Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН



бет22/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   172
Байланысты:
index

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН
ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ТЕКСЕРІСТЕРІН

(ИНСПЕКЦИЯСЫН) ЖҮРГІЗУДІҢ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ (ӨНІМНІҢ)


СЫНАМАСЫН ІРІКТЕУДІҢ БІРЫҢҒАЙ ТӘРТІБІ
Объектілерге бірлесіп тексеру жүргізудің және ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) алынған тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жануарлардың денсаулығы мен жануарлар өнімі мен шикізатының, мал азығы мен азық қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарлардың ауруларын, адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды, соның ішінде ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) алынған тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптарға сәйкес емес тауарларды (өнімдерді) әкелу және таратуды тоқтату мақсатында дайындалды.
Тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілген, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) алынған, кедендік одақтың кедендік аумағына әкелінетін, сондай-ақ бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына жеткізілетін тауарларды (өнімдерді) өндіру, қайта өңдеу және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың бірлесіп тексеру (инспекциялау) жүргізудің және соңынан лабораториялық зерттеулер жүргізу және тексерулер (инспекциялау) нәтижелерін рәсімдеу үшін аталған тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеу тәртібін анықтайды.
Бірлесіп тексерулер жүргізудің тәртібі. Үшінші елдердің аумағында орналасқан бақылау объектілеріне бірлескен тексерулер осы елдердің құзыретті органдарының жүгінуі бойынша мұндай объектілерді кедендік одақтың кедендік аумағына әкелінетін бақылауға алынған тауарларды өндіру, қайта өңдеу және сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалар Тізіліміне енгізу мақсатында жүзеге асырылады.
Тараптардың уәкілетті органы үшінші елдердің аумағында орналасқан бақылау объектілеріне жоспарланып отырған бірлескен тексеруді жүргізгенге дейін 2 айдан кешіктірмей (егер Тараптармен мейлінше қысқа мерзімді қарастырылмаса) өзге инспекторлар тобын қалыптастыру және бірлескен тексерулерді жүргізу мерзімін келісу үшін бірлескен тексерулерді алда жүргізу туралы хабардар етеді.
Өзге Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша Тараптардың біреуінің инспекторымен бақылау объектілеріне тексеру жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл кезде тексеруші Тараптың уәкілетті органының тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шешімі соңғы болып табылады.
Аумағына үшінші елдерден бақылауға алынған тауарлардың әкелінуі жорамалданып отырған Тараптың уәкілетті органы Тараптың заңнамасымен көзделген тәртіпте үшінші елдің кәсіпорындарының Тізілімінің жүргізілуін жүзеге асырады. Тараптардың уәкілетті органдары үшінші елдердің кәсіпорындар Тізіліміндегі ақпаратты кедендік одақ Комиссиясына оны кедендік одақтың ішкі және өзара саудасының Үйлестірілген ақпараттық жүйесіне орналастыру үшін жібереді.
Үшінші елдердің аумағында орналасқан бақылау объектілері бірлескен тексерулер жүргізбей-ақ өзге Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша, аумағына үшінші елдерден бақылауға алынған тауарлардың әкелінуі жорамалданып отырған Тараптың уәкілетті органының шешімі бойынша, ветеринария саласындағы үшінші елдің құзыретті органының кепілінің негізінде үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізіліміне енгізіле алады. Бұл кезде мұндай шешім қабылдаған Тараптың уәкілетті органы соңынан аталған тексеру объектіне бірлескен тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Үшінші елдердің бақылау объектілерінде өндірілген бақылауға алынған тауарлардың кедендік одақ аумағына әкелінетін тауарлардың Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес еместігі қайтадан анықталған жағдайда, сәйкессіздікті анықтаған Тараптың уәкілетті органы аумағында бақылау объекті орналасқан үшінші елдің құзыретті органын және өзге Тараптардың уәкілетті органдарын анықталған сәйкессіздіктер туралы және бақылауға алынған тауарларды әкелуді уақытша тоқтату туралы хабардар етеді. Бақылауға алынған тауарларды әкелуді уақытша тоқтату туралы шешім оны қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзге Тараптардың уәкілетті органдарымен келісуге жатады. Көрсетілген шешім мұндай шешім қабылдаған Тараптың уәкілетті органының ресми сайтына орналастырылады.
