуд) түрінде көрініс беретін имансыздық;

- қасарып-қыңырлық мен менмендік жасау түрінде көрінетін имансыздық (инад);

- екіжүзділік (нифақ) түрінде көрінетін имансыздық.

312Бұл жерде жоғарыдан түсірілген Кітаптардың мазмұнын, басқаша айтқанда, бір жағынан, Аллаһ Тағаланың адамдарға арнаған сөздерін, екінші жағынан, адамдарды таухид дініне шақыру үшін Аллаһ Тағала жіберген елшілер мен пайғамбарлардың сөздерін жалған деп жариялау туралы айтылуда.

154-сұрақ:

Надандық түрінде (жәһл) және жалған деп жариялау түрінде (тәкзиб) көрініс беретін имансыздық (куфр) деген не?

Жауабы:

Мұндай имансыздық сырттай және іштей көрініс беруі мүмкін. Бұған мысал ретінде, Аса Жолғары Мәртебелі Аллаһ:

«Сондай осы Кітапты, елшілерімізге жібергендігімізді жалғанға шығарғандар, олар жедел біледі313» (Ғафыр, 70), деп сипаттаған құрайыш мүшріктерінің басым бөлігінің және оларға дейінгілердің мінез-құлықтарын келтіруге болады.

313Яғни өздерінің кәпірлігі мен амалдарының нәтижесі (зардаптары) қандай болатынын біледі.

«Сондай-ақ білместерден бет бұр». (Ағраф, 199)

«Ол күні, әр үмметтен аяттарымызды жалғанға шығарғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар тоқтатылады314. Олар түгел келген шақта, (Аллаһ): «Аяттарымды толық білмей, жалғанға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар»-дер». (Нәміл, 83-84)

314Яғни алғаш келгендері басқалары жетіп қосылғанша тоқтатылады.

Аллаһ Тағала және айтты:

«Олар білімі жетпеген, сондай-ақ өздеріне мағынасы білдірілмеген нәрсені жалғанға шығарады». (Юнус, 39)

Бұған басқа да аяттар дәлел бола алады.

155-сұрақ:

Мойындамау түрінде көрініс беретін имансыздық (жухуд) деген не?

Жауабы:

Бұл ақиқатты жасыру және оны іштей мойындағанымен сырттай бойсұнбау. Бұған мысал ретінде Мұсаға (а.с.) перғауын мен оның халқының сенбеушілігі және Мұхаммедке (с.а.с.) яһудилердің сенбегенін келтіруге болады. Перғауын мен оның халқының имансыздығы туралы Аллаһ Тағала:

«Олар зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты315» (Нәміл, 14), деді.

315Яғни, Мұсаның (а.с.) мұғжизаларын теріске шығарды.

Яһудилер туралы Аллаһ Тағала:

«...(Таурат арқылы) танығандары (Мұхаммед (с.а.с.)) келген заманда, қарсы шықты316» (Бақара, 89), деп баян еткен.

316Бұл жерде Тауратта Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы баяндалғанын яһудилердің білетіндері жайлы айтылуда.

«Негізінен олардан бір тобы (залымдары) шындықты біле тұра жасырады». (Бақара, 146)

156-сұрақ:

Қасарып-қыңырлық және менмендік (жасау) түрінде көрініс беретін имансыздық (инад) деген не?

Жауабы:

Бұл жерде іштей мойындаумен бірге ақиқатқа мойынсұнбау туралы сөз болуда. Бұған мысал ретінде ібілістің, оған Аллаһ Тағаланың лағынеті болсын, имансыздығын келтіруге болады.

Ол туралы Аллаһ Тағала айтты:

«Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар»-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды». (Бақара, 34)

Адамның алдында жерге дейін иілу туралы Аллаһ Тағаланың бұйрығы болғанын және сондай бұйрық алғанын ібілістің, оған Аллаһ Тағаланың лағынеті болсын, мойындамауы мүмкін емес-ті, әйтсе де ол бұл бұйрыққа қарсы шықты, сөйтіп, бұйрық Берушінің даналығы мен әділеттілігінің алдында кесірлік танытты. Аллаһ Тағала оның:

«Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?» (Исра, 61), деген сөзін бізге баян етті.

