Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Кедендік одақтың кедендік аумағының айналасындағы бақылаудағы тауарлардың орын ауыстыру қозғау



бет19/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   172
Байланысты:
index

Кедендік одақтың кедендік аумағының айналасындағы бақылаудағы тауарлардың орын ауыстыру қозғау

барысында ветеринарлық бақылаудың өту тәртібі


Бақылауға алынған тауарларды кедендік одақтың ішінде Бір Жақтың аумаңынан Екінші Жақтың аумағына өткізу, транзиттеу (тасмалдау) барысында бақылаудағы тауардың Жақтардың өкілетті мүшелерімен берілген ветеринарлық сертификаты болуы керек. Бір Жақтың аумағындағы бақылаудағы тауарлар сол Жақтың Заңнамасына сәйкес тәртіппен ғана тасымалданады. Кедендік одақтың кедендік аумағында бақылаудағы тауарларды әр-түрлі көліктермен тасымалдау барысында Жақтардың өкілетті органдары арқылы оларды өндіру және еңгізу барысында жүргізеді. Бақылудағы таурларды ветеринарлық бақылаусыз енгізуге тиым салынады. Жануарларға қатысты ветеринарлық бақылау оларды еңгізу барысында және анықтау орнында міндетті түрде жіберуші және қабылдаушы иелерінің қожалығында карантин шараларының жүргізілуімен өтеді.
Бақылаудағы тауарлар Біртұтас ветеринарлық талаптпрға сәйкес болса және тауардың шыққан жері эпизоотиялық жағдайы бойынша жақсы көрсеткіштерге ие болса, көліктің ветеринарлық-санитарлық күйі бағалана отырып және бақылаудағы тауар көлікке арту барысында бақыланып, ветеринарлық сертификат толтырылады.
Бақылаудағы тауарлар кедендік одақтың кедендік аумағында тасымалданған жағдайда өкілетті органдардың рұқсаты қажет емес.
Бір Жақтың өкілетті органдары берген, тауардың қауіпсіздігін көрсететін сертификат және сол үшін қайтадан өткізілген зертханалық жұмыстар қайтадан толтырылып жаңа сертификат жасау қажет етілмейді.
Кедендік одақтың кедендік аумағындағы бақылаудағы тауарлар партиясын керекті орнына келгенде оданда кіші бөлшекткрге бөлгенде Жақтардың өкілетті органдарымен жаңа алушыларға ветеринарлық сертификаттың көшірмелері жасалынады, оларды өкілетті органдар сол жерде еңгізу барысында екінші жағына мынадай мәліметтерді көрсете отырып береді. Олар: жаңа көліктің және бақылаудағы тауардың ветеринарлық- санитарлық талаптарға сай болуы, көліктің нөмірі, көлікке тиелген бақылаудағы тауарлардың саны, жүкті алушының атауы және орналасқан жері. Бұл мәліметтер өкілетті органның қолы және мөрімен расталады. Сертификаттың түпнұсқасы партияны бөлшектеген мекемеде сақталады. Егер бір мекенжайы бойынша кететін партияны бөлшектеген жағдайда, сертификаттың түпнұсқасы бірінші немесе соңғы көлікпен кетеді.
Осындай әрекеттер жайындағы мәліметтер кедендік одақтың сыртқы және ішкі саудасының ықпалдасқан ақпараттық жүйесіне еңгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет