Бақылаудағы тауарларды кедендік одақтың аумағынан транзиттік тасымалдау барысында ветеринарлық бақылаудың өту тәртібі
Жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды кеден аумағы арқылы транзиттік тасымалдауда транзитке рұқсат керек, онда жүру маршруты көрсетiледi. Бақылаулы тауарлардың басқа түрлерiн тасымалдауға рұқсатсыз iске асады. тасымалданатын жүкке міндетті түрде ветеринарлық сертификаттары керек.
Құжаттық бақылаудың аяқтағаннан соң малдардың ветеринарлық тексеруi iске асады: малдардың сәйкестендіру нөмірлері тексеріледі
(татуировка, чип, құлақтың сырғасы, таңба және т.б)
Ветеринарлық сертификат көрcетiлген нөмiрлермен тасымал шарттар салыстырылады, жануарлардың жай-күйі тексеріледі.
Басқа бақылаулы тауарлардың түрлері тексерусiз iске асады. ШВБП-ның лауазымды тұлғасы бақылаудың нәтижелерi бойынша және жолдама құжаттарда, ветеринарлық сертификатта, тауарда, шарттарда «Транзит рұқсат етiлген» немесе «Транзитке тыйым салынған», кеден одағының кеден аумағынан шақыру нүктесiнде –«Транзит аяқталды» штампы қойылады, мөрi және қол қойылады. Барлық қажеттi мәлiметтер транзиттiк тасымалдарды есепке алуды журналдарға және электрондық есепке алу жүйесіне енгiзiледi. Бақылаулы тауарлардың кеден одағының кеден аумағы бойынша бақылаулы тауарлардың иесi, алған транзитқа рұқсат, кеден одағының ветеринарлық заңының талабын сақтауға мiндеттi.
Біртұтас ветеринарлық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты, шекара арқылы өтуі уақытша тоқтатылған бақылаудағы тауарлардың ветеринарлық бақылауының өту тәртібі
Бір Жақтың өкілетті органының тауарды тоқтатқан лауазымды тұлғасы тауарды ары қарай өткізу (қайтару) жөнінде шешім қабылдамаған жағдайда, Жақтардың заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы лауазымды тұлға, 24 сағат ішінде,бақыдаудағы тауардың иесін, анықтау бөлімін, экспорттаушы-елді, ветеринарлық сертификаттың номерін (немесе тауардың қауыпсіздігін дәлелдейтін басқа құжаттар), көліктің түрі мен тіркеу нөмірін, оның тоқтатылу себебін көрсетіп Жақтың өкілетті органының электрондық поштасына электрондық түрде жіберіп, хабардар етуі керек.
Сонымен қатар бақылаудағы тауарды тасымалдау барысында ветеринарлық-санитарлық талаптардың бұзылуына байланысты акт құралады да тауардың иесіне беріледі (экспедиторге).Тасмалдануы тоқтатылған бақылаудағы тауарлар жайындағы ақпарат тіркеу жорналына еңгізіледі.
Уақытша тоқтатылған тауарды ары қара тасымалдау жайындағы шешім, Жақтардың заңнамасына сәйкесветеринария саласында өкілетті лауазымды тұлғамен, 72 сағат ішінде қабылданады.
Жақтардың ұлттық заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы өкілетті лауазымды тұлғаның уақытша тоқтатылған бақылаудағы тауарларды ары қарай өткізуге рұқсатын алғаннан кейін, ондай тауарларға қатысты барлық істер Жақтың өкілетті органының лауазымды тұлғаларының қатысымен жүргізілуі керек.
Иесі бақылаудағы тауардың ветеринариялық- санитариялық жағынан қауіпсіздігін екендігін құжаттар арқылы дәлелдей алмаса, бақылаудағы тауар сол тауардың иесі арқылы экспертиза жүргізілмей-ақ жойылады немесе экспорттаушыға қайтарылады.
Кіруге рұқсат берілмеген бақылаудағы тауарлар, Жақтардың заңнамасына сәйкес белгіленген уақытта шығарылуы тиіс. Бақылаудағы тауар, тауар иесінің қаражатына және кедендік одақтың кедендік заңнамасына сәйкес, тауардың иесі арқылы шығарылады.
Біртұтас ветеринарлық талаптарға сәйкес келмейтін, кедендік одақтың кедендік аумағынан белгіленген күні оның өткізу пунктінен шығарылуы мүмкін болмаған бақылаудағы таурлар залалсыздандырылады немесе Жақтардың заңнамасына сәйкес жойылады.
Бақылаудағы тауарларды қоғамның құқылы мүшесінің қол жүгінде немесе жүгінде және пошта арқылы кедендік одақтың кедендік аумағына кіргенде жүргізілетін ветеринарлық бақылаудың өту тәртібі
Кедендік одақтың кедендік аумағында адамдар мен жануарлар үшін ортақ зиян жұқпалы жануарлар аурулары таралмаун қамтамасы ету үшін және де ветеринарлық- санитарлық жағынан қауіпті тауарларды өткізбеу үшін кедендік одақтың кедендік аумағындағы Жақтардың өкілетті органдары өткізу пунктінде және халықаралық пошшта алмасу орындарында, үшінші Жақтан қоғамның құқылы мүшелері арқылы олардың қол жүгімен, жүгімен немесе поштасы арқылы арнайы рұқсатсыз немесе ветеринарлық сертификатсыз тауарлардың тасымалдануына тиым салынады. Бірақ қоғамның бір құқылы мүшесіне 5 кг дейн келетін жануар өнімінен алынған зауыттық орамамен қапталған тауар болса және таур әкелінген ел эпизоотиялық жағынан таза болса, тауарды өткізуге рұқсат беріледі.
Әкелінген еліне қайтарылуы мүмкін емес бақылаудағы тауар Екі
Жақтың ұлттық заңнамасы бойнша жойылады (залалсыздандырылады).
Достарыңызбен бөлісу: |