Аллаһ Тағала оның мына сөздерін де баян етті:

«Сен бейнелеген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етуші болмаймын». (Хижр, 33)

Және Аллаһ Тағала ібілістің:

«Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып оны балшықтан жараттың»,-деген сөзін баян етті.

157-сұрақ:

Екіжүзділік (нифақ) түрінде көрініс беретін имансыздық деген не?

Жауабы:

Бұл – жүрегінде сенімі болмай жұрт көзі үшін сырттай амал істеу. Ибн Салул317 мен оның қолшоқпарларының имансыздығы осындай еді. Олар туралы Аллаһ Тағала:

«Адамдардың кейбіреулері, екіжүзді мұнафиқтар: «Аллаһқа, Ахырет күніне сендік»-дейді. Бірақ, олар сенбейді, олар (өздерінше) Аллаһты және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар (күншілдік дерті). Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті) сондай-ақ оларға өтіріктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар. Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар»-делінсе, олар: «Біздер түзетуші ғанамыз»-дейді. Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзықтар. Алайда олар түсінбейді. Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер»-делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»-дер. Байқаңдар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ, олар білмейді. Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік»-дер. Әрқашан олар шайтандарымен318 оңашалана қалса: «Расында біздер сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз»-дер. Аллаһ оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әрі олар тура жолды таппады. Олардың мысалы: (далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Аллаһ олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты (бұл мысалда, екіжүзді мұнафиқтар; жаққан оттары өшіп, тым-тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді. Саңырау, мылқау және соқыр болып бетінен қайтпайды319. Немесе қараңғылықта күркіреп, найзағайдай өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Аллаһ кәпірлерді Толық Баураушы. Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де, оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың есіту, көру сезімдерін де жояр еді. Аллаһтың әр нәрсеге Күші Толық Жетуші». (Бақара, 8-20)

317Бұл – әсіресе Бәдір шайқасынан кейін күн сайын күшейіп келе жатқан мұсылмандарға ашық қарсы шығуға қорқып, мұсылмандарды қолдайтындықтары туралы мәлімдеп, тіпті намаз оқыған мұнафиқтардың Мәдинеде өмір сүрген барынша белгілі, беделділерінің бірі, бірақ олар шын мәніндегі мұсылман болған емес.

318Бұл жерде мұндай адамдардың жолбасшылары туралы айтылуда.

319Яғни, олар тура жолға қайта келе алмайды, өйткені Аллаһ Тағала оларға игі сөздерді есіттірмейді, олар өздеріне пайдалы болатынды айтпайды, және тура бағытта жүруге себеп болатын нәрсені де олар көрмейді.

158-сұрақ:

Адамды дін шекарасынан шығарып тастамайтын, бірақ оның амалдарында көрініс беретін имансыздық деген не?

Жауабы:

Құран мен Сүннетте имансыздық (куфр) деп аталған кез-келген күнә, ол күнәні жасаушы адам мұсылман деп аталынса да, осындай имансыздықтың көрінісі болып табылады.

Бұған мысал ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Менен кейін бір-бірінің басын шабатын имансыз (кәпір) болмаңдар»,-деген сөзін келтіруге болады. (Бұхари, Мүслім)

Және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері риуаят етіледі:

«Мұсылманды балағаттау – пасықтықты, ал онымен соғысу – кәпірлікті (білдіреді)». (Бұхари, Мүслім)

Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандардың бір-бірімен шайқасуын – имансыздық деп, ал шайқасушыларды – кәпір деп атаған.

Оның үстіне Аллаһ Тағала былай деген:

«Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар; егер екі жақтың бірі, екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен320 Аллаһтың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса, араларын әділдікпен жарастырыңдар, туралық істеңдер. Расында Аллаһ туралық істеушілерді жақсы көреді. Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер». (Хужурат, 9-10)

320Яғни, шайқасуды тоқтатып мәселені шариғатқа сай шешуге келіспесе

Сонымен, Аллаһ Тағала олардың иманды екендігін және олар діни бауырластар екендігін ешқандай да теріске шығармай растайды.