Әр Тараптың уәкілетті органдары Тараптардың заңнамасымен көзделген тәртіпте бақылау объектілеріне оларды бір Тараптың аумағынан өзге Тараптың аумағына жеткізілетін бақылауға алынған тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың Тізіліміне енгізу мақсатында тексеру жүргізеді. Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміндегі ақпаратты Тараптардың уәкілетті органдарыкедендік одақ Комиссиясына оны Үйлестірілген ақпараттық жүйеге орналастыру үшін жібереді.
Тараптар кедендік одақ кәсіпорындарТізіліміне өздерінің аумақтарында орналасқан бақылау объектілерін енгізу туралы Тараптардың уәкілетті органдарының шешімдерін өзара мойындайды.
Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген бақылау объектілеріне бірлескен тексерулер қажеттілігі және Тараптардың өзара келісімі бойынша келесі жағдайларда жүзеге асыруға болады:
1)бақылау объектілерінде өндірілген бақылауға алынған тауарлардың Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес еместігі қайтадан анықталғанда;
2)бақылау объектінде орналасқан аумақтан карантин алынып тасталғанда;
3)бақылау объектінің карантин белгіленген аумаққа шекара аумақта орналасуы.
Бақылауғаалынған тауарлардың Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес еместігі қайтадан анықталғанда мұндай сәйкессіздікті анықтаған Тараптың уәкілетті органы бақылауға алынған тауарды өндірген Тараптың уәкілетті органын анықталған факті туралы хабардар етеді. Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес емес деп танылған бақылауға алынған тауарды өндірген Тараптың уәкілетті органы хабарлама фактісі бойынша өз бетінше бақылау объектіне тексеру жүргізеді. Мұндай тексерулердің нәтижелері бойынша акт жасалады, хабарлаушы Тарапқа жіберіледі.
Бақылау объектіне тексеру жүргізу барысында бақылауға алынған тауарлардың Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес еместігінің себебі болмаған жағдайда хабарлаушы Тарап тексеру нәтижелерін мойындайды немесе тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда аталған бақылау объектіне бірлескен тексеру жүргізуді бастауға құқылы.
Тексеру нәтижелері бойынша Бірыңғай ветеринарлық талаптарға сәйкес емес бақылауға алынған тауарлардың шығуына себеп болған Бірыңғай ветеринарлық талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, аумағына бақылау объектісі орналасқан Тараптардың уәкілетті органы тексеру актінде көрсетілген бұзушылықтар жойылғанға дейін бақылауға алынған тауарларды айналымға шығаруды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар тексеру актінде көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда аумағында бақылау объектісі орналасқанТараптың уәкілетті органы бақылау объектін кедендік одақ кәсіпорындарының Тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдайды.Бұл шешім Тараптың заңнамаларымен белгілеген тәртіпте шағымдануы мүмкін. Кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген бақылау объектілеріне бірлескен тексеру Тараптардың уәкілетті органдармен келісілген мерзімде жүзеге асырылады. Аумағында бақылау объектілері орналасқан бақылау объектілеріне қалған Тараптардың уәкілетті органдардың келісімі бойынша бірлескен тексеру жүргізуге рұқсат етіледі.Бұл кезде тексеруші Тараптың уәкілетті органымен тексеру нәтижесі бойынша қабылданған шешім соңғы болып танылады.
Үшінші елдердің кәсіпорындарының Тізіліміне және кедендік одақ кәсіпорындарының Тізіліміне енгізілген бақылау объектілеріне бірлескен тексерулер жүргізу мерзімі бес жұмыс күнінен аспау қажет. Бірлескен тексерулер (инспекциялар) жүргізумен байланысты қаржылық шығындар әрбір нақты жағдайларда өзге тәртіп келісілмесе Тараптардың сәйкесті бюджеттерімен жүзеге асырылады.
Инспекторлар бақылау объектіне келгеннен кейін мыналарды жүзеге асырады:
1) құжаттармен танысу:бақылау объектісінің жоспар сызбасы, өндірістің технологиялық сызбалары,өндірістің және бақылауға алынған тауарлар шығарылымының көлемі,шығарылатын бақылауға алынған тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және өндірістік бақылаулардың болуы және жүзеге асырылуы, бақылау объектінің орналасқан жеріндегі әкімшілік аумақтың жануарлар дертіне ыңғайлығы: 2) бақылау объектілерін тексеру; 3) бақылауға алынған тауарлардың сынамаларын (үлгілері) іріктеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет