КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫНДА ЖӘНЕ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Кеден одағының ветеринарлық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімі
Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы арасындағы Кедендік одақ 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастағаны белгілі. Кедендік одақты және жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру – бұл үкіметтердің, әсіресе кедендік, салықтық, көліктік және оған қатысушылардың басқа да мекемелерінің өзара әрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады. 2009 жылы кеден органдарының күші Кеден одағының нормативтік-құқықтық қорын қалыптастыруға, кеден тәртібін оңайлатуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды. Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияға қосылды. Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт қабылданды.
Кеден одағына кіру мақсаты мен одан алынған артықшылықтары: Кедендік одақты құру арқылы түрлі бағыттағы ынтымақтастыққа жол ашылды, ең бастысы бірлескен өндіріс орындарын ашу арқылы одаққа мүше елдердің индустрияландыру саясатына ықпал етті; сыртқы тауарлар экспанциясынан бірлесіп қорғауға мүмкіндік туды; кеден одағына мүше елдер бір-бірімен саудасаттық жасасқанда шекарадан кесіп өтер кезде төленетін кедендік алымтөлемдерден босатылды, қағазбастылықтан құтылды; үш елдің бүгінгі таңда бірыңғай нарығы кеңейе түсті, инвестициялық тартымдылығы арттыра көрінді, халық үшін тұтынатын өнімдер ассортименті кеңейді, бәсекелестік орнады, бұл өз кезегінде сапаның артуына, тауар мен өнімнің қолжетімділігіне жол ашты.
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері кеден одағын қалыптастыру мақсатында 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімді негізге ала отырып, ветеринария саласында біріңғай саясат жүргізудің орындылығын мойындай отырып, Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ), Құрлықтық жануарлардың санитариялық кодексінің және Су жануарларының санитариялық кодексінің, сондай-ақ 1993 жылғы 12 наурыздағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің, 1994 жылғы 15 сәуірде Марракеш қаласында көптарапты сауда келіссөздерінің Уругвайлық раунд нәтижесінде қабылданған Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Саудадағы техникалық тосқауылдар туралы келісімнің және Санитарлық фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісімнің ережелері мен принциптерін назарға ала отырып, кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың (өнімдердің) әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, төмендегілер туралы келісті.
Осы Келісімнің әрекеті жеке пайдалануға арналған тауарларды қоса алғанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және кеден одағының кедендік аумағында өткізілетін, Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген, ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға (өнімге) қолданылады. Бақылаудағы тауарлар Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес болуы тиіс және Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес міндетті ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатады. Бақылаудағы тауарлар бір мемлекетінің аумағынан екінші мемлекетінің аумағына Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес тасымалданады және ветеринариялық сертификатпен сүйемелденеді.
Уәкілетті органдар қажет болған кезде және өзара уағдаластық бойынша кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларының және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың, өнімдердің әкелінуінен және таралуынан қорғау жөніндегі кеден одағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерістер (инспекциялар) жүргізеді. Ветеринариялық бақылауға жататын объектілердің бірлескен инспекциясын жүргізуі тауарлардың (өнімнің) сынамасын алудың бірыңғай тәртібімен жүзеге асырылады.