(Қысас) есе қайтару туралы аятта Аллаһ Тағала айтты:

«...оған (діни) туыс жағынан кешірілсе, оның ережеге (шариғатқа) үйлесуі321, екінші (кінәлі) жақтың да оған дұрыс төлеуі қажет322». (Бақара, 178)

321Бұл жерде, егер құн алуға хақылы адам кешірім жасаса, ол ондай жағдайда мүмкін еместі талап етпеуі керек (мәселен, кедей болса, тез арада құн төлемін сұрау).

322Басқаша айтқанда, құн төлеуді кешіктірмеуі және тіпті төлемей кету үшін айла-шарғы жасамау.

Сөйтіп, Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ кісі өлтірушінің Исламдағы туыстыққа жататынын, мұны теріске шығармай, растайды.

Бұдан басқа Пайғамбырымыздың (с.а.с.) сөзі бар:

«Зинақор зина жасап жатқанда, ол – мүмін емес, ұры ұрлық істеп жатқанда, ол – мүмін емес, адам арақ ішіп тұрғанда, ол – мүмін емес, ал кейін (бұларды істегеннен соң) тәубәға келуі тиіс». (Бұхари, Мүслім)

Осы хадис туралы басқа риуаятта Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Кісі өлтіруші, өлтіріп жатқанда, мүмін емес»,-деген сөзі келтірілген. (Бұхари, Мүслім)

Бұл хадистің үшінші риуаятында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөзі келтірілген:

«...және тонаушы адамдардың көз алдында бір нәрсені күштеп тартып алса, ол мүмін емес». (Бұхари, Мүслім)

Жоғарыда айтылғандардан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзінен зинақор, ұры, маскүнем және кісі өлтіруші, егер олар таухидті (бірқұдайшылдықты) ұстанып жүрген жағдайда, иманын бүтіндей жоғалтады деп есептемеген деп түсінуіміз керек деген тұжырым шығарды. Егер ол басқаша пікірді айтуды қалаған болса, онда ол жоғарыда аталған күнәларды істеген адам өлгеніне дейін өзі келтірген бірқұдайлық (таухид) куәлігінен айнымаса, ол адам жәннәтқа кіреді деп хабарламаған болар еді. өйткені жәннәтқа тек мұсылмандар ғана кіреді. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл мәселені сөз еткенде, мұндай адамның иманының азаятыны және иманның кемел болмайтыны жайлы ескертуді қалаған. Егер имансыздық (куфр) туралы айтар болсақ, мұндай жағдайда адам баласы (пенде) жоғарыда аталған күнә істерді істегенде, ол осы күнәларды істеуге болады деп есептейтін болса, ол имансыздыққа (куфрге) түседі, өйткені, бұлай деп есептеу, Құран мен Сүннетте мұндай істерге тиым салынған аят, хадистерді дұрыс емес дегенмен тең болады. Сондай-ақ, мұндай күнәларды істемесе де, бұл күнәларды істеуге болады деп есептеудің өзі ол адамда имансыз (кәпір) етеді. Аллаһ Тағала бұл туралы жақсы біледі.

159-сұрақ:

Амалдарда көрінген имансыздық жоғарыда кіші имансыздық деп аталған еді, ендеше пұттарға, яғни тау-тас, ағаштарға табыну, Құдайға менменси қарау, елшіні балағаттау, дінді мазақ ету секілді нәрселер адамды қалайша дін шекарасынан шығарады?

Жауабы:


Білгін, жоғарыда аталған төрт амал және соларға ұқсаған амалдар дене мүшелері жәрдемімен орындалған амалдар арқылы көрініс тапса ғана имансыздықтың (куфр) көрінісі болып табылады және оны адамдар көреді. Бірақ, бұл (төрт ) амалды орындау ниетке, шыншылдыққа, махаббат пен бойсұнуға қатысты жүрек амалдары бүтіндей тоқтаған жағдайда ғана орын алады. Сөйтіп, бұл амалдардың барлығы сырттай іс-қимылдарда көрініс тапқан имансыздықтың білінуі болғанымен, олар сенімге қатысты имансыздыққа міндетті түрде байланысты болады және бұл төрт амал я ақиқат жолынан адасқан екіжүзділер яки қасарысқан қыңырлар тарапынан орындалуы мүмкін. Тек осы ғана Табук жорығы кезінде, Құран Кәрімде:

«Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойлары жетпейтін нәрседен ой қылды323» (Тәуба, 74), деп айтылғандай екіжүзділерді аятта айтылған амалдарды орындауға мәжбүр етті.

Олар туралы Құранда және былай айтылған:

«Егер олардан сұрасаң: «Әрине, біз әншейін сөзге кірісіп ойнап едік»,-дейді. Оларға: «Аллаһпен, аяттарымен және Елшісімен қылжақтаған болдыңдар ма?» де. Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар324». (Тәуба, 65-66)

323Бұл жерде мұсылмандар арасына іріткі салу немесе Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіру мақсатында қастандық жасағысы келу ниеттері туралы сөз болуда.

324Яғни сендер белгілі бір мерзім ішінде өздеріңді мұсылман ретінде көрсетуге әрекеттендіңдер, сонсоң өздеріңнің имансыз екендіктеріңді білдірдіңдер.

Сонымен қатар біздер кіші имансыздықты тек қана амалдарда көрініс тапқан имансыздық ретінде анықтама берген емеспіз, бірақ сенімге қатысты болмаса, жүрек сөздері мен жүрек амалдарына қайшы келмесе, ол кіші имансыздық болады деп айтқанбыз.

160-сұрақ:

Әділетсіздік (зұлым)325, пасықтық (фисқ)326 және екіжүзділік (нифақ) секілді нәрселер қанша бөлікке бөлінеді?

325Аллаһ Тағалаға адамдар тарапынан әділетсіздік жасалуы деген сөз, ең алдымен, түрлі көріністегі көпқұдайшылдық, басқаша айтқанда, Аллаһ Тағаламен қатар басқа да құдайлар бар немесе әлемдегі болып жатқан (құбылыстарды) Аллаһ Тағаладан басқа да басқаруға қабілетті біреу бар деген жалған тұжырым, жалған пікірлер.

326Бұл сөз «фасақа» – шегіну, ауытқу, күнәлі іске бару деген ұғымды білдіретін етістіктен алынған.

Жауабы:


Бұлардың әрқайсысы екі бөлікке бөлінеді: үлкен бөлігі (имансыздық, куфр), кіші бөлігі: «имансыздық, куфрден аз төмен болатын барлық нәрселер).

161-сұрақ:

Негізінде үлкен және кіші зұлымдықтың мысалы не болады?

Жауабы:


Үлкен (зұлымдықтың) мысалы ретінде Аллаһ Тағаланың ескертпесінде атап-атап көрсетілген нәрселерді айтуға болады:

«Және де Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Сонда егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боласың». (Юнус, 106)

«...күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық». (Луқман, 13)

«Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған жәннәтты харам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ». (Мәида, 72)

Ал бұдан кіші зұлымдық туралы айтар болсақ, Аллаһ Тағала «Талақ» сүресінде көрсеткен нәрселерді айтуға болады:

«Раббыларың Аллаһтан қорқыңдар. Оларды үйлерінен шығармаңдар327 әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе328, ол басқа. Міне, бұл Аллаһтың шектері. Ал кім Аллаһтың шектерінен шықса, расында ол, өзіне қастық қылған болады». (Талақ, 1)

327Бұл жерде ерлерінен ажырасқан әйелдер туралы айтылуда.

328Бұл жерде шариғат заңы бойынша жазалануы (хадд) тиіс ойнастық туралы айтылуда.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала және айтты:

«Оларды зиян салып қинау үшін ұстамаңдар329. Кім осыны тілесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады». (Бақара, 231)

329Күйеуі өлген соң немесе ажырасқан әйелдің жаңадан күйеуге шығуына болмайтын шариғат заңы белгілеген уақытты (идданы) әдейі созу сөз болуда.

162-сұрақ:

Үлкен және кіші пасықтыққа (азғындыққа) не мысал бола алады?

Жауабы:


Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала үлкен пасықтық туралы былай деген:

«Расында мұнафиқтар, олар пасықтар». (Тәуба, 67)

«Жыннан330 болған ол (ібіліс), Раббының әміріне пасықтық жасап...». (Кәһф, 50)

330«Жын», құранда айтылғандай, оларды Аллаһ Тағала оттан жаратты және олар мұсылман немесе кәпір болуы мүмкін.

«Лутқа (а.с.) хикмет331, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас, олар, жаман пасық (бұзық) ел еді». (Әнбия, 74)

331«Хикмет» – бұл жерде пайғамбарлық туралы айтылуда.

Кіші пасықтық (яғни үлкен пасықтықтан кемірек пасықтық) туралы Аллаһ Тағала былай деген:

«Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне, солар пасықтар». (Нур, 4)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Әй, мүміндер! Пасық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. әйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер». (Хужурат, 6)

163-сұрақ:

Үлкен және кіші екіжүзділікке не нәрсе мысал бола алады?

Жауабы:

Үлкен екіжүзділікке мысал ретінде «Бақара» сүресінің бас жағындағы аяттарды келтіргенбіз (қараңыз: 157-ші сұрақтың жауабы). Аллаһ Тағала және айтты:

«Мұнафиқтар Аллаһты алдамақшы болады. Негізінен Аллаһ оларды Алдаушы332. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Аллаһты өте аз еске алады. Олар, осы екі арада дел-сал333. Не бұларда жоқ, не оларда жоқ. Аллаһ біреуді адастырса, оған әсте жол таба алмайсың. Әй, мүміндер! Мүміндерден өзге кісілерді дос тұтпаңдар. өз зияндарың үшін ашық дәлел қылуды қалайсыңдар ма? Негізінен мұнафиқтар тозақтың ең төменгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың». (Ниса, 142-145)

332Бұл сөзді сөзбе-сөз түсінуге болмайды. Бұл жерде мұнафиқтардың Аллаһ Тағаланы алдамақ болған әрекеттері Қиямет күні өздеріне қарсы зиян боп тиетіні туралы айтылуда.

333Бұл жерде олардың (мұнафиқтардың) мұсылмандар мен көпқұдайшылдардың қайсысына қосылуын білмей аласұратыны жайлы айтылуда.

Аллаһ Тағала және айтты:

«(Мұхаммед (с.а.с.)) саған мұнафиқтар келген кезде: «Сені, анық пайғамбар деп айғақ боламыз»,-деді. Сенің хақ пайғамбар екеніңді Аллаһ біледі. Сондай-ақ Аллаһ Тағала расында мұнафиқтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді». (Мунафиқун, 1)

Дәлел ретінде басқа да аяттарды келтіруге болады.

Ал кіші екіжүзділік туралы айтар болсақ, бұған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері дәлел:

«Мұнафиқтардың үш белгісі бар: сөз сөйлесе – жалған сөйлейді, уәде берсе, (уәдесін) бұзады, ал қашан оған аманат тапсырылса, қиянат жасайды» 334. (Бұхари, Мүслім)

334Яғни мұнафиқтар аманатқа қиянат қылады. Сонымен қатар бұл жерде барлық опасыздық жасайтындар туралы айтылуда.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және былай деген:

«Хақиқи мұнафиққа (яғни екіжүзді адам) төрт қасиет тән, олардың біреуімен танылған (адам), ол қасиеттен арылғанша, мұнафиқтықтың (екіжүзділіктің) бір қасиетімен белгіленеді (таңбаланады). Қашан оған сенген кезде, сатып кететін, (бір нәрсе туралы) сөйлесе, жалған сөйлейтін, келісім түзсе, опасыздық жасайтын, (біреумен) жауласса, заңсыздыққа баратын (яғни қиянат жасайтын) адам (осы төрт қасиетке лайық мұнафиқ адам)». (Бұхари, Мүслім)

164-сұрақ:

Сиқыр мен сиқыршыларға қатысты шариғат үкімдері қандай?

Жауабы:


Сиқыр деген нәрсе бар, ал олардың әсер етуі туралы, Аллаһ Тағала:

«Сонда да олар екеуінен335: ер-әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар, Аллаһтан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды» (Бақара, 102), деп айтқандай, тағдырға дәл келіп қалуынан басқа өзге емес.

335Вавилонда ескертіп болған соң ғана адамдарды сиқырға үйреткен Һарут пен Марут атты періштелер туралы айтылуда.

Сиқырдың әсер-ықпалы жайлы сахих хадистерде айтылған336. Ал сиқыршы туралы айтар болсақ, егер ол сиқырды шайтандардан қабылдаған болса, ол имансыз (кәпір) болады, бұл туралы жоғарыдағы «Бақара» сүресінің аятында айтылды. Аллаһ Тағала айтты:

«Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар (яғни, кәпір болмаңдар)», деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: ер-әйелдердің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар Аллаһтан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді337». (Бақара, 102)

336Сиқырдың шынында да әсері болатынын Мұхаммед (с.а.с.) әкелген нәрселерге сенбейтіндерден басқалардың бәрі теріске шығармайды, өйткені, Адам ұрпақтарының мырзасы, адамдардың ең абзалы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзін де бәну Құрайза қабиласынан Ләбид ибн әл-Аъсам деген адам сиқырлаған болатын. Бұл алты айға созылған-ды. Ибн Хажар «Фатхул Бәриде» Мазиридің мынандай сөзін келтіреді:

«Жаңалық ендірушілердің (бидғатшылардың) базбіреулері: «Бұл пайғамбарлықтың маңызын төмендетіп оның пайғамбарлығына адамдарда күдік туғызады» деп бұл хадистің ақиқаттығын теріске шығарған. Олар: «Осындай мазмұндылардың бәрі жалған», деді және мұндай жорамалға жол беру олар орнатқан заңға деген сенімді жояды, өйткені, егер мұндай хабарлардың дұрыстығын мойындасақ, онда Пайғамбар (с.а.с.) Жәбірейілді (а.с.) шын мәнінде көрген жерінде емес, басқа жерде көрді деуге де болады, сондай-ақ оған ешқандай уахи келмеген, тек оған уахи келген сияқты болып көрінген деуге де болады»,-деді».

Мазири және былай деді:

«Барлық мұндай мәлімдемелер теріске шығарылуы тиіс, өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһ Тағаладан адамдарға жеткізгені шүбәсіз ақиқат екеніне дәлелдер жеткілікті және сондай-ақ оны (Аллаһ Тағаланың уахиын) жеткізу кезінде ол (Пайғамбарымыз (с.а.с.)) кез-келген сыртқы әсерлерден қорғалған болатын.

Бұл айтылғанға мұғжизалары мен кереметтері дәлел бола алады, ал бұған қарама-қарсы келетін барлық нәрсе жалған. Егер тіршілік істерімен байланысты нәрсе туралы айтар болсақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға ол (тіршілік қамы) үшін жіберілген емес және уахи, аяттары оған дүние істері үшін түсірілген емес, ал егер, мәселен, ауыруы туралы айтар болсақ, ол Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа адамдар сияқты мұндай әсер-ықпалға ұшырауы мүмкін-ді. Сондықтан, дүнияуи істерде Пайғамбарымызға (с.а.с.) шын мәнінде болмаған нәрсе, оған солай (яғни болған нәрседей) көрінуі мүмкін деуге болады. Ал дінге байланысты істерде ол толық қорғалған болатын».

337Яғни, Аллаһ Тағаланың тиым салғанына қарамай сиқырды үйренген адамға зиян келтіретін

165-сұрақ:

«Нушра» деген не және ол туралы шариғат үкімдері қандай?

Жауабы:


Сиқырланған адамнан сиқырдың арбауын кетіруді осылай атайды. Егер бұл іс сиқыр жәрдемімен орындалса, онда бұл шайтан істерінен болады, ал егер бұл іс шариғат заңдастырған дем салу338 арқылы орындалса, онда мұның ешқандай сөкеттігі жоқ.

338Бұл жерде «Фалақ» және «Нәс» (муаууизатани) сүрелерін оқу, сондай-ақ Аллаһ Тағалаға Пайғамбарымыз (с.а.с.) үлгісімен жалбарынып дұға жасау туралы айтылуда.

166-сұрақ:

Шариғат заңдастырған және тиым салған дем салушылық не нәрсе?

Жауабы:

Шариғат заңына сәйкес келетін дем салу кезінде (пайдаланылатын сөздер) тек Құран мен Сүннеттен алынады, тек арабша айтылады және дем салушы да, дем салынушы да (дем салу кезінде айтылатын) бұл сөздер тек қана Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағаланың рұқсат-қалауымен шипа болады деп сенеді. Мәселен, Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жәбірейіл (а.с.) дем салған және Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі де көптеген сахабаларына дем салған339, сондай-ақ сиқырдың болатынын айтып қана қоймай, осылай дем салуға бұйырған, ол үшін ақы алуға да рұқсат еткен. Бұл туралы екі «Сахихта» да және басқа да көптеген жинақтарда келетін хадистерде айтылған.

339Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дем салғандарының ішінде Хасан мен Хусайн да болған. Дем салу кезінде ол: «Шын мәнінде, сендердің аталарың Исмаил мен Исхаққа қорғау туралы осының жәрдемімен Аллаһ Тағалаға жалбарынған»,-деді. Бұл жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ибраһим (а.с.) туралы айтқан-ды. Сонымен бірге ол дұға сөздерін келтірді:

«Кез-келген шайтан және улы жәндіктер мен жаман көзден Аллаһ Тағаланың кемел сөздерімен сендерді пана сұратамын». (Уъизукумә бикәлимәтилләһит-тәәммәһ, мин кулли шайтаниу-уә һәәммәһ, уә мин кулли айнил-ләәммәһ) (Бұхари)

Құран мен Сүннетке қатысты болмаған әрі арабша айтылмаған барлық нәрсеге тиым салынады. Мұндай істер – шайтанның амалдарынан, оны пайдалану, ол сүйетін нәрселермен оған жақындау болып табылады. Мұндай істермен айналысып жүрген алаяқ, дүмше, адасушылар өте көп. Олар хақиқи Исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, ислам дұшпандарының құрастырған кітаптарында жазылған түрлі бойтұмар, тағы басқа секілді нәрселер туралы оқиды әрі олар адамдарды қорғайды-мыс деп түсінеді.

167-сұрақ:

Түрлі орындарда іліп қоятын тұмар, кәрі жілік, жүзік, жіп, таға, адыраспан секілді нәрселер340 туралы шариғаттың үкімі қандай?

340Бұған жаман көзден сақтайды деп балалардың мойнына көзмоншақ тағып қою да жатады: кейде олар күншілдерден сақтайды деп ішіне көздің суреті салынған қолдың бейнесін салып қояды, ал базбіреулер үйлерінің есігіне, бау-бақшасына аттың тағасын тағып қояды. Бұның бәрі көпқұдайшылдыққа жатады, өйткені, ондай адамдар мұндай істермен айналысқанда мұндай заттар Аллаһ Тағаланың тағдыр еткенін қайтарады деп есептейді.

Жауабы:

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді:

«Кімде-кім бір нәрсені ілсе, ілген нәрсесіне тапсырылады». (Ахмад, Термизи, Хаким)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кейбір сапар кезінде адамдарға алдын-ала хабаршы жіберетіндігі жайлы, олар түйелерінің мойындарында сіңірден және де басқа соған ұқсас заттардан жасалған алқаларды қалдырмай міндетті түрде кесіп алып тастау туралы ескерткеніні риуаят етіледі.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Ақиқатында руқа341, тұмар (көзмоншақ), тәмәим342 және сиқыр (тиуәлә) 343 – ширк». (Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

341Бұл жерде жындардан көмек сұрау немесе түсініксіз бірдеңелердің жәрдемімен тиым салынған дем салу туралы айтылуда.

342Бұл жерде жаман көзден сақтайды деп арабтар балаларының мойындарына асып қоятын моншақ туралы айтылуда. Шариғат мұндай нәрселерді теріске шығарады. Бірақ біздің кезімізде де мұндай істермен айналысушылар, өкінішке орай, жеткілікті.

Айша (р.а.) айтқан:

«Моншақ (тамима) Аллаһ Тағаланың тағдыр еткені келуден бұрын, оны қайтару үшін мойынға тағылатын нәрсе».

343Бұл жерде ерінің өз әйеліне махаббатын ояту үшін істелінетін сиқыр туралы айтылуда.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Кім тұмар (көзмоншақ) тақса, ол ширкке түсіпті». (Ахмад)

Риуаят етіледі: бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) біреудің қолындағы жүзікті көрді де: «Бұл не?»,-деп сұрады. Ол: «Бұл – әлсіздіктен (құтқарады)»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұйырды:

«Ақиқатында, ол саған әлсіздікті қоспаса азайтпайды, оны лақтырып таста, егер оны алып тастамаған қалпыңда өлсең, онда ешуақытта (тозақтан) құтылушылардан болмайсың».

Сондай-ақ, бір күні Хузайфа344 (р.а) қолына жіп байлап алған бір адамды көріп, жіпті кесіп тастағаны жайлы және ол мына аятты оқығаны туралы риуаят етіледі:

«Олардың көбі Аллаһқа серік қосқан халде иман келтіреді». (Юсуф, 106)

344Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы

168-сұрақ:

Көріпкел-сәуегейлер (куһһан) туралы не айтуға болады?

Жауабы:

Олар тағуттар345 тобына кіреді және олар шайтандардың достары. Аллаһ Тағала:

«Расында шайтандар өз сыбайластарына сыбырлайды»,-деді. (Әнғам, 121)

345Тағут – көпқұдайшылдыққа апаратын барлық нәрсенің атауы.

Көріпкелдерге шайтандар түседі, өздері періштелердің әңгімелерінен есітіп қалған сөздерін бұларға жеткізеді, сонсоң көріпкелдер хақиқи рас сөздерге өздерінің жанынан жалған сөздерді қосып айтады.

Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген:

«Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрбір өтірікші, күнәһарға түседі. Олар құлақ салады346, олардың көбі347 өтірікші». (Шуғара, 221-223)

346Яғни шайтандар періштелердің сөзін тыңдауға тырысады.

347Бұл жерде шайтандар туралы айтылуда.

Сыбырлау туралы хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені айтылады:

«Оларды бірінің үстіне бірі орналасқан тыңшылар348 тыңдайды және олардың әрқайсысы бір нәрсені есітеді де, (естіген сөздерін) өзінен төмен орналасқан (тыңшыға) жеткізеді, ол да өзінен төменгі тыңшыға жеткізеді, сөйтіп ол сөздер сиқыршыға немесе көріпкел-сәуйегейге (олардың біреуі) жеткізгенше, осылай жалғаса береді. Кей кезде қуалаушы жұлдыз шайтан естіген сөздерін жеткізіп үлгергенше (шайтанды) жоқ қылады, кей кезде ол (өзін жұлдыз жоқ қылғанға дейін) естіген сөздерін жеткізіп үлгереді және (бір хақиқи шын сөзбен бірге) ол жүз жалған сөзді жеткізеді». (Бұхари, Ибн Мәжәһ, ұзын хадистен үзінді)

348Бұл жерде Аллаһ Тағаланың аяттарын (уахилерін) және Аллаһ Тағаланың кімге аят (уахи) түсіретіні жайлы аспандағы періштелердің әңгімелерін ұрланып барып тыңдайтын шайтандар туралы айтылуда.

Құран аяттары жазылған тұмарды тағуға бола ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет